Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2014 в 18:31, реферат
Әр уақыттарда және дүниенің түрлі бөліктерінде адамдар ақша ретінде әр түрлі тауарларды – астық, мал, қымбат тастар және металдарды пайдаланды. Ұзақ уақыттар бойы ақша есебінде алтын жәнекүміс жүрді. Қымбат металдардың физикалық қасиеттері (біртектілігі, мықтылығы, құндылығы) ақша атқаруға тиісті талаптарды толық ақтады. Сондай-ақ металл ақшалардың маңызды қасиеттерінің бірі – оларды бөлуге болытын еді. Қымбат металдар, көлемі қандай болса да, өзінің пайдалы қасиеттері мен құндылығын жоғалтпайды. Құнды металдың белгілі бір көлемінің сақталуына мемлекеттік кепілдік ететін алтын және күміс теңгелер пайда болды.
Кіріспе
I Негізгі бөлім
1 Ақшаның мәні және қызметтері
2 Ақшаның қажеттігі мен экономикалық мәні
3 Ақшаның формалары мен түрлері
4Ақша жүйесі
II Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Аудармалы вексель (тратта) — вексель беруші кредитордың (трассант) қарыз алушыға (трассат) белгіленген мерзімде көрсетті тұлғаға (ремитентке) төлеуі жөніндегі бұйрығы. Вексель бойынша төлем аваль (вексельдік кепілдік) көмегімен төленуі мүмкін, ол қосымша бегтегі вексельде және аллонжда «аваль ретінде есептеу» деген жазумен ресімделеді.
Вексель абстрактылығымен, яғни құжатта мәміле түрі жөніндегі акпараттың жоқтығымен; вексельдің міндетті төлемін көрсететін даусыздығымен; айналымдылығымен, яғни вексельді төлем құралы ретінде баска кредиторларға беруге болатындығымен сипатталады.
Демек, вексель несие және акшалық есеп айырысу құралы ретінде әрекет етеді. Ол несиеге қойылған тауарларды кепілді вексельдік міндеттемемен төлеуді қамтамасыз етеді.
Вексельдерді пайдалану айналым шығындарын үнемдеуге ықпал етеді. Қазіргі таңда Қазақстанда вексель астық шаруашылығында қолданылады. Вексель берушілер ретінде астық егуші шаруашылықтар есептеледі, олар Азық-түлік корпорациясына жанар-жағар май, тұқым, тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғау құралдарын сатып алу үшін вексель береді, олар күзде астықпен қайтару міндеттемесін өз мойнына алады.
Вексельді айналым нәтижесінде банкноттық айналым пайда болды. Банкнота- бұл эмитент банктің міндеттемесі. Ол вексельден екі маңызды көрсеткіш бойынша ерекшеленеді: біріншіден, мерзімділігі бойынша: вексель белгіленген мерзімге шығарылады, ал банкнота шексіз мерзімге беріледі; екіншіден, қамтамасыз етілуі бойынша: банкнота мемлекет кепілдемесі бойынша елдің Орталық банкімен айналымға шығарылады, ал вексельді жеке кепілдеме бойынша жекелеген заңды және жеке тұлға шығарады.
Қазақстандағы банкноттардың эмитенті болып Ұлттық Банк саналады, олар Республиканың аумағында ұлттық ақша болып табылады. Тауарлар немесе алтын түріндегі материалдық қамсыздандырылмаған, бірақ банкноттардың несиелік негізі бар, өйткені олар банктік несиелеу ережесіне сәйкес шығарылады және қарыздық (ссудалық) қордың элементі болып табылады.
Банкноттық айналым кеңістіктегі несиелік ақшалардың әрекет етуін кеңейтуге мүмкіндік берді және де банкноттардың айналыс құралы қызметін атқаруын қамтамасыз етті. Несиелік ақшаның келесі түрі чек болып табылады.
Чек — бұл талап бойынша құрылған қатаң есеп берудің ақшалай құжаты, онда чек берушінің (шот иесінің) чекте көрсетілген соманы чек ұсынушыға (ұстаушыға) банктің төлеуі жөніндегі сөзсіз бұйрығы бар. Ол қысқа мерзімді әрекеттегі ақшалай құжат ретінде заңды төлем құралы мәртебесін иеленбейді. Ол ел ішінде және халыкаралық есеп айырысуларда қолданылады. Негізінен чектер ақшалай және есеп айырысу чегі болып бөлінеді.
Ішкі айналымдағы чектер банктерден қолма-қол ақшаны алу үшін; тауарлар мен қызметтер үшін есеп айырысу мақсатында; банктердегі шоттар бойынша аударымдар жасау арқылы жүзеге асырылатын қолма-қолсыз есеп айырысу формасы ретінде қолданылады.
Есеп айырысу чектері ордер сипатында болады. Шот иелеріне арнайы чек кітапшалары беріледі. Чектік есеп айырысу кітпшаларындағы чектер тауарлар мен көрсетілген қызметер үшін қолданылады.
Банк қызметіне механикаландыру мен автоматтандыруды енгізу, банктік есеп айырысу тәжірибесінде ЭЕМ мен компъютерлерді кен қолдануға өту электрондық ақшалардың пайда болуына ықпал етті, яғни компьютер жадындағы шоттарда ақшаның болуы, қолма-қол ақшалар мен чектерді несиелік карточкалармен алмастыру. Олар клиенттің шоты негізінде орнатылған микро-сызбасы бар пластикалық карточка түрінде банк тарапынан шығарылады. Пластикалық карточкалардың иелері тауарларды сатып алып және қызметтерге төлем төлеп қана қоймай, сонымен бірге тұтынушылық мақсатта банктерден қысқа мерзімді несиелерді де ала алады. Қазіргі таңда пластикалық қарточкалардың бірнеше түрлері қолданылады, олардың ішінде банктік және саудалық қарточқалар өте қең таралған.
Электрондық төлемдер жүйесі қоғамның өте кең тобының өміріне тікелей ықпал етті. Көптеген дүкендер пластикалық карточкалар көмегімен сатып алуларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, қажетті сома тауарларға төлеу үшін сіздің шотыңыздан алынады. Коммуналдық қызметтер төлемі сияқты қайталанатын төлемдер айына бір рет сіздің шотыңыздан аудару арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады. Көптеген компаниялар, фирмалар, ұйымдар өз қызметкерлерінің банктік шотгарына ақшаны тікелей аудару арқылы еңбек ақы төлейді. Жекелеген банктер өз клиенттеріне төмендегідей қызметті көрсетеді: клиент өзінің дербес компъютерін компъютерлік желіге қоса алады, ол жинақ шотындагы қаржыны ағымдағы шотына аударуға мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары шет елде және Қазақстанда тауарларды «Интернет» желісі арқылы сату-сатып алу кең өріс жайды.
4 Ақша жүйесі
Ақша жүйесі — белгілі бір елде қалыптасып, әдетте заңмен бекітілетін ақша айналымын ұйымдастыру түрі. Елдегі жалпыға бірдей балама ретінде қабылданған асыл металға және ақша айналысының негізіне қарай ақша жүйесі екі түрге бөлінеді.[1] Ақша жүйесі дегеніміз жеке элементтері белгілі бірлікте болатын жүйе болып табылады. Ақша жүйесінің негізгі элементтері мыналар:
Елдін ақша жүйесін реттеу жұмысын, осы жүйенің әрқилы элементтерін үйлесімге келтіріп отыратын, қаржы-несие органдары жүргізеді.
Металдық ақша жүйесі негізгі екі типке: биметализм мен мономета
Алтын метализмі алтын монеталық стандарт формасында бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін болды. Сол доуірде алтын монетасы еркін соғылған, қүн белгілері алтын монетаға еркін айырбасталған, елдер арасында алтын еркін жылжып отырған.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, құйма алтын және алтын девиздер стандарты пайда болды. Алтын қоры мол елдер (Англия, Франция, Жапония) алтын стандартын, алтын қоры аз елдер (Германия, Австрия, Дания) алтын девиздер стандартын енгізген болатын. Құйма алтын кесек стандарты тұсында, алтын монетасының еркін соғылуы жойылып, қағаз ақшаның алтынға айырбасталуы құйма алтын кесігі құнының мөлшерімен шектелген.
II Қорытынды
1993жылдың наурызында “
Мемлекеттің егемендігін және республика банк жүйесінің дербестігін нығайту мақсатында 1993 жылдың екінші жартысында қазіргі техникамен жарақтандырылған мәнет сарайы іске қосылды, ол метал тиындарын.
Ұлттық валютаны жасау еліміздің Президенті Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтің жеке басшылығымен жүргізілді және осы мәселе бойынша барлық шаралар қатаң құпияда сақталынады әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.Сонымен бірге, ол қысқа мерзімде –бір жыл, екі ай ішінде Англияда аяқталды.
Осылайша 1993 жылдың 15 қарашасы ұлттық валютасының туған күні деп саналды. Ұлттық валютаны тұрақтандыру жөнінде қадамдар есептелді, теңгенің бағамы сол кезде бір АҚШ доллары үшін 4,6 теңге деңгейінде белгіленді. АҚШ долларына қатысындағы теңге бағамы еліміздің алтын қорының тұрақтануы мен мүмкіндіктерін, экономикалық әлеуетті, ақша айналымын ескере отырып есептелінді. Бірақ ол ұзақ сақталмады, тағы да құлдырай берді. Ал теңгені біз ерекше шиеленістерсіз негіздік.
Бүгінгі күні, міне, Қазақстан өз егемендігінің 12 жылдық мүшелтойын атаған кезеңде, біз ұлттық валютамыз теңге енгізілгені он жыл ішінде бүткіл өркениетті әлем секілді өзіміздің дербес экономикалық саясатымызды жүргізудеміз. Мемлекеттер бір-бірімен санасып, өзара тиімді мүдделерде шс-қимыл жасасуы тиіс.Қазіргі кезде Қазақстан экономикасы дәйекті түрде көтеріліп келеді. Бұл ішінара өнеркәсіп өнеркәсібінің жалпы өнімінң өсуімен дәлелденуде. Валюталық түсімдер негізінде республиканың келешегі үшін «Ұлттық Даму» қоры құрылды. Ойластырған бюджет тамақ, жеңіл өнеркәсіп, машина жасаудың өркендеуіне көмектеседі. Яғни, қазіргі таңда біз дербес саясатты жүргіземіз және біршама мезгіл өткеннен соң көптеген елдердің АҚШ долларына байланғаны секілді, біріңғай валютаға келуіміз ғажап емес.