Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 14:57, реферат
Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік – экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді. Ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қор және қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша. Құнның өлшем қызметітауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі – ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.
Кіріспе
Ақша. Оның тарихы.
Негізгі бөлім
Ақша құн өлшемі ретінде
2. Ақша айналыс құралы
3. Ақша төлем құралы
4. Ақша – қорлану және жинау құралы ретінде
5. Дүниежүзілік ақша қызметі
Қорытынды
Ақшалар
төлем құралы ретінде тек қана
тауар айналысына ғана емес, сонымен
бірге қаржы – несие
Ақша
төлем құралы ретінде айналыс
құралынан өзара
Төлем құралы қызметін толық бағалы емес нақты ақшалар (қағаз немесе несие), ал борыштық міндеттемелерді өзара өтеуде идеалды ақшалар атқарады.
Төлем құралы
ретіндегі ақшаның қызметі оның
бұдан бұрын қарастырылған
Ақшаның төлемқұралы қызметін атқаруына байланысты ақша айналысы заңы өзінің неғұрлым толыұ көрінісін тапты. Егер тауарлар несиеге сатылса, онда қолма – қол ақшаға қажет емес. Бұл айналыстың қолма–қол ақшаға деген қажеттілігін азайтады. Бірақ төлем мерзімі жақындаған сайын борыштарды жабу үшін ақша айналымының қажеттілігі артады. Өзара өтелетін төлемдер соммасы айналыс үшін ақшаның санын азайтады. Егер қандай да бір бөлмеде, борыштық міндеттеме бойынша төлем өз уақытында түспейтін болса, онда бұл өзімен бірге басқа да төлемсіздік тізбесін тудырады.
Ақшаның төлем және айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуына талап етеді. Ақшаның қорлануның қажеттігі Т – А – Т айналымының екі актілері Т –А және А – Т айырылумен байланысты.
Капиталистік қоғамдық формацияға дейінгілер үшін байлықты «таза қазына» жормасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келеді. Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебі олар шын мәнісінде айналыстан тыс жатқан ақшалар болды. капитализм тұсында бұл қазыналар несиелік жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетін капиталға (өнеркәсіптік немесе сауда) айналады. Қазына жинау қызметінің қажеттігі тауар өндірісімен байланысты болды. айналым капиталын немесе тұтыну заттарын алу үшін ең бастысы ақшаны жинау қажет.
Әрбір тауар тек қана жекелеген қажеттілікті анықтайды және олар жалпы байлықты білдірмейді. Толық бағалы ақшалар (алтын) материалданған құнның формасы ретінде байлықтың жалпы өкілін сипаттайды. Демек, қазына жинау құралы қызметін тек қана толық бағалы немесе нағыз ақшалар орындауы мүмкін. Қазыналарды қорландыру – алтын монеталар мен алтын құймаларын жинақтау түрінде жүзеге асады.
Металл ақшалар айналысы тұсында қазына жинау тек қана ақша айналысын реттеуші ролін атқарған болатын. Өндірістің және тауар айналысының кеңеюі барысында металл ақшалар қазынадан айналысқа шығып отырды немесе керісінше.
Қазіргі жағдайда қазына жинау қызметі айналыстағы ақша массасын реттегіш ролін атқармайды. Қазына тек қана мемлекеттің сақтандыру қоры ретінде болады. Алтын резервтері мемлекетке экономикалық тәуелдіктің болуына кепілдеме береді. 1998 ж. 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісіндегі монетарлық алтынның қалдығы 4178,1 млн теңгені құрады.
Несиелік
және қағаз ақшалар қазына жинау
құралы қызметін атқара алмайды, себебі
олардың меншікті құны жоқ. Бірақ
та осы қызмет негізінде олар қорлану
қызметін жүзеге асырады. Ақша айналыс
саласынан уақытша шығып
Тауар өндіріс жағдайында қорлану екі формада жүреді:
Несиелік механизмнің
ақшалары банктен берілетін қарыздар түрінде қайтадан айналыс процесіне түседі. Сөйтіп, ақшалар бұл қызметінде ұлттық табыстың қалыптасуы, бөлу жіне қайта бөлу процесінде дәнекер болады.
Тауар шаруашылығының
кеңеюі шаруашылық байланыстардың
интернационалдануының
Егер де елдің ішінде ақша ұлттық ақша бірліктері формасында қызмет етіп жүрер болса, ал одан тысқары жерде К. Маркстің айтуынша: «ақшалар өзінің ұлттық киімдерін шешіп, бастапқы қымбат бағалы металл формасын киеді», яғни жалпыға бірдей эквивалент формасына өтеді.
Бірақ алтын айналысы тұсында да ағымдық халықаралық есеп айырысуларға алдыңғы елдердің ұлттық валюталары қызмет етеді. 1913 жылы халықаралық есеп айырысулардың 80% -зы ағылшын фунт стерлингінде бейнеленген аударым вексельдер көмегімен жүзеге асырылады, ал алтын халықаралық халықаралық есеп айырысулардыңқалдығын жабуға ғана қызмет етеді.
Бреттон – Вудстағы мемлекетаралық келісімге келу, доллар мен фунт стерлингке резервтік валюталар мәртебесін берді. Кейіннен дүниежүзілік ақшалардың жаңа формалары: СДР – арнайы қарыз алу құқығы; ЭКЮ – еуропалық есепке алу бірлігі пайда болды. Ал 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуропаға ынтымақтастық елдердің ортақ ақша бірлігі «еуро» айналысқа шықты.
Демек, дүниежүзілік ақшалардың дамуы ұлттық ақшалардың металл ақшадан несиелік ақшаға өту жолын кеш те болса қайталауда. Қазіргі уақытта дүниежүзілік несиелік ақшалардың жобалары жасалуда, бірақ одан нәтиже жоқ.
Енгізілген шартты есептесу бірліктерінің өзіндік меншікті құндары жоқ, сондықтанда олар толыққанды түрде дүниежүзілік ақшаның қызметтерін атқара алмайды. Бұл қызметті тек қана алтын нарығындағы операциялар арқылы алтын атқарады.
Ақша айналысының обьективті негізі – тауар өндірісі мен тауар айналысы болып табылады. Құн формасының өзгеріп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшін қолданылуы, ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкіндік жасайды.
Бүкіл ақша айналысы: қолма – қол және қолма – қолсыз ақшалар болып бөлінеді. Сондай – ақ:
Қорытынды.
Алтын жалпыға бірдей экивалент ролін орындау үшін ең бір лайық тауар болып табылады. Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Таурлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама – қарсы жақтары бола отырып, айрбас процесінде бір – бірін табады және өзара бір – біріне ауысады.
Сөйтіп, ақшалар ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді десе де болады. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.
Тауар айналысының тарихи дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдар және т.б. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.
Экономикалық
категория ретінде ақшалар
Ақшаның
өзінде, сондай – ақ олардың
қызметтерінде жылдар бойы
Қолданылған әдебиеттер:
1. Ақша, несие, банктер
( Ғ. С. Сейітқасымов ) Алматы «Экономика» 2001жыл
2.Международные стандарты финансовой отчетности
( Виктор Тарусин ) Москва «Аскери» 2004 год