Экономикалык талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 19:24, курсовая работа

Краткое описание

Адамның әрекет ететін барлық сферасында, барлық ғылыми салада (саяси, халықаралық, қоғамдық, әлуметтік, экологиялық, мәдени тұрмыстық) анализ және синтезді қолданбау мүмкін емес. Әсіресе анализ және синтездің экономикадағы маңызы өте зор, өйткені экономика барлығының негізі болып табылады. Егер эконмикалық проблемалар туындап және олар шешілмеген жағдайда ол проблемалар қоғамның өзге сферасына жағымсыз әсерін тигізеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экономикалык талдау.docx

— 38.89 Кб (Скачать документ)

 

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экономикалық талдауды ақпараттарымен қамтамасыз ету

 

Басқару объектілерінде жүргізіліп отырған терең де сапалы өзгерістер ұйымдастырушылық құрылымдар мен басқару  органдарын қайта құруға әкеліп соғады. Әрдайым даму мен жетілу үстінде  болатын басқару объектісін бұрыңғы  қалыптағы әдіске салуға болмайды. Керісінше, әдістер өзгертіліп отырған  экономикалық міндеттерге сәйкестендірілуі тиіс.

Ол бір жағынан нарыққа  өтпелі кезеңде аймақ басқару  суъектісі ретінде, екінші жағынан  нақтылы едегі әлеуметтік-экономикалық процестер әсерінен біріккен жергілікті қызығушылығы бар адамдар қауымдастығы әсерінен дамиды.

Бұрынғы орын алған мемлекеттік  билік пен басқару құрылымдарының бірқатар кемшіліктері болды. Олардың  қараты төмендегідей:

  • қоғамның дағдарыс жағдайынан шығуын, қолда бар өндірістік, экономикалық және интеллектуалдық әлеуметің тиімаді пайдалануын қамтамасыз етіледі;
  • нарықтық қатынастарды өндіру мен дамытуға жағдай тудыруды, жоғары өнімді ынталандырудың жаңа тетіктерін енгізуді, кәсіпкерлік пен бәсекені жетілдіуді мүмкін етіледі;
  • басқару органдарының әдістері мен нысандары ескіше болды. Мемлекеттік басқару мен тікелей шаруашылықты жүргізу қағидалары ұштасып жатты;
  • салалық басқару органдарында қайта бөлу қызметі басым болып, кәсіпорындар әрекетіне себепсіз араласу мен олардың экономиалық дербестігін шектеу орын алды; елеулі кемшілік болып қабылданған бсқарушылық шешімдерге жауапкершіліктік орын алмауы табылды;
  • келісімсіз әрекет жасау, қызметті қайталау, атқарушы органдарда кең етек алды.

Басқарудың ұйымдсатырушылық құрылымы серпіндікпен сипатталатын және объектінің жағдайымен байланысты болған соң, ұйымдастрырушылық мәселелері өтпелі кезеңнің әр сатысында зертеліп отыруы қажет. Ол мәселелер топтарға жинақталады:

  • басқаруды орталықтандыру мен орталықсыздандырудың арақатысын оңтайландыру, яғни басқарудың иерархиясының барлық сатысында оның функцияларын, құқықтарын және жауапкершілік қызметтерін анықтап айыру. Сонымен қатар негізгі топтағы кәсіпорындар, фирмалар, бірлестіктердің шаруашылық дербестігін елеулі көтері;
  • рсепубликалық, аймақтық және бағдарламалық деңгейде қабылдаудың міндеттерді шешуде басқару органдарының үйлестігі мен әрекеттестігі;
  • еңбекті ұйымдсатырудың пайдалы нысандарн, шешім қабылдаудың әдістерін және басқару құрылымдарды пайдалана отырып, бсқару аппаратының жұмысын тиімді етіп құру. Осы аталған кешені аппаратты құруды жан-жақт қамтиды. Осының өзі ұйымдастырушылық жүйелердің талдау объектісі болп табылады.

Жалпы диалектикалық тұрғыдан қарасақ ұымдастырушылық құрылым  мен оның басқаратын объектісі бір-бірімен  өте тығыз байланысты, бір-бірінсіз жеке дара қызмет ете алмайды. Басқаратын объект болмаса басқарушы орандардың да қажеті шммалы. Сондықтан да бұл  екі ұғым диалектикалық нысан  және мазмұн деген категорияларына  сәйкес келеді. Мазмұн өзгерсе нысан  өзгеруі заңды құбылыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экономикалық талдау түрлері

 

   Модельдеу мен  дерексіздендіру (абстракциялау), ойша  жіктеу макроэкономикалық талдаудың  негізгі әдісі болып табылады. барлық макроэкономикалық үдерістер  модельдерді (үлгілерді) салу  негізінде зерделенеді. Макроэкономикалық  модельдер араларындағы негізгі  өзара қатынастарды табу мақсатымен  экономикалық үдерістер мен құбылыстардың  графикалық немесе алгебралық  баяндалуы. Модельді салу үшін  әр зерттелетін құбылыстың ең  маңызды сипаттарын айырып, мәні, маңызы аз құбылыстар мен факторлардан  дерексіздену қажет. 

Сонымен, модель (үлгі) дүниенің, шындықтың қарапайым көрінісі, ол экономикалық үдерістер дамуының негізгі  заңдылықтарын тауып, экономикалық өсу, инфляция, жұмыссыздық сияқты күрделі  макроэкономикалық мәселелердің шешу нұсқаларын әзірлеуге мүмкіндік  беретін жеңіл түріндегі көрініс  болып келеді. Макроэкономикалық  модельдердің түрлері көп: функциялар, графиктер, сызбалар мен кестелер, олар макроэкономикалық шамалар араларындағы, экономикалық құбылыстар араларындағы, экономикалық құбылыстар араларындағы себеп – салдар байланыстарын  түсінуге мүмкіндік береді. Макроэкономикада функциялардың әр түрлерін айырады.

Барлық функцияларды графиктер  мен кестелер түрінде көрсетуге  болады. Модельдерге (үлгілерге) көрсеткіштердің 2 түрі кіреді: экзогенді және эндогенді.

Экзогенді шамалар – ол сырттан берілетін, үлгіден тыс  қалыптасатын көрсеткіштер. Экзогенді  шамалар тәуелсіз болып келеді. Эндогенді  шамалар – үлгінің ішінде қалыптасатын көрсеткіштер.

Экзогенді эндогенді


ауыспалы ауыспалы

Сурет 1.1

 

Үлгі экзогенді шамалардың (сыртқы күш, қозғалу) өзгеруі эндогенді  шамалардың өзгеруіне әсер етуін  көрсетуге мүмкіндік береді (Сурет 1.1). мысалы егер тұтыну функциясының  түрі С=C (Yd,W) болса,

мұнда С-жиынтық тұтыну шығындардың  шамасы,

Yd-қолдағы табыс және 

W-байлық

онда Yd және W – экзогенді  шамалар, ал С – эндогенді болып  табылады. Бұл үлгі қолдағы табыстың немесе байлықтың өзгеруі тұтыну шығындар шамасын қалай өзгертетінін талдауға мүмкіндік береді. Сонымен, тұтыну тәуелді шама ретінде (функция), ал қолдағы табыс пен байлық шамасы – тәуелсіз шамалар (функцияның негізі) ретінде саналады. Әр түрлі үлгілерде  бір шаманың эндогенді де, экзогенді  де болуы мүмкін. Солай, тұтыну үлгісіндегі  тұтыну шығындары (С) эндогенді (тәуелді) шама ретінде, ал жиынтық сұраныс  үлгісінде  тұтыну шығындары (С) экзогенді (тәуелсіз) шама, яғни ауыспалы болып келеді, ол жиынтық шығару мен жиынтық табыстың шамасын анықтайды.Макроэкономикалық ауыспалылардың маңызды ерекшелігі – олардың 2 топқа бөлінуі: ағындар көрсеткіштері мен қорлар көрсеткіштері. Ағын – ол белгіленген мерзім ішіндегі сан. Макроэкономикада уақыт бірлігі ретінде жыл саналады. Қорлардың көрсеткіштеріне жатады; ұлттық байлық, жеке байлық, капитал қоры, жұмыссыздардың саны, өндірістік әлеует, мүмкіндік, мемлекеттік қарыз және т.б. Макроэкономикалық көрсеткіштер абсолюттік және салыстырмалы деп бөлінеді. Абсолюттік көрсеткіштер ақша (құндық) түрінде (бұған адам санымен өлшенетін жұмыссыздар санының көрсеткіштері енбейді), ал салыстырмалы – пайыздарда немесе салыстырмалы шамаларда өлшенеді. Салыстырмалы көрсеткіштерге жұмыссыздық деңгейі, дефлятор (бағалардың жалпы деңгейі), инфляция қарқыны, экономикалық өсу қарқыны, пайыз мөлшері, салық мөлшері және т.б. кіреді.

Макроэкономикада тепе-теңдік жағдайларды зерделеудің зор  маңызы бар. Тепе-теңдіктің 3 түрін айырады: тұрақты, тұрақсыз және бейтарап (сурет 1.2). Жүйедегі тепе-теңдік тұрақты деп  саналады, егер тепе-теңдік жағдайдан  шығарылып, жүйе өз бетімен оған қайтакелсе, тұрақсыз – орнына қайтпаса және бейтарап – жүйе алғашқы жағдайына келе ме, жоқ па – анық айтуға болмаса. Макроэкономикалық үлгілерде уақыт  факторының маңызы зор. Талдауда осы  фактор қалай есептелуіне байланысты макроэкономикалық үлгілердің 3 түрін  айырады: статикалық, салыстырмалы статиканың және динамикалық. Статикалық модельдер  уақыттың белгіленген сәтіндегі  экономикалық ахуалды сипаттайды. Салыстырмалы статика модельдері экономикалық жүйенің  бір тепе-теңдік жағдайдан екінші жағдайға көшу нәтижесін көрсетеді, бірақ, бұл көшудің қалай болатындығын зерттемейді. Бұл процестің (үдерістің) механизмі динамикалық үлгілерде  зерделенеді. Динамикалық үлгілерде  дисконттау қағидасы маңызды рөл  атқарады, яғни болашақ табыстардың  құнын қазіргі мерзімге келтіру (PV). Дисконттау әдісі инвестициялық  жобалардың қаржыландыруына қаржыларды салу нәтижелілігін анықтауында, құнды  қағаздарды сатып алғанда, тұтынудың  уақытаралық таңдауында пайдаланады.

 

 

           Өндрістік қызметтің негізгі көрсеткіштерін талдаудың негізі

 

Кәсіпорындарды құру және олардың құрылымдық бөлімшелерінің негізіне өндірістік процестер жатады. Өнімді өндірумен байланысты кез  келген технологиялық процесс түрлі  операциялар көлемін, оның ішінде негізгі, қосымша, қызмет көрсету, басқару және т.б.жұмыстарын іске асырады. Дайын  өнімді жасауды 

Негізгі капитал – ұзақ кезең бойы қызмет ететін материалдық-заттай құндылықтардың жиынтығы. Олар  өндіріске  қызмет ете отырып, өзінің табиғи-заттай формасын сақтайды және өз құнының  бір бөлігін жаңадан жасалған өнімдер мен қызметтерге көшіреді және меншік иесіне ақшалай формада  бөліктеп қайтарылады.

      Өндірістік  негізгі қорларға өнеркәсіп, құрылыс,  ауыл шаруашылығы, көлік, байланыс, сауда және басқа да материалдық  өндіріс бағытындағы негізгі  қорлар жатады. Өндірістік емес  негізгі қорлар тұрғын үй, мәдениет, спорт мекемелері, балабақша, емдеу  орындарына қызмет көрсету үшін  бағытталған. негізгі қорларға  ғимараттар, құрылыстар, машина мен  құралдар, есептеу техникасы, тасымалдау  құралдары, өндірістік және шаруашылық  құралдар жатады.

 Материалдық өндіріс саласында кызмет ететін капитал өнеркәсіп капиталы деп аталады.      

Өнеркәсіпке немесе ауыл шаруашылығына  бөлінген ақша өндірістік объектіні  салуға, машиналар мен жабдыктарды  сатып алуга, сол сияқты өнім өндіруге қажетті шикізат пен материалдарға  жүмсалады.

Өнеркәсіп капиталының өндіріс  объектілерін, станоктарды, жабдықтарды  қамтитын бөлігі өндіріс процесінде көп жылдар әрекет етеді. Оны негізгі капитал деп атайды. Шикізат, материалдар, энергетикалық ресурстар өндіріс процесінде бір мезгілде пайдаланылады да, өндірілген өнімге бірден көшеді.

     Негiзгi құралдар  – деп өндiрiсте ұзақ ауқыт  бойы пайдаланылатын, өзiнiң бастапқы  заттай нысанын (пiшiнiн, түрiн)  сақтай отырып, құнын шығарылған  өнiмге, орындалған жұмысқа, көрсетiлген  қызметке бiртiндеп бөлiп-бөлiп  есептелген амортизациялық аударым  мөлшерiнде ауыстыратын еңбек  құралы, яғни материалдық активтер.

      Шаруашылық  субъектiлерiнде негiзгi құралдың  есебiн дұрыс жүргiзу үшiн және  олардың тиiстi түрде сақталуын  қамтамасыз ету үшiн әрбiр негiзгi құралдарға инвентарлық номер  берiледi.

     Еңбек ақы  бұл — жұмыскерге оның еңбегі  үшін сапасына, санына және шығарған  қажетті өнім көлеміне сәйкес  берілетін төлем. 

     Қалыпты жағдайда  еңбек акы қажетті өнімнің  құнына тең және оның ақшалай  түрі болып табылады.

    Былайша айтуға  болады -еңбекақы кәсіпорын қызметкерлерінің  жалақысына баратын өнім өндіруге  және сатуға кеткен шығындардың  бір бөлігі. Бұлардан басқа еңбекақыны мынадай факторлар анықтайды.

Жұмыс күші, яғни құны. Бұл қызметкердің өміріне қажет және оның еңбек қабілетін қалпына келтіруге жәрдемдесетін заттардың жинақы құны. Бұларға жататындар:

  • жұмыскердің қажеттілігін қанағаттандыратын мүлік құны;
  • оны мамандыққа  оқытуға кеткен шығандар;

• оның отбасының өмір сүруіне  қажетті заттардың құны.

Нақтылы   жұмыс   күнінің  құны   қажетті  өнім   көлемін анықтайды.   Оның   өзіндік   жұмыс   күшінің   құны   әр   елде әр түрлі  және  уақыт өткен сайын өзгеріп  те  отырады.

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымның қаржылық тұрақсыздығын  талдау

 

  Кәсіпорынның қаржылық  жағдайын талдаудың ақпараттық  негізі қаржылық есеп беру  болып табылады.

ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2732 ”Бухгалтерлік  есеп талдау” заң күші бар Жарлығына  сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп беруге мыналар жатады:

  1. бухгалтерлік баланс;
  2. қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;
  3. ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;

Онда сонымен қатар  түсіндірмен хат болады, сондай-ақ қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдар- ментолықтырылуы мүмкін және бұл  материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субиектінің  есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына  сай басқа да ақпараттар жазйлуы  тиіс. Мысалы, оған субъектіге   әсер етуші тәуекел мен белгісіздік  туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер  турады түсініктерді жазуға болады. Нарықтағы  географиялық сигменттер, сомалық ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпараттар, баға өзгерісініңң әсері туралы мәлімдемелер және басқалары қосымша ақпарат  ретінде қарастырылады.

ҚР-да бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында есеп беру құру мақсаттарына жаңа көзқарастар пайда  болды және оның бағыты өзгерді.

Информация о работе Экономикалык талдау