АҚШ экономикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 16:41, реферат

Краткое описание

АҚШ экономикасы әлемнің ең ірі экономикасы. Әрбір экономикалық жүйеде кәсіпкерлер мен менеджерлер қызмет пен тауарды өндіріп, тарату үшін табиғи ресурстар, жұмыс күші мен технологияны біріктіреді. Осы элементтерді ұйымдастыру мен қолдану тәсілдері ұлттық мәдениет пен саяси мұраттарды көрсетеді. Құрама Штаттары көбіне «капиталистік шаруашылық» деген терминмен сипатталады. Бұл терминді 19-шы ғасырда неміс экономисі әрі әлеуметтік теоретигі Карл Маркс қолында капиталы бар адамдардың шағын тобының аса маңызды экономикалық шешімдерді қабылдау жүйесін сипаттау үшін енгізген.

Прикрепленные файлы: 1 файл

АҚШ экономикасы.docx

— 30.42 Кб (Скачать документ)

Алайда, қоғамдық қызмет көрсетуді  жекешелендіру даулы сұрақ болып  қала береді. Оны жақтаушылар жекешелендіру  шығындарының қысқаруы мен тиімділігінің  жоғарылауына ықпалын тигізеді десе; қарсыластары - керісінше пікірді  қуаттады және кәсіпкердің пайда  алатындығын және ол әрекеттің міндетті түрде тиімді бола қоймайтындығын уағыздаған. Әрине қоғамдық қызмет көрсетушілерінің кәсіподағы жекешелендірудің көптеген шығындарына күрт қарсы шығады. Олар мұндай жағдайда жеке мердігершілер өздерінің бәсекелестік сұранымына қарай қаржы көлемін азайтыл, қажетті келісімге қол жеткізіл, содан соң, бағасын елеулі жоғарылатады деген пікірді қозғайды. Жекешелендіру жақтаушылары бұл процестің бәсекелестікті нығайта алатындығын және соған байланысты өте нәтижелі бола алатындығын атап өтеді. Кей жағдайда жекешелендіру қаупі жергілікті мемлекеттік қызметкерлерді ниеттендіріп, нәтижелі жұмыс істеуге мәжбүр етеді.

Мемлекеттік басқару, мемлекеттік  шығындар және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін реформалау жөніндегі  пікірталастың көрсетуінше АҚШ-тың  тәуелсіздік алғанына 200 жылдан астам  уақыт өтсе де ұлттық экономикадағы  мемлекеттің рөлі өткір талас  тақырыбы болып қала бермек.


Информация о работе АҚШ экономикасы