Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2013 в 21:51, курсовая работа
Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпкерлік қызметте басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді.Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі.Міне, сондықтан да, мұны еш уақытта естен шығаруға болмайды. Еңбекақы – бұл жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады. Еңбекақы төлеудің негізінде еңбекақы төлеудің шекті өнімділігімен шектелінетін, өндіріс факторы ретіндегі еңбектің құны жатыр.
Кіріспе.................................................................................................................... 5
1. Кәсіпорында еңбекақы жүйесі және оны ұйымдастыру.......................... 7
1.1 Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастырудың экономикалық мәні мен маңызы.................................................................................................................... 7
1.2 Еңбекақы төлеу нысандары мен жүйелері.................................................. 11
2.«Тас-құм» акционерлік қоғамында еңбекақының ұйымдастырылуын талдау.................................................................................................................... 17
2.1 Кәсіпорынның қысқаша сипаттамасы және оның технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау.......................................................................................... 17
2.2 Кәсіпорындағы еңбекақы төлеу жүйесін талдау........................................ 20
2.3 «Тас-құм» АҚ-да еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру шаралары............ 25
3.Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастыруды жетілдіру бағыттары...... 27
3.1 Шетелдерде еңбекақыны ұйымдастыру тәжірибелері............................... 27
Қорытынды........................................................................................................ 35
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................... 36
Кесте 1. Еңбекақыны төлеу разрядтары мен тарифтік коэффициенттері.
Еңбекақыны төлеудің разрядтары |
Тарифтік коэффиценттері |
Еңбекақыны төлеудің разрядтары |
Тарифтік коэффиценттері |
1 |
1,0 |
12 |
2,20 |
2 |
1,07 |
13 |
2,37 |
3 |
1,15 |
14 |
2,55 |
4 |
1,24 |
15 |
2,74 |
5 |
1,33 |
16 |
2,95 |
6 |
1,43 |
17 |
3,17 |
7 |
1,54 |
18 |
3,43 |
8 |
1,66 |
19 |
3,67 |
9 |
1,78 |
20 |
3,94 |
10 |
1,91 |
21 |
4,24 |
11 |
2,05 |
Жұмысты тарифтеу – бұл еңбек түрлерінің күрделілігіне тәуелді еңбек түрлерін біліктілік категориясына немесе тарифтік разрядқа жатқызу.
Тарифтік разряд- қызметкердің біліктілігін және еңбек күрделілігін қамтып көрсететін шама және тарифтік разряд әр өндірістік операцияда, әр жұмыста қолданылады, біліктілік разряд – қызметкердің кәсіптілігін дайындаудағы деңгейін қамтып көрсететін шама.еңбекті тарифтеу және тарифтелу разрядының кызметкерлерге иемденіп кетуі кызметкерлердің біліктілігіне, ұсынылған талаптарымен көрсетілген.
Еңбекақы жүйелерінде қайта құру еңбек министрлігімен әлеуметтік қорғау бағдарламаларына сәйкес келесі бағыттарда жүзеге асырылады.
1. Бірыңғай тарифтік торды жаңарту;
2. Жалақыны мемлекеттік реттеу;
3.Жұмыс берушілердің
4, Кәсіпорынның қаржысына және пайдасына ұжымның қатысуы;
5. Әлеуметтік серіктестердің
Таяу уақытқа дейін
жалақы деп – жұмысшылар арасындағы
еңбек бойынша бөлінетін
Еңбекақыны ұйымдастыру
1-сызба.Еңбекақыны
Бүгінде жалақы бұл – құнның ауыспалы формасы, жұмысшы күшінің бағасы. Ал ол – жұмыстың ақырғы нәтижесіне байланысты жұмысшының өмірлік қорлараның негізгі бөлігі. Қазақстанда әзірше жұмысшы күшінің бағасына жалақы категориясын бекітуге жағдайлар жасалған жоқ.
Жұмысшының табысының мәні жалақы заңында көрсетіледі, жалақы жұмысшы күшінің құнымен немесе бағасымен анықталады. Жұмысшы күшінің заңы бұл – икемді экономикалық заң, өйткені табыс деңгейі үнемі
құбылып отырады, жұмысшылардың өмірінің жағдайына сәйкес өзгеріп отырады. Мейлінше жалпы алғанда, еңбекақы деп – жұмыскерге оңың еңбегін пайдаланғаны үшін төленетін құралдар сомасын түсінуге болады. Оның негізінде жұмысы күшінің бағасы жатыр. Бұл категорияның мәнін қазіргі шет елдің зерттеушілері шамамен осылай анықтайды.
1.2 Еңбекақы төлеу нысандары мен жүйелері
Еңбекақының жүйелері және нысандары өз алдына еңбектің нәтижесін қамтып көрсетіп сандық және сапалық көрсеткіштер жиынтығының көмегімен жұмсалған, еңбектің санына және сапасына тәуелді еңбекақы мөлшерінің бекітілу тәсілдерін көрсетеді.
Еңбекақыны ұйымдастыру тікелей келесі негізгі элементтерден тұрады.
1. Еңбекақы қорын қалыптастыру;
2. Еңбекті нормалау;
3. Тарифтік жүйені қалыптастыру;
4. Еңбекақы жүйесін және формасын анықтау;
Мақсаттың ішінен басты нәрсе болып еңбек өлшемі мен еңбекақы өлшемі арасындағы дұрыс арақатынасты қамтамасыз ету, сонымен қатар тиімді еңбекте жұмысшылардың мүдделерін көтеру болып табылады.
Шарушылық субьектілерінде барлық жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу және есептеу үшін мерзімді және кесімді нысандары қолданылады.
Мерзімдік еңбекақыға – жұмыс істеген уақытта сағаттық немесе күндік еңбекақы мөлшері бойынша өнім өндіргені немесе өндірілгеніне қарамастан жұмыста болған уақытына есептелінеді. Өндірілген өнімі мен істеген жұмысын мөлшерлеуге болмайтын, яғни атқарған жұмысының көлемі мен санын анықтау мүмкін емес жұмысшылар мен қызметкерлерге мерзімдік еңбекақы төленеді. Мысалы: автаматтандырылған өндірісте машина жөндейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге, шарушылық субъектісінің басшыларына, қаржы және есеп бөлімінің қызметкерлеріне және т.б.
Мерзімдік еңбекақының төмендегідей жүйелері бар:
1.жай мерзімді.
2. мерзімді сыйлықты.
Жай мерзімді жүйесі бойынша- жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы жұмыс істеген уақытына тарифте немесе штатта көрсетілген мөлшері бойынша төленеді.
Мерзімдік сыйлықты- жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың тарифте немесе штатта көрсетілген тұрақты еңбекақысына қосымша олардың өндірген өнімдердің көлеміне, санына, сапасына және т.б көрсеткіштердің өсуіне қарай сыйлық беру болып табылады.мерзімдік ақы төлеу кезінде еңбек өлшемі – пайдаланылған уақыт болып табылады, ал табыс болса, нақты пайдаланылған уақыттың жалақысына немесе қызметкердің тарифтік мөлшерлемесіне байланысты есептелінеді.
Еңбекақы мына формула бойынша есептелінеді:
ЕА=ТС+ПУ, (1)
Мұндағы:
ЕА- еңбекақы;
ТС- біліктілік разрядындағы жұмысшының меншіктенген тарифтік мөлшерлемесі;
ПУ- нақты пайдаланылған уақыт;
Кесімді еңбекақы – жұмысшы-қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақсатында қолданылады. Еңбекақы есептеудің және төлеудің кесімді нысанын қолданғанда жұмысшы қызметкерлерге тиісті еңбекақы, олардың өндірген өнім көлемін немесе санын тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне қарастырылған, яғни белгіленегн кесімді бағаға көбейту арқылы табылады.
Кесімді баға белгіленген жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп белгіленеді. Уақыт мөлшері бір жұмысты орындауға керек, яғни қажет болатын, адам/сағат, адам/күн өлшемінде көрсетілген уақыт болып табылады. Өнім өндіру мөлшері жұмысшылар мен қызметкерлердің белгілі бір уақыт ішінде жасап шығарылатын, өндірілетін өнімнің саны мен көлемімен анықталады.Кесімді ақы төлеу кезінде еңбек өлшемі жұмысшының өндірген өнімі болып табылатын және белгіленген (тиімді) кесімді бағалауды қоспағанда, тап осы кездегі жүйеде еңбекақы өнімнің санына және сапасына тәуелді. Табыс мына формула бойынша анықталады:
ЕА=КБ*ӨМ (2)
Мұндағы:
ЕА- еңбекақы;
КБ- өнім бірлігінің кесімді бағаламасы;
ӨМ- дайындалған өнімнің мөлшері.
Еңбекақы төлеудің кесімді немесе мерзімді нысанын таңдау бірнеше факторларға бөлінеді:
Қазіргі кезде еңбекақының мерзімдік сыйлықты және жай мерзімдік түрі кең тараған.
Кесімді еңбекақының мынандай жүйелері бар:
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақыны есептеудің тікелей кесімді жүйесі бойынша – бір жұмысшыныңнемесе бір бригаданың өндірген өнімнің, істеген жұмысшының бәрі тек қана еңбек бағасымен есептеледі. Бұл жүйе бойынша еңбекақы мөлшері – бұл құжатта көрсетілген, өндірілген өнімнің санын сол өнімнің бір данасына қарастырылған, яғни белгіленген еңбек бағасына көбейту арқылы табылады.
Шаруашылық субъектісінде жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді сыйақылар өндірісте өнім өндіруді саны мен сапалық жағынан артығымен орындағаны, өнім өндіру барысында шикізаттар мен материалдарды, отындар мен энергияны үнемді де ұтымды пайдаланғаны үшін оларға төлеуге тиісті еңбекақысына қосымша сыйақы ретіде төленеді. Шаруашылық субъектілерінде немесе оның бөлімшелерінде жұмысшылар мен қызметкерлерге сыйақы төлеу және сыйақының қандай жағдайда берілуі керектігі жайлы ереже болуы қажет.
Шаруашылық субъектілерінде жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақыны есептеудің үдемелі кесімді жүйесі бойынша төлем- өнім өндіруге белгілі бір мөлшерде артық көлемде өндірген өнімдері үшін қосымша сыйақы ретінде төленеді. Бұл жүйе көп жағдайда қиын да күрделі, ауыр болып саналатын операциялар мен жұмыстарды орындағандары үшін және еңбек өнімділігін белгілі бір дәрежеден артық орындау қиынға түсетіні қолданылады. Сонымен бірге үдемелі кесімді еңбекақы төлеу жүйесі норманы орындағаны үшін, тікелей кесімді бағаламалар бойынша төлемдерді қамтиды, нормадан тыс өндірулер кезінде жоғары бағалама бойынша төлемді қамтиды. Жалпы бұл жүйе кез келген шаруашылық субъектісінде қолданыла бермейді, әдетте, жаңа техниканы меңгеріп алумен байланысты жұмыстарда уақытша қолданылады.
Кесімді еңбекқының аккордтық жүйесі – шаруашылық субъектісінде жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуде қолданылады. Аккордтық кесімді жүйе жұмыстың барлық көлеміне төлейтін ақыларды қамтиды. Сондай-ақ, кесімді еңбекақының бұл жүйесі жоғары сапалы өндірген өнімнің және орындаған жұмыстың санына, көлеміне қарай алдын ала кесімді баға қоюды қажет етеді. Сондай-ақ бұл жүйе бойынша еңбекақы төлеу үшін алдын ала атқарылатын жұмыстың көлемі мен сапасы анықталуы тиіс. Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеу көбіне құрылыс салушы шаруашылық субъектілерінде, жөндеу жұмысымен айналысатын субъектілерде және жүктерді тиеп түсірумен айналысатын өнеркәсіп орындарында қолданылады. Бұл жүйе бойынша еңбекақы есептеу шаруашылықта жұмысшылар мен қызметкерлер санын қысқартып, еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіншілік береді.
Халық шаруашылық салаларындағы шаруашылық субъектілерінде жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақы есептеудің тағы бір жүйесі жанама кесімді жүйе болып табылады. Бұл жүйе бойынша қосымша еңбекақы шаруашылықтың негізгі жұмысшылары қызметткерлеріне емес, оларға қызмет ететін көмекші өндірістің жұмысшыларына төленеді, яғни бұл жүйе бойынша еңбекақы шаруашылық субъектісіндегі станоктардың, жабдықтардың, тағы басқа да құралдардың тоқтамай жұмыс істеп, белгіленген мөлшерден артық өнім өндіргені үшін слесарьларға, операторларға, жөндейтін және оларды жұмысқа дайындайтын басқа да жұмысшыларға төленеді.
Еңбекақы төлеудің кесімді түрі ұжымдық түрде немесе әрбір нақты қызметкерге жеке қолдануға болады. Бірақ еңбекақы төлеудің мердігерлік нышаны көп таралған. Бұл еңбекақы төлеудің нысанының маңызы мынада. Яғни келісім бойынша бір жақ қызметкерлері нақты бір жұмысты орындап, мердігерлік алады, ал екінші жақ қызметкерлері жұмыстың қорытындысын күтеді.
Әрбір кәсіпорында еңбекақыны төлеу үшін жалақы қоры құрылады. Жалақы қоры,еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуге арналған қаражаттардың қайнар көзі.
Еңбекақы төлеудің аралас жүйесі мерзімдік және кесімді еңбекақы төлеудің негізгі артықшылықтарын қамтиды және еңбекақы мөлшерінің жеке қызметкерлер және кәсіпорын қызметінің нәтижесімен икемді байланысын қамтамасыз етеді. Мұндай жүйелерге қазіргі кезде тарифсіз жүйе жатады.
Еңбекақы төлеудің тарифсіз
жүйесінде қызметкерлердің
Кесте 2.Жалақыға қойылатын талап
Нарық кезеңінде шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайлары |
Жалақыға қойылатын талап |
1 |
2 |
Әртүрлі меншік түрлерінің дамуы |
Жеке меншік жарнамасына байланыссыз бірдей жалақымен қамтамасыз ету |
Меншікті жекешелендіру процесі |
Жұмысшылар арасында негізгі категорияны өндіріс мүлкінің иесіөзгешелейді |
Кәсіпорынның өз бетінше шаруашылық жүргізуін нығайту |
Еңбекақыны ұйымдастыру құқығын кеңейту |
Кәсіпорын басшыларын өндірістің
тиімділігін көтеру, |
Е/а-ны ұйымдастыруда кәсіпорын басшылары кәсіпорын қызметінің нәтижелеріне тікелей тәуелді болуы керек |
Белгілі сапаға инвестицияны жұмылдыру қажеттігі |
Экономикалық қызығушылықтың есебінен еңбекақы артықшылықтарын қамтамасыз ету |
Еңбек нарығын қалыптастыру |
Еңбекақыны еңбек нарығындағы жұмыс күінің сұранысы мен ұсынысының құнын ескереді |
Әлеуметтік қорғаудың белгісі ұлғаяды |
Тікелей реттеумен бірге экоомикалық тетіктері арқылы әсер ету (салық, несие) |
Информация о работе Кәсіпорында еңбекақы жүйесі және оны ұйымдастыру