Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2012 в 17:17, реферат
Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін дамыту, саяси-әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөл атқарады. Ауыл шаруашылығы – бұл еліміздің экономикасын биікке асқақтататын маңызды салалардың бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығы дегенде еріксіз ойымызға кең байтақ жеріміз, төрт-түлік малымыз, егінді алқаптарымыз оралады. Осы табиғаттың берген сыйын жоғалтпау үшін ауыл шаруашылығының жағдайын жақсартатын бір әдіс-тәсілдер керек сияқты.
Кіріспе.
I. Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы.
1.1 Агроөнеркәсіп экономикасының ерекшеліктері.
1.2 Ауылшаруашылық өнімдерінің нарығы.
II Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық жағдайы.
2.1. Ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы динамикасы
2.2. Ауылшаруашылығын реттеудегі мемлекеттік саясат
2.3. Ауылшаруашылығын несиелеу жүйесі
2.4. Агроөнеркәсіп кешенін техникалық жарақтандыру
III ҚР-дағы ауыл шаруашылығын дамыту жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер.
Ең алдымен экономикалық реттеуде жер реформасы – мемлекет деңгейіндегі ұлттық мәселелерді қамтитын аса күрделі процесс. Әлемдік тәжірибеде жерге шексіз жеке меншіктік құқығын бермей, мемлекет және қоғамдық мүдделердің артықшылығын қамтамасыз ететін әр түрлі шектеулер бар. Мұндай құқықты беру – мақсат емес, тек жерді пайдалану тиімділігін арттыру үшін пайдаланылатын құрал. Ауыл тұрғындарын көп толғандыратын мәселе – жерге жеке меншік орнатудан гөрі, одан алынатын өз еңбегінен түскен нәтижеге иелік ету құқығы. Атап айтқанда, кеңінен етек алған бұрынға тәжірибені, яғни, алдымен ауылдың бар өнімін, пайдасын алып қойып, соңынан дотация, қарыздарын өтеу түрінде біртіндеп қайтарудан арылу мүмкіндігін беру қажет.
Ауылшаруашылығында
экономикалық қарым-қатынастарды реттеу
үшін залогтық (кепілдікті) сатып алу
операциясы бойынша есеп айырысуды
енгізу жөніндегі ұсыныстардың едәуір
мәні бар. Бұл жағдайда шикізатты
өңдеу, дайын өнімді алғаннан соң
тауар өндірушілерге шикізат
құны мен нақтылы төленген аванс
сомасы арасындағы айырмашылықты залогтық
баға бойынша төлеу қажет. Кепілдікті
сатып алу операциясын жүзеге
асыру үшін дайындаушы және өңдеуші
кәсіпорындарды кепілдікті сатып алу
ұйымдары етіп құратын болсақ, нарықтық
баға құрылымын және ауыл шаруашылық
тауарын өндірушілерінің
Мемлекеттік
салық саясатында ауыл шауашылығына
қатысты жеңілдікпен салық салу
арқылы олардың ынталандырушы
Республика
халқын азық-түлікпен және өнеркәсіпті
шикізатпен қамтамасыз ету үшін жыл
сайын дайындаушы, өңдеуші, сатушы ұйымдардың
және жеңіл өнеркәсіп орындарының
тауар өндірушілер мен
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің қаржы жағдайына сатылған өнімге уақтылы есеп айырысудың сақталмауы қатты әсер етеді. Сондықтан өзара есеп айырысудың бақылау мерзімін бекіту керек.
Қазіргі қиын нарық жағдайында әртүрлі ауыл шаруашылық субектілеріне техника иемдену басты проблема болып тұр. Осы қиыншылықтан шығудың бірден бір жолы лизингтік қаржыландыру. Мен Қазақстан жағдайындағы лизинг туралы бірнеше мәселені талдап көрейін. Лизингтік қаржыландырудың банктік несие жүйелерінен айырмашылығы бар ма?, ауыл шаруашылығы техникаларын лизингтік қаржыландырудың, содан кейін лизингтік қаржыландырумен қол жеткен техникаларды сақтандыру жүйесінің қазіргі пәрмені қандай? деген сияқты бірнеше сұрақ туындайды. Мен осы секілді бірнеше сұраққа жауап беріп көрейін.
Қазір
лизинг компаниялары лизингтік
жолмен қаржыландырылған
Әрине шаруалар үшін лизингтің ең қызықты жағы ол –пайыздық өсім. Алдағы уақытта лизингтік келісімшарттар негізінде лизингтік пайыздың өсімі төмендету мәселесі тағы туындап отыр, Енді осыған тоқталып кететін болсақ: Лизингтік келісімшарттар құрылымы жағынан инвестициялық институт болғандықтан, ол қысқа мерзімді болуы мүмкін емес. Кез келген лизингтік компанияның несиелендіру мерзімі 3-5 жыл, әрі кетсе 10 жыл болуы мүмкін. Несиелендіру мерзімі де, оның пайыздық мөлшері де жобаны қаржыландырып отырған қаржыландыру көзіне, сонан соң жобадағы лизинг мүлігінің өзін-өзі ақтайтын мерзіміне байланысты. Өзіндік құнын 10-12 айда ақтайтын техниканы 3-5 жылға несиелендіру мүлдем ақылға сыймайды. Нарық саласында жүрген кез келген компания нарық динамикасының алдын алып жүруі тиіс. Лизингтік несиенің пайыздық мөлшерін төмендетуге кез келген компания мүдделі. Көптеген компаниялар өзінің несиелендіруші – құрылтайшы банктерімен қатар еуропалық Қайта құру және Даму банкінің несие жүйесі арқылы ірі жобаларды қаржыландыруды қолға ала бастады. Тіпті пессимистік болжамның өзі алдағы 2 жылда лизингтік пайыздар мөлшері айтарлықтай төмендейтінін айтады. Ауыл шаруашылығы техникаларын лизингтік қаржыландырудың қазіргі мүмкіндіктері туралы тоқталып кетейін. 2004 жылы елге лизингтік қаржыландыру арқылы жеткізілетін бірқатар техникалар Үкімет қаулысымен қосымша құн салығынан босатылған. Кейбір лизинг компаниялары ауылда, жеке меншігінде 5 гектардан 500 гектарға дейін жері бар кәсіпкер-шаруаларды құны 5-50 мың АҚШ доллары тұратын ауыл шаруашылығы техникасымен лизинг арқылы несиелендіруді бастады. Енді ауылдағы кәсіпкерлер лизингтік жобамен қаржыландырылған лизинг мүлігін кепілге қойып, оның бастапқы жарнасын төлеп, қажетті техникаға ие бола алады.
Ресей, Өзбекстандағыдай өнім арқылы лизингтік несиемен есеп айырысу үрдісі бізге әлі енгізіле қойған жоқ. Бір айта кетер жайт – лизингтік несиеге қол қойған шаруа банктердегідей ай сайын емес, жылына бір рет, өзіне қолайлы мерзімде есеп айырыса алады. Банктер ауыл шаруашылығы үшін консервативті жүйе болса, лизингтік қаржыландыру құрылымы жағынан ауыл шаруашылығына жақындау. Банктік несие мен лизингтік несие арасындағы бәсеке Қазақстанда ғана емес, барлық елде бар. Меніңше, ерте ме, кеш пе, банктер лизинг компанияларын дербес құрылым ретінде «жеке отау» етіп бөлек шығарады. Өйткені лизинг жүргізуге арнай рұқсаты бар кейбір екінші деңгейдегі банктер әрбір жоба үшін лицензиялап отыруы қажет. Ал бұл міндет лизинг компаниясының тікелей құзырында болғандықтан, лицензияның қажеті жоқ, лизинг алу үшін компания көмегіне жүгінген кәсіпкер қалтасынан қосымша шығын шығармайды. Бұл – екі жақ үшін де уақыт та, қаржы да үнемделеді деген сөз.
Салалық лизингтердің ерекшеліктері ең алдымен лизинг техникасының өтімділігінде дер едім. Егер транспорт немесе жылжымалы мүліктің өтімділігі жоғары болса, дефольт жағдайында компания өз өнімін қайтарып алып, қайталама нарықта қайта сата алады.
Айта
кету керек, лизинг
Өкімет
басшылығымен құрылған компания
қызметі – Қазақстан
Мақсаттары:
- лизинг
саласындағы мемлекеттік
- өңдеуші
өнеркәсіпті, өндіруші және
- ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту мен орналастыру кезінде даму институттарымен өзара бірлесіп жұмыс істеу.
Міндеттері:
-
инвестициялық жобаларды
- Қазақстан
Республикасы экономикасының
- ірі
инвестициялық жобаларды іске
асыру үшін лизингілік
- жабдықтардың
жекелеген түрлерінің импортын
қосылған құн салығынан босату.
«ҚДБ- Лизингтегі» лизингілік
қаржыландырудың негізгі шарттары:
- Лизингінің ең төменгі сомасы 1 млн. АҚШ доллары
- Лизингінің мерзімі 3 жылдан 20 жылға дейін
- Лизингінің
пайыздық ставкасын жобаның
-
Инвестициялық басымдықтарға
Қалай дегенмен, лизингтік қаржыландыру біздің еліміздің ауылшаруашылығының “ локомативтерінің” бірі . Сондықтан, лизингтік қаржыландыруды дамыту біздің міндетіміз.
Агроөнеркәсіптік өндірісті қаржымен қамтамасыз етуде несиелік механизмнің орны бөлек екені мәлім. Соған қарамастан, осы күнге дейін экономиканың аграрлық секторындағы қаржы-экономикалық қатынас жүйесінде ауыл шаруашылығын несиелеу өзектілігін жоймай келеді. Ол ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуді және оны ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды қарастыруды талап етеді.
Аграрлық
бизнестің шағын субъектілерін кең көлемде
қамту және ресурстық базаны кеңейту үшін
банк жүйесінің немесе басқа да ортадағы
делдалдық ұйымдардың (микронесие берушілер,
несиелік серіктестіктер, т.б.) ауылдық
несие кооперативтерімен бірлесе әрекет
етуі қажет деп ойлаймын.. Бұл кооператив
пайшыларының жәрдем беру жауапкершілігі
негізінде несиеге берілетін қаражатқа
шағын және орта кәсіпкерлік пен қосалқы
шаруашылық субъектілерінің қолын жеткізуге
жол ашады. Яғни жеке-жеке несие алуға
мүмкіндігі жоқ шағын кәсіпкер өзі секілді
өзгелермен бірлесіп, қолдарындағы дүниесін
қосып, кепілдікке қойып, несие алады да,
алынған несиені әркім өз қосқан үлесіне
байланысты бөлісетін болады. Яғни бұлар
кооператив пайшылары болып есептеліп,
бірлесе әрекет ету арқылы қолы қысқа
өнім өндірушілердің несиеге қаржы алуына
жол ашады.
Несие кооперативтерін басқарудың
демократиялық формасы, кооператив мүшелерінің
жұмысы нәтижесі үшін бір-біріне жәрдем
беру жауапкершілігін жете сезінуі ауыл
шаруашылығы өндірісін тұрақтандыру және
меншіктің барлық түріндегі ауыл шаруашылығы
тауарларын өндірушілерінің қаржы жағдайын
жақсартудың негізгі факторының бірі
болып табылады. Оған экономикалық және
құқықтық жағдайдың әлі де болса дайын
еместігіне қарамастан, несие кооперативі
жүйесін кезең-кезеңімен жүзеге асыруға
болады. Ол үшін ауыл тұрғындары сұраныстарына
толық жауап бере алатын «Несие кооперативтері
туралы» Заң жобасын дайындау қажет.
Ал бүгінгі орын алып отырған банк несиелеріне
қол жеткізудің күрделілігі жағдайында
ауыл шаруашылығы өндірісінің кең көлемде
дамуы теориялық жағынан да, практикалық
тұрғыда да мүмкін емес. Менің ойымша,
жалпы, несие беруде қазіргі таңдалып
алынған схема ауыл шаруашылығын дамыту
операцияларын жүргізудің заманауи талаптарына
жауап бере алмайды. Бұл схема, әсіресе,
дәл бүгінгі таңда отандық ауыл шаруашылығы,
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қойған мәселе
бойынша, Шығыс Еуропа елдерінің деңгейіне
жетуге ұмтылуға бет бұрған кезде өзін
ақтамайды. Шығыс Еуропа елдерінің ауыл
шаруашылығын реформалау кезіндегі тәжірибесін
еске алудың өзі жетіп жатыр. Шығыс Еуропаның
бұрынғы социалистік елдерінен айырмашылығымыз,
бізде күні бүгінге дейін республика аграрлық
секторын мемлекеттік реттеудің күшті
және белсенді саясаты қажет екендігін
ҚР Үкіметі түсінбей келеді. Ауыл шаруашылығы
халықаралық қаржы құрылымдарының айтуымен
мемлекеттің монетарлық саясатының нысаны
күйінде қалып отыр. Осылай отандық ауыл
шаруашылығының несие және инвестиция
тартуға тартымдылығын қамтамасыз ету
бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналуда.
Бұл проблеманы шешуді мемлекеттің белсенді
түрде араласуынсыз бірде-бір ел шеше
алмаған. Мемлекеттің аграрлық секторға
несие-қаржы механизмі арқылы қолдау көрсетуге
ұмтылысында жүйелілік сипаттың жоқ болып
тұрғаны да сол себепті. Өйткені оның көптеген
элементтері заң жүзінде бекітілмеген,
сондықтан да тауар өндірушілер үшін ол
болашақтың айқын бағдары бола алмайды..
Сонымен қатар қолдау шаралары мемлекеттік
реттеудің басқа формаларынан тыс та (мысалы,
монополияға қарсы) қолданылады. Оларды
қолдану нәтижесінің негізгі пайдасы
көбіне ауыл емес, сонымен аралас монополияландырылған
салаларға (минералдық тыңайтқыштарға
дотация, тауарлық несие, т.б.) тиіп жатады.
Яғни тиімсіз болып отырған қолдау көрсету
формасының өзі емес, оны басқа да проблемалар
шешімін таппай тұрған жағдайда жүзеге
асыру әдісі. Бұдан келіп шығатын түйін
– Қазақстан Республикасында бірінші
кезекте «Аграрлық секторды мемлекеттік
реттеу туралы» Заң қабылдау керек.
Әлемнің дамыған мемлекеттерінде
халықты азық-түлікпен толыққанды қамтамасыз
ету және фермерлердің табысты болуына
қолдау көрсету мәселелерін шешу мақсатында
олардың үкіметі ауыл шаруашылығының
тиімділігін арттыруға жәрдем бере отырып,
жанды көмек көрсетеді. Еуропалық Одаққа
біріккен Батыс Еуропа елдерінде ауыл
шаруашылығына қауымдастық бюджетінің
65% жұмсалып, оны басқару ауыл шаруашылығының
өнімділігін көбейтуге, рыноктарды тұрақтандыруға
бағытталып, орталықтандырылған.
Енді статистикалық көрсеткіштерге
сүйенсек, экономикалық ынтымақтастық
және даму ұйымының мәліметтері бойынша,
фермерлер табысындағы мемлекеттік көмек
үлесі Австралияда – 15, АҚШ-та – 30, Канадада
– 45, Австрияда – 52, Швецияда – 59, Жапонияда
– 66, Финляндияда – 71, Норвегияда – 77,
Швейцарияда – 80 пайыз екен. Ал Қазақстанда
ауыл шаруашылығына жұмсалған мемлекет
бюджетінің шығыны 2002 жылы 28 770 миллион
теңгені құрапты. Немесе ол жалпы ауыл
шаруашылығы өнімінде 5,1 пайызды құраған.
Агроөнеркәсіп секторының нарықтық қатынастарға
өтуі институттық ұйымдар құруды қажет
етеді. Институттық ұйымдардың дамуы мен
өркендеуі әр елде әр түрлі болғанымен,
оның ауыл шаруашылығын қаржыландыру-несие
беруде мемлекеттік реттеуді құрылымдауы,
қызмет көрсетуі және басты бағыттары
бірдей. Олардың жұмыстарының негізгі
бағыттары – агроөнеркәсіптік секторын
қаржыландыру-несие беру жүйесі, ішкі
ауыл шаруашылығы рыногын, ауыл шаруашылығындағы
өндірістік-құрылымдық қайта құрылуды
реттеу.