Стратегиялық жоспарлау және талдау мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 22:48, реферат

Краткое описание

«Стратегиялық жоспар» термині 1960-1970 жылдар аралығында өндіріс деңгейіндегі ағымдық жоспарлауды жоғарғы деңгейдегі жоспарлаудан айыру үшін енгізілді. Бұл өзгермелі орта жағдайындағы ұйым дамуының жаңа моделіне өту қажеттілігімен түсіндірілді. Жаңа қадамның өзектілігі келесі факторларды анықтайды:
- ХХ ғасырдың екінші жартысында ішкі және сыртқы өзгерістерден туындаған мәселелер саны көбейе бастады. Олардың басым көпшілігін дәстүрлі әдістермен шешу мүмкін емес еді;
- ұлттық экономика әрекеттерінің географиялық шектері кеңейе түсіп, бизнес халықаралық сипатқа ие бола бастады.
- сыртқы ортаның тұрақсыздығының күшеюі нәтижесінде стратегиялық өзгерістердің қажеттілігі туындады;
- стратегиялық шешімдердегі, кәсіпорын қызметін болжаудағы қателіктер көптеген қиындықтарға әкеліп соқтырды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

стратегиялық талдау.doc

— 72.50 Кб (Скачать документ)

Нарық  пен  өткізу  болжамы -  нақты  тауар  мен  қызметтің   заттай  түрінде  болашақта  өткізілуі (өткізудің  сандық  көрсеткіштің  болжамы) және  нақты, әрі  потенциалды  клиенттердің  белгілі  бір  уақыт  аралығында  (қысқа, орташа  және  ұзақ  мерзімде) тауарды  өткізуден  түскен  пайда  құнының  болжамы;

Бюджетті  жоспарлау, табыстардың, шығындардың  және белгілі  бір  уақыт  кезеңінде  сатылған  өнім  санының  болжамы (мүмкіндігі);

Нарық туралы  деректерді  алу  өте  қажет, өйткені  бұрынғы  өткізу  қызметінің  көрсеткіштері  болашақта  өткізілуге  тиісті  тауарларды  бағалауға  мүмкіндік  бере қоймайды. Тек  айналым көлемі  мен  нарық  факторларының  әрекеті  арасындағы  ара  қатынасты талдау, оның  болашақта  дамуын  нақты  бағалауға  мүмкіндік  береді.

Нарық  бойынша  деректерді  тұтастай  талдау, оларды  фирма  ішіндегі  деректермен  салыстыру, нарық динамикасы  мен  кәсіпорын  меншігіндегі  динамика  аралығында  қалыптасқан  пропорцияны   бейнелейді.

Стратегиялық  жоспарлауды жүзеге асырудың механизмдерінің  бірі - маркетинг  пен  өткізу саласында  жоспарлау. Ол мынадай  көрсеткіштерді анықтап-болжауға  негізделеді:

- қысқа мерзімдік  көрсеткіштер: өнімнің  әр  түрін   өткізу (көлемі  және  құны), географиялық  бағыт  бойынша  өткізу (көлемі  және  құны), бәсекелестер  бағасы, сауда қызметкерлеріне  қойылатын   мақсатты нұсқаулар, қор  деңгейі;

- орташа  мерзімдік көрсеткіштер: өнім категориясы   бойынша өткізудің  жалпы   өткізу, бағалар, жалпы  экономикалық  жағдай, нарыққа тауар  жеткізілуінің  ерекшеліктері, жаңа  өнімдерді   енгізу көрсеткіштері;

- ұзақ мерзімдік  көрсеткіштер: өнім  категориясы  бойынша  өткізудің  жалпы  көлемі, нарық  орындарына  тауарды толтыру, жаңа  өнімдерді  енгізу, нарықтан ескі өнімдерді  шығару, маркетингті  зерттеудің  маңызды  ерекшеліктері және т.б.

Жоспарлаған кезде, тек қысқа  мерзімді  ғана  емес, стратегиялық жоспарлаудың келесі механизмі - орташа  және  ұзақ мерзімді болжалдауды  сондай-ақ ескеру  керек. Соңғы  екі  уақыт мүмкіндігіне  жататын  факторлар  ішінара  болуы  мүмкін, алайда  олар  қысқа  мерзімдік  болжалдауға  елеулі  ықпал етеді (мәселен, технологияның өзгеруі, кез келген  артық материалдардың  қолайлылығы, т.б.).

Жарнаманы  жоспарлау  тауарды  өткізу  жоспарымен  бірге жасалады  да, мұнда  нарықты  зерттеу  нәтижесі  және бәсекелестер  қабылдаған шаралар ескеріледі. Өнімді  өткізуде  жарнаманың  тиімділігін  дәл  анықтау  ешқашанда  мүмкін  болмайтындықтан, кәсіпорын  жарнама  құралдарын  пайдаланған кезде  қалауынша  еркін  әрекет ете алады.

Жарнама  шараларының  жоспарына  жататыны:

- күнделікті  жарнама  шараларын  өткізу  жоспары;

- жарнама  құралдары  бойынша;

- жекелеген   шараларды  өткізу  уақыты  бойынша;

- көрмелер  мен  экспозициларға  қатысу  жоспары;

Өткізу  деңгейін  сақтау, содан  кейін  арттыру  үшін, жарнама  шараларымен  бір  мезетте  кәсіпорын  мәртебесін (имиджін)   сақтау  және жақсарту  мақсатында  шаралар  жоспарын  қабылдау  қажет. Мұның  өзі  өкілеттік  шығындарға  байланысты (журналистерді  шақыру, қабылдау, газеттер  мен  журналдарға  хабарландырулар  жіберу, т.б.).

Тауар  өткізудің  ақырғы  жоспарының  негізгі  алынған  деректерімен  және болашақта  өткізу  болжамымен  қаланады. Тауар  өткізуді  әр айға  және аптаға  жоспарлайды. Егер  тауарларды  қайта  бөлу  тенденциясы  байқалмаса, онда  басты  негіз  ретінде  тауарларды  уақытша  қайта   бөліп  өткізуді  пайдаланады. Мұндайда  жылдық  мөлшер шамасын  100% етіп алады  да, айлық айналымды  жылдық айналымның  бөлігі  ретінде есептейді.

Бұл  жылдық  жоспар   өндіріс  жоспарына  ықпал   етеді,  өйткені өндіріс  үрдісі, әдетте, тауар  өткізумен  қатар   жүреді. Дұрыстап  бақылау  үшін, тауар  өткізу  жоспарын  тауар  өткізу статистикасымен  жасайды.

Жоспарды  сандық  көрсеткіштермен  жасағаннан кейін, құндық  көрсеткіштердің  есебін  жүзеге  асырады, мұндайда  әдетте  орташа  бағаға  сүйенеді.

Осыдан кейін, өндіріс  құны  мен сату  бағасының  ең  төменгі  деңгейі  бойынша  жоспарлы  пайданы  анықтайды. Мұнда  ең  көп  жеңілдікті  және  төлем  жағдайын анықтау  керек.

Осы  жоспарларға  сәйкес  жоспарлы  тапсырмалар  мен  барлық  сатушылар  үшін  қосымша  нұсқаулар  жасалады.

Сонымен, тауар  өткізу  жоспары  қалған  барлық  жоспарларды  жасаудың  негізі болып  саналады.

Пайданы (кірісті) жоспарлау – кәсіпорынды  басқарудың  негізгі құралы. Кәсіпорын  стратегиясы  әдетте  пайда  табуға  бағытталады.

Пайданы  жоспарлаудың  алуан  түрлі  тәсілдері  болады, солардың неғұрлым  кең  тарағандары болып, тиімділікті  жоспарлау, тиімділік  лимитін  талдау, өтімділікті  жабуды  талдау, аз айналымды  регрессивтік  бөлу.

Тиімділікті  жоспарлау кезінде жұмсалған  капиталдың  тиімділігін  есептеу үшін  айналым капиталы  шамасы  мен жұмсалған капиталдың  түскен  пайда мөлшерінің  (%)  мәнін табады.

Тиімділік  лимитін  талдау тәсілі  график  арқылы  жоспарлы  пайданы, әрі  капитал  айналымы  кезінде  шығын  шамасының  ауытқуы  бойынша  кәсіпорынның  икемділігін көрсетуге мүмкіндік береді.

Бұл  талдауда  «өлі  нүкте»  (шығынды  жабу  үшін  ең  аз айналым)  мен жоспарланған айналымның  арасындағы  «қабыспаушылықтың»  зор  мәні  бар. Тек  осының  өзі  ғана капитал айналымын  жоспарлағанда  кәсіпорынның  еркін  әрекет  етуін  көрсетедеі.

Өтімділікті  жабуды  талдау тұрғыдан өндіріс  шығындары      (өткізу, амортизация  шығындары)  қарастырылады. Ақша  жұмсауға  сәйкес  келетін  құн  қисық   сызығы  нүктесінің,  айналым  қисық сызығы  нүктесімен  қиылысуы, өтімділікті  сақтау  үшін айналымның  ең  аз  шамасын  көрсетеді.

Аз айналымды  регрессивтік  бөлу тәсілімен  капитал  айналымының  айлық  өзгерісі  жоспарлы  пайданың  мөлшеріне  қандай шамада  ықпал  ететіндігін  бақылауға  мүмкіндік  береді.

Қорытындылай келгенде, кәсіпорын  әрекетіндегі стратегиялық жоспарлаудың орны оның басқару жүйесінің функционалдық  құрылымының және  қабылданатын шешімдер мен басқару аппаратының  кәсіпорын алдына қойған мақсатына  жетуді қамтамасыз ететін үрдістің негізі болып табылатынымен айқындалады

 Сонымен,  стратегиялық жоспарлаудың кәсіпорындарда  қолданылуы кәсіпорын әрекетін  кеңейте түсетіні сөзсіз. Өйткені,  стратегиялық жоспарлау экономикалық, саяси және әлеуметтік факторлар,  тұтынушылар қажеттіліктері, бәсекелестердің әрекеттері, ғылыми-техникалық өзгерістер тәрізді барлық аспектілерді қамтиды. Стратегиялық жоспарлардағы ұзақ мерзімді мақсаттар кәсіпорынның ағымдық әрекеттерінің емес, ішкі және сыртқы ортасындағы өзгерістерді талдау нәтижесі болып табылады. Стратегиялық жоспарлар концепциясы кәсіпорынның сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделгіштігін және уақтылы жауап беруін қамтамасыз ететін әдістер мен құралдар кешенін құруға бағытталған. 

 


Информация о работе Стратегиялық жоспарлау және талдау мәні