Несие мәні және қажеттілігі мен қызметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2015 в 20:45, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономикалық қатынастарда несие барлық өндірістік
жұмыстардың, ғылыми-техникалық процестердің негізгі қозғалысын, заңды тұлғалардың кәсібін ұлғайтуға, жеке тұлғалардың өмірін жақсартуға, шағын және орта бизнесті, фермерлік шаруашылықтарды кеңейтуге негізгі үлесті қосады.
Несиенің формалары оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Екінші-деңгейлі-банктерде-жеке-тұлғаларға-несие-беруді-ұйымдастыру (1).doc

— 258.50 Кб (Скачать документ)

Дебетті карталар карточкалы иемденушінің ағымдағы шотынан құралдарды ондағы сома шегінде оны несиелендіруші шотына тікелей аудару жолымен тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге бірден төлем жасау үшін арналған. Бұл жағдайда, құралдар жетіспеген жағдайда банкпен оны айырысу жүзеге асырылмайды, өйткені, шотты ашу кезінде енгізілетін лимит, төмендетіле алмайды, ол клиентті несиелендіру бойынша міндеттемелерді банк өзіне алған жоқ.

Осылайша, дебетті карточкалар бойынша есеп айырысулар оның иемденушісінің шотынан ақша құралдарын тікелей аудару жолымен, ол банктен несие алу есебінен емес жүзеге асырылады. Техникалық мүмкіндіктер көзқарасынан пластикалық карточкаларды магнитті және микропроцессорді немесе чиптік лерге сараптауға болады.

Магнитті банктік карточка-бұл иемденушінің банктік шотының көрінісі: оның магнитті индикаторы иемденушінің аты-жөні мен оның банктегі шотының номері туралы  ақпаратты ғана мазмұндайды.Сондықтанда бұл картаны қолдану есебі куінде әр кезде тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) төлем жүргізу үшін шоттарға қажетті ақша сомасының бар екендігі тұралы ақпаратты алу үшін орталық компьютермен хабарласып отыру қажет.

Бұдан басқа, магнитті картаны қолдану кезінде персонификация процесін өту қажет- картаны оны ұсынушы иелік ететіндігі туралы фактіні дәлелдеу. Жүйелі кассалық терминалмен байланыс төлемге жатқызылатын белгілі  бір ақша сомасын аударуға бұйрық беру үшін қажет.

Магнитті карточкалардың мағыналы түрдегі жетіспеушіліктері болып табылатындар:

  1. ақпаратты оперативті жаңарту мүмкіндігінің болмауы;
  2. дүкенде есеп айырысу кезінде клиент шотынан ақшаны аудару процедурасы күрделі және ұзақ;
  3. магнитті жол өзінің қалыпты тізбегінен жиі шығады.

Магнитті карталармен жұмыс істеуде екі режимдердің қолданылуы мүмкін:

- он-лайн режимі. Құрылғы, карталарды  авторизациялау орталығына берілетін  ақпаратты магнитті жолдан оқиды. Арнайы құрылғы импринтер көмегімен гектерде карточкадан шығарылған  қол   қойылады, содан кейін чектер саудагер кәсіпорын-ның пайдасына клиент шотынан сатылып алынған тауарлар үшін төлем соммасын аудару үшін банкке саудагер ұйыммен жинақталып, жіберіледі.

- офф-лайн режимі сатып алынған  тауарлар туралы ақпарат сауда терминалдарында сақталу үшін қалатындығымен ерекшелінеді, ол чектерді басып шығару үшін қолмен айналдырылатын  арнайы құрылғылар қолданылады.

Чиптік карточка шоттағы ақшаларды манипуляция жасау үшін аса көп мүмкіндіктерді ұсынады. Өйткені, бұндай карточка ақпаратты сақтау жүйесінде оның иемденушісінің банктік шоты туралы барлық ақпарат сақталатын чипке иелік етеді: шоттағы ақша саны туралы, соманың максималды мөлшері туралы, күн ішінде орындалған операциялар туралы ақпаратты. Басқа сөзбен айтқанда, чиптік карточка- бұл біруақытылы амиен (кошелек) есеп айырысу құралы және банктік шот. Чиптік карточкасы идентификация және персонификация процедурасын қажет етпейді, яғни off-line режимінде жұмыс істеуге қабілетті, бұл карта иегерінің шоты ашылған банк немесе компаниядаәрбір қажет болған жағдайда айналысты талап етпейді. Осылайша чиптік карта- магниттіге қарағанда тәртібі жағынан аса жетілген төлемдік құрал  болады.  Өзінің техникалық сипаттамалары, сонымен қатар оны білмейінше шотқа жол  ашу мүмкін болмайтын иегерде жеке кодтың болуы арқасында, чиптік карта тек оның жалған жасалған түрлерінен қорғалған ғана емес, сондай-ақ шотпен әрекет жамүмкіндіктерінің аса кең жинағын болжамдайды.  Чиптік карталарды қолдану кезінде пайда болатын ыңғайсыздықтарға (неудобства), біріншіден, чиптік карталарғақызмет көрсетудің біртұтас унификатцияланған жүйесінің болмауын жатқызуға болады, бұған байланысты әр түрлі банктердің чиптік карталарын “оқу”үшін индивидиялды терминал болуы қажет, екіншіден – микропроцессорлерді өндірудіңжоғарғы өзіндік құнын жатқызуға болады. Сонымен бірге банктік карталар жеке  (“еңбек ақылық”) және корпоротивті болып бөлінеді. Корпоротивті  карточка заңды  тұлғалар мен ашылады және де заңды тұлғаланың шоттан басқару үшін арналған. Бір фирманың ішінде ашылатын карточкалардың соңына қоятын шектеулер жоқ.

 

 

 

 

 

1.2 Несиенің формалары мен олардың  жіктелуі және несиелеуді ұйымдастыру  қағидалары

Несиенің формасы - бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің яғни, әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді. Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйіңде сақталады.

Отандық және шетелдік әдебиеттерде несиенің келесідей формаларын кездестіруге болады:

      • коммерциялық несие;
      • банктік несие;
      • тұтыну несиесі;
      • мемлекеттік несие;
      • халықаралық несие;
      • ипотекалық несие2

Коммерциялық несие - бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді.

Коммерциялық несие - бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл формасының басты мақсаты - тауарлардың өту процесін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу болып табылады.

Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда, айналыс құралы ретінде, қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме - вексель қолданылады.

Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылғы төмендегідей:

      • қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметті сатумен айналысатын кез келген занды тұлға бола алады;
      • коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
      • қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
      • коммерциялық несиенің орташа құны сол кездегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
      • қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің занды түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылады3.

Банктік несие - бұл банктік мекемелерден қарыз сұраушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді.

Банктік несие - бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез -келген занды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты - бұл пайыз түрінде табыс алу.

Тұтыну несиесі - бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несиені білдіреді.

Тұтыну несиеснің, басты тағайындалуы халыққа тауарлар сатуды ынталандыруға бағытталады. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан тауар айналымының ұлғаюына сай несиенің көлемі өседі, сонымен қатар, тауарды несиеге алу сұранысы туындайды; екінші жағынан, халықты несиелеудің өсуі, сұраныстың төлем қабілеттілігін ұлғайтады. Мұндай тәуелділік, әсіресе бүгінгі тауарлар нарығын толтыру жағдайында пайда болуда.

Тұтыну несиесінің дамуы әр түрлі елдерде әр қалай дәрежеде қалыптасуда. Италия мен Жапонияда халықтың қарызының жалпы сомасы, сол елдің ішкі жиынтық өнімінің 10%-ын, Германия мен Францияда - 30%-ын, ал, Ұлыбритания мен АҚШ-та 60%-ын құрайды екен4. Бұл елдердің тәжірибелерінде тұтыну несиесін ен қымбат тауарларды: автомобиль, электр тұрмыстық құралдарды, жиьаздарды және т.с.с. сатып алу барысында жиі пайдаланады. Бұл елдердің тұтыну несиесінің жартысынан көп бөлігі автомобильдерді сату үлесіне тиеді. Экономикалық мазмұны жағынан тұтыну несиесі банктік несиенің бір бөлігі ретінде, оның басты бағыты тек жеке тұлғалармен тікелей байланысты болып келеді. Сондықтан да несиенің бұл формасының экономикасы дамыған елдерде кеңінен пайдалануының екі түрлі себебі бар: біріншісі, субъективті, яғни бұл несие халыққа ең жоғарғы деңгейде материалдық игілікктерге қол жеткізуге қолайлы жағдай жасаса; екіншісі, объективті, яғни Кез келген қоғамның дамуының басты бір экономикалық мәселесі - бұл дайын өнімді өткізу десек, ендеше тұтыну несиесін қолдап аталған мәселені шешуге мүмкіндік береді. Тұтыну көптеген елдердің экономикасында маңызды рөл атқарады, сондықтан да, оны мемлекеттік ұйымдар тарапынан белсенді түрде реттеп отыру қажет. Мұндай реттеуді екі түрге бөледі: берілу және пайдалану деңгейінде реттеу. Берілу деңгейінде мемлекет тұтынушыларды ынталандыруға тиіс.

Сондай-ақ тұтыну несиесі жеке тұлғаларға тұрғын үй сатып алуға және құрылысына ұзақ мерзімді банктік сауда формасында да берілуі мүмкін. Бүгінгі танда тұтыну несиесінің біздің елімізде жеке қолданылмай келудің себебі, отандық өнеркәсіп пен ауылшаруашылық өндірісінің қиындықтар кешуі нәтижесінде нарықтағы халық сұранысы мен төлем қабілеттігінін өсуі және олардың тауарлы-материалдық бағалылықтармен өтеудің кері кетуі арасындағы теңсіздікке байланысты.

Мемлекеттік несие - мемлекет және жергілікті билік ұйымдарының өздері қарыз алушы немесе қарыз беруші болып табылатын заңды тұлғалар мен азаматтарға байланысты қалыптасатын несиелік қатынастар жиынтығын білдіреді.

Мемлекеттік несиенің негізгі формаларына: мемлекеттік облигациялық зайымдар, қысқа және орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер және басқа

да мемлекеттің бағалы қағаздары жатады. Бүгінгі таңда, мемлекет тарапынан қысқа және орта мерзімді қазыналық міндеттемелер бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылуда. Қазыналық міндеттемелердің шығарылу мерзімі: алты ай, он екі ай және үш жыл мерзімді құрайды. Бұл жағдайларда мемлекеттің рөлі қарыз алушы ретінде болады себебі, қарыз беруші - заңды және жеке тұлғалар. Сондай-ақ мемлекет бюджет есебінен ірі жобаларды қаржыландыруға несие береген жағдайда ол, қарыз беруші ретінде несиелік қатынасқа түседі және мұндай да қарыз алушыларга банктер және қаржыландырылатын заңды тұлғалар жатады.

Халықаралық несие - валюта және тауар ресурстарын қайтару, сондай-ақ, пайыз төлеу шартында берумен байланысты болатын халықаралық экономикалық қатынастар аумағындағы қарыз капиталының қозғалысын білдіреді.

Мұнда қарыз берушілер мен алушылар ретінде: банктер, жеке тұлғалар, кәсіпорындар мекемелер, халықаралық ұйымдар және аймақтық ұйымдар бола алады. Қазақстанның алдыңғы қатарлы халықаралық ұйымдарға мүше болуы, экономикалық реформаларды түбегейлі жүргізу үшін қажетті қосымша қаржы көздеріне қол жеткізді. Халықаралық несие көбіне банктік несие негізінде жүзеге асырылуда. Әрине, бүл жерде жасалатын мәмілелер негізінен коммерциялық сипатқа ие. Сондықтан да, халықаралық банктік несие бойынша төлейетін пайыз мөлшері 3-4 есе жоғары болып келеді. Халықаралық несие қарыз беруші елдің валютасында немесе еркін алмастырылатын валюталарда беріледі.

Ипотекалық несие - бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді.

Ипотекалық несие көбіне ипотекалық банктер арқылы беріледі. Біздің отандық банктеріміздің, тәжірибесінде ипотекалық несие беру барысы енді ғана дами бастады. Алғашқы ипотекалық несиелер ААҚ Центркредит банкімен өз қызметін біріктірген «Тұрғын-үй құрылыс банкінен» берілген болатын. Несиенің бұл формасының дами алмай отыру мәселелері де аз емес,

атап айтсақ, қозғалмайтын мүліктер нарығының (өте қымбат тұрғын-үй нарығынан басқа) болмауы, сонымен қатар, жердің өтімсіздігінен банктердің оларды кепілге алудан бас тартып отыруы, сондай-ақ арнайы ипотекалық банктер мен жаллы ипотекалық жүйенің қызмет етуінің кешігуі т.с.с5.

Кәсіпорындарды және басқа да ұйымдарды өндірістік және әлеуметтік қажеттіліктерге байланысты банктік несиені беру, несиелеу қағидаларын қатаң сақтау негізінде жүзеге асырылады. Өйткені, мұнда несиенің мәні және мазмұны, сондай-ақ несиелік қатынастар төнірегіндегі объективті экономикалық зандардың талаптары көзделеді.

Несиенің берілу процесі - бұл қоғамдағы экономикалық өзара байланыстарды алып жатқан күрделі құбылыстарды білдіреді. Сондықтан да, несиенің экономикалық категория ретіндегі мәнін тереңдей ұғыну несиелеудің негізгі қағидаларын анықтап білмейінше жеткіліксіз болып саналады. Несиелеуді ұйымдастыру негізі мынадай қағидаларға сүйенеді:

      • несиенің мақсаттылығы;
      • несиенің мерзімділігі немесе қайтарымдылығы;
      • несиенің ақылылығы;
      • несиенің қамтамасыз етілуі;
      • несиенің сый ақылылығы6.

Несиелеудің соңғы қағидасы, шетелдік банктік тәжірибеде бірінші классты қарыз алушылар үшін жиі қолданылады. Мұндай жағдайда несие, сыйақы ретінде ешқандай да қамтамасыз етілмеген түрде беріледі.

Несиенің мақсаттылығы несиелеудің басты қағидасы ретінде, несиенің қандай мақсатқа сұралып отырғандығын сипаттайды.

Сонымен қатар, бұл қағидасы, ссудамен байланысты болатын тәуекел дәрежесінін, негізгі көрсеткіші ретінде де қызмет етеді. Мерзімдік - бұл белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделетін несиенің, ерекше бір белгісі. Бұл қағида, несие берушінің қарыз алушыға берген қаражатының белгілі бір уақыт өткен соң қайтарылуға тиістігімен қорытындыланады. Осыдан барып несиенің қайтарымдылық қағидасы туындайды.

Несиенің қайтарымдылық қағидасы оны экономикалық категория ретінде, басқадай тауарлы-ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратады. Себебі, қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан да қайтарымдылық - бұл несиенің ажырамас бөлігі.

Несиенің мерзімділігі - несиенің тек қана қайтарылып қоймай, яғни оның қатаң белгіленген мерзімде қайтарылуға тиістігін көздейді. Шаруашылықтың нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты несиелеудің бұл қағидасының маңызы арта түсуде. Біріншіден, осы қағиданың қатаң түрде сақталуына, ұдайы өндірістің ақшалай қаражаттармен қамтамасыз етілуі тәуелді. Екіншіден, бұл қағиданың сақталуы коммерциялық банктердің өтімділігін қамтамасыз етеді. Олардың жұмысын ұйымдастыру қағидалары, тартылатын несиелік ресурстардың қайтарымсыз жұмсалымдарға салынуына мүмкіндік береді. Үшіншіден, әрбір жекелеген қарыз алушы үшін, бұл қағиданың сақталуы, олардың банктен жаңа несие алуына жеңілдіктер береді.

Несиенің мерзімділігі ссуданың берілу жағдайын сипаттайтын басты көрсеткіш. Ол негізінен банк пен клиент арасында жасалатын несиелік келісім шарт құжатында көрсетіледі. Егер де келісілген уақыт өтіп кетіп ссуда қайтарылмаған жағдайда, ол уақыты өткен ссудалардың қатарына жатқызылады. Бұл сатысында банк клиенттің несиелік келісім шартты бұзғаны үшін жоғарғы жағдайда пайыз төлеп қайтаруын талап ете алады, Уақыты өтіп кеткен несиелер көрсеткіші қаншалықты төмен болса, соғұрлым банк қызметі тұрақты және оның зиян шегу ықтималдығы біршама төмен болып келеді.

Информация о работе Несие мәні және қажеттілігі мен қызметтері