Мемлекеттік қаржы жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 20:21, курсовая работа

Краткое описание

Соңғы жылдары экономиканы комплексті реформалау арқасында Қазақстанның қаржы секторы ТМД елдерінің қаржы жүйесінің ішіндегі жоғары дамыған және ашық болып табылады. Қазіргі кезде қаржы секторын дамыту концепциясы жүзеге асырылып келеді. Оның мақсаты әлемдік, сонымен қатар ЕС стандарттарын енгізу. Сонымен қатар тәелсіз және тиімді қаржылық қадағалау жүйесі жүзеге асырылуда, ТМД елдерінің арасында жалғыз Орталық Банк жасалған.Оның жұмысы Орталық Банктің классикалық қызметтеріне бағытталған. Мемлекеттің ақша-несие саясаты нақты сектордың дамуына,нарықтың барлық субьектілерінің дамуына қажетті экономикалық, институционалды, ұйымдастырушылық және құқықтық ортаны қалыптастыруда.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................. 3
Негізгі бөлім
І. Тарау............................................................................................................. 5
1.1. Мемлекеттің қаржы жүйесі.................................................................... 5
1.2. Қаржы жүйесінің құрамы....................................................................... 8
1.3. Шаруашылық жүргізуді субъектілердің қаржысы............................. 10
ІІ. Тарау......................................................................................................... 13
2.1. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы Заңнамасы.... 13
2.2. «Егемен Қазақстан» тілшілерінің Жылқыбай Жағыпарұлынан «Жаһандық дағдарыс жағдайында дамыған елдер ғана емес, дамушы елдердің де қаржы жүйесінде үлкен проблемалар» туралы алған сұхбаты... 19
2.3. Қаржы жүйесінің қағидаттары............................................................. 23
Қорытынды................................................................................................... 25
Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................... 27

Прикрепленные файлы: 1 файл

АЙДАНА курсовая(эконом теория).doc

— 198.50 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

Кіріспе............................................................................................................. 3

 

Негізгі бөлім

 

І. Тарау............................................................................................................. 5

1.1. Мемлекеттің қаржы жүйесі.................................................................... 5

1.2. Қаржы жүйесінің құрамы....................................................................... 8

1.3. Шаруашылық жүргізуді  субъектілердің қаржысы............................. 10

 

ІІ. Тарау......................................................................................................... 13

2.1. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы Заңнамасы.... 13

2.2. «Егемен Қазақстан»  тілшілерінің Жылқыбай Жағыпарұлынан «Жаһандық дағдарыс жағдайында дамыған елдер ғана емес, дамушы елдердің де қаржы жүйесінде үлкен проблемалар» туралы алған сұхбаты... 19

2.3. Қаржы жүйесінің  қағидаттары............................................................. 23

 

Қорытынды................................................................................................... 25

 

Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................... 27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Соңғы жылдары экономиканы комплексті реформалау арқасында Қазақстанның қаржы секторы ТМД елдерінің қаржы жүйесінің ішіндегі жоғары дамыған және ашық болып табылады. Қазіргі кезде қаржы секторын дамыту концепциясы жүзеге асырылып келеді. Оның мақсаты әлемдік, сонымен қатар ЕС стандарттарын енгізу. Сонымен қатар тәелсіз және тиімді қаржылық қадағалау жүйесі жүзеге асырылуда, ТМД елдерінің арасында жалғыз Орталық Банк жасалған.Оның жұмысы Орталық Банктің классикалық қызметтеріне бағытталған.

Мемлекеттің ақша-несие саясаты нақты сектордың дамуына,нарықтың барлық субьектілерінің дамуына қажетті экономикалық, институционалды, ұйымдастырушылық және құқықтық ортаны қалыптастыруда.

Ақша-несие құралдарының көмегімен мемлекет бос ақша ұсынысына  әсер етеді және ссудалық капиталдың  бағасын өзгертеді. Осылай ол несие сұранысына және оның үй шаруашылықтарында қолданылуын реттейді.

Мемлекеттің экономикалық саясаты монетарлы деп аталады, негізінен ақша-несие тәсілдерін қолданады.

Көптеген нарықтық экономикасы бар елдерде ққазіргі кезде  ЭМР-де қолданатын ақша-несие құралдарын Орталық банк, ал Қазақстанда – Ұлттық банк қолданады. Оның мемлекетте ақша эмиссиясын жасауға монополиялық құқығы бар.

Несиелі қатынастар сферасында Орталық банктен басқа  институттар жұмыс істейді: мемлекеттік банктер және арнайы функциялы органдар, Қаржы министлігі және қаржы органдары. Олар несие операцияларына қатысады, бірақ ақша айналысын және мемлекеттегі жеке ссудалық капиталдың қозғалысын реттемейді, оларға әсер ете алмайды.

Қаржы мемлекеттің  өркендеп, дамуының материалдық негізі және тірегі. Қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикалық дамуына белсенді әрі пәрменді түрде ықпалын тигізеді. Енді осы қаржы жөнінде ғалымдардың зерттеулеріне жүгініп көрейік. Қаржылық құқық саласының қазақстандық көрнекті ғалымы Худяков А.И. «қаржы» термині латынның «финис», яғни істің бітуі, ақыры немесе төлемнің, жалақының төлену мерзімі деген сөзінен туындаған дейді. Он сегізінші ғасырда француздар «finance», яғни «финанс» деп мемлекеттің кірісін және шығысын, мемлекет мүліктерінің жиынтығын немесе мемлекеттік шаруашылықты айтатын болған. Қазіргі кезде «финанс» — «қаржы» терминінің мағынасы ақшамен тығыз байланысты. Cондықтан көптеген жағдайда азаматтар қаржыны қолда бар немесе құжат жүзіндегі ақша деп түсінеді.Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; табысты бөлу және кәсіпорындарда, фирмаларда ішкі шаруашылық арналымының қорларын қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына қаражаттар төлеу және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады.

Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуда, қоғамның экономикалық құрылымын қалыптастыруда, өндіргіш күштерді жетілдіруде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік қаржылар әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару аппараты мен қорғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық қызметті атқаруға жұмсалады.

Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қаржысы материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес бұл қаржылар ұлттық шаруашылықты одан әрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады.  Ал халықтың қаржысы шаруашылық, еңбек қызметтерінің (жалақы, акция дивиденті, банк салымының проценті және тағы басқалар) негізінде, коммерциялық және халықтық банктегі сақталған қаржылардың, зейнеткерлік қорды мемлекеттің іске қосуының нәтижесінде ақшалай қаражатты құрайды. Бұл құрылымдардың қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, бөлу, пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

 

І. Тарау.

 

1.1. Мемлекеттің қаржы жүйесі

 

Қаржы – елдегі орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша құралдарының қорын тұрғызудағы және қолданудағы барлық экономикалық қатынастар жиынтығы. Қаржылар – ақша құралдарын бөлу мен пайдалануға юайланысты құндық ағымдардың жиынтығы болып табылады. Араларында аұша ағымдарының ұдайы қозғалыстары болып тұратын негізгі субъектілерге мемлекет, оның институттары, фирмалар және тұрғындар жатады.

Қаржы жүйесі –  бұл барлық өзара байланыстағы қаржылық құрылымдық элементтердің жиынтығы. Қаржы жүйесіне мыналар кіреді:

  • барлық деңгейдегі бюджеттер жиынтығын (мемлекет, әкімшілік бірліктер, жергілікті басқару ұйымдары);
  • бюджеттен тыс қорлар (әлеуметтік, мүліктік, жеке сақтандыру);
  • мемлекеттің валюталық резерві;
  • кәсіпорындар мен мекемелердің ақша қорлары.

Қаржы жүйесін  мемлекеттің, шаруашылық субъектілердің, тұрғындардың қаржысының өзара басланысы  ретінде қарауға болады. Қаржы жүйесінің қызмет істеуі екі кезеңнен тұрады:

  • табыстарды алу мен шығындаудың жоспарларын құрастыру;
  • ақша ағындарының қозғалысын ұйымдастыру.

Егер қаржы  жүйесі мемлекет деңгейіндегі мақсаттарға  жетуге бағытталған болса, онда бұл  мемлекеттік қаржы саясатын білдіреді. Ал ол келесі екі аспектіден тұрады:

  • фискалдық саясат – экономиканы табыстар мен шығыстар арқылы реттеу;
  • бюджеттік саясат – бюджеттік үрдістерді реттеу (бюджеттік тепе-теңдікке жету).

Фискалды саясат – бұл мемлекеттік шығындар мен табыстарды өзгерту арқылы экономиканы реттеу жүйесі. Ол екі түрге бөлінеді: дикрециондық фискалды саясат және автоматты. Дикрециондық саясат – экономикалық конъюнктураны тегістеу мақсатында мемлекетпен салықтарды және шығындарды өзгерту. Бұл белсенді фискалды саясат.

Автоматты фискалды саясат автоматты түрде кіріктендірілген тұрақтандырушылар көмегімен жүргізіледі. Бұл пассивті фискалды саясат: мемлекеттік  шығындары мен салықтардың деңгейіндегі қажетті өзгерістер автоматты түрде  жасалынады.

Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің барлық ақша құралдарын және оларды білуді бейнелейтін мемлекет қызметінің қаржылық бағдарламасы.

Бюджет шығындары  құрымы бойынша: мемлекетті басқаруға, әлеуметтік экономикалық мақсаттарға, мемлекеттің шаруашылық әрекеттері мен сыртқы экономикалық қызметтеріне, қорғаныс пен ұлттық қауіпсіздікті екі түбіне жұмсалатын шағымдар болып бөлінеді.

Экономикалық  әдебиетте мемлекеттік шығындарды әр түрлі жіктелімдеу ұсынылады. А.Пигу оларды транформациалық және трансферттік түрлеріне бөледі. Бірінші жағдайда тауар мен еңбекте көрсетілген қызметтер мемлекеттік қаржының ағымына қарсы ағады. Трансферттік шығындар қарсы келетін қызметті болжамайды және тікелей құралдарды беру болып шығады (трансферт: субсидиялар, үй шаруашылығына жәрдемақы, әлеуметтік қамтамасыздандыру).

Мемлекеттік шығындардың  басқа жіктелеуі институционалдық бағытпен байланысты: негізі ретінде  оларды министрліктер, агенттіктер  арасында бөлу жатады. Осындай жүйелеу  құралдарды жұмсауды бақылауын жеңілдетеді, бірақ та олар қаншама тиімді пайдаланылғанын көрсетпейді.

Функционалды  принциптің негізінде шығындар мақсатты міндеті бойынша топталады (қорғаныс, білім беру, өнеркәсіп және т.б.). бұл мемлекеттің экономикалық саясатының басымдылығы туралы пікірге мүмкіндік  береді.

Мемлекеттің шаруашылық әрекеттерге шығындары таза ұлттық өнімді мультипликациялық өсіруге әкеледі. Мемлекеттік шығындар мультипликаторы таза ұлттық өнім өзгерісінің үкімет шығындары өзгерісінің қатынасына тең.

Мемлекеттік бюджет кірістері – орталық және жергілікті билік ұйымдары алатын салықтардан, мемлекеттік қарыздардан, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлардан және мақсаттық қорлардан тұрады.

Экономикалық  әдебиетте мемлекеттік кірістердің  келесі жіктелеуі беріледі:

  • салықтық және салықтық емес;
  • қарапайым (тұрақты) және төтенше (уақытша, кезеңдік);
  • жеке сектордан және мемлекеттік сектордан.

Өз кезегінде, мемлекеттік сектордан алынатын табыстар ұлттық мемлекеттен және шетелден (көмек, репарациялар) түскен қаржыларға бөлінеді. Жеке сектордан түсетін  мемлекеттік табыстар мемлекеттің рынок түріндегі табыстарды болжайды.

Қаржы жүйесінің  құрылуының екі принципі белгілі:

а) демократиялық  орталықтандыру;

б) фискалдық  федерализм.

Демократиялық орталықтандыру кезінде жергілікті органдар ақша қаражаттарын өз бетімен  жұмсай алмайды. Ал фискалдық федерализмде орталық және жергілікті қаржылар қатаң шектелген. Жергілікті билік қаржы шығындарының бағытын өзі дербес анықтайды.

Салықтар –  бұл жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың  мемлекет пен жергілікті бюджетке міндетті төлемдері. Салық жүйесі – қаржылық құралдарды жинау әдістері мен нысандарының жиынтығы.

 

 

Салық салудың  принциптері:

  1. Салық салудың жүйесі келесідей құрылуы қажетті: мемлекеттің оны ұстауға шығыны. Сондай-ақ сол төлем төлеу тәртібі мен байланысты салық төлеушінің шығыны максималды төмен болу керек;
  2. Салық ауыртпалығы салық төлеушінің экономикалық белсенділігін төмендетпеуі тиісті;
  3. Салық алу үрдісі конъюнктура мен жұмыс бастылығы саясатын жүзеге асыруға ең жоғары дәрежеде көмектесуі үшін ұйымдастырылуы тиісті;
  4. Салық салу үрдісі үлкен әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету бағытында табыстарды бөлуге әсер етуі тиісті;
  5. Салық құрамдастарымы әрбір салықтың өзінің нақты мақсаты болатын біртұтас жүйені құрауы тиісті;
  6. Жеке адамның «салық төлеуге қабілетін» анықтау кезінде азаматтың жеке өміріне қатысты ең аз деректерді көрсетуін талап ету қажетті.

Салықтардың түрлерін келесі бес қасиеттері бойынша жіктеледі:

  1. Салықтарды салу объектісі бойынша:

а) табыс салығы;

б) мүлікке салынатын  салық;

в) нақты қызметтің  және тауардың тұтынушының шығындарына  салынатын салық.

  1. Алу тәсілдері бойынша тура (табысы төлеушіденнемесе мүлік иесінен тікелей алынатын салық) және жанама (нақты тауарлардың бағасына қосылады және осы тауарларды тұтынушыларынан оларды сатқанда алынады – акциздер және кедендік баж) салықтар болады.
  2. Мөлшерін анықтау сипатына қарай салық негізі үш жүйеге бөлінеді:

а) пропорционалды салықтар – табыс, шығын сомасына немесе мүлік құнына байланысты емес және өзгермейтін пайыз мөлшерлемесімен  салынады;

б) прогрессивті салықтар – ставкасы табыстың артуыга  байланысты өсіп отырады;

в) регрессивті  салықтар – ставкасы табыстың артуына  байланысты төмендеп отырады.

  1. Салық сомалары түсетін бюджет деңгейі бойынша – жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтар болып бөлінеді.
  2. Пайдалану тәртібіне қарай жалпы салықтар және мақсатты немесе арнаулы, нақты міндеттері бар, салықтар бөлінеді.

Информация о работе Мемлекеттік қаржы жүйесі