Несие мәні және қажеттілігі мен қызметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2015 в 20:45, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономикалық қатынастарда несие барлық өндірістік
жұмыстардың, ғылыми-техникалық процестердің негізгі қозғалысын, заңды тұлғалардың кәсібін ұлғайтуға, жеке тұлғалардың өмірін жақсартуға, шағын және орта бизнесті, фермерлік шаруашылықтарды кеңейтуге негізгі үлесті қосады.
Несиенің формалары оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Екінші-деңгейлі-банктерде-жеке-тұлғаларға-несие-беруді-ұйымдастыру (1).doc

— 258.50 Кб (Скачать документ)

1930-1932 жылы КСРО-ғы жүргізілген  несиелік реформа нәтижесінде  жаңа қаншаға негізделген салалық банктер қатары ұйымдастырылды. Сонымен, күрделі капитал жұмсалымдарын қаржыландыру мақсатында төрт мамандандырылған банктер құрылды. Өнеркәсіп және электр шаруашылығындағы күрделі құрылысты қаржыландыру банкі, 1959 жылы «құрылыс банкі» болып құрылды.

Көптеген несиелік серіктестермен республикалық ауыл шаруашылық банктері негізінде құрылған «Ауыл шаруашылық банкі» 1959 жылы қысқарып, оның қызметі Мемлекеттік және Құрылыс банктері арасында бөлініп беріледі. Кооперациядағы күрделі құрылысты қаржыландырудың банкі (Всекобанк) 1936 ж. жойылып, оның активі мен пассиві 1959 жылы қысқарған Сауда банкісіне жүктеледі. Коммуналдық және тұрғын-үй құрылысын қаржыландыру банкі (Цекомбанк) 1959 жылы қысқарып, оның қызметі де Құрылыс банкі мен Мемлекеттік банк арасында бөлінді.

Бір банкте ақша айналысының шоғырлану қағидасы бойынша, әр кәсіпорын, ұйым немесе мекеме тек қана бір банкте өзінің есеп-айырысу немесе ағымдық шотын ашуга тиісті болды. Демек, олар, осы банкте өз қаражаттарын сақтай отырып, банктерден несие және нақты ақшалар алды, сол сияқты барлық қолма-қолсыз ақша арқылы есеп айырысуды жүзеге асырады.

1988 жылдан осы күнге дейінгі  Қазақстандағы банктік жүйенің, қалыптасуы мен даму ерекшеліктері. КСРО-да соңғы рет банктік реформа 1987-1988 жж. болып өтті. Банктік реформа нәтижесінде КСРО-ның Мемлекеттік банкі және Құрылыс банктерінің мекемелері негізінде: Өнеркәсіп құрылыс банкі, Агроөнеркәсіп банкі және Тұрғын үй-әлеуметтік банкі құрылды. Сол сияқты, кезінде КСРО-ның Мемлекеттік банкі құрамында келген жинақ кассалары негізінде Жинақ банкі, Сыртқы сауда банкі негізінде Сыртқы экономикалық банкі құрылды. Сол уақыттан бастап Мемлекеттік банк кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық және несиелік есеп айырысу қызметін көрсетуді тоқтатты. Сөйтіп, ол, еліміздің, Орталық банкісіне айналды.

КСРО-ның Өнеркәсіп құрылыс банкісіне, несиелік саясатты жүргізу, негізгі қызметі ретінде несиелеу жүйесінің тиімділігін артыру, капитал жұмсалымын қаржыландыру мен несиелеу, сондай-ақ өнеркәсіпте, құрылыста, көлік пен байланыста, мемлекеттік қамсыздандыру жүйесінде есеп айырысу жұмыстарын ұйымдастыру қызметтері бекітіліп берілді. Сонымен қатар, бұл банк осы шаруашылық салаларындағы кәсіпорындар мен бірлестіктердің есеп айырысу, ссудалық және басқа да шоттарын жүргізді. Осындай несиелік есеп айырысу қызметтерінің түрлерін ауыл шаруашылық кешені кәсіпорындарында Агроөнеркәсіп банкі, әлеуметтік аумақтағы және сауда саласының кәсіпорындары мен ұйымдарына Тұрғын үй әлеуметтік банкі, халыққа қызмет көрсетуге бағытталган - Жинақ банкі қызмет көрсетті. Сыртқы экономикалық банкі экспорттық және импорттық, операциялар бойынша есеп айырысуды ұйымдастырды.

Мамандандырылған банктер құрылымы әкімшілік-аумақтық қағидаға сәйкес құрылды. Республикалық банктер одақтың республикаларда және банктің басқармалары облысында ұйымдастырды. Аудан немесе қала деңгейінде бұл банктер өздерінің мекемелерін ашты. Әр мамандандырылған банктік бір мекемесі әр аудандағы өзіне тиісті клиенттерге ғана қызметкөрсетті. Жинақ банкісінің мекемелері аудандармен қоса ұжымшар және кеңшарларда жұмыс жасады. Жинақ банкісінен басқа мамандандырылған банктердің төменгі буындары, мамандандырылуына қарамай-ақ, сол аудандардың барлық клиенттеріне бірдей қызмет көрсетті. Шындап келгенде, мамандандыру тек банктің жоғарғы басқару деңгейінде ғана, ал төменгі деңгейдегі мекемелер әмбебап мекемелерге айналған болатын. Мамандандырылған банктер санына байланысты оларда төрт несиелік жоспар болды. Бұл банк клиентерінің әр түрлі болып келуі несиелік ресурстарды құрауға байланысты бірқатар мәселелерді тудырды. Банктен банкке өзара аймақ аралық есеп айырысу жүйесі арқылы құйылатын қаражаттардың бақылаусыздығынан одан әрі жандана түсті. Әр банк өз ресурстар көлемінде жұмыс жасауы үшін, оларға Мемлекеттік банкте ашылатын корреспонденттік шоттар бойынша, банкаралық есеп айырысуға өту қажет болды.

Мемлекеттің ықпалымен бөлінген коммерциялық банктер де мамандандырылған банктер сияқты, әр банктің белгілі бір салаларда (өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық, сыртқы сауда) өзіндік монополиясы болды. Олар өз кәсіпорындарын өте төменгі пайызбен қаржыландырып және несиелеп отырды, яғни, мұнда бұл кәсіпорындардың өміршеңдігі және пайдалылығы есепке алынбады. Мұндай банктердің активтерінде мемлекеттік зиян шегіп отырған кәсіпорындардың уақыты өткен, төленбеген, яғни сапасыз саудалар қатары арта түсті.

Жалпы банктерді мамандандыру идеясы, банк жүйесінін, жұмысын тығарыққа әкеліп, ол монополияландырудан құтылмады және несиелік механизмге түпкілікті өзгеріс енгізе алған жоқ. Сонымен қатар, Мемлекеттік банктің ролі біршама төмендеп, ол мамандандырылған банктердің жұмысына ешқандай әсер ете алмады.

Мұндай жағдайда, банк реформасын батыс үлгілерінде қалыптасқан екі деңгейдегі банктік жүйенің жүзеге асыруға ғана қол жеткізді.

1987 жылғы реформаға дейінгі банктік жүйенің мынадай кемшіліктері болды:

-  вексель айналысының болмауы;

-  кәсіпорындардың қарыздарын  кешіруі, әсіресе ауыл шаруашылығына  қатысты;

-  шаруашылықтың барлық аяларын  артық несиелеу операцияларының байқалуы;

-  банк мамандырылуынын, жойылуы;

- кәсіпорындарындағы басқа да  несие көздерінің болмауынан туындаған монополизмнің орын алуы;

- пайыз мөлшерлемесінің төменгі  деңгейде болуы;

- экономиканық әр саласының  қызметіне қойылатын (несие базасында) банк бақылауының әлсіздігі;

- бақылауға жатпайтын несиелік  және банктік ақшалардың басып  шығарылуы.

1987 жылғы банктік жүйені қайта  ұйымдастыру бұрынғыша әкімшілік  сипатқа ие болып қала берді, тек қана бұл жерде үш банктің  монополиясын бірнеше банктер  монополиялары ауыстырды.

1987 жылғы банк жүйесін қайта  ұйымдастырудың оң жағынан теріс  жақтары басымырақ болды, атап айтсақ:

- банктер бұрынғы меншік формасында, яғни мемлекеттік болып қала берді;

- олардың монополизмі толық  сақталып монополистердің саны  өсті;

- реформа жаңа экономикалық  механизмдер жоқтығына қарамай-ақ  жүргізілді;

- кәсіпорындардың банктерге бекітілгендігінен, олардың несие көзін тандаудың ешбір мәні болмады;

- клиенттер арасында несиелік  ресурстарды бөлу тігінен жалғаса  берді;

- ақша нарығы және несиелік  ресурстар, саудаға түсетін орындар  құрылмады;

- банк аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындар артып кетті;

-ағымдық және саудалық шоттарды  бөлу барысында «банктік соғыс»  шыға бастады;

- қайта   ұйымдастыруда   несиені   қайтарудың   басты   көздері   ретінде сақтандыру мекемелерінің  қызметтері жайлы қозғалыс болмады.

Оң жақтары ретінде, қолма қолсыз ақша аркылы есеп-айырысуды тәртіпке келтіруімен қатар, банк қызметінің мамандандыруын қысқартты десе болады.

Сонымен 70 жыл бойы КСРО-ның банктік жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда қатаң түрде орталықтандыру мен шоғырландыру, әкімшілік әдістері кеңірек орын алады. Сол уақыттардан қалыптасып келген ақша-несие қатынастары жаңадан туындай бастаған нарықтық қатынастарға сәйкес келмеді.

Социалистік эксперимент жүргізуі барысында ғасырлар бойы қалыптасып келген қаржы-несие институттары мен қаржы нарығының құралдары жойылып кеткен болатын. Сөйтіп, утопиялық, идеологиялық тұжырым негізінде, монобанктік жүйе қалыптасып, мұнда мемлекеттік банк барлық несиелік жүйені өзіне бағындырып және бесекелестік элементтерін өзі реттеп отырады.

1989 жылдан бастап, елімізде алғашқы коммерциялық банктер, кооперативтік және жеке банктер қатары жұмыс істеді. Сол жылы алғаш құрылған коммерциялық банктер - Интеринвестбанк, Крамдсбанк және т.б. болатын.

1990 жылы Қазақстан Республикасы  өз егемендігін жариялағаннан  бастап нарықтық қатынастардың талаптарына сай келетін, өзінің меншікті банк жүйесін құруға бетбұрыс жасады.

1990 жылы желтоқсан айында қабылданған  «ҚазКРО-ы банктер және банктік  қызмет туралы» алғашқы қабылданған  заңы Қазақстанда банктік реформаны  жүрудің бастапқы кезендерін қамтыды.Нарық экономикасында өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда ҚР банк жүйесіне макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.

Қазіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі банк жүйенің қызмет етуге жасалған талдау, олардың көрсетіп отырғандай кемшіліктердің басым бөлігі банктер қызметін реттейтін нормативтік базаны жасаудағы артта қалушылық

және оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау жасау механизмдеріндегі кемшіліктерімен сипатталады. Қазір жұмыс жасап отырған ҚР-ғы банктік жүйенің қалыптасу үрдісін үш кезеңге бөледі.

Бірінші кезең. 1988 - 1991 жылдары (КСРО-ның тұсында) - мемлекеттік салалық мамандандырылған банктердің қызметінің бір бөлігі республикалардағы сол банктердін, тиісті бөлімшелеріне беруі арқылы қайта түрлендіру; алғашқы коммерциялық банктер қатарын құру; КСРО Мемлекеттік банкіне орталық банктің жекелеген функцияларын беруге байланысты бастапқы қадамдар жасау кезеңі.

Екінші кезең. 1992 жылдың аяғы 1993 жылдары - рубль аймағында бола отырып, ҚР Ұлттық банкінің орталық банктің бірқатар қызметтерін орындауға біртіндеп кірісуі, коммерциялық банктердің экстенсивті (сандық) түрде қалыптасуы және дамуы, ұлттық нормативтік базаның қалыптасуының бастапқы кезеңі.

Үшінші кезең. 1993 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейінгі, яғни айналысқа Ұлттық валютаның еңгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің ақша несие аясының қызмет етуіне толық жауапкершілік алуымен, бюджет және банктермен қарым-қатынас орнатудың классикалық қағидаларын енгізумен, банктердің қызметін реттеу жүйесін нығайту кезеңін білдіреді.

1995 жылғы банктік реформалауға  дейінгі жұмыс жасаған банктік  жүйенің басты кемшіліктеріне  мыналарды жатқызуға болады: а) Ұлттық банк - елдің орталық қызметіне байланысты:

- мемлекеттін, қаржы саясатын жүргізу  барысындағы Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі қызметтерінің жеткіліксіз шоғырлануы;

- коммерциялық банктердің өтімділігін  толық қолдау механизмінің жеткіліксіздігі;

- екінші деңгейдегі банктер  қызметін қадағалау жөне реттеу  жүйесінің баяу құрылуы;

- валюталық реттеу және бақылау жүйесінің қалыптасуындағы артта қалушылық;

- макроэкономикалық процестерді  жедел түрде талдау, оларды     болжау және  шешім   қабылдауда  пайдалану деңгейінің төмендігі;

- осы уақытқа дейін пайдаланылып келген Ұлттық банк пен екінші деңгейдегі банктердің бухгалтерлік есеп жүйесінің халықаралық стандартқа және нарықтық экономика талаптарына сай келмеуі;

- Ұлттық   банк   жүйесінідегі   еңбек   ақының  төмендігінен кадрлардың кету деңгейінің жоғарылығы;

ә) Екінші деңгейдегі банктерге байланысты:

- Ұлттық банктер тарапынан белгіленген экономикалық (қазіргі пруденциялдық) нормативтер мен банк клиенттерінің құқықтарын тікелей бұзған банктердің нарықта қызмет ете беруі;

- қаржы ресурстарын жинақтаудың  іс жүзіндегі механизмдерінің  әлсіздігі;

- шаруашылық субъектілерін несиелеу барысында жобаларды бағалау деңгейінің және банк үшін несие беру туындайтын тәуекелді бағалау дәрежесінің, сондай-ақ несиенің қайтарылуына жасалатын бақылаудың қанағаттанарлықсыз деңгейде болуы;

- орта жене ұзақ мерзімде  ірі жобаларды дербес түрде қаржыландыруды іске асыруға мүмкіндік беретін, банктердің капиталдану деңгейінің жеткіліксіздігі;

-  прогрессивті қаржы құралдарын  және технологияларды пайдаланып, игерудің баяулығы;

- банк қызметкерлерін кәсіби  жағынан даярлаудың жалпы төмен деңгейде болуы.

Сонымен қатар, қаржы нарығының дамуындағы төлем жүйелерінің қызмет етуіндегі артта қалушылықтарда орын алды.

Қазақстанда банк секторын реформалау бағдарламасын іске асыру нәтижесінде келесідей маманданған мемлекеттік банктер құрылды:

1. Мемлекеттік даму банкі - бұл  банк экономиканың маңызды саларында  тиімді инвестициялық жобаларды  ұзақ мерзімді несиелеуді жүзеге  асыруға бағытталган Үкіметтің  қаржы-несие институты болып табылады.

2. Экспортты-импорттық банк (Эксимбанк) - бүл Қазақстан бүгін дәстүрлі емес, даму және ғылыми сиымды ұйымдардың экспортын қаржыландыру үшін, экспорттық несиелер мен инвестицияларға сақтандыру және кепілдеме беру үшін Әлем банктен бөлініп шыққан банк болып табылады.

3. Тұрғын-үй құрылыс банкі - бұл  тұрғын-үй құрылысын коммерциялық құрылысшылар арқылы несиелеуге, халық үшін тұрғын-үй жинақ шоттарын қалыптастару, ипотекалық несиелеу жүйесін құру мақсатында құрылған банкті білдіреді.

4. Медетші банк (траст) - бүл Дүниежүзілік  банктің ықпалымен «Проблемалық  кәсіпорындар үшін госпиталь» ретінде құрылған банк.

Бұл банктердің барлығы бірдей бюджет қаражаты есебінен құрылғандықтан да, олар үшін несиелік ресурстарды қалыптастыру басты мәселеге айналды. Сондықтан да, бұл банктердің қазіргі уақытта Мемлекеттік даму банкі Эксембанктен бірігіп, Тұрғын-үй құрылыс банкі Центркредитбанкпен қосылып жұмыс жасауда. Ал Медетші банк, қазіргі күні Медетші қор етіп қайта түрлендіріліп, өз қызметін одан әрі жалғастыруда.

Информация о работе Несие мәні және қажеттілігі мен қызметтері