Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2012 в 17:17, реферат
Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін дамыту, саяси-әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөл атқарады. Ауыл шаруашылығы – бұл еліміздің экономикасын биікке асқақтататын маңызды салалардың бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығы дегенде еріксіз ойымызға кең байтақ жеріміз, төрт-түлік малымыз, егінді алқаптарымыз оралады. Осы табиғаттың берген сыйын жоғалтпау үшін ауыл шаруашылығының жағдайын жақсартатын бір әдіс-тәсілдер керек сияқты.
Кіріспе.
I. Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы.
1.1 Агроөнеркәсіп экономикасының ерекшеліктері.
1.2 Ауылшаруашылық өнімдерінің нарығы.
II Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық жағдайы.
2.1. Ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы динамикасы
2.2. Ауылшаруашылығын реттеудегі мемлекеттік саясат
2.3. Ауылшаруашылығын несиелеу жүйесі
2.4. Агроөнеркәсіп кешенін техникалық жарақтандыру
III ҚР-дағы ауыл шаруашылығын дамыту жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер.
Ауыл шаруашылығын және оған қызмет көрсету саласын дамыту проблемасын шешу үшін әлемдік тәжірибе мен Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісінің даму ерекшеліктерін назарға ала отырып, мемлекеттік реттеу және өзін-өзі реттеу, ынталандыру негізінде несие-қаржы механизмін құрған жөн. Республикалық бюджеттің ғана емес, экономиканың тұтастай балансына бағытталған қаржы тұжырымдамасын жасап, жүзеге асыратын да уақыт жетті. Ауыл шаруашылығы ел экономикасы жүйесінде қарастырылуы тиіс. Агроөнеркәсіп кешені экономиканың барлық саласы тоғысатын алып жүйе. Еліміз азаматтарының қауіпсіздігі де, жақсы тұрмыс кешуі де ауыл шаруашылығының дамуына байланысты. Сондықтан да «Ауыл шаруашылығын 2006-2016 жж. дамыту туралы» Заңды жасау да уақыттың талабына сай келіп тұрған секілді. Ол заң бір жағынан, рыноктың жетілмей жатқан тұсын, екінші жағынан, ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің жетілмей жатқан жағын өтеп, сонысымен ел экономикасындағы аграрлық секторды қаржыландыру және басқарудың тиімділігін қамтамасыз етер еді. Кейбір ресми тұлғалар экономиканың аграрлық секторы үшін, тіпті көктемгі-күзгі дала жұмыстарын несиелеу схемасына енбеген, несие серіктестіктері мен шағын несие беру ұйымдарын дамыту жеткілікті деп есептейді. Менім ше, бұл ауыл шаруашылығын кемсітетін жаңсақ пікір. Алдымен несие серіктестігі дегеніміздің банк мекемесі емес екендігін естен шығармау керек. Ал ауыл бүгінгі күні кешенді банк қызметіне зәру.
Банк
– бұл қаржы рыногы саласындағы бірінші
жетекші звено, басқа несие ұйымдары екінші
рөлде. Екінші орындағы ұйымдармен салыстырғанда
жетекшілік рөлді сақтап қалу үшін банктер
белгілі бір деңгейде экономикалық байланысқа
түсуі керек. Айналымға ақша шығару (несие),
экономикалық айналымды төлем қаражатымен
қамтамасыз ету алдымен банктердің құзырына
байланысты. Тағы бір баса назар аударатын
мәселе – банктік емес несие ұйымдарының
бәрі дерлік (несие серіктестіктері де
соның ішінде) банктің барлық заңдық және
жеке тұлға клиенттерімен бірдей тең дәрежеде
қабылданады, яғни ерекше қызмет көрсетілмейді.
Бұл дегеніңіз – несие серіктестіктері
жұмыстарының ақшамен жұмыс істеуде белгілі
бір шектеулілікке тап болатынының дәлелі.
Тоқ етерін айтқанда, серіктестіктер банктерге
тікелей тәуелді. Яғни банктер рыноктық
қаржы операцияларының толық жиынтығын
жүзеге асыра алатын жалғыз ұйым.
Жоғарыдағы қозғалған әңгіменің бәрі
де елімізге арнаулы мамандандырылған
ауыл шаруашылығы банкінің қажеттігін
тағы да бір рет дәлелдейді ғой деп ойлаймын.
Бүгінгі банк жүйесімен (жоғары табысты
салаға есептелген) ауылдың экономикалық
және әлеуметтік даму мәселелерін шешу
мүмкін емес. Мысалы, елімізде тұрғын үй
проблемасын шешу үшін Қазақстанның тұрғын
үй құрылыс жинақ банкі, Қазақстан ипотекалық
компаниясы және Ипотекалық займдарға
кепілдік беру қоры құрылды емес пе? Республика
тұрғындарының 43 пайызын ауылдықтар құраса,
олардың өмірін жақсарту ел үкіметі үшін
жауапты міндет. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігінің
жекелеген басшыларының «Аграрлық несие
корпорациясы» АҚ, «Азық-түлік келісімшарт
корпорациясы» АҚ және «Қазагроқаржы»
АҚ-тарды құру ауыл шаруашылығы өнімін
өндірушілердің қаржы сұранысының барлық
проблемаларын шешеді деп ойлауы қате
пікір. Өйткені, мұның бәрі республика
ауыл шаруашылығы үшін ақша ресурсын тарту
емес, тек бюджет ақшасын бөлумен айналысуда.
Сонымен, талдау жасай отырып көзіміз
жеткені, үкіметтің қаржы-несие саясаты,
алдымен мемлекеттік реттеу саясаты қайта
қарауды талап етеді.
Енді
Елбасының нұсқауы бойынша елімізде ауыл
шаруашылығында мемлекеттік активтерді
басқару жөніндегі “Агрохолдинг” компанияның
құрылғандығы жайлы айтып кетуді жөн көріп
отырмын. Осы құрылған Ұлттық компания
жұмысының тиімділігі алдымен мемлекеттегі
мемлекеттік ақша-несие саясаты құралдарына
тікелей байланысты болатыны белгілі.
Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өндірісінің
тиімділігін арттыруды ынталандыруға
бағытталған қаржыландыру және несиелеуге.
Өйтпеген күнде бұл құрылымдық қайта құру
Ауыл шаруашылығы министрлігі мен құрылатын
“Агрохолдинг” арасындағы өкілеттіліктер
мен жауапкершіліктерді қарапайым ғана
бөлісу болып шығады. Сондықтан менің
ойымша, мемлекеттік компанияны (Агрохолдинг)
құрумен қатар және оның жұмысының тиімділігін
арттыру үшін ауылға арналған барлық ақша
ағыны шоғырланатын Қазақстан Республикасының
ауыл шаруашылығы банкін құру мәселесін
де қарастырған жөн. Қазіргі ауыл шаруашылығын
несиелеудің басты кемшіліктері:
1. Қолданыстағы коммерциялық несиелеу
жүйесі жоғары айналымды капиталға қатысты
салалардағы табыстылыққа бағытталған.
Оның пайыздық ставкалары және талабы
ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге
несие ресурстары рыногына тең дәрежеде
қатысуға мүмкіндік бермейді.
2. Ауыл шаруашылығы үшін несие ресурстарын тарту проблемасы шешімін таппаған күйінде қалуда. Қазіргі кезде Ауыл шаруашылығы министрлігі төңірегінде құрылған барлық қаржы институттары қаржы ресурстарын тартумен емес, ауылды дамытуға бөлінген бюджеттік қаражатты қайта бөлумен айналысып отыр. Қаражат тартпай нарықтық жағдайда ауылда жұмыс істеу дегеніміз ақылға сыймайды және тиімсіз. Дамыған экономикасы бар барлық мемлекеттерде ауыл шаруашылығы өндірісін нарықтық жағдайдағы ерекшелігін есепке ала отырып құрылған ауыл шаруашылығы несиесінің мамандандырылған жүйесі бар. Біздің республикамызда осындай қаржы институтының жоқтығынан ауыл шаруашылығын дамытуға бөлінген орасан бюджеттік қаражат жыл сайын белгілі бір уақытқа дейін жекелеген коммерциялық банктердің айналымында жүреді. Бұл бөлінген бюджеттік қаражат пен оны мақсатты пайдалану алдындағы жауапкершілікті мойындамауға жайлы ахуал тудырады.
3. Қолданыстағы ауыл шаруашылығын несиелеудің жүйелі сипаты жоқ. Ең алдымен ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін көктемгі егіс және оны жинау жұмыстарына несие беру жобасы жыл сайын өзгертулерге ұшырайды. Нәтижесінде ауылды несиелеу механизмін жүзеге асыру үшін ғылыми негізделген нормативтік және әдістемелік база жоқ болып тұр. Және бұл болашақта бюджет қаражатының қайтарымына өзінің жағымсыз ықпалын тигізбей қоймайтын болады. Солай, ауыл шаруашылығындағы қаржы саясаты реформа басталғалы бері ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға еш мүмкіндік бермейтін, тек «жыртықты жамау» саясаты болып келеді.
4. Елімізде ауыл шаруашылығы жерлерінің ипотека механизмі (кепілдік) жоқтың қасы. Жерді кепілдікке алып, берілетін жер-ипотекалық несиесі ауыл шаруашылығының ірі ұйымдарымен қоса, шағын және орта агробизнесті де дамыту және оларға қолдау көрсету үшін ауылға бюджеттен тыс қосымша қаржы ресурстарын тарту мен құрудың маңызды қаржы механизмі болып табылады. Сонымен бірге, басқа механизмдерді қолдану заңдық тұрғыда мүмкін болмаған және экономикалық жағынан тиімсіз болған жағдай да ипотека жерді қайта бөлу мен айналымның қосымша, әрі жеткілікті түрде тиімді құралы болып табылады. Жер реформасының негізгі идеясы ауыл шаруашылығы жерлерін рыноктық айналымға ендіру болғанына қарамастан бұл мәселені қазіргі қаржы институттары шеше алмайды.
Елдің ауыл шаруашылығы банкін құру қажеттілігі
ауыл шаруашылығы ел басшыларының назарын
баса аударып отырған нысанасы болып табылатын
Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығын
ынталандыру мақсатында әр түрлі қаржы-экономикалық
және ұйымдастыру механизмдерін пайдаланудың
үлкен тарихы бар. Бірақ бүгінгі күні ұлттық
ауыл шаруашылығы өндірісінің ауыл шаруашылығының
проблемаларын шеше алатын мамандандырылған
банкі жоқ. Бұл проблемаларды шешу үшін
тек бюджеттік қаржы ағынын жүргізуші
түрінде ғана емес, банк жүйесінде ерекше
орын алатын осы ресурстарды пайдалану
үшін негізгі бақылаушы және қаржы операторы
ретінде қызмет жасайтын мемлекеттік
жүйені құратын банк құру қажет болып
тұр.
Тағы да бір айта кететін жайт,
азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз
ету және аграрлық секторды тұрақты дамыту
бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі
мемлекеттің стратегиялық қызметін жеңілдететін
банк керек.
Банктің міндеті - ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту саласында мемлекеттің несие-ақша саясатын жүргізуге қатысу.
- Ауыл шаруашылығы
кәсіпорындарын несиелеу
- Ауыл шаруашылығына
қолдау көрсету үшін Қазақстан
Республикасы Үкіметінің
- Ауыл
шаруашылығы тәуекелдігін
- Агроөнеркәсіп
кешеніне инвестиция тартуды
банк кепілдігімен ұйымдастыру.
- Жерді мелиорациялау, жерді пайдалануды
қорғау, ауылды минералдық тыңайтқыштармен,
өсімдікті химиялық заттармен қорғаумен
қамтамасыз ету, құс, мал шаруашылығын
және ауыл шаруашылығының басқа да салаларын
көтеру.
Өндірісті отандық ауыл шаруашылығы техникасымен
қамтамасыз ету, оны сатып алуды ұйымдастыруда
және елдің ауыл шаруашылығы өндірісшілері
үшін лизингті қаржылай қамтамасыз ету.
- Жерге
байланысты кепілдік
- Ауылдың инфрақұрылымын дамыту жөніндегі
операцияларды қаржыландыру.
- Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын
қаржыландыруға қатысу.
Несие кооперативтері мен серіктестіктерін
құру және дамыту шараларын жүзеге асыру
- Республикалық
деңгейдегі ауыл шаруашылығы
шеңберіндегі, сонымен қатар ТМД
елдері арасында клиринг және
өзара есепті ұйымдастыру.
- ТМД елдерінің ортақ аграрлық
рыногын құруға бағытталған мемлекеттік
бағдарламаны жүзеге асыруға қатысу.
- Банк
лицензиясымен қарастырылған
Банктің стратегиялық мақсаты
– мемлекеттік несие және бюджеттік қаражаттарды,
ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өз
ақша ресурстарын отандық ауыл шаруашылығын
дамытуға пайдалану үшін аккумуляциялау
болып табылады. Бүгінгі күні қажетті
игіліктер мен ауыл кедейшілігінің екі
ортасын терең жар бөліп тұр деуге болады.
Бірақ адам санасы осы екі ортаға аспалы
көпір орнатуға қабілетті. Сол көпір –
банк несиесі, ол әр ауыл адамының қолы
жететіндей болуы керек.
Ауыл
шаруашылығынын несиелеу
Машина-трактор паркін қазіргі кездегі жағдайы.
Республикада
137,2 мың шынжыртабанды және доңғалақты
тракторлар, 45,5 мың астық жинайтын
комбайндар, 15,2 мың дестелегіштер, 90,7
мың тұқым сепкіштер және басқа
да ауыл шаруашылығы техникалары
бар.
Соңғы жеті жылда (2001-2007) 26,5 мыңнан астам
ауыл шаруашылығы техникаларының негізгі
түрлері сатып алынған.
Өткен жылы 4,2 мыңнан астам негізгі ауыл шаруашылығы техникалары 45,0 млрд. теңгеге сатып алынды:
тракторлар -1117 дана;
астық жинайтын комбайндар - 1605 дана;
тұқым сепкіштер - 819 дана;
егіс кешендері - 394 дана;
дестелегіштер - 308 дана.
2007 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 22,2 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтары сатып алынды (бюджеттік қаражат - 8,1млрд. теңге; өз қаражаттары – 3,3 млрд. теңге; экспорттық қаражат – 10,8 млрд. теңге) оның ішінде:
тракторлар -586 дана;
астық жинайтын комбайндар - 656 дана;
тұқым сепкіштер - 303 дана;
дестелегіштер - 140 дана.
Лизингтік негізде
ауыл шаруашылығы техникаларымен қамтамасыз
ету қолда бар ауыл шаруашылығы
техникасын жаңартуға жағдай жасады.
Жақын және алыс шет елдерден сатып алынған
жоғары өнімді, қуатты техникалар:
- ауыл шаруашылығы өндірісін 2002 жылмен
салыстырғанда энергиямен қамтамасыз
етілуін 19,5 % жоғарылатуға;
- қысқа агротехникалық
мерзімде жалпы егістік техникаларының
4,9 % құрайтын егіс кешендерімен 35,2 % дәнді
дақылдар егістігіне тұқым себуге;
- жалпы астық жинайтын комбайндар санының
22,3 % құрайтын соңғы 7 жылда сатып алынған
астық жинайтын комбайндармен дәнді дақылдар
егісінің 40 %-ын жинауға мүмкіндік берді.
Ауылшаруашылығы
машиналарын жасаудың қазіргі кездегі
жағдайы және дамуы.
Республикамыздың өнеркәсіптік потенциалын
ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласындағы
120 кәсіпорын білдіреді. Оның ішінде 50
кәсіпорын мынадай ауыл шаруашылығы техникаларын
шығарады: дестелегіштер, тұқым сепкіштер,
жер өңдеу құралдары (сыдыра жыртқыш, сыдыра
қопсытқыш, соқалар, тырмалар), мал азығын
дайындау құралдары, өсімдік қорғау машиналары
(дәрі сепкіштер, тұқым улағыштар) және
қосалқы бөлшектер, сонымен қатар агроөнеркәсіптік
кешендері үшін жабдықтар. Қалған 70 кәсіпорындар
жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарымен
және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің
тапсырысымен қосалқы бөлшектерді дайындаумен
айналысады.
Шамамен
20 кәсіпорын соңғы өнім шығарушы болып
табылады.
Көп кәсіпорындардың қуаттылығының 10-15%
ғана жүктелген. Негізгі өнеркәсіптік-өндірістік
қорларының тозуы 43-80%, ал машиналар мен
жабдықтардың тозуы 40% дейін құрайды.
Технологиялық процесстер мен жабдықтар тозып, озық технологиялар қатарынан қалып қойды. Кәсіпорындар ескірген конструкциядағы ауыл шаруашылығы машиналарын шығарады, тракторлар мен комбайндарды шығару өндірісі жоқ.
Сонымен қатар, осы заманға сай маркетингті, сату, делдалдық және басқада қызмет көрсетулер кәсіпорындарда жоқ.
Ауыл шаруашылығы машиналарын, тораптарын, агрегаттарын және оларға қосалқы бөлшектерді импорттау қазіргі уақытта ішкі өндіріске қарағанда айтарлықтай жоғарғы деңгейде.
Қазақстан Республикасы аймағында импортқа тәуелділікті төмендету мақсатында өндірісте жоқ техникаларды біріккен жинау кәсіпорындарын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.
Ауыл шаруашылығы
машиналарын жасау саласындағы айналым
өте төмен деңгейде тұр және соңғы бес
жылда 17,6 млрд. теңге көлемінде бағаланған.
Оның ішінде елімізде 15,9 млрд. теңге, экспорт
– 1,7 млрд. шамасында.
2007 жылы ауыл шаруашылығы техникаларын
және қосалқы бөлшектерді шығару көлемі
6,7 млрд. теңгені құрады.
Ауыл шаруашылығы
тауарын өндірушілерді жанар-