Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 19:50, реферат
Шаруашылық субъекті статусының жоғарылауы олардың алдында өндірістік және қаржылық мәселелердің шешілуіне мүмкіндік ашып, басқарушылар алдына қаржыландыру көздерін табу, инвестициялық саясатты оңтайландыру мәселелерін қояды. Ұйымның қаржылық тұрақтылығын бағалау, төлем қабілеттілігін анықтау және объективті, ғылыми негізделген оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін қаржылық талдау қажет. Яғни, талдау ұғымы кең көлемде кішкентай бөлшектерге бөлінген және олардың байланыстарының әртүрлілігіне қарамастан табиғат құбылыстары мен заттарын танудың тәсілі ретінде қарастырылады.
Кіріспе
Шаруашылық субъекті статусының жоғарылауы олардың алдында өндірістік және қаржылық мәселелердің шешілуіне мүмкіндік ашып, басқарушылар алдына қаржыландыру көздерін табу, инвестициялық саясатты оңтайландыру мәселелерін қояды. Ұйымның қаржылық тұрақтылығын бағалау, төлем қабілеттілігін анықтау және объективті, ғылыми негізделген оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін қаржылық талдау қажет. Яғни, талдау ұғымы кең көлемде кішкентай бөлшектерге бөлінген және олардың байланыстарының әртүрлілігіне қарамастан табиғат құбылыстары мен заттарын танудың тәсілі ретінде қарастырылады.
Ғылым мен тәжірибеде талдаудың әртүрлі түрлері қолданылады: физикалық, химиялық, математикалық, статистикалық, экономикалық және т.б. Олар тәсіл, мақсат және объектілері бойынша ерекшеленеді. Физикалық, химиялық және басқа да талдауларға қарағанда экономикалық талдау экономикалық құбылыстардың абстракті-логикалық зерттеу тәсіліне жатады, мұнда микроскопты да, химиялық реактивтерді де қолдану мүмкін емес, тек абстракция күші ғана қолданыла алады.
Адамның талдау қабілеттілігі
қоршаған ортадағы өз іс-
Тұрғын халықтың санының
Бүгінде, экономикалық
Әрбір экономикалық құбылыс немесе үрдіс әдетте бір ғана жеке-дара емес, өзара байланысты көрсеткіштер кешенімен анықталады. Мысалы, өндірістің негізгі қаражаттарын пайдаланудың тиімділігі қор қайтарымдылығының, қор сыймдылығының, пайдалылық, еңбек өнімділігі және т.б. сипаттайды. Осыған орай экономикалық құбылыстар мен үрдістерді (зерттеу объектілерін) бейнелейтін көрсеткіштер жүйесін таңдап, негіздеу экономикалық талдаудағы маңызды әдістемелік мәселе болып табылады. Талдаудың қорытындылары пайдаланылған көрсеткіштер зерттеліп отырған құбылыстардың табиғатын қаншалықты толық және нақты көрсететіндігіне тікелей тәуелді болады.
Рефераттың мақсаты – экономикалық талдауда пайдаланылатын көрсеткіштерді жүйелі түрде сипаттап жазу, соның ішінде қаржылық көрсеткіштерге бөлек-бөлек сипаттама беру.
1. Экономикалық талдау және оның түрлері
Экономикалық талдау (басқаша айтқанда — шаруашылық қызметті талдау) ұйымның экономикалық қызметінің тиімділігін арттыруда, қаржылық жағдайын нығайтуда маңызды рөл атқарады. Ол ұйымдардың экономикасын, бизнес-жоспарларды орындауын бағалау тұрғысынан олардың қызметін, мүліктік-қаржылық жағдайын және ұйым тиімділігін арттыру үшін пайдаланылмаған ресурстарды анықтау мақсатында зерттейтін экономикалық ғылым саласы болып табылады.
Экономикалық талдау пәнінің зертеу мәні болып экономикалық құбылыстардың және қағидалардың себепті-салдарлы қатынастары табылады.
Экономикалық талдау объектілері ретінде шаруашылық қызметінің экономикалық нәтижелері есептеледі. Кәсіпорында талдау объектілеріне өнім өндіру және өткізу, оның өзіндік құны, еңбек, материалдық, қаржы ресурстарын пайдалану, өндірістің қаржылық нәтижелері, кәсіпорынның қаржылық жағдайы және т.б. жатады. Шаруашылық қызметтің экономикалық талдауы қоғамдық ғылымдардың дифференциациялануы нәтижесінде пайда болды. Бұрын экономикалық талдау қызметтері баланс жүргізу, бухгалтерлік есеп, қаржы, статистика және тағы да басқа ғылымдар шегінде қарастырылатын. Бұл ғылымдар шегінде талдаудың алғашқы қарапайым тәсілдері пайда болды. Бірақ, кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік дамуының ағымдағы және бесжылдық жоспарын негіздеу үшін кәсіпорын қызметін жан-жақты жалпы зерттеу қажеттілігі туындады. Жоғарыда аталып өткен ғылымдар тәжірибенің барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмады. Шаруашылық қызметті талдауды ғылымның бөлек жеке саласы ретінде көрсету қажеттілігі туындады. Осыдан соң, экономикалық талдаудың маңызы шаруашылық қызмет барысындағы қателердің бағасына сай өсіп отырды. Оған деген қызығушылық өсті. Өндірісті зерттеу жалпылама талдаушылық көрініс тапты. Талдау кәсіпорын экономикасын басқарудағы маңызды құралға айналды, резервтерді тану өндірістік тиімділіктің жоғарылауына әкеледі.
Талдаудың қазіргі жағдайын
Шаруашылық қызметті талдаудың
Ал қолданбалы жүйеге келгенде
шаруашылық қызметті талдау басқарудағы
жетекші орынды алады. Оған біздің қоғамымыздағы
барлық өзгерістер әсер етеді. Нарыққа
көшудегі экономикалық механизмнің
жетілуі кәсіпорынның бәсекелестігі
мен осы ғылымға деген
Экономикалық талдау кәсіпорын
қызметінің әртүрлі бағыттары, сала,
халықаралық байланыстар
Экономикалық талдау
Теориялық талдау
Макроэкономикалық талдау
Халық шаруашылығын талдау
Халықаралық қатынастарын талдау
Микроэкономикалық талдау
Нақты экономикалық талдау
Салалық экономи-
калық талдау
Территориалды экономикалық талдау
Бағдарламалық талдау
Кәсіпо- рынның шаруа-
шылық
қызметін талдау
1 -сурет - Экономикалық талдау жүйесіндегі кәсіпорын қызметін талдау
Экономикалық талдаудың қызметі мен міндеттеріне қарай келесі түрлерге бөлінеді: қаржылық-экономикалық, әлеуметтік-экономикалық, экономикалық-статистикалық, экономикалық-экологиялық, маркетингтік, салыстырмалы, факторлық, диагностикалық және маржиналдық.
Әлеуметтік-экономикалық талдау әлеуметтік және экономикалық құбылыстардың арасындағы өзара байланыс пен тәуелділікті көрсетеді.
Экономикалық-статистикалық талдау жалпы қоғамдық-экономикалық құбылыстарды зерттеуде пайдаланылады.
Маркетингтік талдаудың мақсаты – шикізат пен материалдар нарығын, сондай-ақ дайын өнімдерді өткізу нарығын, тауарға деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын, өнімнің бәсеке қабілеттілігін, баға деңгейін, т.б. зерттеу.
Инвестициялық талдау ұйымның инвестициялық қызметінің едәуір тиімді жолдарын табуға бағытталған.
Функционалды-құндық талдау (ФҚТ) қандай бір өнімнің немесе өндірістік-шаруашылық үрдістің не басқару деңгейінің қызметін жүйелі түрде зерттеудің әдісі болып табылады. Әдістің мақсаты – бұйымды жобалауға, өндірісті игеруге, бұйымды сатуға, сондай-ақ оларды өндірістік және тұрмыстық мақсатта пайдалануға кеткен шығындарды неғұрлым азайту.
Зерттеу аспектілеріне қарай талдаудың екі түрлі негізгі бағыты бөліп көрсетіледі:
Талдаудың бірінші түрі экономикалық факторлардың бизнес-жоспарды қаржылық көрсеткіштер бойынша орындалуына тигізетін әсерін зерттейді. Техникалық-экономикалық талдау экономикалық көрсеткіштерге техникалық, технологиялық және өндірісті ұйымдастыру факторларының әсерін зерттейді.
2. Экономикалық талдаудағы көрсеткіштер жүйесі
Талдауда сапалық көрсеткіштер көп пайдаланылатындықтан, оларды топтап, жүйелеу қажет.
Шаруашылық қызметті экономикалық талдаудың көрсеткіштер жүйесі көрсеткіштердің сегіз тобынан тұрады:
Кәсіпорын қызметінің бастапқы шарттарының көрсеткіштері:
• кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуі мен өндірістік бағдарламаны орындау үшін қажетті материалдық және қаржылық ресурстардың болуын көрсетеді
• кәсіпорынның ұйымдастыру-техникалық деңгейін
• өнімге сұранысты, өнімнің бәсеке қабілеттілігін, сауда және жарнаманы ұйымдастыруды зерттеуге бағытталған маркетингтік зерттеу деңгейін көрсетеді.
Өндіріс құралдарын пайдалану көрсеткіштері:
• пайдалылық қорлары, қайтарымдылық қорлары, қорсыйымдылығы, өндіріс құралдарының орташа жылдық құны, материалдық емес активтер
Еңбек заттарын пайдалану көрсеткіштері:
• материал сыйымдылығы, материалдың қайтарымдылығы, пайдаланылған еңбек заттарының құны
Еңбек ресурстарын пайдалану көрсеткіштері:
• кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамсыздандырылу көрсеткіштері, жұмыс уақыты, жалақы қорларын пайдалану тиімділігі, еңбек өнімділігі, қормен қамтамасыз етілу
• бір жұмысшыға және жалақының бір валюта бірлігіне шаққандағы пайда.
Өнімді өндіру және өткізу көрсеткіштері:
• құндық, заттай, шартты өлшемдегі жалпы, тауарлық және сатылған өнім көлемі
• өнім құрылымы мен сапасы
• өндіріс және өткізудің ырғақтылығы
• өнімді түсіру және сату көлемдері
• қоймадағы дайын өнім қалдықтары.
Өнімнің өзіндік құнының көрсеткіштері:
• өнімнің элементтері, шығындарының баптары, түрлері бойынша шығындар
• жауапкершілік орталықтары бойынша
• жеке өнім түрлерінің өзіндік құны.
Пайда және пайдалылық көрсеткіштері:
• өнімді сатудан түскен пайда
• таза (бөлінбеген) пайда
• өндірістік қызметтің пайдалылығы
• сату, капитал пайдалылықтары.
Кәсіпорын қаржы жағдайының көрсеткіштері:
• кәсіпорын капиталының құрылымын көздерінің құрамы мен орналасу формаларына (баланс) қарай сипаттайтын көрсеткіштер
• жекеменшік және заимдық қаражаттарды пайдалану тиімділігі және қарқындылығы
• инвестициялық қызмет көлемі және тиімділігі
• кәсіпорынның төлемқабілеттілігі, несиеқабілеттілігі және инвестициялық тартымдылығының көрсеткіштері.
Экономикалық талдау көрсеткіштерінің жіктелуі:
1. Мазмұнына қарай: сандық және сапалық көрсеткіштер. Сандық көрсеткіштерге өндірілген өнім көлемі, жұмысшылар саны, егін алқабыны ауданы, мал басының саны, т.б. жатады. Еңбек өнімділігі, өзіндік құн, пайдалылық, егіннің шығымдылығы сапалық көрсеткіштерге мысал бола алады.
2. Салалық белгілеріне қарай: жалпы және ерекше. Жеке салалардағы ерекше көрсеткіштерге таскөмірдің калориялылығы, сүттің майлылығы, дәндердің шығымдылығы, т.б. мысал бола алады.
3. Синтез дәрежесіне қарай: жалпылаушы, жеке және жанама.
4. Өлшену тәсілдері бойынша: абсолютті, шартты, заттай, шартты-заттай, құндық, салыстырмалы. Абсолютті көрсеткіштер ақшалай, табиғи өлшем бірліктері немесе еңбек сыйымдылығымен өлшенеді. Салыстырмалы көрсеткіштер қандай да бір екі абсолютті көрсеткіштердің арақатынасын көрсетеді және пайызбен, коэффиценттер не индекспен анықталады.
5. Себеп-салдарлы байланыстарды көрсетуіне қарай: факторлық және нәтижелік.
6. Қалыптасу тәсілдеріне қарай: нормативті (шикізат, материалдар, отын шығындарының нормасы, баға нормалары, т.б.); жоспарлы (кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік даму жоспарының мәліметтері); есептік (бухгалтерлік, статистикалық, жедел есептердің мәліметтері); аналитикалық (бағалау) – талдау барысында кәсіпорын жұмысының тиімділігі мен нәтижелерін бағалау үшін есептелетін көрсеткіштер.
Талдауда қолданылатын көрсеткіштердің барлығы өзара байланысты және өара шарттасқан. Бұл олар сипаттайтын экономикалық құбылыстардың арасында іс жүзінде болатын байланыстан келіп шығады.
3. Экономикалық талдаудағы қаржылық көрсеткіштер
Қаржылық талдау – шаруашылық етуші субъектінің өткен кезеңдегі қаржылық жағдайы мен оның қысқа және ұзақ мерзімдегі перспективалық мүмкіндіктерін анықтау әдістерінің жиынтығы. Қаржылық талдаудың мақсаты – компания пайдалылығына жетудің ең тиімді жолдарын анықтау, басты міндеті – кәсіпорын табыстылығын талдау және тәуекелдеріне баға беру.