АҚШ экономикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 16:41, реферат

Краткое описание

АҚШ экономикасы әлемнің ең ірі экономикасы. Әрбір экономикалық жүйеде кәсіпкерлер мен менеджерлер қызмет пен тауарды өндіріп, тарату үшін табиғи ресурстар, жұмыс күші мен технологияны біріктіреді. Осы элементтерді ұйымдастыру мен қолдану тәсілдері ұлттық мәдениет пен саяси мұраттарды көрсетеді. Құрама Штаттары көбіне «капиталистік шаруашылық» деген терминмен сипатталады. Бұл терминді 19-шы ғасырда неміс экономисі әрі әлеуметтік теоретигі Карл Маркс қолында капиталы бар адамдардың шағын тобының аса маңызды экономикалық шешімдерді қабылдау жүйесін сипаттау үшін енгізген.

Прикрепленные файлы: 1 файл

АҚШ экономикасы.docx

— 30.42 Кб (Скачать документ)

АҚШ экономикасы әлемнің ең ірі экономикасы. Әрбір экономикалық жүйеде кәсіпкерлер мен менеджерлер қызмет пен тауарды өндіріп, тарату үшін табиғи ресурстар, жұмыс күші мен технологияны біріктіреді. Осы элементтерді ұйымдастыру мен қолдану тәсілдері ұлттық мәдениет пен саяси мұраттарды көрсетеді. Құрама Штаттары көбіне «капиталистік шаруашылық» деген терминмен сипатталады. Бұл терминді 19-шы ғасырда неміс экономисі әрі әлеуметтік теоретигі Карл Маркс қолында капиталы бар адамдардың шағын тобының аса маңызды экономикалық шешімдерді қабылдау жүйесін сипаттау үшін енгізген. Маркс капиталистік экономикаға саяси жүйеде билігі көп социалистік экономиканы қарама-қарсы қойды. Маркс пен оның шәкірттері капиталистік жүйеде өз байлығын арттыруды мақсат еткен қуатты бизнесмендердің қолында билік шоғырланған дей отырып, социалистік шаруашылықта үкіметтің негізгі мақсаты - қоғамдық ресурстардың бірдей таралуы болып табылады дегенге сенді. Бұл категориялар тым қарапайымдылығына қарамастан олар үшін шындық элементтерін сақтап отыр, ал бүгінгі таңда олардың маңыздылығы тым әлсіз. Маркс сипаттаған таза капитализм болса да, ол жоғалғаннан кейін АҚШ және басқа мемлекеттердің үкіметі биліктің шоғырлануына шектеу қойып, әрі заңсыз коммерциялық әрекеттерге байланысты әлеуметтік мәселелерді шешу үшін экономикаға араласа бастады. Мүмкін осыдан кейін Америка экономикасын үкімет пен жеке кәсіпкерліктің маңыздылығы қатар тұратын «аралас» экономика деп атау жөн болар. Американдықтар еркін кәсіпкерлікке деген сенімдері мен үкіметтік басқару арасында шекараны өткізу жөнінде пікірлері бір келкі болмаса да, олар ойлап тапқан аралас экономикасы өте табысты болып шықты.

      Елдің экономикалық жүйесінің басты құрастырушың - табиғат ресурстары болып табылады. Құрама Штаттары құнарлы ауыл шаруашылық жерлерге және минералды ресустарға бай, әрі климаты қолайлы. Сонымен қатар ол Атлант және Тынық мұхиттарымен шектеседі. Ал құрылықтық ортасынан ағатын өзендер мен Канада және АҚШ арасындағы шекараны бойлай жатқан Ұлы Көлдер кемелердің келуін қамтамасыз етеді. Осы кең ауқымды су жолдары ұзақ жылдар бойына ел экономикасының есімін қамтамасыз етіп, Американың 50 штатын тұтас экономикалық қауымдастыққа біріктірді.

Табиғат ресурстарын тауарға айналдыратын жұмыс күші экономиканың екінші құраушы бөлігі. Қолда бар жұмысшылар саны, ең бастысы олардың өркендеуі, экономика сергектігін анықтауға мүмкіндік береді. Құрама Штаттар тарихында жұмыс күшінің тоқтаусыз өсуі экономиканың тұрақты күшеюін қамтамасыз етті. Бірінші Дүниежүзілік соғысқа дейін жұмысшылардың басым копшілігін Еуропадан көшіп келушілер, олардың тікелей үрпақтары, немесе ата-бабалары, Америкаға құл ретінде көшірілген африкандық американдақтар құрады. 20-шы ғасырдың алғашқы жылдарында АҚШ-қа азиалықтар көп мөлшерде келді, ал Латын Америкасынан қоныс аударушылар кейінірек көшіп келді.

Сондай-ақ Құрама Штаттары жұмыссыздық шарықтап, енді бірде жұмыс күші жетіспеген кезеңдерді де өткерді. Қоныс аударушылар жұмыс күшіне сұраныс мол жерлерге жетуге тырысты, жергілікті жұмысшыларға қарағанда аз жалақыға жұмыс істесе де, олар Отандарына қарағанда көбірек ақша тауып, табысқа жетті. Нәтижесінде, ел экономикасы жылдам дамыды.

Жұмыс күшінің сапасы - адамдардың қаншалықты еңбек еткісі келетіні мен олардың кәсіпкерлігі - экономиканың табысты болуы үшін маңызды. Шекаралық өмір көп жұмыс істеуді талап етті, әрі протестантизмнің жұмыс істеу этикасы мұны қолдады. Өзгертуге және тәжірибе алуға деген ықылас пен техникалық және кәсіптік білім беруге көңіл бөлу - Америка экономикасының табыстылығына қосылған үлес болды. Жұмыс күшінің елгезектілігі де Америка экономикасының өзгермелі жағдайға бейімделуіне үлесін қосты. Қоныс аударушылар Шығыс жағалауын асыра толтырған кезеңде, жұмысшылар аралдан өңдеуді күтіп тұрған фермаларға кешті. 20-шы ғасырдың бірінші жартысында солтүстіктің индустриалды қалаларының экономикалық мүмкіндіктері оңтүстік фермалардағы қара-түсті американдықтарды қызықтырды.

Жұмыс күшінің сапасы әлі де маңызды мәселе болып қалуда. Бүгінде американдықтар «адам капиталын» көптеген жаңа жоғары-технологиялық өнеркәсіп салалары табысының кілті ретінде қарастырады. Нәтижесінде үкімет басшылары мен бизнесмендер компьютер мен телекоммуникаңия сияқты өнеркәсіптің жаңа салаларында бейімделе алатын, жылдам ойлайтын адамдарды дайындауда кәсіптік білім берудің маңыздылығын атап көрсетуде. Бірақ,табиғи ресурстар мен жұмыс күші экономикалық жүйенің бөлігін ғана құрайды. Бұл ресурстарды тиімді ұйымдастыра білу керек. Америка экономикасында бұл міндетті менеджерлер орындайды. Америкада басқарудың дәстүрлі құрылымы иерархияға негізделген: билік атқарушы директор- дан бастап директорлар кеңесіне, одан кәсіпорынның түрлі бөлімдерінің үйлесімділігін қамтамасыз ететін басқару деңгейлері арқылы цехта жұмыс атқаратын шеберге дейін барады. Көптеген мәселелерді шешу түрлі бөлімшелер мен жұмысшыларға жүктелген. 20-шы ғасырдың басында Америкадағы бөлініс жайында жүйелі анализге негізделген «ғылыми басқару» деген түсінік қалыптасқан еді.

  Корпорацияның тауар өндіріп, қызмет көрсетуі үшін қаржы қоры болуы керек. Олар банктерге, жеке адамдарға, зейнетақы қорларына және тағы да басқа инвесторларға акция (иелік үлес, активтер) немесе облигация (ұзақ мерзімді ақшалай қарыз) сату арқылы керекті капиталын арттырады. Көптеген қаржы институттары, әсіресе банктер, корпорациялар мен коммерциялық кәсіпорындардан тікелей қарыз алады. Федералдық үкімет пен штаттар үкіметі осы қаржы жүйесінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін, әрі инвесторлардың қажетті мәлімет алуға қол жетерлік жағдай жасайтын арнайы ережелер мен тәртіптер дайындайды.

Ішкі жалпы өнім аталған жыл мерзімінде өндірілген өнім мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін анықтайды. Құрама Штаттардың ішкі жалпы өнімі 1983 жылдағы 3.4 триллионнан 1998 жылда 8.5 триллионға дейін өсті. Бірақ, бұл сандар экономика саулығының өлшемі болса да, ол ұлттық тұрмыстың бар жағын қамтымайды. Ішкі жалпы өнім товар мен қызметтің нарықтық бағасын көрсеткенімен, мемлекеттегі өмір сапасын көрсетпейді. Сөйтіп, кейбір ауыспалылар - жеке бастық бақыты мен қауіпсіздігі, қоршаған орта тазалығы, жақсы денсаулық - осының шетінен шығып кетеді.

 1787 жылы қабылданған және осы күнге дейін күші бар АҚШ конституңиясы шығармашылық данышпандықтың жұмысы еді. Конституция экономикалық хартия ретінде, сол кездегі Мэннен Джорджияға, Атлант мұхитынан Миссисипи ал- қаптарына дейінгі созылған тұтас ұлтты біріктірілген немесе «біріккен нарық» екендігін бекітті. Штаттар арасындағы сауда- саттық кезінде ешқандай тарифтер немесе салықтар болмауы керек еді. Конституция федералдық үкіметтің шетел мемлекеттері мен штаттар арасындағы сауда-саттықты реттеуге, банкроттықтың жалпы заңдарын, ақша және оның мазмұнын реттеуге, салмақ пен өлшем стандарттарын, пошта мен жол жасау және патенттер мен интеллектуалды меншікті басқару ережелерін бекітулі қамтамасыз етті. «Инттелектуалды меншікті» маңыздылығын мойындау 20-шы ғасырдың соңында сауда-саттық келісімдерде үлкен роль атқарды. Ел негізін қалаушы әкелердің бірі және қазыналықтың бірінші хатшысы Александр Гамильтон федералдық үкіметтің импортты ақтаушы тарифтерін бекітіл, ашық жәрдем ақша беріп, өндірістің жас салаларын өсіретін экономикалық даму стратегиясын жақтады. Ол федералдық үкіметті ұлттық банк ашуға және революциялық соғыс нәтижесінде колониялардан жиналған қоғамдық ақшаларды қабылдауға шақырды. Жаңа үкімет Гамильтонның кейбір ұсыныстарын енжар қарады; алайда ол тарифтерді американың сыртқы саясатының маңызды бөлігіне айналдырды - бұл ұстаным 20-шы ғасырдың ортасына дейін өз қуатын сақтады.

Бірінші америкалық фермерлер  ұлттық банк кедейлердің есебінен байларға қызмет етеді деп қорыққанмен  де, бірінші Құрама Штаттарының Ұлттық Банкі 1791 жылы өзінің қызметін бастауға рұқсат алды; банк 1811 жылы ісін тоқтатыл ісін мирасқор банк жалғастырды. Құрама Штаттар әртүрлі теңіздік-тасымалдаушы, өндіріс және банктық жүйе арқылы экономикалық дамуға талпынудың қажеттілігіне  Гамильтон кәміл сенді. Гамильтонның саяси бәсекелес Томас Джефферсон өзінің философиясын қоғамдық тұлғаны  саяси және экономикалық тираниядан қорғауға негіздеді. Ол кіші фермерлерді  «ең қымбатты азаматтар» деп мақталы. 1801 жылы Джефферсон президент болып (1801-1809), орталыққа бағынбайтын аграрлық демократияны қолдады.

Сонымен қатар үкімет бизнес пен қатар жекелей азаматтарға  әртүрлі көмек көрсетеді. Ол студенттерге оқу үшін несие, кіші бизнес кәсіпорындарына  техникалық көмек пен төмен пайызды  несие бөледі. Үкімет демейтін кәсіпорындар кредиторлардан ипотекалық бекітпелерді сатып алып, оларды құнды қағазға  айналдырады, оны инвесторлардың сатып  алуға немесе сатып жіберуге мүмкіндігі бар, бүл шаралар үйлерді жалға  беруді күшейтеді. Үкімет импортты шектейтін  шет елдердің саудалық барьерлерін  болдырмау үшін экспортта белсенді түрде алға жылжытады.

Үкімет өздерін қамтамасыз ете алмайтын жеке адамдарды қолдайды. Жұмыс берушілер мен жүмысшылар салығымен қаржыландыратын әлеуметтік қамсыздандыру американдықтардың  зейнетақы кірістің көп бөлігін  құрайды. «Медикэр» бағдарламасы қарттарға  көрсетілетін медициналық қызмет қүнының  көп бөлігін мойнына алады. «Медикэйд» бағдарламасы табысы төмен отбасыларына медициналық көмек көрсетуді  қаржыландырады. Көптеген штаттарда  үкімет жан-дүниесі ауыратын немесе ауыр сырқаттарға ұшыраған адамдарға  арнаулы мекемелер ашқан. Федералдық үкімет кедей отбасыларына азық-түлікпен жәрдем береді және де федералдық және штат үкіметтері бірге отырып, табысы төмен бала-шағалы ата-аналарды қолдау үшін әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз етеді.

Бұл бағдарламалардың көпшілігі, Әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламасын  қоса алғанда, өз түбірін 1933-1945 жылдар аралығында АҚШ президенті қызметін атқарған Франклин Рузвельттің «Жаңа  Бағыт» бағдарламасынан тамырландырылады. Рузвельт реформаларындағы негізгі  түйін-кедейшілік адамгершілік азғындаудан емес, керісінше, әлеуметтік және экономикалық себептердің нәтижесі болып табылады деген сенім. Бұл көзқарас табысқа жету - Құдайдың рахымынан, жолдың болмауы - Құдайдың қахарынан деп түсінетін Көне Англияда қалыптасқан қоғамдық ұғымдарды теріске шығарды. Бұл америкалық әлеуметтік-экономикалық ақыл-ойдың маңызды өзгерісінің көрінісі еді. Дегенмен, әлеуметтік қамтамасыз ету төңірегіндегі мәселелерге қатысты пікірталастарда ескі көзқарастардың жаңғырығы бүгін де байқалып қалады.

Медикэр мен Медикейдті қоса алғанда жеке адамдарға және отбасыларға  көмек көрсетуге арналған көптеген бағдарламалар Линдон Джонсон президент  болып тұрған (1963-1969) кезеңде 1960-шы жылдары  «Кедейшілікпен күрестен» бастау алған  болатын. Бүл бағдарламалардың кейбіреулері 1990-шы жылдары қаржылық қиыншылықтарға тап болғанына және әртүрлі реформаларға ұшырағанына қарамастан Құрама Штаттардағы  екі саяси партия тарапынан да күшті қолдау тауып отырды. Әрине  жұмыссыздарды әлеуметтік түрғыдан қамтамасыз ету мәселені шешпейді, олардың кіріптарлығын арттыра  түседі деген сыншылар да болды. Билл Клинтонның президенттік қызметі (1993-2001) кезінде 1996-шы жылы қабылданған әлеуметтік жүйені реформалауға қатысты заңдарға сәйкес адамдардың төлемдер алу мерзіміне  шек қойылды.

Президент Франклин Рузвельт экімшілігінен бастап АҚШ мемлекеттік  аппаратының көлемі елеулі өсті. Жұмыссыздық  пен Улы Депрессия кезеңінің  қайғы-қасіретін жоқ қылу мақсатындағы «Жаңа Бағыт» деп аталған Рузвельттің  саясатында көптеген әлеуметтік бағдарламалар  жасап, бар бағдарламаларды кеңейтті. Мемлекттік басқару көлемінің өсуіне АҚШ-тың Екінші Дүниежүзілік соғыс  кезінде және одан кейін көптеген ірі әскери мемлекеттердің бірі болуы  да ықпалын тигізді. Соғыстан кейінгі  кезеңде қалалар мен қала маңындағы  аймақтардың өсуіне байланысты мемлекттік қызмет көрсету де кеңейтілді. Білімге  қажеттіліктің өсуіне байланысты мемлекет мектептер мен колледждерге белгілі  бір мөлшерде қаржы бөле бастады. 1960-шы жылдардағы жалпы ұлттық ғылыми-техникалық прогреске ұмтылу - көптеген мемлекттік мекемелердің пайда болуына, және әртүрлі  аймақтағы, оның ішінде космосты игеруден бастап, денсаулық сақтауға дейінгі  мемлекеттік инвестициялардың өсуіне әкелді. 20-шы ғасырдың аяғында мүлдем болмаған, зейнетақылық және медициналық  қызмет көрсету бағдарламаларын  көптеген американдықтардың бой  ұруына байланысты федералдық шығындар одан да күшейе түсті.

Көптеген американдықтар мемлекеттік басқарудың федералдық аппараты шектен тыс өсті деп санады, алайда статистика бұл деректі жоққа  шығарды. Мемлекеттік секторда жұмыспен қамтамасыз ету өсті, бірақ жергілікті билік пен штат деңгейінде ғана. 1960-1990 жылдарда мемлекеттік қызметкерлер саны 6.4 миллионнан 15.2 миллионға дейін  өсті. Мемлекеттік басқару жүйесінің  федералдық деңгейінде жұмыс орын- дарының қысқаруы нәтижесінде 1998 жылы көрсетілген көрсеткіш 2.7 миллионға  дейін төмендеді, бірақ бұл қысқарулар штат пен жергілікті деңгейде жұмыспен қамтамасыз етудің өсуі арқылы өтелді. Осы жылдың ішінде жұмыспен қамтамасыз ету 16 миллионға жетті. (1968 жылы Америка  әскери қызметкерлерінің саны Въетнаммен соғыс кезінде құраған 3.6 миллионнан, 1998 жылы 1.4 миллионға дейін төмендеді).

1970-ші, 1980-ші, 1990-шы жылдары  мемлекеттік қызмет көрсету көлемін  кеңейту мақсатындағы салықтардың  өсуі, сонымен қатар американдықтардың  «көлемді мемлекеттік билікке»  деген жиіркеніші және мемлекеттік  қызметкерлер кәсіподақтарының  өсуі көптеген басқарушыларды  мемлекеттің қажетті қызмет көрсетушісінің  ең тиімдісі ме, жоқ па деген  ойға келуге мәжбүр етті. Мемлекеттік  билік функцияларын жеке секторға  тапсыру процесін анықтаушы ретінде  жаңа сөз пайда болды - жекешелендіру  - ол тез арада бүкіл әлемге  әйгілі болып кетті.

АҚШ-та жекешелендіру негізінен  муниципалды және аймақтық деңгейде өткізілді. Бұрын жергілікті қызмет атақаратын көшелерді жарықтандырудан  бастап, тұрмыстық қалдықтарды жоюға  дейін, немесе, деректерді өңдеу мен  абақтыны ұстау сияқты жұмыстарды жүргізуді  АҚШ-тың Нью-Йорк, Лос-Анжелес, Филадельфия, Даллас және Феникс секілді ірі қалалары әртүрлі жеке компаниялар мен  коммерциялық емес ұйымдарға үсына  бастады. Сонымен қатар, кейбір федералдық мекемелер өз әрекеттерін жеке өнеркәсіп  үлгісіне сай ұйымдастыруға үмтылды. АҚШ-тың пошталық қызметі салық  арқылы бюджеттен түсетін қаржыға  сенбей өзін-өзі қаржыландыру негізінде  жұмыс істейді.

Информация о работе АҚШ экономикасы