Астана экономикалық форумының даму перспективалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Сентября 2014 в 14:50, реферат

Краткое описание

Жұмыстың мақсаты – Астана экономикалық форумының ғаламдық мәселелердің шешімін іздеуде әлем кеңістігінде орнын айқындау болып табылады. Көздеген мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді алға қоямыз:
 Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубының Астана экономикалық форумын құруда рөлін анықтау;
 Астана экономикалық форумының маңыздылығын көрсету;
 «G-global» идеясына баға беру;
 Астана экономикалық форумының перспективалы даму бағытын көрсету

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................... 4
І тарау. Астана экономикалық форумы және оның маңыздылығы
1.1. Ғалымдардың Евразиялық экономикалық клубы: Астана экономикалық форумының құру бастамалары................................. 7
1.2. Астана экономикалық форум – 2011: келіссөздер алаңы....................... 10
ІІ тарау. Астана экономикалық форумының даму перспективалары
2.1. Астана экономикалық форумы – мүмкіншіліктер платформасы.... 17
2.2. «G-global» идеясы: сұхбат алаңы....................................................... 20
Қорытынды.............................................................................................. 23
Қосымша................................................................................................... 24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі............................................................... 26

Прикрепленные файлы: 1 файл

экономикалық форумының әлем кеңістігінде алатын орны және перспективалы даму бағыты.docx

— 62.53 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Халықаралық қатынастар факультеті

«Әлемдік экономика»

Мырзатаев Е.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2012

Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................... 4

І тарау. Астана экономикалық форумы және оның маңыздылығы

1.1. Ғалымдардың Евразиялық  экономикалық клубы:                                       Астана экономикалық   форумының құру бастамалары................................. 7  1.2. Астана экономикалық форум – 2011: келіссөздер алаңы....................... 10

ІІ тарау. Астана экономикалық форумының даму перспективалары

2.1.  Астана экономикалық  форумы – мүмкіншіліктер платформасы.... 17         2.2. «G-global» идеясы: сұхбат алаңы....................................................... 20

Қорытынды.............................................................................................. 23

Қосымша................................................................................................... 24

Пайдаланған әдебиеттер тізімі............................................................... 26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Әлемдік қоғамдастық жаңа ғасыр басында жаһанданудың жаңа мәселелеріне тап болуда. Бұл үрдістер дүние дамуының жаңа бағытында тұрғанын көрсетеді. «Жаһандық қаржы дағдарысынан кейінгі өзгерістер қандай бастамаларға, қандай реформаларға алып келеді?» деген сұрақтар туындататын мәселелерді, Елбасымыз айтып кеткендей, барлық елдердің күш-жігерімен біріге талдап, әлемдік құрылымның жаңа жүйесін әрқайсымыздың мүддемізге сай қалыптастыру керек. Осындай мәселелерден туып жатқан қауіп-қатердің арта түсуі, Халықаралық валюталық қор, үлкен G8 және G20 институттарының шешім қабылдап үлгере алмауын, нәтиже беруінің төмендеуін көрсетуде. Бұдан бақылаусыз қалған қаржы рыноктары әлемдік экономикаға айтарлықтай кері әсерін беруде.

Осындай проблемалардың шешімін іздестіруін алға тартқан Астана экономикалық форумының маңыздылығы жыл сайын артып келеді. Бұл форумның қазақ даласында өткізілуі, Қазақстан үшін тек имиджтік мәселе ғана емес, форум беретін нәтижелерде дамушы елдер сапындағы Қазақстанның мүддесі саяси және экономикалық тұрғыда әділ ескерілуін көрсетеді.

Сол себепті, таңдап алынған тақырып қазіргі таңда өзекті мәселе болып табылады.

Жұмыстың мақсаты – Астана экономикалық форумының ғаламдық мәселелердің шешімін іздеуде әлем кеңістігінде орнын айқындау болып табылады. Көздеген мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді алға қоямыз:

  • Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубының Астана экономикалық форумын құруда рөлін анықтау;
  • Астана экономикалық форумының маңыздылығын көрсету;
  • «G-global» идеясына баға беру;
  • Астана экономикалық форумының перспективалы даму бағытын көрсету

    Зерттеу жұмысының деректік базасы. Зерттеу жұмысын жазуда бірнеше дерек көздері пайдаланылды. Олардың классификациялары келесідей:

Деректердің бірінші тобына «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клуб» Қауымдастығы қабылдаған қаулылар, ережелер, меморандумдар, келісімшарттар, алғыс хаттар, сертификаттар кіреді. Олар: «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клуб» Қауымдастық» заңды тұлғалар Бірлестігінің Қаулысы [1], «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клуб» Қауымдастық» заңды тұлғалар Бірлестігінің құрамына қабылдау және «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клуб» Қауымдастық» заңды тұлғалар Бірлестігі мүшелерінің Біріккен тізілімін жүргізу Ережесі [2], IV Астана экономикалық форум аясында өткен жүзеге асқан меморандумдар [3], «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клуб» Қауымдастығына арналған Алғыс хат, Диплом, Сертификаттар [4].

Деректердің екінші тобын Қазақстан Республикасының Президенті [7, 15], Нобель сыйлығының Лауреаттары [10, 16], сонымен қатар, танымал саясаткерлер [5, 17], қоғам қайраткерлер, белгілі экономистердің [8, 11, 18] сөз сөйлеулері, пікірлері, хаттары құрайды. Кезекті Астана экономикалық форумдарында, ресми сөз кездесулерде берген пікірлер [9, 10] кіреді.

Деректердің үшінші тобына интернет желісінде бұқара ақпарат құралдарының ресми сайттарында [ 12, 13, 14, 19], әлеуметтік ақпарат агенттіктерінде, сондай-ақ, «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клуб» Қауымдастығының», «Астана экономикалық форумының» ресми сайттарында [6, 11] жарияланған мақалалар, мәліметтер жатады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеуге алынған тақырып қазіргі кезеңде өзекті мәселе болып табылғанымен, зерттелу деңгейіне келгенде, мәселені зерттеу жұмыстары енді басталады. Сол себепті ғылыми жұмысты жазу барысында, интернет желісінде ақпарат көздерін, зерттеуге алынған субъектінің қайнар көздерін пайдаландық.      Жұмыстың құрылымы. Зерттеуге алынған жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, тіркелген қосымшалардан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Мен бұл Форум Астананы, халықаралық экономикалық форумдар өтетін әлемдік орталықтармен бір деңгейге қоятынына сенімдімін...» Ахмад Мохаммед Али АльяМадан, Ислам даму банкі тобының Президенті

І тарау. Астана экономикалық форумы және оның маңыздылығы

    1. Ғалымдардың Евразиялық экономикалық клубы:      

Астана экономикалық форумының құру бастамалары

Жаһандық қаржы дағдарысы әлемді шарпыған кезде, әлем экономикасы терең рецессия жағдайында қалған еді, содан бергі аралықта бірқатар азиялық елдер дамудың жоғары қарқынын көрсете бастады. Осындай елдің алдыңғы қатарында Қазақстан елі де бар. Қазақстан тәуелсіздігінен бері бірқатар дағдарысты сәтті еңсеріп өтті. Бұның ең үлкені Кеңес одағының ыдырауы тұсында орын алып, сол кезде отандық экономиканы толық тұқырған кезі болса, ел басынан өткен екінші күйзеліс - Оңтүстік-Шығыс Азия дағдарысы болса, соңғысы  дүние жүзіндегі барлық елдердің дамуына тікелей әсер еткен жуырдағы жаһандық қаржы дағдарысы. Бұның барлығына Қазақстан ойдағыдай төтеп бере алды. Мұндай ғаламдық дағдарыстың салдарындағы жағдайлардың барлығы өзара байланысты болып келеді.           Кейінгі жылдары әлеуметтік саясаттың рөлі негізсіз төмендетілген. Араб елдерінде, соның ішінде дамыған бірқатар елдердегі белгілі оқиғалар халықтың әлеуметтік жағдайын тұрақты назарда ұстаудың өткірлігін көрсетті. Нарықтық күштер жұмыспен және азық-түлікпен, әлеуметтік қорғаумен және тұрақтылықпен қамтамасыз етудің сайма-сай міндеттерін барлық жерде бірдей шеше алған жоқ. Осының салдарынан дамыған және дамушы экономикалардың арасында айырмашылық ұлғайып, сауда даулары, валюталық кикілжіңдер, мемлекеттік қарыздар көбейіп, жұмыссыздар мен аз қамтылған халық саны өсті. Әлемде бірінші рет бүтіндей мемлекеттердің банкроттық жағдайға тап болуы пайда болды [5].      Осындай мәселелерден кейін, жалпы Еуразиялық континент үшін маңызды болып табылатын қадамдардың бірі Қазақстан Республикасының Президентінің ұсынуымен Ғалымдардың Еуразиялық клубының құрылуы болып табылады. 2007 жылы маусым айында Санкт-Петербург қаласында Елбасымыздың бастамасымен Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубын құру туралы айтылған болатын. Жыл өте Қазақстан Республикасыны президентінің Ғалымдардың Еуразиялық клубы бастамасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігі Экономикалық зерттеулер институтымен біріге отырып, 21 маусым 2008 жылы «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубының» Ассоциациясын құрды. Аталмыш Ассоциацияның құрамына 70 елдің ғылыми ұйымдары, белгілі қоғам қайраткерлері мен саясаткерлері, ғалымдар, экономистер кіреді. Сондай-ақ, экономика саласындағы Нобель сыйлығының Лауреаттары Роберт Манделл, Роберт Ауманн, Финн Кидланд, Джон Нэш, Эрик Маскин, сэр Джеймс Миррлис, Роджер Корнберг, Эдмунд Фелпс Ассоциациясының мүшелері болып табылады [6].  «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» Ассоциациясының құрылымына: Құрметті президент, Координациондық Кеңес, құрметті профессорлар, атқарушы орган, құрылтайшылар және заңды, физикалық тұлғалар кіреді.          Ассоциацияда Координациондық Кеңес басқарушы орган қызметін атқарады. Координациондық Кеңесті төраға басқарады. Негізгі сұрақтарды Координациондық Кеңестің мүшелерінің отырысында дауыс беру жолымен шешеді. Координациондық Кеңестің функциясына жобалардың болжау, дайындау, өткізудің негізгі мәселелерін талқылау, шешу кіреді. Қазіргі таңда Координациондық Кеңестің төрағасы, ҚР Президентінің көмекшісі - Бахыт Султанов.           Атқарушы орган Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубының жалпы және оперативті басқарылуын жүзеге асырады. Координациялық Кеңестің шешімдерін іске асырылуын, сонымен қатар Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубының күнделікті қызметін жүргізеді. Атқарушы органның төрағасы - Мурат Каримсаков.    Ассоциация өз мүшелеріне қолда бар ғылыми ресурстарды тиімді пайдалана отырып, түрлі ғылыми-зерттеу жоба жұмыстарын жүргізуге үлкен мүмкіндіктер береді. Осындай негізгі ірі жобасына Астана экономикалық форумының өткізілуі жатады. Жыл сайын Президент әкімшілігінің және Қазақстан Республикасының қолдауымен, аталмыш форумға саясаттың белгілі өкілдері, кәсіпкерліктің шеберлері, сондай-ақ, танымал бұқара ақпарат өкілдері Қазақстан, бүкіл әлем алдында тұрған өзекті мәселелердің шешімін іздеуге жиналады. Бұл алаңда еліміздің Президенті, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі, Нобель сыйлығының Лауреаттары және басқа да халықаралық ұйымдардың, бизнестің өкілдері қатысатын үлкен іс-шара болып табылады.       Ассоциация Астана экономикалық форумының негізгі ұйымдастырушысы болып, әлемдік экономиканың дамуына айтарлықтай үлес қосу мақсатында, ғылым мен кәсіптің арасында сұхбат құруын барынша қамтамасыз етеді. Жыл сайын Астана экономикалық Форумының маңызды қызметін танытатын басты нәтижесіне әлемнің 20 жетекші экономикасы елдерінің басшыларына арналған ашық Хатты қабылдау жатады, онда әлемдік экономиканы сауықтыру және дамыту жөніндегі ұсыныстар көрсетіледі.            Әлемде қандай да бір мәселе туып, ғаламдық дағдарыс орын алған кезде, оны шешу мақсатында халықаралық деңгейде жаңа институт немесе форум пайда болатынын тарихтан байқаймыз. Және де мұндай үрдіске оң көзбен қарау керек. Себебі, түрлі проблемалардың шешімін табуда бұрын құрылған институттар әлсіздік танытады. Осылайша, бүгінде кезекті жаһандық дағдарыс барысында дүниеге келген Астана экономикалық форумы өзінің тың шешімдерімен әлемдік деңгейде өз орнын алады.

 

 

    1. Астана экономикалық форум – 2011: келіссөздер алаңы

Қаржы дағдарысынан кейінгі жалпылама жаһандық тұрғыдан алғанда, дүние «экономиканың өтпелі кезеңінде» тұрды. Осындай ауыр кезеңде өткен IV Астана экономикалық форумы өзінің айтарлық нәтижесін берді.

Елбасы Форумның ашылу салтанатында: «Қазақстан 7%-дық деңгейдегі жоғары қарқынмен экономикалық өсімнің орнықты траекториясына шықты. Өткен 20 жылда тек мемлекет құрып қана қойған жоқпыз, соңғы 12 жыл ішінде жаңа астана салдық. Бұл – Қазақстанның даму деңгейінің, оның келешек беріктігінің көрсеткіші. Қазақстанның алға межелеген міндеттері айқын, ал ондай міндетті жүзеге асырудың басты құралы «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы болып табылады» деген болатын. Бұдан соң Президент өткен жаһандық қаржы дағдарысынан алатын сабақтарға қатысты ойларын ортаға салып, жаңа онжылдықтың ықтимал қатерлеріне де назар аудартты. Президент ауызға алған басты сабақ – экономикалық саясатта баланстың үйлесімсіздігіне жол бермеушілік. Дағдарыстың екінші сабағы - дамушы елдер үшін индустриялық - инновациялық саясат мәнінің артуы. Яғни, дағдарыстың арқасында көптеген ел экономика бағытын қайта қарап, жаһандық бәсекелестікке инновация, жаңа технологиялар арқылы кіруге ұмтылып, өздерінің корпоративтік чемпиондарын қалыптастыруды қолға ала бастады. Ал үшінші, негізгі сабақ – саналы әлеуметтік саясаттың қажеттілігін түсінумен үйлеседі. Әлемдік практикада алғаш рет түгелдей мемлекеттің банкроттық ықтималдығы көрінді. Дағдарыстық құбылыстардан сабақ алып, ХХІ ғасырдың екінші онжылдығындағы әлемдік экономиканың қатерлері мен перспективалық міндеттерін қайта қарастыру керектігін Президент жеткізіп, жаһандық деңгейдегі ықтимал үш қатерге тоқталды. Мемлекет басшысының айтуынша, қазіргі таңда әлемдік экономиканың алдында оның негізгі үш секторы бойынша жаһандық қатерлер байқалады. Бұлар - қаржылық, индустриялық-инновациялық және ресурстық азық-түліктік қатерлер. Елбасы өзі атаған үш сектор бойынша, пікірін білдіріп өтті. Бірінші қаржылық һәм валюталық мәселеде Президент: «Заңдылық пен демократиялық қағидатына жауап бере алмайтын қолданыстағы валюталық-қаржылық жүйе өсімді әлсіретеді, макроэкономикалық қағидаттардың бұрмалануына себеп болады, туындап отырған жаһандық проблемаларды шешуге кедергі келтіреді. Мұндай дефектіні жою үшін түбегейлі шешімдер қажет етіледі», – деп атап өтті. Соған сәйкес, Н. Назарбаев әлемдік валюталық жүйеде балама валютаны пайдалану туралы мәселеге тағы бір тоқталды. «Қатерлі» деп болжанған екінші сектор бойынша, Президенттің пайымдауында: индустриялық-инновациялық қатерлер экономиканың үйлестірілген өнеркәсіптік дамуы мен әділ сауданың қажеттігін көрсетеді. «Бүгінгі дамыған мемлекеттердің барлығы әрқашан өздерінің өнеркәсібін, өңдеуші секторын қорғаштап келді. Мәселен, АҚШ Англияның берген кеңесін елемей, есесіне, соның жүрген жолымен жүріп, 150 жыл бойы өзінің өңдеуші өнеркәсібін қорғап бақты. Сондай-ақ, дамушы елдер экономикасына протекциясыз еркін сауданы ұсынатын индустрияланған елдер өздерінің көптеген салаларын субсидиялауды әлі де жалғастырып келеді», – дейді Елбасы. Үшінші қатер саналатын ресурстық азық-түліктік қатерлерге байланысты Президент, ең алдымен, әлемдік энергетикалық және азық-түліктік қауіпсіздікке баса назар аудару қажеттігін алға тартты [7] .

Кезекті форум «Жаңа онжылдық: Болашақтар мен талаптар» тақырыбында негізгі үш бағытта – «Жаһандық экономика және қаржы», «Бизнес және инвестициялар», «Қоғам мен тұрақты даму» секциялары бойынша жұмыс істеді.

Жыл сайын маңыздылығы артып келе жатқан Астана экономикалық форумға Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы Пан Ги Мун сенімділікпен хат жолаған болатын. Онда: «...Ендігі кезекте әлем қандай даму арнасына қарай бет түземек? Келіп жатқан инвестицияларды қалай қарай бағыттаған жөн болар еді? Бүгінгі күннің экономика саласында қалыптасып отырған проблемаларын қалай шешкен орынды? Міне, осындай сұрақтарға жауап іздестіруде Астана экономикалық форумының маңызының арта түседі деп сенемін әрі жиынның жұмысына сәттілік тілеймін», - делінген [5].

Кезекті жиын аясында өткен бірқатар басқосуларда Қазақстан алыс және жақын шет елдердің өкілдерімен тауар алмасу, елге инвестиция тарту, біріккен жобаларды жүзеге асыру сынды маңызды келіссөздерге жол салды. ІІІ Астана экономикалық форум негізінде 2010 жылы ел экономикасына тікелей тартылған инвестиция көлемі ұлғайып, 1,5 млрд АҚШ долларын құраған. Осындай сандарды келтірген Үкімет жетекшісі Кәрім Мәсімов әлі де ауыл шаруашылығы, көлік, азық-түлік қауіпсіздігі, білім және ғылым саласындағы өрлеуді жетілдіру керектігін айтты [8].

IV Астана форумы – елдегі  инновациялық жобаларды жүзеге  асыру үшін Қазақстанға инвестиция  тарту ғана емес, ұзақ мерзімді  келіссөздерге қол жеткізуге  мүмкіндік болды.

Мысалға, форум аясында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі, Асылжан Мамытбеков: «Сауд Арабия елінің делегациясы қазір бұл арада нақты келісім сөздерге дейын. Олардың қажеттілігі біздің Қазақстаннан жылына 2-3 млн тонна астық және фураждық астық сатып алуға қажетті болып отыр. Біздің ұсынымыз - бір мезетте ғана емес, жыл сайын тұрақты түрде сатып алатын болса, екі жақта да мұндай қарым-қатынас тиімді.» -деген [8].

Мұндай тиімді келіссөз форум аясында өтіп жатқан Еуразия іскерлік конгресі жиынында жалғасты. Еуразия бизнесмендерінің іскерлік конгресін құру бастамасын өткен ІІІ форумда Елбасы алға тартқан. Қазақстанның «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасы Қытай, Ресей, Австрия, Польша, туркия, Эстония, Украина елдерінің бизнес өкілдері қауымдастығымен мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыстың келешегін кезекті жиында талқыға салды.

Форум барысы тиімді келіссөздер алаңына айналғанына тағы мынадай дерек келтіруге болады.

Ван Синпин, Қытай өнеркәсіптік экономика одағы төрағасының бірінші орынбасары:

– Қытай үшін Қазақстан ТМД елдері арасында ірі сауда-экономикалық әріптес. Қытай өнеркәсіптік одағының мәліметтерінде: екі елдің өзара сауда көлемі 20 млрд долларға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 45 пайызға дейін өскен. Өзара тиімді негізде экспорт, сол сияқты импорт та артып келеді: Қытайға экспорт 72 пайызға ұлғайды, ал Қытайдан импорт 11 пайызға өсті. Біз бүгінгі форумда энергетикалық сектордағы бірлескен жобаларды іске асыруға де дайын екенімізді жеткіземіз.

Информация о работе Астана экономикалық форумының даму перспективалары