Еңбекке ақы төлеудің негізгі жүйелері[өңдеу]

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2013 в 19:09, лекция

Краткое описание

Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу уақытына, істеген жұмысына қарай немесе еңбекке ақы төлеудің өзге жүйелері бойынша жүргізіледі. Еңбекақының негізгі жүйелері лауазымдық, уақыттық, еңбегіне қарай ақылар (ставкалар) болып табылады.
  Лауазымдық ақы (ставка) тұрақты ақша мөлшерінде жұмыс берушімен анықталады, бірақ ол еңбекақының ең аз мөлшерінен төмен болмауы керек. Еңбекке ақы төлеудің уақыттьіқ жүйесінде жалақы мөлшері тұрақты айлық, күндік немесе сағаттық тарифтік ставка бойынша жұмыс уақытының ұзақтығына байланысты анықталады.

Содержание

1 Еңбекке ақы төлеудің негізгі жүйелері
• 2 Уақыттан тыс атқарылған жұмысқа ақы төлеу
• 3 Мереке және демалыс күнгі жұмыстарға ақы төлеу
• 4 Түнгі уақыттағы жұмысқа ақы төлеу
• 5 Қызметтерді ұштастырған кездегі еңбекақы төлеу
• 6 Пайдаланылған әдебиет

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жалақы.docx

— 21.60 Кб (Скачать документ)

Жалақы


Жалақы — еңбектің күрделілігіне, саны мен сапасына сәйкес төленетін сыйлық (табыс). Еңбекақы — қаржыландыру көзіне қарамастан , ақшалай немесе заттай түрде еңбекке төленетін ақылардың барлық түрі, сондай-ақ, әр алуан сыйақылар, қосымша төлемдер, үстеме ақылар мен әлеуметтік жеңілдіктер. Бұлардың қатарына арнаулы заңға сәйкес қызметкерлерге жұмыс істемеген уақыты (жыл сайынғы еңбек демалысы, мерекелік күндер, т.б.) үшін берілетін ақша сомасы да жатады. Е-ны нормалау негізгі екі әдіс: орталықтық және келісімшарттық реттеу арқылы жүзеге асырылады. Еңбекке ақы төлеуді орталықтан реттеу дегеніміз Е. тарифтерін, қызметкерлердің барлық категорияларына Е. төлеуге арналған бірегей тарифтік кесте қолданудың негізгі шарттарын, қызметкерлердің кәсіби біліктілігі бойынша сараланған разрядаралық кесімді коэффициенттерді, т.б. мемлекеттің тағайындауын білдіреді. Яғни Е-ны орталықтан реттеу мемл. нормалау тәсілі болып саналады. Сондай-ақ, Е-ны келісімшарт арқылы нормалау әдісі де қолданылады. Нарықтық қарым-қатынастардың, еңбек нарығының қалыптасу жағдайында Е. мөлшерін ұжымдық-келісімшарттық және жекеше-келісімшарттық реттеудің (ұжымдық және жеке еңбек келісімшарттары, шарттамалар) үлес салмағы артып келеді. Ал орталық реттеу тәртібі, негізінен, мемл. бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне қатысты қолданылады. Жалақының ең аз мөлшері — Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік беретін меншік түрлеріне қарамастан, ұйымдарда жалданып жұмыс істейтін адамдарға төленетін ақшалай төлемдердің ең аз мөлшері. Жалақының ең аз мөлшерін Қазақстан Республикасының Парламенті жыл сайынғы республика бюджеті бойынша анықтайды.

Мемлекет жалақының ең аз мөлшеріне  кепілдік береді. Соның өзінде бұл  ереже олардың қызмет саласы мен  ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, экономиканың мемлекеттік секторының барлық кәсіпорындары мен ұйымдарының  қызметкерлеріне, сондай-ақ жекеменшік ұйымдарда жалданып жұмыс істейтін қызметкерлерге де қатысты.

Еңбекақынын ең аз мөлшері жылға тиісті бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы белгіленеді және жыл сайын қайта қаралады. Мысалы, 2005 жылы еңбекақының ең аз мөлшері жеті мың теңгені құрады.

Жалақыны нормалау мемлекет орталықтандырған және шарттық деп аталатын негізгі  екі әдіс бойынша жүзеге асырылады.

Жалақыны орталықтандырылған әдіспен  реттеу мемлекеттік нормалау әдісін білдіреді. Ол мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелердің, ұйымдардың қызметкерлеріне қатысты. 

Жалақыны шарттық әдіспен реттеу ұжымдық және жеке еңбек шартының негізінде жүргізіледі.

Айлық тарифтік ставкалар мен лауазымдық ақылар еңбекке ақы төлеу саласындағы  мемлекеттік тарифтер болып табылады.

Қазақстан Республикасында бірыңғай тарифтік сеткінің 1-разрядты тарифтік ставкасының бекітілген айлық мөлшерінен, жұмысшылар мен қызметкерлердің тарифтік коэффициенттері мен бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамасынан тұратын республикалық тарифтік жүйесі қн.;іым гш қим.

Бірыңғай тарифтік сеткінің 21 тарифтік ралриды болады және олар экономикалық барлық салаларында жұмыс істеушілерге қатысты. Белгілі тәртіпші бекітіліп  күштердің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамасьына (БТ-БА) сәйкес қызметкерлердің  екі санаты — жұмысның және қызметкер  болады.

Қызметкерлер мынадай топтарға бөлінген:

  • құжаттар әзірлеу және толтырумен, есеп және бақылаумен айналысатын техникалық орындаушылар
  • экономиканың өндірістік және өндірістік емес салаларының мамандары
  • әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсететін бөлімшелердің басшылары
  • кәсіпорындардың (мекемлердің, ұйымдардың) және өзге де құрылымдық бөлімшелердің (қызметтік және желілік) басшылары.

Мазмұны  

[жасыру] 

  • 1 Еңбекке ақы төлеудің негізгі жүйелері
  • 2 Уақыттан тыс атқарылған жұмысқа ақы төлеу
  • 3 Мереке және демалыс күнгі жұмыстарға ақы төлеу
  • 4 Түнгі уақыттағы жұмысқа ақы төлеу
  • 5 Қызметтерді ұштастырған кездегі еңбекақы төлеу
  • 6 Пайдаланылған әдебиет

Еңбекке ақы төлеудің негізгі жүйелері[өңдеу]


Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу  уақытына, істеген жұмысына қарай  немесе еңбекке ақы төлеудің өзге жүйелері бойынша жүргізіледі. Еңбекақының  негізгі жүйелері лауазымдық, уақыттық, еңбегіне қарай ақылар (ставкалар) болып  табылады.

  Лауазымдық ақы (ставка) тұрақты ақша мөлшерінде жұмыс берушімен анықталады, бірақ ол еңбекақының ең аз мөлшерінен төмен болмауы керек. Еңбекке ақы төлеудің уақыттьіқ жүйесінде жалақы мөлшері тұрақты айлық, күндік немесе сағаттық тарифтік ставка бойынша жұмыс уақытының ұзақтығына байланысты анықталады.

Қызметкерлер үшін еңбекке ақы төлеудің уақыттық жүйесі көбіне айлық қызмет ақысы түрінде белгіленеді. Еңбегіне ақы уақыт бойынша төленетін жұмысшылар үшін қызмет көрсету нормалары, қызметкерлер санының нормативтері және олар жұмыс атқаратын агрегаттар мен станоктар санының нормативтері жасалып, қолданылады.

Жалақыны еңбегіне қарай  төлеу—алдын ала белгіленген бағалауларға қарай нақты шығарған өніміне сәйкес жүргізіледі. Ақыны істеген еңбегіне қарай төлеу жүйесі — жұмысшының алатын жалақысын оның еңбегінің нәтижесімен тікелей байланыстыра отырып, қызметкердің еңбек өнімділігін арттыруға материалдық мүдделілігін көтереді, қызметкердің жалақы мөлшері еңбегіне қарай ақы төлегенде оның өнім өндіру номаларын орындауына ғана байланысты болады және оған ешқандай шек қойылмайды.

Еңбекақыны еңбегіне қарай төлеу  жүйесі жеке және ұжымдық (бригадалық) болып бөлінеді.

Еңбекке ақы төлеудің жеке жүйесінде  ақы төлеу әрбір жұмысшының жеке өндірген өніміне қарай анықталады. Ұжымдық еңбек ақы төлеу технология жағдайына қарай, жұмысты бір  адам атқаруға болмайтын уақытта  немесе қызметкерлердің өзара алмасып  отыруын қамтамасыз ету үшін кәсіптерді кеңінен ұштастыру қажет болған жағдайда қолданылады. Ұжымға (бригадаға) бұл жүйе бойынша жалақы есептегенде  ол ұжым (бригада) мүшелері арасында олардың  разрядтары мен жұмыс жасаған  уақытына қарай бөлінеді.

Уақыттан тыс атқарылған жұмысқа  ақы төлеу[өңдеу]


Уақыттан тыс атқарылған жұмысқа еңбекақы бір жарым мөлшерден кем төленбейді. Сонымен заң уақыттан тыс жұмысқа ақы төлеудің ең аз деңгейін ғана айқындап, екі жаққа шартжасасу тәртібімен уақыттан тыс атқарылған жұмыс үшін неғұрлым жоғары мөлшерде ақы белгілеуге мүмкіндік береді.

Уақыттан тыс атқарылған жұмыстың демалыс беру арқылы орнын толтыруға  болмайды.

Жұмыс қай кәсіпорынның мүддесіне орай жасалғандығына қарамастан ол қай жұмыс берушінің бұйрығымен орындалса, уақыттан тыс атқарылған жұмысқа еңбекақыны сол төлейді. Бұл арада өкімнің қай түрде (жазбаша не ауызша) берілгендігінің маңызы шамалы. Жұмыс берушінің өкімінсіз қызметкердің өз ұйғарымы бойынша жасалған уақыттан тыс жұмыс үшін ақы төленбейтіні ақиқат.

Мереке және демалыс күнгі жұмыстарға ақы төлеу[өңдеу]


Мереке және демалыс күндері жасалған жұмысқа еңбекақы екі есе мөлшерде төленеді: еңбегіне қарай төленетіндерге — екі еселенген бағалау бойынша; ақы еңбегіне сағаттық немесе күндік ставкалар бойынша төленетін қызметкерлерге — егер мереке күнгі жұмыс, жұмыс уақытының айлық нормасы шегінде істелсе, еңбекақысының үстіне бір сағаттық немесе күндікставка мөлшерінде, егер жұмыс айлық нормадан тыс жасалған болса, онда еңбекақысының үстіне екі сағаттық немесе күндік ставка мөлшерінде төленеді. Барлық қызметкерлерге мереке немесе демалыс күндері жұмыс істеген нақты сағаттары үшін көтеріңкі мөлшерде еңбекақы төленеді.

Жұмыс ауысымының бір белігі мереке немесе демалыс күнімен тұстас келетін  болса, онда мереке немесе демалыс күндері  жұмыс істеген нақты сағаттары  үшін екі еселенген мөлшерде еңбекақы төленеді (0-ден 24 сағатқа дейін).

Қызметкердің қалауы бойынша мереке немесе демалыс күндері атқарған жұмысы үшін төленетін үстеме ақыны  қосымша демалыс күнімен алмастыруға  болады. Бұл жағдайда мереке күні істелген жұмысқа ақы дара мөлшерде төленеді.

Түнгі уақыттағы жұмысқа ақы  төлеу[өңдеу]


Түнгі уақыттағы жұмысқа еңбекақы бір жарым мөлшерден кем төленбейді. Бұл арада түнгі уақыттағы  жұмысқа төленетін ақының аз мөлшері  көрсетіліп отыр. Заңда тараптарғаэкономиканың салаларын және өндірістің өзге де жағдайларын ескере отырып, жеке еңбек және ұжымдық шарттар жасасқанда көтеріңкі ақы белгілеуге құқық берілген (мысалы, өнеркәсіптің кейбір салаларында, үздіксіз өндіріс жағдайында қосымша ақы төлеу және басқалары).

Қызметтерді ұштастырған кездегі  еңбекақы төлеу[өңдеу]


Бір кәсіпорында (мекемеде, ұйымда) жеке еңбек шартына байланысты өзінің негізгі жұмысын атқарумен қатар басқа қызмет бойынша (қызмет көрсету аймағын кеңейту) қосымша жұмыс немесе өз қызметінен босамастан уақытша жұмыста жоқ қызметкердің міндеттерін атқарғаны үшін қосымша ақы төленеді. Қызметтерді ұштастырғаны (қызмет көрсету аймағын кеңейту) немесе жұмыста уақытша жоқ қызметкердің міндеттерін орындағаны үшін төленетін қосымша ақының мөлшерін қызметкермен келісе отырып, жұмыс беруші белгілейді. Алайда қызметкердің жұмыс уақыты ішінде жұмыспен толық қамтылмауы салдарынан оның келісімімен жұмыс берушінің тапсыруымен басқа жұмысты орындағаны үшін оған қосымша ақытөленбейді.[1]


Информация о работе Еңбекке ақы төлеудің негізгі жүйелері[өңдеу]