Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 19:50, реферат
Шаруашылық субъекті статусының жоғарылауы олардың алдында өндірістік және қаржылық мәселелердің шешілуіне мүмкіндік ашып, басқарушылар алдына қаржыландыру көздерін табу, инвестициялық саясатты оңтайландыру мәселелерін қояды. Ұйымның қаржылық тұрақтылығын бағалау, төлем қабілеттілігін анықтау және объективті, ғылыми негізделген оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін қаржылық талдау қажет. Яғни, талдау ұғымы кең көлемде кішкентай бөлшектерге бөлінген және олардың байланыстарының әртүрлілігіне қарамастан табиғат құбылыстары мен заттарын танудың тәсілі ретінде қарастырылады.
Төменде қаржылық талдауда жиі айдаланылатын қаржылық көрсеткіштер келтірілген:
I. Liquidity Ratios – Өтімділік коэффициенттері
Қысқа мерзімді қарыздық міндеттемелерді ұстаушылардың талаптарын қанағаттандыра алуын сипаттайды.
1. Абсолютті өтімділік коэффициенті
Қысқа мерзімдегі қарыздық міндеттемелердің қандай мөлшері абсолютті өтімді активтер, яғни нарықтық бағалы қағаздар мен депозиттердің көмегімен өтеле алатындығын көрсетеді. Формуласы:
Ақша қаражаттары + қысқа мерз. қарж салымдар
АӨ =
Ағымдағы міндеттемелер
2. Мерзімді өтімділік коэффициенті (Acid test ratio, Quick ratio)
Айналым қаражаттарының ең өтімді бөлігінің (ақша қаражаттары, дебиторлық қарыздар, қысқа мерзімдегі қаржылық салымдар) қысқа мерзімдегі міндеттемелерге қатынасы. Әдетте бұл көрсеткіштің мәні 1-ден асуы тиіс. Формуласы:
Ақша қаража-ы + қысқа мерз. қарж салы-р + пайдал-н қара-р
QR=
Ағымдағы пассивтер
4. Таза айналыстағы капитал (Net working capital), ақша бірліктерінде Кәсіпорынның айналыстағы активтері мен қысқа мерзімдегі міндеттемелерінің айырмасы. Бұл капитал кәсіпорынның тұрақтылығын сақтау үшін қажет, себебі егер де айналыстағы қаражаттар қысқа мерзімдегі міндеттемелерден артып кетсе, компанияның өз қарыздарын өтеуге мүмкіндіктерінің болмауымен қатар, қызмет аясын ұлғайтатын резервтері болмайды. Айналыстағы капиталдың жеіспеушілігі компания өзінің қысқа мерзімдегі міндеттемелерін төлей алмайды дегенді білдіреді. Капиталдың оңтайлы қажеттілік мөлшерінен едәуір артып кетуі ресурстардың дұрыс емес пайдаланылуын көрсетеді. Мысалы: нақты қажеттілік деңгейінен артық акциялар шығару немесе несие алу. Формуласы:
NWC = Ағымдағы активтер – ағымдағы пассивтер
II. Gearing ratios – капитала құрылымының көрсеткіштері
Көрсеткіш қаржыландыру көздеріндегі меншік және қарыз қаражаттарының арақатынасын, яғни компанияның кредиторларға қаншалықты тәуелді екендігін көрсетеді. Капитал құрылымын бағалау үшін мынадай қатынастар қолданылады:
5. Қаржылық тәуелсіздік коэффиценті (Equity to Total Assets)
Фирманың сыртқы қарыздарға тәуелділігін көрсетеді. Коэффициент мәні неғұрлым төмен болса, компания қарыздары соғұрлым көп, төлем қабілетсіздігінің орын алу тәуекелі жоғары. Бұл сондай-ақ ақша қаражаттары тапшылығының пайда болу қаупін көрсетеді. Форуласы:
Меншік капитал
EQ/TA =
Жиынтық активтер
6. Жиынтық міндеттемелердің жиынтық активтерге қатынасы (Total debt to total assets). Кәсіпорын активтерінің қандай мөлшері займдар есебінен қаржыландырылатынын көрсетеді. Формуласы:
Ұзақ мерз. міндет-р + ағымдағы міндет-р
TD/ТА =
Жиынтық активтер
7. Ұзақ мерзімдегі міндеттемелердің активтерге қатынасы (Long-term debt to total assets). Кәсіпорын активтерінің қандай мөлшері ұзақ мерзімді займдар есебінен қаржыландырылатынын көрсетеді. Формуласы:
Ұзақ мерз. міндеттемелер
LD/TA =
Жиынтық активтер
8. Жиынтық міндеттемелердің меншік капиталға қатынасы (Total debt to equity)
Несиелік және меншік қаржыландыру көздерінің арақатынасы. Формуласы:
Ұзақ мерз. міндет-р + ағымдағы міндет-р
TD/EQ =
Меншік капитал
9. Ұзақ мерзімдегі міндеттемелердің айналыстан тыс активтерге қатынасы (Long-term debt to fixed assets). Негізгі қаражаттардың қандай мөлшері ұзақ мерзімді займдар есебінен қаржыландырылатынын көрсетеді. Формуласы:
Ұзақ мерз. міндет-р
TD/FA =
Ұзақ мерзім активтер
III. Profitability ratios – Пайдалылық коэффициенттері
Компанияның қызметі қаншалықты пайда әкелетіні көрсетеді.
10. Сату пайдалылығы коэффициенті (Return on sales), %
Сату көлеміндегі таза пайданың үлесін көрсетеді. Формуласы:
Таза пайда
ROS =
Таза сату көлемі
12. Меншік капиталдың пайдалылық коэффициенті (Return on shareholders’ equity), %
Кәсіпорын иелері инвестициялаған капиталдың тиімділігін анықтауға көмектеседі. Компания иелері салған әрбір капитал бірлігі таза пайданың неше ақша бірлігін әкелгендігін көрсетеді.
Таза пайда
ROE =
Меншік капитал
13. Айналымдағы активтердің пайдалылық коэффициенті (Return on current assets), %
Компанияның қолданыстағы айналым қаражаттарына қатысты қажетті пайда көлемін қамтамасыз ету мүмкіндігін көрсетеді. Коэффицент неғұрлым жоғары болса, айналым қаражаттары соғұрлым тиімді пайдаланылады деген сөз.
Таза пайда
RСА =
Ағымдағы активтер
IV. Activity ratios – Іскери белсенділік коэффициенттері
Компания өз ақша қаражаттарын қаншалықты тиімді пайдаланатыны көрсетеді.
16. Жұмыс капиталы айналым аясының коэффиценті (Net working capital turnover), рет
Компания айналыстағы
капиталға салатын
Таза сату көлемі
NCT =
Таза айналыстағы капитал
17. Негізгі қаражаттардың айналым қабілеттілігі коэффициенті (Fixed assets turnover), рет
Қор қайтарымы. Қолда бар негізгі қаражаттарды пайдалану тиімділігін сипаттайды. Қор қайтарымының төмен деңгейі сату көлемінің аздығы немесе жоғары мөлшердегі капитал салымы туралы хабар береді. Бұл көрсеткіш амортизациялық аударымдар тәсіліне және активтерді бағалауға тәуелді.
Таза сату көлемі
ҒАT =
Ұзақ мерзімдегі активтер
19. Қорлардың айналым қабілеттілігі коэффициенті (Stock turnover), рет
Қорларды пайдалану жылдамдығы. Күндік мәнін табу үшін коэффицентті 365 күнге бөлу қажет. Көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, бұл топта соғұрлым аз ақша қаражаттары байланған.
Өткізілген өнімнің өзіндік
ST =
Тауар-материалдық қорлар
V. Investment ratios - Инвестициялық критерийлер.
21. Акцияға келетін пайда (Earning per ordinary share)
Компанияның нарықтағы бағасына әсер ететін ең маңызды көрсеткіштердің бірі. Бір қарапайым акцияға келетін таза пайда үлесін (ақша бірлігінде) көрсетеді.
Таза пайда – ерекше акция-а бер-н дивиден-р
ЕРОS =
22. Акцияға келетін дивиденд (Dividends per ordinary share)
Әр қарапайым акцияға берілетін дивиденд сомасын анықтайды.
Қарапайым акция-а бер-н
DРОS =
23. Акция бағасы мен пайданың арақатынасы (Price to earnings), рет
Компания таза пайдасының бір ақша бірлігіне акционерлер неше ақша бірлігін төлеуге дайын екендігін көрсетеді.
Р/Е =
Қорытынды
Талдау ұғымы кең көлемде
кішкентай бөлшектерге бөлінген
және олардың байланыстарының
Шаруашылық қызметтің
экономикалық талдауы қоғамдық ғылымдардың
дифференциациялануы
Талдауда қолданылатын көрсеткіштердің барлығы өзара байланысты және өзара шарттасқан. Бұл олар сипаттайтын экономикалық құбылыстардың арасында іс жүзінде болатын байланыстан келіп шығады.
Талдауда пайдаланылатын көрсеткіштердің мазмұнын, парктикалық маңыздылығын жете түсіну, олардың пайдалану ережелерін, ретін, шарттарын қатаң сақтау тиімді әрі табысты талдау жасауға кепіл бола алады.
Әдебиеттер тізімі:
1. http://cde.osu.ru/demoversion/
2. http://www.cfin.ru/
3. А.А.Канке, И.П. Кошевая «Анализ финансово-хозяйственной деятельности предприятия». – М., ИД «Форум» - Инфра М, 2007. 288с.