Шарт туралы жалпы ұғым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 07:49, реферат

Краткое описание

Тақырыптың өзекттілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты атты жолдауында «Дамыған кәсіпкерлік сектор – кез келген ел экономикасының негізі» деп нық басып айтты бұл біздің қарастырып отырған тақырыбымыздың негізіне келіп тіреледі, себебі әрбір азамат немесе кәсіпкер азаматтық құқықтың кез-келген субъектісімен шартқа отырғанда оның тиісті дәрежеде орындалуын алдын алуға және оны орындауға өз үлестерін қосуға міндетті. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету шараларын қолдану оның орындалғандығы болып табылады және кәсіпкерліктің дамуына бірден бір кепіл береді. Ал кәсіпкерліктің дамуы ел экономикасының негізі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Шарт туралы жалпы ұғым.doc

— 106.00 Кб (Скачать документ)

Өзінің қатысушыларының пайдасына жасалған шарттар мен үшінші жақтың пайдасына жасалған шарттар. Әдетте шарттар шарттан туындайтын міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы адамдардың — өзінің қатысушыларының пайдасына жасалады. Сонымен қатар, шарттың жасалуына қатыспаған, бірақ орындалуын талап етуге құқығы бар адамдардың — үшінші жақтың пайдасын көздейтін шарттар да бар.

Тараптар несие берушіге емес, шартта көрсетілген немесе көрсетілмеген  және борышкерден міндеттемені өзінің пайдасына орындауды талап етуге  құқылы үшінші жаққа борышкер орындап беруге міндетті деп көрсеткен шарт үшінші жақтың пайдасына жасалған шарт деп танылады.

Үшінші адамның пайдасына  жасалған шарт, бұл — азаматтық  құқықтың дәстүрлі институты, үшінші жақ  қатынасқан талаптар көрініс табатын  жағдайлардың бірі.

Үшінші жақтың пайдасына  жасалатын шарттардың ең көп таралған түрлері мыналар:  жүкті (багажды) тасымалдау шарты, оған сәйкес тасымалдаушы өзіне жүк жөнелтушінің сеніп тапсырған жүгін белгіленген мекенге жеткізуге және жүкті алуға уәкілетті адамға (алушыға) оны беруге міндеттенеді (АК-ның 689-бабы); үшішпі жақтың пайдасына сақтандыру шарты (815-бап); үшінші жақтың пайдасына банктік салым шарты (764-бап).

Үшінші жақ өз құқығын  пайдаланғысы келетін ниетін білдіргенге  дейін тараптар өздері жасасқан шартты бұза да, өзгерте де алады. Ал үшінші жақ ондай ниетін қандай да бір тәсілмен жеткізгеннен кейін борышкер мен несие беруші оның ырқына тәуелді болып қалады, бұдан былай оның келісімінсіз шартты бұза немесе өзгерте алмайды. Бірақ олар үшінші жақтың ырқына байланысты болмайтындығын шартта алдын ала қарастыра алады.

Ондай жағдай заңнамада  да бекімін табуы мүмкін АК-ның 391-бабының 2-тармағында белгіленген.

Үшінші жақтың пайдасына  жасалған шарттың заңдылығы ол үшішні жақтың шартта арнайы көрсетілген — көрсетілмегеңдігіне байланысты емес.

Дегенмен, үшінші жақтың міндеттеменің өз пайдасына орындалуын талап ету құқығы мұндай шарттың  міндетті белгісі болып табылады. Тәжірибеде кездестетіндей, тасымалдау шарты бойынша жүк алушы тасымалдаушыдан  тасымалдау шартының орыңдалуын талап етуге құқылы.

Үшінші жақтың пайдасына  жасалған шартты үшінші жақ үшін орындау  туралы шарттан ажырату керек, соңғы  жағдайда үшінші жақ үшін орындалу болғанмен, оны борышкердің орындауын  ол талап ете алмайды (бұл жағдайлар  сатып алу-сатуда жиі кездеседі, мысалы тауар жеткізуде сатып алушы тауарды өз мекен-жайына емес, үшінші ұйымның мекен-жайына жеткізуді жеткізушіге тапсырады).

Үшінші жақтың пайдасына  жасалатын шарттың ерекшелігі сонда  — үшінші жақ шарт бойынша өз құқығын пайдалану ниетін білдірген кезден бастап ол несие берушіні алмастырады.

Сондықтан да АК-ның 391-бабының 3-тармағында борышкер шартта өзінің несие  берушіге қарсы қоя алатындай  қарсылықтарын үшінші жақтың талаптарына  қарсы қоюға құқылы деген ереже  көзделген. Мысалы, жүк алушы өзіне жеткізілген жүктің сапасына қатысты тасымалдаушыға талап қойса, онда ол жүк сапасының жүкті тиеп жіберген адамдардың кінәсінен нашарланғанына сілтеме жасай алады.

Бірақ, үшінші жақ, өзіне  шарт бойынша берілген құқықтан бас  тартса, несие беруші өз орнын қайта алады және, егер бұл заңнамаға және шартқа қайшы келмесе, сол құқықтарды пайдаланады.

АК-ның 815-бабының 7-тармағына  сәйкес, сақтандырылған адам шарт бойынша  өзіне тиесілі сақтандыру өтемін алудан бас тартса, сақтандыру өтемін алу құқығы сақтандырушыға көшеді.

Сонымен қатар шартта, үшінші жақтың өзіне тиесілі талап  ету құқығынан бас тартуының  өзге де салдарлары көзделуі мүмкін. Мысалы, сақтандыру шартында пайданы иемденуші  сақтаңдыру өтемін алудан бас тартқан  жағдайда ол өтемнің сақтандырушыға төленбейтіндігі көзделуі мүмкін.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 2008 жыл
  2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2008
  3. Қазақстан Республикасы азаматтық кодексі (Жалпы және ерекше бөлімдер): 2007 жылғы 15 қаңтарға дейінгі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген,-Алматы: Баспа,2007
  4. Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер» туралы Заң 24 наурыз 1998 жыл
  5. Азаматтық кодекстің (жалпы бөлім) күшіне ендіру туралы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің қаулысы. 27 желтоқсан 1994 жыл
  6. Қазақстан Республикасының Жер кодексі 20 маусым 2003 жыл
  7. Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар рыногы » туралы Заңы 2 шілде 2003 жыл
  8. «Қазақстан Республикасындағы вексель айналымы туралы» Заң 28 сәуір 1997 жыл
  9. Қазақстан Республикасының Президентінің «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Жарлығы 22 желтоқсан 1995 жыл
  10. «Қазақстан Республикасындағы Азаматтық туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 20 желтоқсан 1991 жыл
  11. Қазақстан Республикасының Президентінің заң күші бар Жарлығы «Шет ел азаматтарының Қазақстан Республикасында құқықтық жағдайы»  19 маусым 1995 жыл
  12. Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» Заңы 4 шілде 1992 жыл
  13. Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заң 19 шілде 1997 жыл
  14. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 22 көкек 1998 жыл
  15. Қазақстан Республикасының «Бакроттық туралы » Заң 21 қаңтар 1997 жыл
  16. Қазақстан Республикасының  «Инвестиция туралы заңы»  8 қаңтар 2003 жыл
  17. Қазақстан Республикасының Президентінің «Шаруашылық серіктестіктері туралы» Жарлығы 2 мамыр 1995 жыл
  18. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Заңы 19 шілде 1995 жыл
  19. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғам туралы»  Заңы 13 мамыр 2003 жыл
  20. Қазақстан Республикасының «Өндірістік кооператив туралы» Заңы  5 қазан 1995 жыл



Информация о работе Шарт туралы жалпы ұғым