Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 22:48, реферат
«Стратегиялық жоспар» термині 1960-1970 жылдар аралығында өндіріс деңгейіндегі ағымдық жоспарлауды жоғарғы деңгейдегі жоспарлаудан айыру үшін енгізілді. Бұл өзгермелі орта жағдайындағы ұйым дамуының жаңа моделіне өту қажеттілігімен түсіндірілді. Жаңа қадамның өзектілігі келесі факторларды анықтайды:
- ХХ ғасырдың екінші жартысында ішкі және сыртқы өзгерістерден туындаған мәселелер саны көбейе бастады. Олардың басым көпшілігін дәстүрлі әдістермен шешу мүмкін емес еді;
- ұлттық экономика әрекеттерінің географиялық шектері кеңейе түсіп, бизнес халықаралық сипатқа ие бола бастады.
- сыртқы ортаның тұрақсыздығының күшеюі нәтижесінде стратегиялық өзгерістердің қажеттілігі туындады;
- стратегиялық шешімдердегі, кәсіпорын қызметін болжаудағы қателіктер көптеген қиындықтарға әкеліп соқтырды.
1 Стратегиялық жоспарлау және талдау мәні
«Стратегиялық жоспар» термині 1960-1970 жылдар аралығында өндіріс деңгейіндегі ағымдық жоспарлауды жоғарғы деңгейдегі жоспарлаудан айыру үшін енгізілді. Бұл өзгермелі орта жағдайындағы ұйым дамуының жаңа моделіне өту қажеттілігімен түсіндірілді. Жаңа қадамның өзектілігі келесі факторларды анықтайды:
- ХХ ғасырдың екінші
жартысында ішкі және сыртқы
өзгерістерден туындаған
- ұлттық экономика
- сыртқы ортаның
- стратегиялық шешімдердегі, кәсіпорын қызметін болжаудағы қателіктер көптеген қиындықтарға әкеліп соқтырды.
Стратегиялық жоспардың ұзақ мерзімді
жоспардың орнын басуы
Стратегиялық жоспарлардағы ұзақ мерзімді мақсаттар кәсіпорынның ағымдық әрекеттерінің емес, ішкі және сыртқы ортасындағы өзгерістерді талдау нәтижесі болып табылады. Стратегиялық жоспарлар концепциясы кәсіпорынның сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделгіштігін және уақтылы жауап беруін қамтамасыз ететін әдістер мен құралдар кешенін құруға бағытталған.
Хиггенс бойынша «стратегиялық жоспарлау - бұл кәсіпорынның қоршаған ортасымен әрекеттесуін басқару арқылы кәсіпорын миссиясын жүзеге асыру мақсатында басқару үрдісі».
Пирс және Робинсон стратегиялық жоспарлауға «стратегияларды құру және жүзеге асыру бойынша шешімдер мен әрекеттердің жиынтығы» деген анықтама берді.
Стратегиялық басқару және жоспарлау теорияларының авторлары Шендел және Хаттен стратегиялық жоспарлауды «анықталған мақсаттарды жүзеге асырудан және ресурстарды бөлу нәтижесінде сыртқы ортамен жоспарланған байланысты орнату әрекеттерінен тұратын, кәсіпорын мен онын ортасының арасындағы байланысты анықтайтын үрдіс» деп түсіндірді.
Стратегиялық жоспарлау - бұл басшы қабылдаған әрекеттер мен шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы арнайы стратегияны іздестіреді.
Стратегиялық жоспарлау
Стратегиялық жоспарлаудың өзіндік белгілері:
1. Стратегияны көпшілік жағдайда жоғарғы басшылар тұжырымдайды, алайда оны жүзеге асыруға басқарудың барлық деңгейіндегілердің қатысуы көзделеді.
2. Стратегиялық жоспар жеке бір ұйым үшін ғана емес, бүкіл кәсіпорынның болашағы үшін жасалады.
3. Стратегиялық жоспар көлемді зерттеулермен және нақты деректермен негізделеді. Қазіргі заманғы бизнесмен тиімді бәсекелесу үшін, фирма сапа, рынок, бәсеке және басқа да факторлар туралы толып жатқан ақпаратты ұдайы жинауы, әрі талдауы тиіс.
5. Стратегиялық жоспар ұзақ
Стратегиялық жоспарлар
Стратегиялық жоспар кәсіпорынның мақсаттар жүйесін құру, ішкі және сыртқы ортасын талдау, альтернативті стратегияларын құру және талдау, жоспарларды құру мен жүзеге асыру үшін құқықтық және ұйымтастырушылық алғышарттарын құру негізінде жүзеге асырылады. Стратегиялық жоспарды құрушылардың экономика және құқық, экология және урбанистика, статистика және социология, стратегиялық менеджмент және қаржы сфераларында ортақ және арнайы білімі болуы қажет. Сонымен қатар, олар қоғамдық пікірді талдау және қоғамды стратегиялық жоспарды құру үрдісіне жұмылдыру әдістерін білуі тиіс.
Стратегиялық жоспарлау кәсіпор
Стратегиялық жоспарлар шаруашылық қызметтегі басқару шешімдерін қабылдауда негізгі құралы болғандықтан, оның көмегімен кәсіпорын жаңашылдық пен ұйымдастырушылық өзгертулермен қамтамасыз етіледі. Стратегиялық жоспар қызмет етудің төрт түрін (стратегиялық жоспарлардың қызметтері) қамтиды
(1-сурет).
Сурет
1- Стратегиялық жоспардың
Ресурстарды бөлу материалдық, қаржылық, еңбек, ақпараттық және тағы да басқа ресурстарды бөлуді жоспарлау болып табылады. Кәсіпорынның қызмет ету стратегиясы бизнесті кеңейту, нарықтық сұранысты қанағаттандыру негізінде ғана емес, сонымен қатар ресурстарды тиімді тұтынудың өндіріс шығындарын ұдайы азайту арқылы құрылады. Сондықтан да бизнестің әр түрлі сфералары арасында ресурстарды тиімді бөлу және оларды рационалды тұтынудың комбинацияларын іздеу стратегиялық жоспардың маңызды қызметі болып табылады.
Сыртқы ортаға бейімделу қызметін шаруашылық етудің өзгермелі нарықтық жағдайларына кәсіпорынның бейімделуі ретінде түсіндіруге болады. Берілген қызметтің міндеті-кәсіпорынның шаруашылық тетігін нарықтық ортаның шаруашылық жүргізуші субъектілеріне қатысты жағымды және жағымсыз жағдайларға (артықшылықтар мен қауіп төнулер) бейімдеу, яғни, бәсекелестік күресте артықшылықтарды қолдана отырып, төнетін қауптердің алдын алу. Бұл қызмет, сонымен қатар, кәсіпорынды ағымдық басқаруда да қолданылады. Дегенмен, жедел басқару бәсекелестік артықшылықтар мен тосқауылдар алдын-ала жоспарланған жағдайда ғана тиімді болады. Мұндай жағдайда стратегиялық жоспарлаудың міндеті болып, кәсіпорынның сыртқы ортаға сай бейімделу тетігін құру арқылы кәсіпорын үшін жаңа қолайлы жағдай туғызу табылады.
Ішкі үйлестіру және реттеу – бұл стратегиялық жоспарда белгіленген мақсаттарға жету үшін кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің әрекеттерін жұмылдыру. Кәсіпорын стратегиясы бір-бірімен байланысты мақсаттар мен міндеттердің күрделі жүйесінен тұрады. Осы мақсаттар мен міндеттердің декомпозициясы оларды ұсақ компоненттерге бөлу мен сәйкес құрылымдық бөлімшелер мен атқарушылардың міндеттеріне бекітуді көздейді. Бұл үрдіс стратегиялық жоспарда мақсаттық негізде жүзеге асырылады. Сондықтан да стратегиялық жоспардың барлық компоненттері ресурстар, құрылымдық бөлімшелер, атқарушылар және функционалдық үрдістер бойынша байланыстырылуы тиіс. Бұл байланыс жоспарлау көрсеткіштерін құру жүйесімен және кәсіпорындағы басқару аппаратында үйлестіруге жауап беретін бөлімшенің немесе атқарушының болуымен қамтамасыз етіледі. Ішкі үйлестіру және реттеу объектілері болып, ішкі өндірістік операциялары табылады.
Ұйымдастырушылық
өзертулер қызметі басқару
Кәсіпорындығы стратегиялық жоспарлау көптеген сыртқы және ішкі экономикалық үрдістердің, факторлардың және құбылыстардың өзара әрекеттесуінің негізі болып табылады.
Стратегиялық жоспар кәсіпорын дамуының басым бағыттарын анықтайды; маркетингтік, жобалық, өндірістік және қаржылық әрекеттерді біртұтас жүйеге біріктіруге, сонымен қатар, жоспарлау, өнімді жылжыту және өткізу үрдістерін, тұтынушылардың қажеттіліктерін, нарықтық бағалардың құрылу механизмін түсінуге көмектеседі; кәсіпорынның, оның әр бөлімшесінің нақты және анық мақсаттарын белгілейді; кәсіпорынның барлық функционалдық қызметтерін шоғырландыруды қамтамасыз етеді; менеджерлердің өз артықшылықтары мен кемшіліктерін бәсекелестерінің көзқарасы жағынан және сыртқы ортаның шектеулері мен өзгерістерін ескере отырып бағалауын ынталандырады; ұзақ мерзімді кезеңдегі кәсіпорынның альтернативті әрекеттерін анықтайды; шектелген экономикалық ресурстарды бөлу үшін негізді құрайды; жоспарлау, ұйымдастыру, басқару, ынталандыру, бақылау және талдау функцияларын біртұтас жүйе ретінде қолданудың маңыздылығын көрсетеді.
2 Стратегиялық жоспарлау және талдаудың қағидалары мен механизмдері
Кәсіпорынның шаруашылық әрекетін стратегиялық жоспарлау жалпы экономикалық саясатты немесе жалпы нарықтық жүйені мемлекеттік дамыту стратегиясын іске асыруымен тығыз байланысты. Қазіргі жағдайда стратегиялық жоспарлаудың маңызды алғышарты болып, еркін нарықтық қатынастардың дамуы, және олардың үнемі және үздіксіз жетілдірілуі табылады. Сондықтан да стратегиялық жоспарлау кәсіпорындардың ұзақ мерзімді дамуына, әр түрлі өндірістік-техникалық факторлар мен ұйымдастырушылық-басқарушылық құрылымдарды сатылы жетілдіру негізінде экономикалық өсудің жоғары қарқындарына жетуге бағытталуы тиіс.
Кәсіпорындығы стратегиялық жоспарлау көптеген сыртқы және ішкі экономикалық үрдістердің, факторлардың және құбылыстардың өзара әрекеттесуінің негізі болып табылады.
Стратегиялық жоспарлауды
1. Стратегиялық жоспарлау
2. Кәсіпорын әрқашанда жалпы нарықтың шағын бөлігі ғана болып
саналатындықтан, ел экономикасын дәл жоспарлау үшін дәл ақпаратты мүмкіндігінше көбірек алу қажет.
3. Орта факторларының
4. Болашақтың даму барысын дәл болжаудың мүмкін болмайтындығы секілді, тұтастай нарық туралы, бірінші кезекте, бәсекелестер қызметіне тиісті маңызды деректерді күні бұрын алу мүмкін емес. Тағы бір атап көрсететін жайт, тұтастай экономикалық кейбір жағдайларды, мәселен экономикалық дағдарыстарды, ереуілдерді, т.б. жоспарлау тіптен мүмкін емес.
5. Кәсіпорындағы кез келген жоспарлау толық емес деректерге сүйенеді. Кәсіпорында жоспар жасау үшін, қажетті ақпараттар толық болмағандықтан, ал кейбіреуі мүлдем белгісіз болғандықтан, кейбір деректер жетіпейтіндіктен, жоспарлау сатысы көбінесе қызметкерлердің өз ісін қаншалықты жетік білетіндігіне байланысты.
6. Жоспар
жасаған кезде барлық
7. Кәсіпорынның жоспарлау жүйесі, кәсіпорынның сан алуан түрлі саласының қызметі бір-бірінен айқын шектелген, жекелеген жоспардан тұрады .
8. Қойылған
мақсатқа жетуді көздеу үшін
жоспарлау кәсіпорын
кәсіпорындарда қолданылады.
9. Жоспар кәсіпорын учаскелері өндірісінің нақты бағыттары бойынша жасалуы тиіс. Онда жекелеген міндеттер қойылып, ақша, сондай – ақ сандық көрсеткіштері айқындалады. Мұнда жоспарлау кезінде осал тұстар, басқаша айтқанда, кәсіпорын қызметінің маневрлігін, демек істің даму мүмкіндігін шектейтін салалар қатыстырылмауы тиіс.
Стратегиялық жоспарлау үрдісінде нарық сыйымдылығы және өткізу көлемін жоспарлау стратгиялық жоспарлауды іске асыру механизмінің маңыздысы болып табылады. Көптеген кәсіпорындар қызметінің осал тұстары болып, сату саласы саналады, сондықтан да кәсіпкерлік пен басқарудың барлық негізгі салаларында нарық сыйымдылығы мен өткізу көлемі, бюджет жоспарланады.