Астана экономикалық форумының даму перспективалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Сентября 2014 в 14:50, реферат

Краткое описание

Жұмыстың мақсаты – Астана экономикалық форумының ғаламдық мәселелердің шешімін іздеуде әлем кеңістігінде орнын айқындау болып табылады. Көздеген мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді алға қоямыз:
 Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубының Астана экономикалық форумын құруда рөлін анықтау;
 Астана экономикалық форумының маңыздылығын көрсету;
 «G-global» идеясына баға беру;
 Астана экономикалық форумының перспективалы даму бағытын көрсету

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................... 4
І тарау. Астана экономикалық форумы және оның маңыздылығы
1.1. Ғалымдардың Евразиялық экономикалық клубы: Астана экономикалық форумының құру бастамалары................................. 7
1.2. Астана экономикалық форум – 2011: келіссөздер алаңы....................... 10
ІІ тарау. Астана экономикалық форумының даму перспективалары
2.1. Астана экономикалық форумы – мүмкіншіліктер платформасы.... 17
2.2. «G-global» идеясы: сұхбат алаңы....................................................... 20
Қорытынды.............................................................................................. 23
Қосымша................................................................................................... 24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі............................................................... 26

Прикрепленные файлы: 1 файл

экономикалық форумының әлем кеңістігінде алатын орны және перспективалы даму бағыты.docx

— 62.53 Кб (Скачать документ)

Ричард Шенц, Австрия федералдық экономикалық палатасы президентінің орынбасары:

- Австрия Қазақстанмен  іскерлік әріптестікті тереңдетуге  дайын. 2010 жылдың қорытындысы бойынша, екі ел арасындағы сауда айналым 2 млрд 750 млн долларды құрады. Дегенмен, Азия мен Еуропаның көпіріне  баланған екі елдің әлеуеті  үшін бұл аздық етеді. Сондықтан  екі ел жоғары технологиялық  жобаларды жүзеге асыру, ауыл  шаруашылығы, экология, өнеркәсіп, техника  және технология бағытындағы  ынтымақтастықты дамытуға әзір [8].

ІV Астана экономикалық форумының екінші күні ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың, Елорда әкімі И. Тасмағамбетов пен Экономикалық даму және сауда министрі Қ. Келімбетовтың қатысуымен «Аstana-Invest-2011» ІІ халықаралық инвестициялық форумы өтті. 4-ші форум аясындағы 2-ші форумның мақсаты - Қазақстанның дамуын ілгерілету үшін қолайлы инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту болды. Елорда экономикасына отандық және шетелдік инвестиция құйылуын ынталандыра отырып, бәсекеге қабілетті елуліктің қатарына кіру стратегиясы шеңберінде «Астана - Қазақстан елордасы» брендін қалыптастыру. Бұл жайында аталмыш форумды ашып, сөз сөйлеген ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов елорданың Қазақстан дамуындағы рөліне тоқталып, қаланың болашақта білім беру және зерттеулер орталығына айналатынын атап өтті. Премьердің айтуынша, қазіргі таңда Астанада инфрақұрылым саласындағы стандарттарды айқындау шаралары жүзеге асырылып келеді. Бұл ретте бизнестік қолдауларға жол ашылады. «Ал алдағы бес жылда Астанада құны 5 млрд. доллардан асатын 11 маңызды инвестициялық жоба жүзеге асатын болады. Бұл жобалар инфрақұрылымнан бастап, жоғары технологиялық ғарыштық жобаларға дейінгі сектор диапазонының барлығын қамтитын болады», - деген К. Мәсімов инвесторлар үшін қолайлы жағдайдың әлі де жалғаса түсетінін атап өтті .

Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов бас қаланың бүгінгі жетістіктеріне тоқталып, бірқатар негізгі көрсеткіштерге назар аудартты. Мәселен, соңғы он жыл ішінде ІЖӨ-дегі Астана үлесі 1,5 пайыздан 10 пайызға ұлғайып, өнеркәсіп өндірісі 7 есеге өскен. Бұл елімізге тартылған инвестицияның есебінен болғаны түсінікті. Бұндай инвестиция ауқымы да 10 жыл ішінде 30 есеге өскен. «Астана әлемдік дағдарыстан аман-сау өтіп, өзінің экономикалық тұрақтылығын дәлелдеді. Оған 2010 жылдың қорытындысы куә. Жалпы өнім 10 млрд. долларды құрады. Өңдеу өндірісі 18,4 пайызға өсті. Негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 2,7 млрд. долларды құрады. Алдағы уақытта да инвесторлар үшін тәуекелділікті барынша төмендетіп, бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасауға дайынбыз. Тәуекел кез келген экономикалық қызметте болады, алайда біз оларды жүйелі түрде азайтамыз. Бұл ретте «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы арқылы мүмкіндік аясы кеңейе түспек. Астана экономикасы бойынша біз кез келген екіжақты тиімді ұсыныстарды қарастыруға әрдайым әзірміз», - деді бас қаланың басшысы И.Тасмағамбетов [5]. 

Сонымен, халықаралық деңгейдегі саясаткерлер мен экономика саласының білгір-ғалымдары екі күнге созылған IV Астана экономикалық форумының жұмысын жоғары бағалап, бұндай халықаралық пікірталас алаңының жаһандық дамуға тигізер пайдасы зор екендігін сарапшылар атап өтті.

Мәселен, Астана экономикалық форумы жайында сөз қозғаған Ахмад Мохаммед Али Аль-Мадани, Ислам даму банкі тобының Президенті, өз пікірінде: «Мен бұл Форум Астананы, халықаралық экономикалық форумдар өтетін әлемдік орталықтармен бір деңгейге қоятынына сенімдімін...», - дейді [9].

Ал 1994 жылы экономика саласында Нобель сыйлығының иегері, Джон Нэш Форумның маңыздылығына мән беріп, Қазақстанның экономикалық дамуында былай өз бағасын береді: «Астана экономикалық форумы өзінің мағыналық деңгейі бойынша, Давос кездесуімен теңдес. Әлемнің жетекші сарапшыларын бір ортаға жинай отыра, Қазақстан кезекті рет эффективті диалог алаңына айналып отыр. Менің ойымша, бұл мемлекет Орталық Азиядағы басқа мемлекеттердің даму жолына үлгі бола алады.» [10].   Нобель сыйлығының иегері, аталмыш форумды мағыналық деңгейі бойынша, «Давос кездесуімен теңдес» десе, Ресейдің белгілі экономисті, «НЕОКОН» консалтинг компаниясының президенті Михаила Хазина келесідей пікірде: «Қазіргі кезде Давостың мәні кеткен, себебі, қытай өкілдері келген жоқ (2012 жыл). Бұл айрықша фактор. Бұл форматтың проблемасы немесе бағытында ақау бар. Егер сіз қандай да жүйені талқыға салсаңыз, сіздер оны талқылайсыздар. Ал егерде ол жүйе өз мәресіне жетсе, сұхбат алаңы болашаққа беттеген адамдар үшін қызық емес. Сол себепті, бүгінгі күні, Давос – ескі жүйенің сақталуын қалайтын, ықыласы бар адамдар жиналатын кешен болып табылады. Сондықтан да, болашақты қалауда Давос форматы мағынасыз...» [11]. 

Тарауды қорытындылай келе, IV Астана экономикалық форумында жаһандық қатерлерді бірлесе еңсеру үшін біріге түсуге ниеттестік танылып, тәжірибелер алмасу, сондай-ақ ғаламшар экологиясына қатысты ортақ ұстанымды жүзеге асыруға байланысты нақты консенсустар көрініс тапты. Қатысушы шетелдік компаниялар Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитетінің ұсынысымен тау-кен ісі, химия, фармацевтика салаларындағы өңдеуші сектордың инвестиция қажет етілетін бағытымен танысуға мүмкіндік алды. Қорытындысы бойынша бірқатар іскерлік келісімшарт жасалып, меморандумдар жасалды. Бұлардың қатарында болат құбырлар шығаратын зауыттың құрылысы туралы инвестициялық келісім, мұражайлық франчайзингті пайдалана отырып, Астанада халықаралық мұражай салу, индустриялық бағыт аясындағы құрылыс, KAHel Astana тікұшақ құрастыру зауытының құрылысы туралы құжаттарды қамтитын жалпы құны 2,5 млрд. доллардан асатын келісімшарттар жүргізілді [5].     Аталмыш форумға жиналғандар бұндай ашық алаңның қажеттігін тағы бір мәрте сезініп, оның болашақтағы ауқымы да кеңи түсетініне сенім білдірген болатын (профессор Бернд Халлиер) [11]. Бұдан шығатын тұжырым: Астана экономикалық форумының маңыздылығы жылдан-жылға артады деген сөз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ тарау. Астана экономикалық форумының даму перспективалары

2.1.  Астана экономикалық  форумы – мүмкіншіліктер платформасы

Жалпы, Қазақстанның инвестициялық ахуалында, 1993 жылдан бастап Қазақстанға 120 млрд. доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Сонымен қатар, Қазақстан соңғы он жылдағы тікелей шетелдік инвестиция жиынтығы бойынша Орталық Азияда - бірінші орынды, ал ТМД елдері бойынша екінші орында. Сондай-ақ, халықтың жан басына шаққандағы жинақталған шетелдік инвестициялар ауқымы бойынша өңірде ТМД елдері арасында лидер болып табылады. Дегенменде инвестициялық әлеуеттің ауқымды бөлігі әлі түрен түспеген бос кеңістік болып жатыр.    ІV Астана экономикалық форумының аясында Инновациялық конгресс «Инновация және инвестиция» тақырыбында пленарлық отырыспен қатар көрме өткізілді. Дәстүрлі түрде өткізіліп жатқан инновациялық конгресс жиынына атағы жер жарған экономистер мен Нобель сыйлығының иегерлерінің қатысуы конгресстің маңыздылығын көрсетті. Бұл еліміздің экономикалық даму бағытын айқындап, инвестициялық саясаттың кемелдене түсуіне жол ашуы. IV Астана Форумының аясында «Astana Invest - 2011» тақырыбында инвестициялық форум және бәсекелестік мәселесі жөнінде семинар өткізілді. Кәсіпкерлер мен өнеркәсіпшілер сауда-экономикалық байланыс саласындағы қарым-қатынастың кеңеюі және Еуразия кеңістігінде өзара тиімді инвестициялық климаттың орнауы, сондай-ақ, экономиканы дамыту мақсатында өзара қарым-қатынас мәселелерін талқылаған болатын. «Ұлттық инновациялық қор» АҚ пен халықаралық инновациялық институттар арасында келіссөздер мен меморандумдарға қол қойылды, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мақсатында индустриялық-инновациялық жобалар көрмесі болып, конгресс барысында жаһандық және аймақтық интеграция мәселелері бойынша сессиялар өткізілді. Ондағғы басты мақсат – жаңа интеграциялық шешімдер мен мемлекеттердің бәсекелестікке қабілетті жетекші болу мүмкіндіктерін қарастыру, сондай-ақ, Қытай, Ресей және Орталық Азия елдерімен сауда-экономикалық қарым-қатынасты нығайту болып табылады [12].            Жалпы Астана экономикалық форум аясында екі жақты келіссөздер жүргізуге, кәсіпкерлік мақсатта іскерлік кездесулер, түрлі көрмелер өткізуге мүмкіндік туды. Сол секілді, 2012 жылы өтетін кезекті V Астана экономикалық форумының негізінде «Сауда платформасы» жобасы іске асырылатын болады. Жаңа жобалардың іске асырылуы Астана Форумының дамыту шаралары болып табылады. Мысалға, Астана экономикалық форумының аясында құрылған «Виртуалды форумды» айтуға болады. Бұл бүкіл әлемнің Интернет пайдаланушыларына Астана экономикалық форумының электронды жүйесіне қатысуға мүмкіндік беретін бірегей жүйе болып табылады. 2009 жылдан бастау алған виртуалды форум қазіргі таңда даму үстінде. Мұнда пікір алмасуға мүмкіндік беретін 5 негізгі бөлім бар:  1) Сарапшылар шолулары;          2) Пікірсайыстар;          3) Бизнес жобалар;          4) Сауалнама;           5) Форум.           Виртуалды форум қатысушылары түрлі тақырыпта пікір қозғауға болады. Ұйымдастырушылар, яғни, «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» Ассоциациясының тарапынан жыл сайын үздік пікір, ұсыныстарға конкурс жарияланып тұрады.        Алғашқы Астана экономикалық форумын өткізгелі көп уақыт өткен жоқ. Алайда, форум расында жаһандық мәселелердің шешімін іздеуде, пікір бөлісуде қуатты сұхбат алаңы болып, аймақтық, жаһандық дағдарыстарға қарсы уақыттың сұранысына қарай шешімдер мен ұсыныстарды өндіру кешеніне айналды. Елбасының қолдауымен, жыл сайын Астана Форумына 80 елден 5000-нан аса делегаттардың қатысуы, ондағы 100-ден астам танымал саясаткерлер, халықаралық ұйым басшылары, шетелдік бизнесмендердің қатысуы осының көрсеткіші. 2011-2012 жылдарында Астана Форумының Виртуалды Форумы 128 елдің 500 мыңнан астам қатысушысын қамтыды [13]. Осындай мәліметтерді ескерсек, Астана экономикалық форумының перпективалы даму бағытын алғандығын байқатады.

Астана экономикалық форумы іс-шарасын өткізілуі қаншалықты шығыны болса, соншалықты тиісті нәтижесін беруі керек. (V Астана экономикалық форумының өткізілуіне шамамен 450 млн. теңге жұмсалған. Оның 300 млн бюджет бағдарламасынан) [14].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. «G-global» идеясы: сұхбат алаңы

Қазақстан Республикасының Президенті дағдарыстың шарықтау кезеңінде, яғни, 2009 жылдың басында дағдарысқа қарсы косметикалық шаралар әлемді жаңа дағдарыстың өсіп келе жатқан толқындарынан қорғап қала алмайтындығын жеткізген болатын. G8 және G20 форматтары дағдарыс қарсаңында нәтижесіз екендігін, Консенсус негізінде жүзеге асатын әлемдік дағдарысқа қарсы шаралардың жоспары әзірленбегендігін елбасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығында айтқан еді. Мемлекет басшысы әлемдік дағдарысқа қарсы шешімдердің қатысушыларының шеңберін кеңейтуді ұсынды. Жаңа келіссөздер алаңын «G-global жобасы» деп атап, ол электронды жүйелі Бреттон-Вудс іспетті Астана экономикалық форумының алаңында қызмет ететінін айтты. Қазақстан Ислам Ынтымақтастық Ұйымы мемлекеттерімен бірігіп, 2012 жылы Бүкіләлемдік Дағдарысқа қарсы конференциясын өткізу бастамасын қолдайды. Елбасының пікірінше, бүкіл әлем мемлекеттері қатысып, Біріккен Ұлттар Ұйымының дағдарысқа қарсы әлемдік реформалар Жоспарын жасап шығаруға мүмкіндік болады [15].            Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы келіссөздер алаңы «G-global»  жобасына өз пікірін Нобель сыйлығының иегері Роберт Манделл білдірді: «Мен толығымен  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің әлемдік дағдарыспен күресте ұсынған жаңа бастамасын толығымен  қолдаймын. G20 және G8  шешімдер шығару мен сараптауда өзінің әлсіздігін танытып отыр. Оларда мәселелерге шешім іздеу мен эффективті  ұсыныстар  әзірлеуде механизмдердің жетіспеушілігі байқалады.  
Сонымен қатар, мемлекеттердің 90% бұл форумдарда  дауыс беру құқығы жоқ. Нәтижесінде жан-жақты шешімдерден ауытқу байқалады және  протекционизм, алмасу курсы саясаты және жаһандық дисбаланс сынды мәселелерде  біржақты  қадамдар және екіжақты ғана дау-дамайлар туындап отыр». Елбасының бұл бастамасын қолдап, мынандай ойымен қайта бөлісті: «Қазақстан жедел  қарқынмен дамып келе жатқан мемлекет және  еуразиялық кеңістіктегі  интеграциялық  процесстердің белсенді қатысушысы болып табылады. Астана қаласында жыл сайын форум өткізе отыра, Қазақстан өзінің  дағдарыстың кілтін іздеуде қызығушылық  танытып отырғанын бүкіл әлемге  көрсетіп отыр.  Сол себептен де  бұл Форум аталмыш бастаманы іске асыруда ең қолайлы алаңы болмақ» [16].      Жалпы, мұндай кең алаңда форумның қатысушыларында дағдарысқа қарсы, сонымен қатар тұрақтылық пен әлемдік экономиканың өсуіне  және де  соңғы  жылдардағы дағдарыстардың салдарын жұмсарту мақсатындағы ұсыныстармен сөз сойлеп, талқылап  жетілдіруге үлкен мүмкіншіліктері бар. Елбасының ұсынысын басқа да әйгілі саясаткерлер қолдады. Соның бірі - Жаһандық қатынастар бойынша Бас ғылыми қызметкер, Экономиканың бұрынғы Министрі және Аргентина Орталық банкінің Бұрынғы Төрағасы, «Аргентина ғажайыбының» авторы, Доминго Кавалло.

Оның пікірінше: «Н.Назарбаевтың электронды жүйедегі Бреттон-Вудс сияқты жұмыс істейтін бастамасы, және оны түрлі топтар мен мемлекеттердің дағдарысқа қарсы жоспарларын біріктіру және қиыстыру үшін пайдалану өте орынды және заман талабына сай деп ойлаймын. Және де жыл сайын Астана экономикалық форумды ұйымдастырып отырған Қазақстан, бұл жобаны іске қосу үшін бүкіл ұйымдастырушылық құзыреттілігі бар...», - дейді [17].          Бұл жобаға өз бағасын берумен шектелмей, ұсыныстарын берген азық-түлік және ресурстар бойынша экономика Институтының профессоры, Костас Карантининис сөзінде: «Өзге қадамдардың нәтиже бермегенін ескере отыра, мен бұл бастаманы өте озық бастама деп ойлаймын. Дәстүрлі форумдардың шекарасынан шығып отырған бастама өте пайдалы және нәтижелі болуы мүмкін. Мен өз үлесімді қосуға үлкен қызығушылық танытып отырмын. Менің ойымша G-global келесідей тақырыптарды қамтуы тиіс: халықаралық қаржы операциялары үшін жаңа жаһандық нормативті құқықтық база, қоғам қызығушылықтарына қызмет ететін банк ролдерін қайта қарастыру, сауда және қаржы операциялары үшін жаңа халықаралық валюта, жер иелік етудің жаһандық құқығына арналған жаңа режим.» [18].  Елбасының «G-global» жүйе ұсынысын «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» Ассоциациясының мүшелері өз пікірлерін білдірген болатын. Ассоциацияның вице-президенті Анатолий Спицын: «Технология тенденциясы даму үстінде, тұтынушыларыдың сұранысы осыны дәлелдейді», - десе, Координациондық Кеңестің төраға орынбасары, Ханон Барабанер келесідей пікірімен бөліседі: «Жаңа «G-global» жобасы мүмкіндігінше көп елдерді, халықты қамтуы керек. Демократияландыру мәселесін ұлттық деңгейде айтылуы маңызды.». Соңғы жылдары қарқынмен дамып келе жатқан дамушы елдердің мүмкіндігі жайында ойын айтқан Координациондық Кеңестің мүшесі, Нуриддин Каюмов былай дейді: «Жаһандану – қазіргі таңда, әлемдік дамудың жетекші тенденциясы. Бұл экономиканың жылжуы. Осыдан 20 жыл бұрын, еске алатын болсақ, дамушы елдердің үлесі аз болатын. Қазір Қытай, Бразилия, Мексика, Ресей ерекше қарқынмен дамып келе жатыр» [19].         Осындай пікірлерді негізге ала отырып, мынадай қорытынды тұжырым жасауымызға болады. Яғни, «G-global» жобасы XXI ғасыр кезеңінде лайықты сұхбат алаңы болып табылады. Қазіргі әлемдік деңгейдегі мәселелерді шешу үшін, жаңа орта, жаңа идея, жаңа ұсыныстар қажет. Бұған сәйкесінше, дамушы елдердің көмегінің қажеттігі айқын. Жаңа жобаға жас қатысушылардың берері көп. Жаңа жобада табылатын шешімдер G20 форматына мүше мемлекеттердің мүддесінің ыңғайлығына қарамай, демократиялық түрде барлық мемлекеттердің ұлттық дәрежедегі мүдделері лайықты болуы тиіс.

 

 

 

 

 

Қорытынды

Информация о работе Астана экономикалық форумының даму перспективалары