Нарық жағдайында кәсіпорында еңбек ақыны төлеуді басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 02:40, курсовая работа

Краткое описание

ҚР-ның еңбек туралы кодексі бойынша еңбек ақы – бұл жұмыскерлердің фактілі атқарған еңбегі үшін ақшалай және натуралды нысанда берілетін сыйақылардың жиыны болып табылады. Қазіргі кезде еңбек ақы жұмыскер табысының көп бөлігін құрайды. Ал нарықтық экономиканың дамуы кезіндегі еңбек ақы – оның еңбегін пайдаланудың нәтижесі болып табылады, және жұмыскер жұмсаған еңбегінің құнымен анықталып, пайдаланылған жұмыс күшінің сұранысынан туындайды.

Содержание

1. Нарық жағдайында еңбек ақыны төлеудің теориялық негіздері
1.1 Еңбек ақының мәні, мазмұны және қағидалары
1.2 Еңбек ақының нысандары мен жүйелері
1.3 Кәсіпорында еңбек ақыны мемлекеттік реттеу жүйесі

2. ЖШС “ПолимерМеталл-Т” кәсіпорындағы еңбекті мөлшерлеу мен еңбек ақы төлеудің нысандары мен жүйесі .
2.1 “ ПолимерМеталл-Т ” ЖШС– ның сипаттамасы мен экономикалық қызметін бағалау .
2.2 “ ПолимерМеталл-Т ” ЖШС– ң еңбек ақы төлеу жүйесін мөлшерлеу және талдау .
3. Қазақстан Республикасында еңбек ақы төлеуді жүйелеу мен жетілдіру жолдары.
3.1 Шет ел тәжірибелерінде еңбек ақыны ұйымдастыру .
3.2 ЖШС “ ПолимерМеталл-Т ”-да еңбек ақыны ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар .

Қорытынды .
Қолданылған әдебиеттер тізімі .

Прикрепленные файлы: 1 файл

Нарық жағдайында кәсіпорында еңбек ақыны төлеуді басқару.doc

— 440.50 Кб (Скачать документ)
  • қолданылатын жабдықтың сипатына;
  • технологиялық процестің ерекшелігіне;
  • еңбекті және өндірісті ұйымдастыруға;
  • материалдық және еңбек ресурстарын пайдалануға;

өнім сапасына қойылатын талаптарға байланысты.

       Ғылыми – техникалық  прогресс және мұнымен байланысты өндірісті автоматтандыру кесімді еңбек ақының мерзімдік еңбек ақыға ауысуындағы бет алыстардың пайда болуына мүмкіншілік туғызады. Мұндай еңбек ақы төлеудің нысанын пайдаланған кезде, кәсіпорын қызметінің нәтижелілігін төмендетпейтін барлық мүмкіншілік шаралар қолданылуы керек. Мұндай шаралардың қатарына, еңбек ақы төлеудің мерзімдік нысаны кезіндегі еңбекті мөлшерлеудің жоғарғы деңгейін қолдайтын және сақтайтын шаралар жатады.

     Еңбек ақы төлеудің  аралас жүйесі мерзімдік және  кесімді еңбек ақы төлеудің негізгі артықшылықтарын қамтиды және еңбек ақы мөлшерінің жеке қызметкерлер және кәсіпорын қызметінің нәтижесімен икемді байланысын қамтамасыз етеді. Мұндай жүйелерге қазіргі кезде тарифсіз жүйе жатады.

     Кәсіпорында еңбек  ақы төлеуді ұйымдастыру 3 өзара байланысты және өзара тәуелді әлементтермен анықталады:

    • еңбек ақы есептеудің тарифсіз жүйесі;
    • еңбекті мөлшерлеу;
    • еңбек ақы есептеудің тарифтік жүйесі;

    Еңбек ақы төлеудің  тарифсіз жүйесінде қызметкерлердің  табыстары ұжым жұмысының соңғы  нәтижелеріне толықтай тәуелді. Тарифсіз жүйе еңбек ақы қорындағы барлық ұжымның тапқан табысындағы өзінің үлесін көрсетеді. Мұндай жүйеде тарифтік мөлшерлеме немесе тұрақты жалақы белгіленбейді, ол ереже бойынша мұндай үлесті еңбекке қатысу деңгейін, жұмысшыға белгіленген тұрақты коэффициент арқылы анықтаймыз. Мұндай жүйені ұжымның әрбір мүшесінің жалпы жауапкершілігі және мүддесі кезіндегі қызметкердің еңбек нәтижесін бағалауға мүмкіншілік бар кезде қолданған орынды.

     Бұл жүйеде  біліктілік деңгейі еңбек нәтижесін бағалау және еңбек ақыны бөлу – арнайы коэффициенттер арқылы жүргізіледі. Мұндай жүйеде директордан жұмысшыға дейін жұмыскердің еңбек ақысы бөлімше еңбек ақы қор үлесін көрсетеді. Еңбек ақы жұмыскердің біліктілік деңгейіне, еңбекке қатысу коэффициентіне және істеген жұмыс көлеміне байланысты. Тарифсіз жүйенің негізі – жұмыскерлердің өнім шығаруға қатысушылығын көрсететін біліктілік деңгейі болып табылады. Біліктілік деңгейі былай анықталады:

                                         Бд = Eан/Еамин,                            (6) 

мұндағы: Бд – біліктілік деңгейі;

                 Еан – нақты еңбек ақы;

                 Еамин – кәсіпорындағы еңбек  ақының минималды деңгейі.

     Біліктілік  деңгейі жүйесі тарифтік жүйеге  қарағанда жұмыскердің біліктілігінің  өсуіне көп мүмкіндік жасайды. Біліктілік деңгейін анықтаудың тағы бір түрі – бөлімшелердің еңбек барысында жинаған баллдары арқылы есептеу, яғни

                                         Б = Бд*С*КТУ,                               (7)

мұндағы: Б - әр цехтың жинаған баллдары;

                 С – жұмыс істелінген сағаттар;

                  КТУ – еңбекке қатысу коэффициенті.

     Содан соң әрбір  цехтың жинаған баллдар сомасын  есептелініп, 1 балл бағасы анықталады:

                                         Цб = ФОТ/б,                                    (8)

мұндағы: Цб – 1 балл бағасы;

                 ФОТ – еңбек ақы қоры;

                 б – жиналған балл сомасы.

                                          Еапф = Цб*Б,                                 (9)

Еапф – жұмыскердің нақты  еңбек ақысы.сыйақылау жүйесі.

    Еңбекті мөлшерлеу –  бұл жұмыскерлердің барлық категориялары  үшін еңбек шығындары көлемін  орнату. Еңбекті мөлшерлеу жүйесі  еңбек ақыны мемлекеттік реттеуге  мүмкіндік туғызады, сонымен қатар  еңбек нәтижесін бағалауда қолданылады, яғни еңбек ақы төлеу негізі болып табылады.

    Тарифтік жүйе әр түрлі  топтағы және категориядағы қызметкерлердің  еңбектерінің сапалық сипаттамасына  тәуелді, олардың еңбек ақыларын  саралауды және реттеуді жүзеге  асыра алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін нормативтердің жиынтығын көрсетеді. Сондықтан да еңбек ақының тарифтік жүйесі бойынша жұмыскерлер ақылары, олардың біліктілік деңгейлеріне, еңбек өнімділігіне байланысты белгіленіп реттеледі.

    Тарифтік жүйеге:

  • сағатына немесе күніне еңбек ақы мөлшерін анықтайтын тарифтік жүйе;
  • еңбек ақы төлеудегі жұмыстың және жұмысшылардың әр түрлі разряд арасындағы қарым-қатынастарын көрсететін тарифтік тор;
  • тарифтік тормен сәйкес жұмысшылардың және жұмыстың разрядын анықтауға болатын тарифтік-біліктілік анықтамалар кіреді;

    Өнеркәсіп кәсіпорындарында тарифтік жүйені қолдану. Жұмыстың негізгі түрлерінің толық сипаттамасынан тұратын және өнеркәсіптің әрбір саласын құрастырылған тарифтік-біліктілік анықтамасының негізінде жүргізіледі. Анықтаманы және қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

    Тарифтік мөлшерлеме (жалақы) – бұл жұмыс уақытының бірлігі үшін (сағат, күн,ай), біліктіліктің айқын күрделілігінде еңбек мөлшерлемесін (еңбек міндеттерін) орындаған қызметкердің еңбек ақысының белгіленген мөлшері. Тарифтік ставка – тарифтік жүйе құралатын басты элементтердің бірі болып саналады. Ол жұмыскердің еңбек ақы көлемін уақыт бірлігімен есепке алған соң сағаттық, күндік, айлық деп бөлінеді. Еңбек ақыны ұйымдастыруда сағаттық тарифтік ставка маңызды рол атқарады, себебі өнеркәсіптің барлық салаларында сағаттық тарифтік ставка негізінде еңбек ақы есептелінеді. Сондықтан, барлық салаларда күндік тарифтік ставка белгіленген кезде алдымен сағаттық тарифтік ставка есептелінеді. Сағаттық ақы төлеу жұмыскерлердің сағаттық тарифтік ставкасы және есепті мерзімде істеген жұмыс уақыты арқылы орындалады. Күндік тарифтік ставка жұмыскерлердің күндік және атқарылған жұмыс күні негізінде есептелінеді. Ал айлық ақы төлеу кезінде нақты айлық ставкалар, осы айға жасалған жұмыс графигіне сәйкес жұмыс күні көлемі және жұмысшының осы айда нақты істелген жұмыс күні көлемі негізінде есептеледі. Тарифтік жүйенің тағы бір элементтері болып аудандық коэффициенттер және еңбек стажы үшін үстемелер болып табылады. Олар компенсация және ынталандыру қызметін атқарады. Аудандық коэффициенттер әртүрлі табиғаты нашар аудандардағы жұмыс күшінің ұдайы өндірісін теңгеру қызметін атқарады. Еңбек өтіліне үстемелер мемлекет экономикасы үшін де өте маңызды. Себебі, бұл үстемелер еңбек ресурстарымен аз жабдықталған аудандарындағы жұмысшылар еңбек ақысына артықшылық қызметін атқарады. Аудандық коэффициенттер мөлшері 1,1-ден 2,0-ге дейін орнатылады.

    Тарифтік тор – бұл разрядтардың және оған меншіктелінген тарифтік коэффициентердің арақатынас мәкілі. Тарифтік тордағы разрядтардың саны және тарифтік коэффициенттер арасындағы алшақтықтар әртүрлі және олар өнеркәсіптің әр түрлі саласында орын иемдеген нақты ерекшеліктермен және бөлінісінің дәрежесімен анықталған.

    Жұмысты тарифтеу – бұл еңбек түрлерінің күрделілігіне тәуелді еңбек түрлерін біліктілік категориясына немесе тарифтік разрядқа жатқызу.

    Тарифтік разряд – қызметкердің біліктілігін және еңбек күрделілігін қамтып көрсететін шама және тарифтік разряд әр өндірістік операцияда, әр жұмыста қолданылады, біліктілік разряд – қызметкердің кәсіптілігін дайындаудағы деңгейін қамтып көрсететін шама.

       Еңбекті тарифтеу  және тарифтелу разрядының қызметкерлерге  иемденіп кетуі қызметкердің  біліктілігіне, ұсынылған талаптарымен көрсетілген. Ол келесі суретте бейнеленген.

 


 



 


 




 





 


 

 

        1.3-сурет   Еңбек ақыны ұйымдастыру

 

    1.3  Қазақстан Республикасында  еңбек ақыны мемлекеттік реттеу  жүйесі      

 

     Экономиканың реформасы жылдары Қазақстанда еңбек ақыны төлеу, реттеудің белгілі бір тетіктері қалыптасты. Бұл тетіктер мемлекеттік және ұжымдық-келісім ұйымдастыру функцияларына сүйене отырып халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған. Экономика реформасының алғашқы жылдары пайда болған кейбір негативті бағыттар осы күнге дейін бар. Олар:

         - жұмыс күшінің арзандауы мен  халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі;

         - көптеген өнеркәсіп орындарында  және экономиканың кейбір салаларында  кәсіптік-білікті жұмысшылардың еңбек ақысын себепсіз саралау сақталып келеді;                              

         - көптеген өнеркәсіп орындарында  жиі себепсіз, жұмыстың нәтижесіне  қарамай жоғары төлемдер тағайындалады.

    Осы негативті бағыттардың  кесірінен еңбек ақы толықтыру  және ынталандыру жүйелерін жоғалтты.

     Еңбек ақының  жұмыс күшін толықтыру жүйесінің  төмендеуі көп аспектті процесс.  Ол келесі түрлермен сипатталады:

         - тұтыну  тауарларына бағаның өсу қарқыны  орташа еңбек ақының өсу қарқынынан  артық болуына байланысты еңбек ақының сатып алу қабілетінің төмендеуі.

         - орташа айлық еңбек ақы мен  өмір сүру деңгейінің мөлшерінің  айырмасының төмендеуі.

     Орташа өмір сүруге  керекті тауарларды сатып алу деңгейі 2005-2009 жылдар арасында екі еседей азайды және бұл бағыт әлі сақталуда;

         - еңбек ақының төменгі деңгейі  мен өмір сүруге керекті ақшаның  деңгейінің айырмасы азайды. Мысалы, 1995ж. өмір сүруге керекті тауарларды  сатып алу үшін керекті еңбек  ақының төменгі саны 0,85 болса, 2009ж. Ол он есе, яғни 10,3 болды. Мемлекет тарапынан кепілдіктің төмен болуынан еңбек ақының толықтыру жүйесі төмен. Бірыңғай тарифтік топ бойынша бюджеттік жұмысшылар мен қызметшілер үшін 27 тарифтік разряд бар. Жұмыс күшін толықтырудың төменгі деңгейіне бұл мемлекеттік тарифтік жүйе тек 18 разрядтан жоғары ғана мүмкіндік береді. Ал қалғандары кедейлік шектен тыс қалады. Бұл дегеніміз еңбек ақының осы бірыңғай тарифтік топ бойынша төленетін өнеркәсіп орындарында еңбек ақы жұмыс күшін толықтыру, ынталандыру функцияларын атқара алмайды.

          - еңбек ақының жалпы кірістегі үлесі азайған. Мысалы: 2005ж. еңбек ақының жалпы кірістегі үлесі 73,1% болса, бұл соңғы жылдары тұрақты азайып барады.

    Еңбек ақыны ұйымдастыру  және реттеу әдістерін қазіргі  кезде елімізде 3 тұрғыдан қарастыруға  болады:

      • мемлекеттік;
      • нарықтық;
      • әлеуметтік әріптестік жүйесі.

    Еңбек ақыны мемлекеттік  деңгейде реттеудің маңыздылығы  нарықтық реттеушілер толық қалыптаспаған  тұста айқын байқалады. Мемлекеттік  реттеу 2 түрде жүргізіледі: тікелей  және жанама.

     Тікелей – белгілі бір сандық өлшемдер мен белгіленген мөлшерлер түрінде жүргізіледі. Ол еңбек заңнамаларда болуы тиіс. Жанама еңбек ақы төлеудің нысандарын, жүйесін және тарифтік ставкаларға қолдану сияқты т.б. әдістемелік ұсыныстар жасау түрінде болады.

    Еңбек ақыны нарықтық деңгейде ұйымдастыру мен реттеу еңбек нарығының негізгі заңдылығына сүйенеді (яғни сұраныс пен ұсынысқа). Бұл жағдайда жұмыс берушілер жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс  деңгейлерінің ауытқуын есепке ала отыра, жалдамалы жұмысшылар еңбек ақының көлеміне өзгертулер енгізеді.

    Еңбек ақыны әлеуметтік  әріптестік жүйесі бойынша реттеу  – Қазақстан Республикасының  заңына сәйкес әлеуметтік әріптестік  атқарушы билік органдары өнімдерінің,  жұмыс беруші мен қызметкерлер  өнімдерінің мүдделерін келістіруді қамтамасыз етуге бағытталған қатынастар мен рычагтар жүйесі. Еңбек ақысын реттеуде әлеуметтік әріптестік жүйесіндегі келісімдердің келесі жүйелері Қазақстанда жұмыс істеуде. Деңгейлері:

        1. Республикалық  деңгейде – үкімет, кәсіподақтар, жұмыс берушілер мен бірлестіктер арасындағы бас келісімдер.

        2. Салалық  деңгей – салалар бойынша осы  3 тараптық тарифтік келісімдер.

   3. Аймақтық деңгей – аймақтар  бойынша (облыс, қала, аудан) қызметкер  кәсіподақтары, жұмыс берушілер  бірлестігі және жергілікті билік өкілдері арасындағы келісімдер.

  1. Жергілікті деңгей және кәсіпорын деңгейде – жұмыс берушілер мен кәсіподақтар арасындағы жұмыс келісімдер.
  2. Жеке тұлғалық келісімдер – жұ<span class="dash041e_0441_043d_043e_0432_043d

Информация о работе Нарық жағдайында кәсіпорында еңбек ақыны төлеуді басқару