Шарт туралы жалпы ұғым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 07:49, реферат

Краткое описание

Тақырыптың өзекттілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты атты жолдауында «Дамыған кәсіпкерлік сектор – кез келген ел экономикасының негізі» деп нық басып айтты бұл біздің қарастырып отырған тақырыбымыздың негізіне келіп тіреледі, себебі әрбір азамат немесе кәсіпкер азаматтық құқықтың кез-келген субъектісімен шартқа отырғанда оның тиісті дәрежеде орындалуын алдын алуға және оны орындауға өз үлестерін қосуға міндетті. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету шараларын қолдану оның орындалғандығы болып табылады және кәсіпкерліктің дамуына бірден бір кепіл береді. Ал кәсіпкерліктің дамуы ел экономикасының негізі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Шарт туралы жалпы ұғым.doc

— 106.00 Кб (Скачать документ)

Жалпы алғанда ҚР АК 393-бабы елеулі ережелердің тізбесін бермейді, тек жалпы тәртіпте олардың нышандарын атап өтеді.

Ережелердің елеулі больп  табылатын үш тобын бөліп алуға  болады, олар:

1) шарт нысаны туралы  ережелер. Шарт нысаны анықталмайынша  бірде бір шарт жасалған болып  саналмайды;

2) заңнамада елеулі  деп танылған ережелер. Олар брокер-диллер  мен оның клиенті арасында  жасалған брокерлік шартта мыналар  болуға тиіс:

а) шарт нысаны: номиналдық ұстаушы ретіңдегі клиенттің  тапсырмасы бойынша брокер-диллердің  өз қызметін жүзеге асыруы;

б) тараптардың, оның ішіңде брокер-диллердің, клиенттің есепшоты туралы коммерциялық құпияны сақтау міндетемесін қоса алғаңдағы, құқықтары мен міндеттері;

в) брокер-диллердің қызметін төлеудің мөлшері мен тәртібі;

г) брокер-диллердің клиент алдында есеп беруінің формасы мен кезеңділігі;

д)   тараптардың  шарт ережелерін бұзғандық үшін жауаптылығы;

е)  бағалы қағаздар бойынша  табыс алудың, және оны клиенттің  есепшотына аударудың, соңдай-ақ ақша қаражатын клиенттің бұйрығы  бойынша төлеудің шарттары мен тәртібі (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу туралы" Заңы);

3) шарттардың осы түрі  үшін қажетті ережелер, мысалы, мүлікті  жалдау шартындағы жалдау ақысының  мөлшері;

4)  тараптардың біреуінің арызы бойынша оған қатысты келісім болуға тиіс ереже. Мысалы, жүк алушы шартта жүкті темір жолмен емес су көлігімен жеткізу туралы ереже болуын талап етеді.

Ондай елеулі ережелер болмағандықтан немесе ондағы ережелер бойынша келісімге  келмегендіктен шарттың заңсыз деп танылуы мәмілені заңсыз деп танығандағыдай салдарларға әкеледі АК-ның 157-бабын негізге алуға болады.

Елеуліден басқа шарттың дағдылы және кездейсоқ ережелерін бөліп алуға болады. Олардың ерекшелігі сонда, бұл ережелердің болған болмағандығы шарттың заңдық күшіне әсер етпейді. Дағдылы ережелер заңнамада шарттардың осы түрі үшін дағдылы деп көзделгендіктен қолданылады және олар шартта бар-жоғына қарамастан қолданылады[52].

Оған мысалы, баға туралы ереже. Егер тараптар шартта шарт бағасын  келіспесе, онда заң актілерінде көзделген жағдайларда, уәкілетті мемлекеттік органдар белгілейтін немесе реттейтін бағалар (тарифтер, бағалау, ставка және т.б.) қолданылады.

Ал, ақылы шартта баға қарастырылмаған болса және оны  шарт ережелеріне сүйене отырып анықтау мүмкін болмаса, шартты орындау шартжасасқан кезде осыған ұқсас жағдайларда, әдетте, осы сияқты тауарлар, жұмыс немесе қызмет үшін алынатын баға бойынша жүргізілуі тиіс деп есептеледі (АК-ның 385-бабы).

Дағдылы ережелер, негізінен, дипозитивтік нормаларда көзделеді және ол шартқа ондағы бұл ережелер қандай да бір  себептермен шешілмей қалғанда қолданылады.

Кездейсоқ ережелер шарттың бұл түріне тән емес және шартқа тараптардың өзара келісімі бойынша кіреді (мысалы, сатып алу-сату шартының нысанын сатып алушыға беру тәртібі туралы ереже, мердігерге жұмысты мерзімінен бұрын орындағаны және оның айрықша сапасы үшін қосымша сыйақы беру туралы ереже және т.б.). Бұл ережелердің бар-жоғы шартты жасалған деп тануға еш ықпал етпейді.

Дағдылы ережелерге шарттың үлгі ережелерін жатқызуға болады. Үлгі ережелер шарттардың тиісті түрі үшін жасалынады және баспасөзде жариялануы тиіс (АК-ның 388-бабы).

Үлгі ережелерді тараптардың  біреуі дайындаған шарттардың үлгілерінен  бөліп қарау керек. Өнім өндіретіндер, жұмыс, қызмет орындайтындар, әдетте, өз клиенттеріне шарт жобасын ұсынады. Үлгі ережелер, әдетте Үкімет бекітетін және өзінде міндеттеу күші болатын типтік шарттардың ережелерінен де басқа.

Үлгі ережелерінің мысалы ретінде Мұнай туралы заңның 26-бабында және Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жарлықтың 1-бабында көзделген Модельдік контрактыны алуға болады.

Моделдік контракт Үкімет бекітетін үлгі контракт ретінде  анықталған, онда контрактылардың кейбір түрлерінің ерекшеліктері немесе жер қойнауын пайдаланудың кейбір операцияларын жүргізудің ерекшеліктері көрініс табады және ол контрактылар жасаудың үлгісі ретінде пайдаланылады.

Ақылы және ақысыз шарттар. Шарт бойынша тараптар өз міңдеттемелерін  орындағаны үшін ақы алуы немесе біріне бірі нәрсе беруі керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады. Бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе еш нәрсе бермей бір нәрсені ұсынуды міндетіне алған шарт ақысыз шарт болып табылады (АК-ның 384-бабы).

Ақылы және ақысыз шарттар арасындағы айырмашылық — шарт бойынша өз міндеттерін орындағаны үшін біріне бірінің бір нәрсені ұсыну-ұсынбауында.

Бір нәрсені ұсынуға (төлеуден басқа) материалдық құндылықтар  беру (бартерлік операция), біріне бірі қандай да бір міндеттерді атқаруы (өзара міндеттемелер), ақшалай баға беруге болатын кез келген әрекетті жасау жатады.

Бір нәрсені ұсыну  ұғымы ағылшын-американ құқығында "considaration" деген атпен кең қолданылады. Оларда considaration кез келген шарттың  елеулі ережесі болып табылады; онсыз  шарт заң күші бар шарт деп танылмайды.

Шарттардың көпшілігі  ақылы. АК-да бекімін тапқан ақысыз шарттардың ішінен сыйға тарту шартын, мүлікті ақысыз пайдалану және пайызсыз заем шартын атауға болады.

Кейбір шарттар заң  бойынша ақылы да, ақысыз да болуы  мүмкін (тапсыру, сақтау, заем). Сондықтан да, АК-ның 284-бабыңда қаңдай да бір күдік туса, шарт ақылы деп танылады деген презумпция бекітілген. Шарт ақысыз деп танылады, егер ол заңнамадан, шарттың мазмұнынан немесе мәнінен туындайтын болса.

Азаматтық айналымда ақысыз шарттардың болуы елімізде қалыптасып келе жатқан қатынастардың мәніне қайшы келмейді. Мысалы, қайырымдылық, мәдени, білім беру және басқа қоғамдық қорлардың қызметі (АК-ның 107-бабы), демеушілік жасау, еркімен қайырсадақа беру және осыларға ұқсас қызмет, әлеуметтік маңыз алуда, ақысыз сыйға тарту шарттары көбіне олардың құқықтық формасына айналуда.

Бір жақты және өзара  шарттар тараптардың құқықтары мен міндеттерінің бөліну сипатына қарай ажыратылады. Бір жақты шартта бір тарапта тек құқық, екіншісінде тек міңдет туындайды (мысалы, заем шарты). Өзара шартта тараптардың әрқайсысында құқық болады, олар міңдеттемелер де көтереді (сатып алу-сату шарты бойынша сатушы берген заты үшін сатып алушының ақша төлеуін талап етуге құқылы және өзі сол затты сатып алушыға беруге міндетті, ал сатып алушы заттың өзіне берілуін талап етуге құқылы және сол зат үшін ақша төлеуге міндетті).

Бір типті және аралас шарттар. Бір типті шарттар сан алуан қыры бар (жеткізу, тұрмыстық мердігерлік, жалдау, рента және т.б.) белгілі бір түрдегі (тауарды беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету) міндеттемелерді тудырады. Аралас шарттарда заңнамада көзделген әртүрлі шарттардың элементтері болады.

АК-ның 381-бабының қағидалары 380-баптың тараптар заңнамада көзделген  де, көзделмеген де шарттарды жасаса алады деген қағидасынан орынды туындайды. Соңдықтан да, олардың мазмұныңда заңда көзделген әртүрлі шарттардың элементтері бар шарт жасаса алуы заңды.

Нарықтық экономикаға  көшу жағдайында әртүрлі жаңа қатынастар туындауда, оларды шарттың бір түрімен қамту мүмкін емес, шарттардың екі немесе бірнеше түрлерінің нормаларымен ғана оларды реттеуге болады.

Тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарына, егер тараптардың  келісімінен немесе аралас шарттың  мәнінен өзгеше туындамаса, аралас шартта элементтері бар шарттар туралы заңдардың тиісті бөліктері қолданылады (АК-ның 381-бабы). Мысалы, толлингтік операция жүргізуге шарт (берілген шикізатты өндеу) сатып алу-сату шарты мен мердігерліктің элементтерін қамтиды.

Тиісінше оған сатып  алу-сату шартының элементтері бар бөлігінде сатып алу- сату шартының нормалары, ал, егер мердігер шет елде болса — сыртқы экономикалық сатып алу-сату шартының элементтері қолданылады. Мердігерлік шарттың элементтері бар бөлігінде мердігерлік шарттың нормалары қолданылады.

Тараптар аралас шарттан туындайтын қатынастарды реттеудің басқа тәртібін келісуі мүмкін, мысалы, шартгың айрықша ережелерін алып, оның басқа ережелері қолданылмайды деп көрсетуі мүмкін.

Негізгі және алдын ала  шарттар. Мүлікті беруге, жұмыс орындауға және қызмет көрсетуге байланысты құқықтар мен міндеттер тікелей негізгі шарттан туыңдайды. Алдын ала шаут дегеніміз — сол шартта көзделген ережелерді сақтап тараптардың келешекте негізгі шарт жасасуға міндет алған шарты (АК-ның 390-бабының 1-тармағы).

Алдын ала шарттардың мысалы ретінде жүк тасымалын ұйымдастыру туралы шартты, банктың тараптар келіскен мөлшерде және жағдайларда ақша қаражатын беруте міңдеті көзделген шартты. келешекте пәтер алу шартын (тұрғын үй контрактын) алуға болады.

Алдын ала шартқа жекешелендіру  туралы Жарлықта көзделген сауда нәтижелері туралы хаттаманы да жатқызуға болатын сияқты. Жекешелеңдіру туралы Жарлықта "саудада ұтқан адам мен сатушы аукцион немесе тендер жүргізген күні сауданың нәтижелері туралы хаттамаға қол қояды" делінген.

Алдын ала шарт пен негізгі шарттың ұқсастығы сонда, олардың екеуінің формалары бірдей болуға тиіс. Егер белгілі бір формадағы шарттарды жасағаңда заңнамада олардың нотариалдық формасы белгіленсе (мысалы, тұрғын үйді сатып алу-сату шарты), оңда алдын ала шарт та нотариалдық формада жасалуы тиіс.

Бірақ, егер заңнамада  негізгі шарт формасы анықталмаған болса (мысалы, әдеттегі сатып алу-сату шарты), аддын ала шарт, заңсыз болып  қалады деген қауіппен, жазбаша формада  жасалады.

Алдын ала шартта, тым  болмаса, негізгі шарттың нысанын, соңдай-ақ басқа елеулі ережелерін анықтауға мүмкіндік беретіндей ережелер болуға тиіс. Негізгі шарттың жасалу мерзімі алдын ала шарт үшін міңдетті жағдай болып табылады, сондықтан АК-ның 390-бабының 4-тармағында, егер алдын ала шартта мерзім белгіленбеген болса, негізгі шартты жасасудың бір жылдық мерзімі анықталған.                                               

Мұндай мерзімнің маңыздылығы  сонда, егер негізгі шарт мерзім өткенше  жасалмаған болса, оңда бұл мерзім өткеннен кейін алдын ала шарт күшін  жояды.

Алдын ала шарт жасасудан  жалтарудың салдары туралы мәселе әр елдің заңнамасында әртүрлі шешіледі. Мысалы, Ресей Азаматтық кодексінде бір тараптың екінші тарапты алдын  ала шарт жасасуға мәжбірлеуді талап  ету құқығы көзделген (Ресей АК-сының 429-бабы). Мұндай ереже Азаматтық заңнама Негіздерінде бекітілген (60-бап).

ҚР АК-ның 390-бабының 5-тармағында басқа ереже бекітілген: шарт жасасуға мәжбүр етуге тараптардың құқығы жоқ, оларда негізгі шартты жасасудан  бас тарту нәтижесінде келген шығынды өндіртіп алу құқығы бар мысалы, алдын ала шарттың нысаны болған затты сатып алмақшы болған адам өз пәтерінің ерекше жоспарына қарай басқа жиһаз сатып алады.

Қазақстанда ниет туралы хаттамалар кең өріс алды, ал олардың  құқықтық мәні түсініксіз. Оларға заңдық күш беруге әрекет те жасалыңды. Ниет туралы хаттамадан аддын ала шартты айқын ажыратып алуға талпыныстың салдары ниет туралы хаттама азаматтық-құқықтық шарт ретіңде қаралмасын деген тұжырымға алып келді. Мұндай шартта зандық күш болуы үшін ол арнайы қарастырылуы керек (АК-ның 390-бабының 7-тармағы).

Шарт тараптарының біреуінің  осындай ниет туралы хаттама бойынша  қатынастарды жалғастырудан бас  тартуы оның іскерлік беделіне әсер еткені болмаса, басқадай құқықтық салдарға өкелмейді.

Еркін және міндетті шарттар. Жасалуы түгелдей тараптардың қалауына байланысты шарт еркін шарт деп аталады. Міндетті шартты жасау тараптардың біреуі үшін міңдетті болып табылады.

Нарықтық экономика  жағдайында шарттардың басым көпшілігі  еркін жасалады. Дегенмен, шарттардың кейбір түрлері міңдетті шарттар (мысалы, мемлекеттік кәсіпорынмен мемлекеттік тапсырыс негізінде жасалатын шарт).

Міндетті шарттар арасында жария шарттардың орны бөлекше. Коммерциялық ұйыммен жасалған және қызметінің сипатына қарай оған өтінішпен келетін  әркімге тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөнінде оның міндеттемелерін белгілейтін шарт жария шарт деп аталады (бөлшек сауда, көпішілік пайдаланатын көлікпен тасымалдау, байланыс қызметін көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана қызметін көрсету жөне т.б.)

Көптеген жария шарттар, бір жағынан қосылу шарттары да болып  табылады. Мысалы, затты пайдалануға  беру ательесі ол жайында шарт жасасқанда жария шарттың бір тарабы болып  саналады. Сонымен қатар, шарт жасасқанда ол ателье клиентке шарт ережелері келтірілген бланк ұсынады. Клиент оған ешнәрсе қоспастан шартқа қол қоя салады. Егер қосатын болса онда ол жай шартқа айналады.

АК-ның 389-бабының 2-тармағы  шартқа қосылушы тарапты қорғауға бағытталған. Бұл тармаққа сәйкес тарап, егер шарт ережесі өзі үшін ауырлау келсе, шартты бұзуға құқылы. Шарттың ауырлығы сол тараптың ақылға қонымды мүдделерін ескеру арқылы анықталады, ақылға қонымды принцип жайында АК-ның 8-бабын негізге алуға болады.

Жалпы қосылу шартыңда қосылған тарап шартты бұзуға немесе сотқа жүгінуге құқылы емес, немесе шартты дайындаған тарап шарт бойынша міндеттемелердің қандай да бір бұзылғаны үшін жауаптылықтан босатылады деп белгіленген.

Бірақ, бұл ереже қолданылмайтын жағдайлар да бар, ол — қосылған жақтың кәсіпкерлік қызметпен айналысып, соны жүзеге асыру үшін шартқа қосылуы. Егер кәсіпкер шарт тараптарының қандай екендігін білмеген болса және білуге тиіс болмаса ғана ол өзінің шартты бұзу туралы талабын қанағаттандыра алады. Бірақ оны дәлелдеу өте қиын, тіптен мүмкін емес.

Информация о работе Шарт туралы жалпы ұғым