Ақша қызметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 14:57, реферат

Краткое описание

Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік – экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді. Ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қор және қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша. Құнның өлшем қызметітауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі – ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.

Содержание

Кіріспе
Ақша. Оның тарихы.
Негізгі бөлім
Ақша құн өлшемі ретінде
2. Ақша айналыс құралы
3. Ақша төлем құралы
4. Ақша – қорлану және жинау құралы ретінде
5. Дүниежүзілік ақша қызметі
Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЭКНКА.docx

— 28.86 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспары:

 

 

    1. Кіріспе
    1. Ақша. Оның тарихы.
    1. Негізгі бөлім

 

    1. Ақша құн өлшемі ретінде

2.  Ақша айналыс құралы

              3. Ақша төлем құралы

         4.  Ақша – қорлану және жинау құралы ретінде

         5.  Дүниежүзілік ақша қызметі

 

    1. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Кіріспе

Ақша — жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ал барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қаматамасыз етеді. Ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде пайда болды. Алғашқы кезде бір еңбек өнімі екінші еңбек өніміне тікелей айырбасталды. Кейінірек айырбас сауда дамуының барысында құнның жай формасының орнына құнның толық және жайылыңқы формасы келді. Одан әрі өндіріс пен айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып, басқа тауарлар осы тауарға айырбасталды. Сөйтіп, құнның толық және жайылыңқы формасы құнның жалпылық формасына орын берді. Құнның ең жоғарғы ақша формасындағы жалпыға бірдей балама рөлі бір тауардың еншісіне тиді, яғни ерекше тауар түрі – ақша пайда болды. Осы кезде әр түрлі тайпалар мен халықтар арасында ақша ретінде ішкі және сыртқы сауда-саттықтың басты заттары болып табылатын тауарлар бөлініп шықты. Ақша рөлін кейбір халықтарда (гректер, римдіктер, славяндар, моңғолдар, т.б.) мал, ертедегі Русьте, Скандинавияда – аң терісі, Қытайда – шай, Абиссинияда – тұз атқарды. Қазақстанда ішкі сауда-саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық қой пайдаланылды. Бертін келе тауар өндірісі мен тауар айырбасының дамуы және халықтар арасындағы қарым-қатынастың ұлғаюы нәтижесінде ақша рөлі түрлі металдарға ауыса бастады. Өйткені, металл (әсіресе алтын, күміс) өзінің табиғи қасиетінің арқасында ақша рөлін атқаруға өте қолайлы болды. Алтын мен күмістің жалпыға бірдей балама рөлін атқаруына байланысты құнның жалпылық формасы ақша формасымен айырбасталды. Ол кез келген тауарға айырбасталды.

Біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырдағы  хуннулар ақша орнына күміс пышақты  пайдаланып келсе, біздің заманымыздың 1 ғасырында салық есебіне алтын, күміс құймаларды алып тұрған. Ақ ғұндар бір бетіне пехлеви, екінші бетіне эфталит (түркі-руни) жазуы бар теңгелер (біздің заманымыздың 5 – 6 ғасырлары) жасап, сауда  айналымына кіргізген. Қазақ елі (қазақ  халқын құраған негізгі тайпалар) баба түркілер Ұлы Жібек жолына орналасқандықтан ақша жасау, оны айналымға еңгізуді өмір қажеттілігі деп тым ерте қолға алған. 6 – 8 ғасырларда билеуші  рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құя бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері, 6 – 8 ғасырлардың 1-жартысына дейінгі аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде Ашиде әулетінің рәмізі болған арыстан бейнеленген. Мұндай теңгелерді Суяб, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда құйған. Сонымен қатар Отырар маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалған.

Біздің заманымыздың 704 – 766 жылдары  Таразда құйылып, айналымға енген  теңгелердің бетінде «Түргеш  қаған теңгесі» немесе «Түркінің  көк ханының теңгесі» деген анықтама жазулар бар. Бұл – тайпалық дәрежедегі теңге емес, бүкіл мемлекет дәулетін, мүлкін, ел ырысын куәландыратын кепілдеме. Осы сияқты 6 – 8 ғасырлар аралығына  жататын мыс, қола, күміс теңгелер Суяб, Ақбешім қалаларында да шығарылып  тұрған. Испиджаб қаласында арнайы теңге сарайы болған.

Бұдан кейінгі кезеңде Қарахан  әулеті билік құрған тұста Қазақстан  және Орта Азияда сауданың күшті дамуына  байланысты ақша шығару, ақша айналымы да кең етек алды. Әсіресе, мыс, күміс  ақшалар көптеп шығарылды. Соның  ішінде Тараз, Испиджаб теңгелері ел экономикасында; ал 12 ғасырдың 2-жартысы  – 13 ғасырдың басында Отырарда шыққан Мухаммед ибн Текештің теңгелері  Қазақстан жеріндегі сауда-саттықта ерекше міндет атқарды. Ол дәуірдегі  мыс, күміс, алтын ақшалар өзінің салмағы бойынша алтынмен бағаланып, сауда айналымына енді.

Монғол жаугершілігінің алғашқы  кезінде (1220 – 50) Қазақ жерінде жалпы  сауда қатынасы құлдырап кетті. Соның  салдарынан ақша қатынасы да тоқтады. Ақыры монғол билеушілерінің бас  пайдасы үшін, халықтан купчур салық  жинап, хан қазынасын толтыру  үшін 1251 жылғы Құрылтай шешімімен  алтын динарлар шығарыла бастады. Бұл  теңгелердің құрамында алтын 50 – 60% ғана болды. Алтын мөлшерінің көп  болмауы оның құнын сол кездегі  нақты сауда тауарының құнымен  жақындастыру еді. Салмағы мол алтын  ақшалармен қымбат тауарларды мол мөлшерде сатып алса, салмағы аз, майда  алтын ақшалармен ұсақ тауарларды сатып  алатын етіп ақшаны айналымға түсіріп  тұрған. Ұсақ саудаға арналған сыртына  күміс жалатқан мыс теңгелердің  салмағы 6 – 8 г болды. Бетінде «Мөнгү хани» (хан теңгесі) деген жазуы  болды. Бұл ақша 13 жыл бойы үзбей  шығарылды. Қазақстанның оңтүстік және батыс аудандарына осы Отырар ақшасы мол тарады. Сол заманда  Отырар ақшасымен деңгейлес Ақмалықта шығарылған теңгелер де ғалымдардың назарын аударып отыр.

1271 ж. Масудбек  реформасы ақша айналымында жаңа кезең ашты. Бұл реформа бойынша алтынды ақша орнына қолдану мүлдем тоқтатылып, салмағы 2 г, тазалығы 78 – 81% күміс ақшалар айналымға кіргізілді. Бұл күміс ақшаларды Қазақстанның Тараз, Кенже қалаларында шыңдау әдісімен әзірлеп, 1271 жылдан 14 ғасырдың басқы кезеңіне дейін айналымда болды.

1321 ж. жүргізген Кебек хан реформасының да үлкен маңызы болды. Ол бүкіл мемлекет атынан «Кебек хан теңгесін» айналымға енгізді. Ақшаның салмағы 8 г. Күмістен шыңдап жасаған. «Кебек хан теңгесі» Қазақстанның Испиджаб, Тараз, Отырар, Сығанақ қалаларында әзірленді.

Өзбек хан, Жәнібек хан, Бердібек, Наурызбек, Қызыр хандардың атынан шығарылған Алтын Орда теңгелері Жетісу –  Түркістаннан Еділ жағалауына дейін  кең тарады.

Бұдан кейін 1428 ж. енгізген Ұлықбектің ақша реформасы Орта Азия және Қазақстан  жеріндегі халықтар арасында кеңінен  белгілі болды.

16 ғасырда Отырардың мыс теңгелері,  Ясының (Түркістанның) күміс теңгелері  Оңтүстік Қазақстан жерінде сауда  айналымында өз міндетін атқарып  келді. 16 ғасырдың соңы – 17 ғасырдың басында Қазақ хандарының атымен өндірілген мыс ақшалар болды. Бұл ақшалардың дизайндық шеберлігі жоғары дәрежеде болмағанымен Қазақ хандығында сауда ісін бір жолға қоюда, халықтың басын біріктіруде үлкен міндет атқарды. Еліміз егемендік алғаннан кейін 1993 ж. Қазақстан Республикасының жаңа ақшасы шығарылды.

Ақша әр алуан қызмет атқарады: тауарлар мен әр түрлі қызметтердің құнын көрсетеді, айналым құралы, төлем құралы ретінде пайдаланылады, сол сияқты қор жинау және сақтау құралының рөлін атқарады. Ақша өнімді шығаруға кеткен шығынды өлшеуге, еңбекті сан және сапа жағынан бақылауға мүмкіндік береді.

Ақша белгісіне алтын, күміс  ақшалар орнына айналымда пайдаланылатын, бірақ құны жоқ банкноттар, қағаз  ақшалар, құны толықпаған металл теңгелер, т.б. жатады. Ақша – қағаз ақша және құнды қағаз түрінде шығарылады. Ақша шығару ісін орталық банктер жүргізеді. Әр елде ақша шығару жүйесі сол елдің заңына сәйкес қалыптасады, ол банкнот шығару тәртібін, эмиссия мөлшерін, оны қамтамасыз етудің нормасы мен әдістерін анықтайды. Қазақстанда ақша шығару, олардың айналымын ұйымдастыру және оны айналымнан шығару ісін тек Қазақстан Ұлттық банкі жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық банкі банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалып шығарылуын қамтамасыз етеді, қолдағы ақша қаражатын сақтау, инкассациялау тәртібін белгілейді. Ұлттық банктің ақша шығаратын банкнот фабрикасы бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім.

Ақшаның әрбір  қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі  әлеуметтік – экономикалық маңызының  белгілі бір жағын мінездейді. Ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қор және қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша.

Құнның  өлшем қызметітауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар  тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне  қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды  құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл  қызметті толық құнды ақшалар  атқарады. Ақша еңбек өлшемі – ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.

Ақша  құн өлшемі қызметін идеалды, оймен  ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына  айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.

Тауар бағасын  өлшеу үшін қолма – қол ақшаның  болуы қажет емес, себебі еңбек  өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге  болады, өйткеніолар адам еңбегінің  өнімі. Ақша түрінде көрінетін тауардың құны, оның бағасы болып табылады. Толық  құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды, тауардың құны өздерімен  анықталуы мүмкін емес. Бағаның орнына ақшалар, кез – келген тауарлар санын  сатып алу мүмкіндігі бар. Сатып  алу қасиетімен ерекшеленеді. Құн  өлшеу қызметі жалпы эквивалент ретіндегі ақшаның тауарға деген  қатынасын көрсетеді. Бірақ тауардың бағасын анықтау үшін баға масштабы қажет. Металл ақша айналысында мемлекет заңды түрде баға масштабын тұрақты  етіп ұстайды. Металдың салмақтық санын  ақша бірлігіне бекітеді. Алғаш рет  монеталар соғыла бастағанда баға масштабы олардың салмақтық құрамына сай  келеді. Мысалы, фунт, стерлинг алғашында  күмістің фунты есебінде пайда болды. Тарихи даму барысында баға масштабы ақшаның салмақтық мазмұнынан ерекшелене түсті.

Құн өлшемі және баға масштабы ретіндегі ақша қызметтірінің арасында едәур айрмашылық бар. Құн өлшемі – мемлекетке тәуелді  емес ақшаның экономикалық қызметі  болып табылады. Баға масштабы заңды  сиатқа ие бола отырып, мемлекет билігіне тәуелді және құнды емес тауар  бағасын көрсету үшін қызмет етеді.

Алғашында баға масштабы АҚШ қазынашылығымен  алтынның тройск унциясына (31,1 г) 35 доллар есебінде анықталып бекітілді. Ол 1971 және 1973 жылдардағы доллардың девальвациялануына дейін сақталды және 1980 жылдың қаңтарында 850 долларға дейін жетті. Арнайы баға масштабы  алтын құны мен оның мемлекеттік тұрақты бағасының  арасы алшақ болып кетуіне  байланысты өзінің экономикалық мағынасын  жоғалтты. Ямайка валюта реформасының (1976 – 1978 ж.ж.) нәтижесінде арнайы алтын  бағасы және алтын паритеті жойылды. Құн өлшеу қызметі нарықтық баға масштабы негізінде орындалады.

Қазіргі уақытта алтын тауарға тікелей  айырбасталмайды және бағалары алтынмен көрсетілмейді. Алтынды айналыстан қазынаға қарай ығыстырып тастау жағдайында ақшалай тауар тікелей  массасына емес, алтын нарығындағы  несие ақшалармен операциялар жүргізуге  қарсы тұрады. Осыдан алтын қағаз  және несие ақшалардың құнын өлшеу  ретінде көрінеді. Несие ақшалар  тауардың құнын өлшемейді, өлшенген құнды көрсетеді, өйткені өзінің құны жоқ.

Сонымен алтын белгілерінің, яғни толық құнды  емес және қағаз ақшалардың пайда  болуы, ақша формаларының олардың алтындық мазмұнынан ажырауына алып келді.

Ақша  айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады. Тауарлар бір қолдан екінші қолға  ауыса отырып, өзінің тұтынушысын  тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.

Тауар айналысы кезінде, ақша делдал ролін атқарады, ал бұл кездегі сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен  кеңістігі бойынша сай келмейді. Сатушы, тауарын сатқаннан кейін  басқа тауарды сатып алуға  әр уақытта асықпайды. Ол тауарды  бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкін.Делдал ретіндегі  ақшаның көмегімен уақыт пен  кеңістіктегі өзара сай келмеушілік  жойылды жойылды.

Өзінің  құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға қарағанда, ақшалар  айналыс құралы ретінде барлық уақытта  осыдан қалып отырады және сату –  сатып алу процесіне қызмет етеді.

Шет елдерде  мұндай шектеулер жоқ. Онда фирмалар мен корпорациялардың және т.б. қолма  – қол ақшамен есептесуіне  тыйым салынбаған.

Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің  ерекшеліктері мыналар:

  • тауар мен ақшаның қарама – қарсы қозғалыс;
  • оны идеалды ақшалар емес, нақты ақшалар орындайды;
  • ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес, оны ауыстырушылар – ақша белгілеріорындайды.

      Бірақ, бұл, несие және қағаз  ақшалар ақшалы тауармен байланысты  емес деген сөз емес. Бұл байланыс  несие ақшалардың алтын нарығында  жасырын айналыс болуыменен түсіндірілген.

Ақша  айналыс құралы қызметін атқаратын  болғандықтан, айналыс қажеттілігі  олардың саны өткізілуі тиіс тауарлардың  бағасы мен массасы негізінде, яғни өтікізілуі тиіс тауарлар бағасының  сомасымен анықталады. Қанша дегенмен бір ақша бірлігі бір – несие  тауар мәмілеріне қызмет ететін болғандықтан, ақшаайналысы көп болса, айналыс  үшін олардың қажетті саны сонша  аз болады.

Егер  ақшаның айналыстағы массасы  тауар массасынан көп болса, онда бұл олардың құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келеді.

Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ  ақша қозғалысы міндетті түрде тауар  қозғалысымен бір уақытта тоғысуы  тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін  аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар  қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі  мүмкін. Егер тауар мен ақшаның  қарама – қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше  болса, онда бұл жағдайда ақшалар  төлем құралы қызметін атқарады.

Информация о работе Ақша қызметтері