Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2014 в 18:31, реферат
Әр уақыттарда және дүниенің түрлі бөліктерінде адамдар ақша ретінде әр түрлі тауарларды – астық, мал, қымбат тастар және металдарды пайдаланды. Ұзақ уақыттар бойы ақша есебінде алтын жәнекүміс жүрді. Қымбат металдардың физикалық қасиеттері (біртектілігі, мықтылығы, құндылығы) ақша атқаруға тиісті талаптарды толық ақтады. Сондай-ақ металл ақшалардың маңызды қасиеттерінің бірі – оларды бөлуге болытын еді. Қымбат металдар, көлемі қандай болса да, өзінің пайдалы қасиеттері мен құндылығын жоғалтпайды. Құнды металдың белгілі бір көлемінің сақталуына мемлекеттік кепілдік ететін алтын және күміс теңгелер пайда болды.
Кіріспе
I Негізгі бөлім
1 Ақшаның мәні және қызметтері
2 Ақшаның қажеттігі мен экономикалық мәні
3 Ақшаның формалары мен түрлері
4Ақша жүйесі
II Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Ақшаның төлем және айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қажеттігі Т-А-Т айналымының екі актілерге Т-А және А-Т айрылуымен байланысты.
Капиталистік қоғамдық формация
Тауар өндіріс жағдайында қорлану екі формада жүреді:
Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашы
Бұл қызметтің толық бағалы ақшалар, ал кейіннен нағыз ақшалар атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға бекітті.
Қазіргі уақытта дүниежүзілік несиелік ақшалардың жобалары жасалуда, бірақ одан әлі нәтиже жоқ. Енгізілген шарты есептесу бірліктерінің (СДР, ЭКЮ) өзіндік меншікті құндары жоқ, сондықтан да олар толыққанды түрде дүниежүзілік ақшаның қызметін атқара алмайды. Бұл қызметті тек қана алтын нарығындағы операциялар арқылы алтын атқарады.
Ұлттық валюта теңге дайын болды. Оны
айналымға жіберу жұмысымен қатар, алда
өз тиынымызды шығару мақсаты тұрды. Біздің
суретшілер теңгені шығарумен айналысқан
кезде, біздер біраз мемлекеттерде болып,
немістің «Гребнер» компаниясына тоқтаға
Біздер Германиядан технология, жабдықтар әкелдік. Металлургтер қорытпа іздей бастады. Оның бірнеше үлгісі ұсынылды. Тиын миллиондаған қолдан өтеді, оның өзіндік құны жоғары болмауы, оны шығаруы рентабельді болуы тиіс, сондықтан, қорытпаның сапасына бірнеше талаптар қойылды. Конструкторлар мен металлургтердің алғашқы жасаған тиындары ол талаптарға бірден жауап бере қоймаса да, соңында металл қоспасы табылды.
Үлбіде тиын шығаратын желі дайын болғанымен, көпшілік ұлттық валютаны шығаруға дайындығымызды біліп қояды деп қауіптенгендіктен, оны шығара алмадық. Себебі, біз мұны ерте жария ете алмайтын едік. Сондықтан, қыркүйек айында Президент шешім қабылдаған кезде, теңгенің металлдан жасалған бөлігі дайын болмады.
20 теңгелік металл ақша алғаш рет Германияда соғылып шығарылды. Тіпті алғашқысын, Ғ.Байназаров өзі соқты. Қазақстандық жұмыс тобының әрбір мүшесі станокта жұмыс істеп көрді. Сол кездеГрегорий Марченко тиынның соншалықты үлкен екендігін сұраған болатын. Ол кезде бұл өзіндік құны және басқа да көрсеткіштер жағынан өзін ақтап шыққан болатын. Ең бастысы біз прессті сынаудан өткіздік. Қазір 20 теңгелік тиын көлемі жағынан бұрынғыдан анағұрлым кіші, соған орай металл шығыны да азайды.
Ұлттық валютаға көшу механизмін жасау үшін мемлекеттік комиссия құрылды. Құжаттардың бір бөлігін комиссия, енді бір бөлігін ұлттық банк әзірледі. Қажетті нормативті құжаттардың барлығы он сегіз күннің ішінде дайын болды. Тек тек ақша айырбасын жария етіп, іске көшу қалды. Дегенмен, қайталап айтамын, металл түріндегі валюта дайын болмады. Суретшілер дизайнды дайындап, үш ауысымда жұмыс істеліп, бір ай ішінде қағаз тиындар әзір болды.
Ақша мен монета он күн ішінде, ақша айырбасына 2-3 күн қалғанда облыстарға жеткізілді. Сонымен, қарашаның ортасына қарай ұлттық теңгемізге көшідің барлық әзірлік жұмыстары аяқталды. Ақшаны жеткізу аяқталып біткен соң 1993 жылдың 13 қарашасында республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев теледидардың кешкі жаңалықтарында ұлттық валютаның енгізілетінін жария етті.
Теңге 1993 жылдың 15 қарашасында ресми түрде өмірге жолдама алып, айналымға табыспен енгізілді. 1 АҚШ долларына шаққанда 4,75 есебінен теңгенің алғашқы бағамын белгіледі. 500 кеңестік сом 1 теңгеге айырбасталды. Ұлттық банк басқармасының мүшелері айырбас бағамын 1:1000 алуды ұсынған еді. Осы негізде алу қажет болатын. Бірақ, біздің дегеніміз болмады. Ал мемлекеттік комиссия қабылдаған бағам кейін ұлттық валютаның беделіне нұқсан келтіргені белгілі. Алғашқы екі жылда төмен құлдырады. Оқасы жоқ. Ең бастысы іс бітті. Теңге біздің экономикамыздың, мемлекеттің ақша жүйесінің басты құралына осылайша айналды.
3Ақшаның формалары мен түрлері
Ақша айналымының тарихы мынаны дәлелдейді, яғни ақша біртекті масса болып табылмайды. Ол өтуі бойынша және өмір сүру уақыты бойынша, сонымен бірге айналым шарттары бойынша алуан түрлі болып келеді. іс жүзінде ақшаның формасы дегеніміз — ақшаның белгіленген типіндегі заттық айырбас құны, ол айналымдағы тұрақтылықты көрсетеді. Әр түрлі балама тауарларға, бағалы металдарға, қарыз міндеттемелеріне, банк депозиттеріне өзгере отырып, ақша өз формасын қалыптастырады. Ақша формалары ретінде алтын, күміс монеталар, қағаз және несиелік ақшалар баршаға аян.
Ақшаның материалдық-заттық ерекшеліктеріне сәйкес оны толыққұнды және толыққұнсыздеп шартты түрде бөлуге болады.
Толыққұнды ақша- номиналды құны сатып алушылық құнымен сәйкес келетін акша, яғни дайындау кезінде көрсетілген құн олардың кұрамындағы металдың (алтын, күміс) құнына сәйкес келеді. Оларға алтын және күміс монеталар жатады.
Толыққұндыемес ақша- сатып алушылык құны ақша қаты-настарынын тасымалдаушысы ретіндегі тауар кұнынан асатын ақша. Толыққұнсыз емес ақшаларға билондық монеталар, қағаз және несиелік ақшалар жатады.
Ақша өзінің даму эволюциясында мынандаи сатыларды етті:
1) Металдық;
2) Қағаздық;
3) Несиелік;
4) Электрондық ақша.
Металл ақшалар- бұл толыққұнды, нағыз ақшалар, олардың номиналдык құны (оларға қойылған құн) нақты құнына, яғни өздері дайындалған металл құнына сәйкес келеді. Металл ақшалар (мыс, күміс, алтын) әр түрлі формада болады: алдымен бірліктік, содан соң салмақтық. Олар монета түрінде шығарылды.
Монета - бұл заңмен бекітілген формасы, сыртқы пішіні, салмақтық құрамы бар металдан дайындалған ақша белгісі.
Мемлекет монетадағы таза металдың құрамын (пробасын), салмағын, массасын, типін, эмиссия ережесін және т.б. белгілейді.
Металл ақшалар өз дамуында ұзақ жол жүрді, яғни олар мыс монета түрінде біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ-IV ғасырларда Римде пайда болды. Ең алдымен белгіленген салмағы және пробасы бар және сәйкес таңбалармен (Мысыр, Рим, Вавилон) бекітілген металл құймалар айналымға шықты.
Алғашқы монеталар біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырда Лидия мемлекетінде құйыла бастады, ал біздің дәуірімізге дейінгі 279-жылы Римде металдың стандартты бөліктері монета деп аталды.
Өз бейінін монетада кескіндеген тұлға А. Македонский болды.
Айналымға сәйкестендірілген, стандартты монеталардың енгізілуі ақшалардың толық көлемде құн шамасының қызметін, айналым мен жинақтау құралы қызметін атқаруы үшін жағдайлар жасады. Монеталар бағалы металдардан да, сонымен бірге өте арзан түсті металдардан және олардың қоспаларынан дайындалды.
Монеталар толыққұнды, сонымен бірге айырбастық болып бөлінеді. Толыккұнды монеталар бағалы металдардан және олардың қоспаларынан дайындалады, олардың номиналдық құны нақты құнмен сәйкес келеді, олар ақшаның барлық қызметін атқарады.
Айырбас монеталары арзан түсті металдардың қоспаларынан дайындалады, олардағы номиналдык құн құрамындағы металл қүнынан асып кетеді.
Монеталарды құю эмиссия ретінде қарастырылады. Эмиссия латындык «еmssіо»сөзіненаударғанда «шығару» деген мағынаны береді. Ақшаның эмиссиясы — бұл ақша белгілерінің барлық түрлерінің айналымға шығару, ол айналымдағы ақша массасын ұлғайтуға бағытталған.
Ақшаның рөлі тарихи тұрғыда алтынға бекітілген. Алтынның барлық басқа тауарлар құнын өрнектеу қасиеті шынайы табиғи қасиет болып саналмайды. К. Маркс табиғат ақшаны жасамайды деп атап көрсеткен. Бұл қасиет алтынға қоғам тарапынан берілді. Алтын жалпы балама рөлін атқару үшін оте сәйкес келетін тауар болып саналады, ол мыналарға байланысты болады:
Біріншіден, тұрақты, әдемі, жеңіл, шығынсыз бөліну сияқты табиғи қасиеттеріне;
Екіншіден, оның жоғары құны бар, яғни басқа металдармен салыстырғанда, оны өндіру үшін көбірек уақыт шығыны кетеді.
Алтынды өндіру — өте қиын әрі капитал сыйымды жұмыс. Мысалы, 1 кг алтынды алу үшін орташа терендігі 3000 м жердің 100 тонна тау кенін өңдеу керек.
Алтынның негізгі өндірушілері болып Оңтүстік Африка Республикасы (әлемдік өндірістің 1/3 бөлігі), Ресей, Өзбекстан саналады.
Қазақстанда көптеген алтын кеніштері бар, шамамен алғанда алтынның жылдық өндірісі 30 тоннаны құрайды.
Тауарлық өндіріс пен айналым көлемдерін кеңейту айырбас операцияларының өсуіне әкелді. Толыққұнды ақшалар шектеулі саны және жоғары шығындарына байланысты шаруашылықтың өскелең сұранысын қанағаттандыра алмайды. Алтын өндіру тауар өндірісін қуып жете алмады, ақшаға деген сұранысты қамтамасыз ете алмады, сонымен бірге жоғары құндылығы бар алтын ақ-шалар құны бойынша аз айналымды қамтамасыз ете алмады. Сондықтан оны өзінің орынбасарларымен (құн белгілері) алмас-тыру қажеттілігі туындады, олардың номиналды құны оларды өндіруге қетқен еңбектің шынайы құныпан жоғары болады.
Оларға ұсақ монеталар, қағаз және несиелік ақшалар жатады.
Қағаз ақшалар- нағыз ақшалардын өкілдері. Тарихи тұрғыда қағаз ақшалар металдық айналымнан туындады және бұрын-соңды айналымда болған күміс және алтын монеталардың орынбасарлары ретінде әрекет етті. Айналым барысында металл ақшалар қөшті және тозды, бастапқы формасы мен құнын жоғалтты, сонымен бірге оларды сақтау, тасымалдау және тауарларды көп мөлшерде сатып алу кезінде пайдалану өте ыңғайлы. Осыған байланысты оларды нағыз ақшалардың орынбасарларымен, яғни қағаз ақшалармен алмастырудың объективті мүмкіндігі туындады. Олардың мәнісі мынада, яғни олар мемлекет тарапынан мәжбүрлі бағаммен шығарылатын ақша белгілері болып табылады.
Қағаз ақшалардың өзіндік құны жоқ, егер оларды шығару шығындары болса, онда олар номиналды құнға сәйкес келмейді. Мысалы, 5 мың теңгелік қағаз ақшаның бір купюраны шығару шығындарына тен құны болуы мүмкін, ал ол шығын тиыннан ғана тұруы мүмкін. Бұл купюраға 5 мың теңгелік құны бар тауарды сатып алуға болады.
Табиғаты бойынша қағаз ақшаларға тұрақсыздық тән екендігін атап өту керек. Олар үнемі ақша айналымы арнасында жүреді, оларды толтырады және шектен тыс эмиссия негізінде ақша массасының айналымда жүрген тауар массасына сәйкес қелмеуі нәтижесінде құнсызданады, сәйкесінше ол инфляцияга әқеледі.
Әрбір егеменді мемлекет өзінің ұлттық валютасын, яғни өз атауы бар, әр түрлі қупюра мен бағаммен қағаз ақшаларын шығарады. АҚШ өз валютасын — доллар, Ресей — рубль, Қазақстан — теңге деп атайды. Қағаз ақшалардың кемшіліктері де бар. Олардың ең бастысы мынада жатыр, яғни біріншіден, оларды үрлап алу өте оңай, екіншіден, оларды тасымалдау өте қымбатқа түседі.
Өндірістің дамуы, коммерциялық және банктік несиелеу саласының кеңеюі нәтижесінде металл ақшалар тауар айналымының қажеттіліктерін қанағаттандыруды тоқтатты және оның орынбасарларымен катар несиелік қағаздар пайда болды.
Қағаз ақшалар сатып алу жэне төлем құралдары ретінде мемлекет қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған. Қазақстандағы олардың эмитенттері болып Ұлттық Банк есептеледі. Шығарылған ақшаның номиналды құны жэне оларды шығару құны (қағаз шығындары, басып шығару) арасындағы айырма мемлекеттік бюджетке кететін эмиссиялық табысты құрайды. Қағаз ақшалар екі қызметті ғана аткарады: айналым құралы және төлем құралы. Олар алтын стандартты алып тастағаннан кейін ішінара жинақтау қызметін атқара алады.
Қағаз — ақша айналымы үнемі көмекші сипатта болады. Қағаз ақшалардың ұзақ, дербес айналымы мүмкін емес, өйткені олардың жоғарыда көрсетілген кемшіліктері бар. Сондықтан олармен қатар несиелік ақшалар әрекет етеді.
Несиелік ақшалар— айналымдагы толыққұнды ақшаларды алмастыратын жэне несие белгісі ретінде әрекет етуші қағаз ақша белгілері. Олардың өзіндік құны болмайды, балама тауарда көрсетілген құнның өрнегі. Несиелік ақшалардың негізгі элементі болып банк жүйесі есептеледі.
Тауарларды сатып алу бойынша ірі мәмілелерге банктердің несие беруі қағаз ақшаларды алмастырады, яғни несиелік ақшалар тауар айналымының қажеттілігін қанағаттандырады.
Несиеліқ ақшалар өз дамуында мынандай сатылардан өтті: вексель, банкнота, чек, электронды ақшалар және олардың соңғы түрі — несиелік және пластикалық қарточка.
Вексель - бұл вексель айналысының заңымен бекітілген мерзім ішінде онда көрсетілген соманы сөзсіз төлеу жөніндегі карыздық міндеттеме. Вексельдер жай және аудармалы деп бөлінеді. Жай вексельді қарыз алушы береді. Бұл вексель берушінің сөзсіз міндеттемесі, ол вексель ұсынушыға белгіленген соманы төлеуі тиіс.