Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 13:37, доклад
Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым кулинарлық өңдеуді қажет ететін тағам және кулинарлық өнімдерді дайындау. Картопты, басқа да көкөністерді ботқаларды, бұршақ және макарон өнімдерін, жұмыртқаны пісіру. Картопты, басқа да көкөністерді, котлет массасынан (көкөніс, балық, ет) жасалған құймақты қуыру. Көкөніс және жарма өнімдерін пісіру. Өнімдерді сүзу, сүрту, араластыру, ұнтақтау, қалыптау, фарштау. Бутербродтарды, жартылай фабрикаттардан, консервілер мен концентраттардан жасалатын тағамдарды дайындау. Жаппай сұраныстағы тағамдарды үлестеп бөлу (жиынтықтау), таратып бөлу.