Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2013 в 17:05, реферат
Қазақстан экономикасы жаңа нарықтық экономикаға өтудің маңызды кезеңінде. Осыған байланысты, нарықтық қайта құруларды іске асыру үшін қажетті, мынадай бағыттарды ұстануда – мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржылық, несиелік саясат, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы нарықтық инфрақұрылымды қарастыру. Осы экономикалық дамуда шаруашылық субъектісі – кәсіпорынның маңызы өте зор болғандықтан, кезек күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлік қызметті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту қарқынды қолдау көрсетілуде.
КІРІСПЕ.........................................................................................................3
Негізгі бөлім
Кәсіпорын шаруашылық жүргізу объектісі.........................................4
Кәсіпорын түсінгі және олардың топтастырылуы
мен жіктелінуі..........................................................................................7
Кәсіпорын қызметінің негізгі сипаты..................................................10
Экономикалық дамудағы кәсіпорынның ролі.....................................11
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті
Аймақтық қашықтықтан оқыту орталығы
"Экономика" кафедрасы
Тақырыбы: Кәсіпорын шаруашылық жүргізу объектісі.
Пәні: Кәсіпорын экономикасы
Тексерген: Сатымова Мөлдір Есенжанқызы
Орындаған: Кенжеғұлова Жанар ҚР(Д)-121 оқу тобы
Алматы 2013 ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
Негізгі бөлім
мен
жіктелінуі....................
КІРІСПЕ
Қазақстан экономикасы жаңа нарықтық экономикаға өтудің маңызды кезеңінде. Осыған байланысты, нарықтық қайта құруларды іске асыру үшін қажетті, мынадай бағыттарды ұстануда – мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржылық, несиелік саясат, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы нарықтық инфрақұрылымды қарастыру. Осы экономикалық дамуда шаруашылық субъектісі – кәсіпорынның маңызы өте зор болғандықтан, кезек күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлік қызметті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту қарқынды қолдау көрсетілуде.
Қазақстан Республикасында жүргізілетін экономикалық реформалар кәсіпорынның құқықтық, қаржы-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, оның экономика жүйесіндегі мәртебесін бірталай өзгертті. Нарықтың экономика жағдайында, мемлекеттік меншікке негізделген кәсіпорынның халық шаруашылығының бұрын артықшышылықты болған барлық салалардың орнында, не мемлекеттік мүліктік шаруашылық жүргізу құқығына, не өндіріс құралдарына жеке меншікке негізделген миллиондаған кәсіпорындар пайдалы қызмет етуде. Тұрақты қалыптасып жатқан нарықтық механизм кәсіпорынды мемлекетпен (бюджетпен) шаруашылық әріптестермен, бәсекелестермен және жалдамалы жұмысшылармен жаңа қатынастарға қояды.
Қазіргі
кезде Қазақстан
Кәсіпорын – заң тәртіптері бойынша тіркеуден өткен, мүлікті пайдаланудан, тауарларды сатудан, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету арқылы пайда табуға жүйелі түрде бағытталған кәсіпкерлік қызмет субъектісі.
Шаруашылық етудің нарықтық жүйесі жағдайында кәсіпорын оның негізгі буыны болып табылады. Ол ұлттық шаруашылықтың іскерлік белсенділігін анықтайды, осында өнім жасап шығарылады және қызметкер мен капиталдың тікелей байланысы жүзеге асырылады. Кәсіпорында білікті мамандар, кадрлар жұмылдырылған, ресурстарды үнемді пайдалану және өтімділігі жоғары техника мен технологияны пайдалану мәселелері шешіледі. Сонымен қатар, кәсіпорын жұмыс орындарын қалыптастыра отыра, тұрғындардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді, салықтарды төлеу арқылы әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысады.
Кәсіпорын – сұранысқа қажетті өнім өндіру, жұмыстарды орындау және қызмет түрлерін көрсету үшін материалдық және ақпараттық ресурстарды пайдаланатын жан-жақты шаруашылық субъект. Ол өз қызметімен жеке дербес түрде айналысады, салықтар, басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайда мөлшерін өзі бөледі, яғни кәсіпорын жеке дербес тауар өндіруші болып табылады.
Салааралық құрылымы бойынша кәсіпорындар «тар» мамандандырылған, көп профилді және аралас болып бөлінеді:
Кәсіпорын құрылымы – бұл бүтін шаруашылық объектіні құрайтын ішкі буындардың: цехтар, учаскелер, бөлімдер, лабораториялар және басқа да бөлімшелердің құрамы мен ара-қатынастары. Оның жалпы, өндірістік және ұйымдық құрылымы болады.
Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы – бұл басқару аппараты бөлімшелері және олардың өзара байланыстары мен өзара бағыныштылығының құрамы.
Кәсіпорынның басқару аппараты – басқарушылық шешімдерді дайындауға және оны жүзеге асыруға жауапкершілік жүктелген басшылар мен мамандар тобы. Басқару аппаратының ұйымдық құрылымы бірнеше буын сандарымен сипатталады, көбіне үш буынды жүйе қолданылады:
Әрқайсы өзіне жүктелген жұмыс учаскесіне жауапты болады.
Басқару құрылымының түрлері: сызықты, функционалды, сызықты-функционалды, сызықты-штабты, өнімдік, дивизионалды, жобалық, матрицалық, бағдарламалы-мақсатты, бригадалық, төңкерілген пирамида түріндегі басқару құрылымы.
Функционалды ұйымдық құрылым көп жағдайда дәстүрлі немесе классикалық деп те атайды. Осы құрылымдағы бөлімшелер қызметінің нақты сипаттамалары ұйым қызметінің басты бағыттарын қамтиды. Ұйым қызметінің дәстүрлі функционалды зоналарына (аймақтарына) маркетинг, өндіріс және қаржы бөлімшелері жатады. Бұл ұйымдық құрылымның негізгі идеясы мамандандыру артықшылықтарын толықтай пайдалану және басшылықтың шамадан артық болмауын қадағалайды.
Дивизионалдық құрылымда ұйымды құрылымдық бөлімшелер мен элементтерге бөлу товарлар мен қызмет түрлері бойынша, сатып алушылар топтары немесе географиялық аймақтар бойынша жүргізіледі. Бұл құрылымдарды сәйкесінше келесідей атайды: өнімдік құрылым, сатып алушыға бағытталған құрылым, аймақтық құрылым.
Көлденең еңбек бөлінісіне негізделген функционалды және дивизионалды құрылымдармен салыстырғанда сызықтық құрылымның элементтері тік сызық бойынша бағынышты иерархиясы болады.
Сызықтық құрылым көп үлкен емес ұйымдар үшін тиімді. Ұйымның өсуіне байланысты басқарудың түрлі деңгейлеріне маманадар мен эксперттерді тартудың қажеттілігі туындайды. Бұл жағдайда құрылым сызықты-штабтық деп аталады. Ұйымның функционалды күрделілігінің және орындалатын жұмыстарының артуы жағдайында сызықты-штабтық құрылымды пайдаланады.
Жұмыстардың жобалық ұйымы өзінің мәні бойынша нақты мәселені (міндетті) шешу үшін құрылатын уақыттық құрылым болып табылады. Осы жұмыстар ұйымының мәні мынада: күрделі жобаны белгіленген уақытқа және белгіленген сапаға сәйкес орындау үшін ұйымның біліктілігі жоғары қызметкерлерінен бір команданы (топты) құру. Команда жоба аяқталғанға дейін бірге жұмыс жасайды.
Матрицалық құрылымдағы жоба басшылары толықтай нақты жоба бойынша қызметтің барлық түрлері мен ресурстарын интеграциялауға жауапты. Оларға қажетті барлық материалды және қаржы ресурстары бөлінеді. Жоба басшысында жобалық өкілеттік болады. Мұндай өкілеттіктер компаниядағы жұмыстарды ұйымдастыруда кең көлемде өзгеруі мүмкін.
Кәсіпорынның ішкі ортасы оның миссиясы мен мақсаттарына байланысты қалыптасады, ал олар өз алдына көп жағдайда сыртқы ортамен анықталады. Кәсіпорынның ішкі ортасы құрамына адамдар, техника, технология, ақпараттар, өндірісті ұйымдастыру мен басқару және т.б. енеді. Оны бірнеше негізгі кіші жүйелер арқылы көрсетуге болады:
Кәсіпорынның
ішкі орта құраушыларының маңызы өте
зор, сонымен қатар кәсіпорын
– бұл онда қызмет ететін адамдар
ұжымы, оның басты байлығы. Олардың
қабілеттері, білімдері, біліктілігі,
тәжірибесі, еңбекке деген қатынасы
нәтижесінде фирманың имиджіне,
мәртебесіне, өнім сапасына, кәсіпорын
жұмысының нәтижесіне үлкен үлес қосады.
Кез-келген кәсіпорын – түрлі кіші жүйелерден
құралып бір әлеуметтік-экономика-
Сыртқы орта – кәсіпорын аумағында әрекет ететін және оның түрлі қызмет аясына әсер ететін белсенді шаруашылық субъектілер, экономикалық, қоғамдық және табиғи жағдайлар, ұлттық және мемлекет аралық институционалды құрылымдар мен басқа да сыртқы жағдайлар мен факторлардың жиынтығы. Сыртқы ортаны екіге бөледі:
Кәсіпорын – заң тәртіптері бойынша тіркеуден өткен, мүлікті пайдаланудан, тауарларды сатудан, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету арқылы пайда табуға жүйелі түрде бағытталған кәсіпкерлік қызмет субъектісі.
Кәсіпорын әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім(тауар) өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңи тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді. Кәсіпорын заңнамада тыйым салынбаған және кәсіпорынның жарғысында көзделген мақсаттарға сай келетін кез келген шаруашылық қызметпен айналыса алады.Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарылатын өнімін, салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы иеленеді. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылды деп саналып, заңи тұлға құқығын иеленеді. Тіркеу үшін құрылтайшы оны құру туралы шешімді немесе құрылтайшылардың шартын, кәсіпорынның жарғысын және басқа құжаттарды ұсынады. Кәсіпорынның дербес балансы, банктерде есеп айырысу шоттары мен өзге де шоттары, өзінің атауы жазылған мөрі болады.
Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына оның қызметі үшін керекті мүліктің барлық түрлері, бұған қоса жер телімдері, ғимараттар, жабдықтар, шикізат, өнімдер, талап құқықтары, сондай-ақ, кәсіпорынды, оның өнімін, жұмыстары мен көрсететін қызметтерін дараландыратын таңбаларға құқықтар (фирмалық атаулар, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері) және заң мен шартта өзгедей көзделмеген жағдайда басқа да айрықша құқықтар кіреді. Меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісуімен кәсіпорын заңи тұлға құқықтары берілген еншілес шаруашылық жүргізуші субъектілер, сондай-ақ филиалдар, бөлімшелер, банкіде шот ашу құқығы бар басқа да оқшауландырылған бөлімшелер құра алады. Тиісті орган арқылы мемлекет, еңбек ұжымдары, жеке және заңи тұлғалар, соның ішінде шетелдік тұлғалар да, кәсіпорынның құрылтайшылары бола алады. Меншік нысандарына қарай кәсіпорын жеке, мемлекеттік, ұжымдық немесе аралас меншіктегі, сондай-ақ, қоғамдық ұйым меншігіндегі кәсіпорын нысанында құрылуы мүмкін. Олар жекеше кәсіпорын, серіктес (жарнапұлға негізделген серіктестік), акционерлік қоғам, мемлекеттік кәсіпорын, коммуналдық кәсіпорын түрлеріне жіктеледі. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың дербестігін кеңейтумен бірге экономикалық бірігудің жаңа нысандарын – серіктестіктер, қауымдастықтар, бірлескен кәсіпорындар, шағын кәсіпорындар, консорциумдар, биржалар,коммерциялық банктер құрудың тиімділігі айқындала бастады.