Кәсіпорын шаруашылық жүргізу объектісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2013 в 17:05, реферат

Краткое описание

Қазақстан экономикасы жаңа нарықтық экономикаға өтудің маңызды кезеңінде. Осыған байланысты, нарықтық қайта құруларды іске асыру үшін қажетті, мынадай бағыттарды ұстануда – мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржылық, несиелік саясат, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы нарықтық инфрақұрылымды қарастыру. Осы экономикалық дамуда шаруашылық субъектісі – кәсіпорынның маңызы өте зор болғандықтан, кезек күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлік қызметті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту қарқынды қолдау көрсетілуде.

Содержание

КІРІСПЕ.........................................................................................................3
Негізгі бөлім
Кәсіпорын шаруашылық жүргізу объектісі.........................................4
Кәсіпорын түсінгі және олардың топтастырылуы
мен жіктелінуі..........................................................................................7
Кәсіпорын қызметінің негізгі сипаты..................................................10
Экономикалық дамудағы кәсіпорынның ролі.....................................11

Прикрепленные файлы: 1 файл

Реферат 3 апта СӨЖ тапсырмасы.doc

— 124.50 Кб (Скачать документ)

Тұжырымдамада интеграциялық процесті дамытудың  мынандай қағидалары қаралған: кеден  кедергілерін жоюуы, салық, акциз алымын төмендету, отандық тауар өндірушілерді  қорғау шараларын жасау. Осы процестерге  – “микродеңгейдегі интеграция” деген айдар тағылды.

Шаруашылық  субьектісінің әр түрлі осы аталған  негізінде “микродеңгейдегі интеграцияны”  жүзеге асы-рады. Бұл Ресей мен  Қазақстан жобасында тәп-тәуір  ескерілмек. Біріккен кәсіпорындар мен  қаржы — өнеркәсіп топтары  құрылып, керек жобаларды мұнай өндіру және газ салаларында, көмір өндіру, машина құрылысында өткеру жүзеге асырылуды.

Қазақстанның  егемен ел ретінде БҰҰ – ны және басқа да көптеген халықаралық ұйымдарға  мүше болуы, ел экономикасын халықаралық  сауда қарым-қатынасына интеграциялауға обьективті жағдайлар жасады.

Қазақстанның жағдайын талдап қарасақ, онда біз мынадай оңды құбылыстарды байқар едік:

  1. Теңге тұрақтылығының нығаюы. Егер 1995 жылы теңге доллармен салыстырғанда 28,8% төмендеген болса, 1996 жылы 4,5% ғана төмендеді.
  2. Инфляция деңгейінің төмендеуіне байланысты ұлттық банктің қайта құру ставкасы егер 1995 жылдың ортасында жылдық 75% болса, сол жылдың аяғында 52,5% ал 1996 жылда 30% болды.
  3. Өндірістің құлдырауы тежеліп, макроэкономика-лық ахуал барынша түрақтанып, келешегіне болжам жасайтындай күйге жете бастады. Ішкі жалпы өнім 1996 жылдың бірінші жарты жылында 1995 жылғы сол кезеңмен салыстырғанда 100,1%, соның ішінде өнеркәсіп өнімі 100,2% болды. Соңғы жеті жылдың ішінде тұңғыш рет Қазақстанда өндірістің құлдырауы тоқтатылып, біршама экономикалық өсуге қол жеткізілді.

4. Экспорт өнімдері  тұрақты түрде ұлғаюда, егер 1995 жылы оның өсімі 154,5% болса,  кейінгі жылдары да едәуір  өседі деп күтілуде.

Солардың  ішінде:

  • Облыстардың лицензиялар беру құқығын жойып, сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінен мемлекеттік сыртқы сауда компанияларын бөліп, олардан монополиялық сауда жасау құқығын алу қажет;
  • Барлық лицензиялар мен үлестерді аукциондарда сатуды заңдастыру керек. Мұның өзі пайданың  бір бөлігін мемлекет қазынасына алуға, меншіктік әртүрлі нысандағы кез келген кәсіпорынның лицензиялар мен квоталарға ашық және бәсекелестік түрде қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

Экспорттық  салалар мен өндірістің дамуын жетілдіре  беру мен ынталандыру мақсатында экспорттың салық салу жүйесінде тұрақты түрде талдаулар жасап, қажет болған жағдайда оларға өзгерістер енгізу бүгінгі – күннің талабы. Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы орнын тұрақтандырып, рөлін мейілінше арттыру бағыттарында  қолға алатын жұмыстар жеткілікті. Бұл жұмыстардың негізгілерінің ішінде аяқталған кешен құрып, экспорттағы шикізат бағытын жеңу үшін сыртқы экономикалық байланыстар саласын, республика экономикасын құрылымдық қайта құру бағдарламасына сәйкестіндіре білу қажет. Бұл ретте дайын өнім өндіретін аяқталған техникалық кешендер құрып, өндіру салаларын экстенсивті дамудан интенсивті дамуға көшіріп, дүниежүзілік деңгейдегі жаңа технологияларды пайдалануды мақсат тұту керек.

Аталған салалар  мен өндірістерді шұғыл дамыту мемлекеттердің экспорттық әлеуетін ұлғайтып қана қоймай, жұмыспен толық қамту мәселесіне де қолайлы жағдай жасайды. Егер республикадағы жұмысшы күшінің салыстырмалы  арзандығы мен қолда бар шикізатты, мысалы, өндірістік қалдықтарды жеңіл және тез іске асыруға болатындығын ескерсек, олардың экономикалық тиімділік деңгейі жоғары екендігі түсінікті. Қазақстанның халықаралық саудадағы рөлін күшейту үшін, оған тән ерекшеліктерді байқап бағдарлау қажет. Қазақстанның ерекшелігі оның дамыған, сондай-ақ дамушы елдер қатарында бірдей болуы.

Экономиканың шикізаттық бағыты, шетел инвестициялары мен жаңа технологияларға деген қажеттілік, инфрақұрылымның төмен дәрежесі, Республиканың дамушы ел екендігінің дәлелдері. Ал, дамушы елдердің өз экспортына қолайлы база жасау бағытындағы іс-қимылдары көптеген кедергілерге кездесетіні белгілі.

1997 жылдың басында  Мәскеуде интеграциялық комитетте  Белорусьтің, Қазақстанның, Қырғызстанның  және Ресей Федерациясының сарапшы  топтарының бүкілдүниежүзілік сауда  ұйымына кіру мәслесі жөнінде  жұмыс басындағы кеңес болып өтті. Егер экономикалық құбыластарды зерттейтін ғылымдардың жиынтығын алып қарастырсақ, олар бір зәулім дарақтың тамырынан тарап өскен желектері тәрізді болып көрінер еді.

Халықаралық экономикалық қатынастар теориясы да өз бастауын экономикалық теориядан алады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мәні, осы қатынастарды жүзеге асыру тетіктерін талдап оқытады.

Халықаралық экономикалық қатынастар жекеленген елдердің салалық  аймақтық шаруашылығының субьектілері.

Халықаралық экономикалық қатынастың қалыптасып орнығуы, оны өз заңдары, қызмет нысандары, ішкі тетіктері  бар дербес құбылысқа айналдырады.

Халықаралық экономикалық деңгейде оны жекелеген елдер  мен аймақтардың халықаралық  экономикалық белсенділігі мен шетелге  шығуға ұмтылыстары айғақтайды. Макроэкономикалық деңгейде мұны фирмалар мен кәсіпорындардың күші нарықтың шеңберінен шығып, әлемдік нарықтың кеңістіктеріне ұмтылыстары байқалады. Халықаралық экономикалық қатынастың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Кәсіпорын шаруашылық жүргізу объектісі