Экономикалык талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 19:24, курсовая работа

Краткое описание

Адамның әрекет ететін барлық сферасында, барлық ғылыми салада (саяси, халықаралық, қоғамдық, әлуметтік, экологиялық, мәдени тұрмыстық) анализ және синтезді қолданбау мүмкін емес. Әсіресе анализ және синтездің экономикадағы маңызы өте зор, өйткені экономика барлығының негізі болып табылады. Егер эконмикалық проблемалар туындап және олар шешілмеген жағдайда ол проблемалар қоғамның өзге сферасына жағымсыз әсерін тигізеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экономикалык талдау.docx

— 38.89 Кб (Скачать документ)

ЭКОНМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ  ЕСЕПТЕМЕСІН    ТАЛДАУ

 Экономикалық талдау  пәні мен міндеттері

 

        Анализ ( грекше – analisis) тура аударғанда  зерттеп жатқан объектіні бөлшектеп  қарау. Анализге қарама-қайшы  ұғым, ол «синтез» (грекше – synthesis) – зерттеп жатқан объектіні  жинақтап қарастыру.

       Адамның  әрекет ететін барлық сферасында, барлық ғылыми салада (саяси, халықаралық,  қоғамдық, әлуметтік, экологиялық,  мәдени тұрмыстық) анализ және  синтезді қолданбау мүмкін емес. Әсіресе анализ және синтездің  экономикадағы маңызы өте зор,  өйткені экономика барлығының  негізі болып табылады. Егер эконмикалық  проблемалар туындап және олар  шешілмеген жағдайда ол проблемалар  қоғамның  өзге сферасына жағымсыз әсерін тигізеді. Эконмиканы жан-жақты қарастыру, шаруашылық қызметтерді зерттеу және соңғы нәтижелерін талдау бұл экономикалық талдау болып табылады.

        Нарықтық  экономиканың қалыптасуы ең алдымен  анализ жасауды микродеңгейде  қалыптастырады, яғни жеке кәсіпорындардың  және олардың ішкі бөлімшелерінің  деңгейінде. Осы микродеңгейде нарықтық  экономиканың негізі құралады. Макроэкономикалық талдау микроэкономика мен барынша жақындаса өрілуде және оны талдаудың жалғасы болуда. Уақыт өте анализ жасау микродеңгейден макродеңгейге өтеді. Микродеңгейде анализ нақты мәндерге толы.

        Экономикалық  талдау барысында шаруашылық  процестер өзара байланыс, өзара  тәуелді және өзара сертті  күйінде зерттеледі. Өзара байланыс, өзара тәуелділік және өзара  серттілікті орнату – талдаудың  барынша маңызды кезі. Себептік  қатынас арқылы барлық шаруашылық  деректер, құбылыс, ахуал, процестер  түсіндіріледі. Бұл қатынастан  тыс шаруашылық өмір қисынсыз.

       Себептік  немесе деректік талдау кезінде  әр бір себеп, әр бір дерек  тиісті бағасын алады. Осы мақсатта  себептер мен факторлар алдын-ала  зерттеледі, ол үшін топтарға  сипатталады: маңызды және маңызды  емес, негізгі және жанама, нақты  және нақты емес. Ең алдымен  шаруашылық процестерге ықпал  жасайтын маңызды, негізгі және  нақты факторлар зерттеледі. Маңызды  емес, нақты емес факторларды  зерттеу қажет болса екінші  кезекте жүргізіледі. Барлық факторлардың  әсерін анықтау өте қиын және  әр қашан қажет бола бермейді.

        Экономикалық  талдау процесінде көп жағдайда, мысалы, баға факторының әсерімен  соқтығысуға тура келеді - баға, тариф,  мөлшерлемелердің өзгеруімен. Нарықтық  жағдайларда баға белгілеу - өте  қиын, сұрапыл процесс. Дайын өнімдерге,  тауарларға, жүк тасымалдау тарифтеріне және қызмет көрсету мөлшерлемелеріне баға қалыптасуы нарық заңдарының талаптарына сәйкес белгіленеді. Баға, тариф, мөлшерлемелер - әрқашан бірқалыпты шамалар емес, олар өзгеріп отырады. Егер шикізаттарға, материалдарға, жартылай өнімдерге, дайын өнімдерге, тауарларға бағалар өзгерсе, ол өзгерістер өнеркәсіптік, құрлыстық, ауылшаруашылық, сауда және басқа да кәсіпорындардың, барлық көрсеткіштеріне ықпал етеді (әсіресе қаржылық). Өнеркәсіптік кәсіпорындарда жалпы, тауарлы, өткізу және таза өнім көрсеткіштері, өзіндік құн және таза табыс көрсеткіштері өзгереді; тауар кәсіпорындарында – көтерме және бөлшек тауар айналымдарының, өткізу жеңілдіктерінің деңгейінің, пайда және айналым шығындарының көрсеткіштері. Талдау процесінде баға, тариф, мөлшерлеме өзгерулері күрделі экономикалық есептеулерді тудырады.

       Анықтамада  айтқандай, шаруашылық процестер  мен соңғы нәтижелері субъективті  факторлардың әсерінен де қалыптасады.  Талдау кезінде олардың шаруашылық  қызметке ықпалы мұқият назарда  болады. Адамның нақты қызметімен  байланысты субъективті факторлар,  оған тұтастай және толық тәуелді  болады. Тіпті шаруашылық қызметтегі  объективті факторлардың әсер  етуін білікті талдау субъективті  факторларға жатқызуға болады. Шаруашылықты  сәтті жүргізу, бизнес-жоспарларды  толық және ырғақты орындау  (бастапқы ұстанымдары объективті, әрі толық болған жағдайда) өндірістік  ұжымды сауатты жетекшілік етумен; өндірісті, қаржыны, экономиканы  дұрыс ұйымдастырумен; орындаушының  атқарып жатқан ісін терең  білумен; оның экономикалық және  ұйымдастырушылық дайындығымен  байланысты анықталады.

       Бірінші  міндет - бизнес-жоспар мен номативтердің ғылыми-экономикалық негіздеуін жетілдіру, ең алдымен шаруашылық қызметтің ретроспективті анализінің жасалуымен орындалады. Уақытша қатар құру қысқа мерзімнің ішінде шаруашылық дамуда белгілі экономикалық заңдылықтарды орнатуға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның (ассоциациялар, қоғамдар, концерн, сауда-өнеркәсіптік фирмалар және т.б.) шаруашылық қызметінде өткенде маңызды әсер еткен және болашақта әсер етуі мүмкін негізгі факторлар анықталады. Ағымдағы, шаруашылық қызмет талдауына ерекше назар аударады. Ретроспективті талдау нәтижелері ағымдағы бақылаулармен қосылып, қорытыңдыланған түрде жоспарлы есептерде қолданылады. Ағымдағы кезеңде, жоспарлық жұмыс есептік жұмыстан ілгері жүреді, сондықтан жоспаралды талдау жасау қажеттілігі туады.

Барлық жағдайларда алдынғы  қатарлы кәсіпорындар мен ұйымдардың (отандық және шетелдік) әлуметті-экономикалық көрсеткіштерін, соңғы өндірісті-қаржылық нәтижелерін салыстырмалы талдау әдістері пайдаланылады. Осылайша, бинес-жоспар қажетті экономикалық есептеулермен  негізделеді. Нарықтық экономикалық жағдайларда  шаруашылық-экономикалық механизімнің өзгеруі жоспар құруды макродан микро  деңгейге біраз сырғытты.

       Коммерциялық  есеп экономикалық принципті  еңбек бойынша мемлекет алдында  жауаптығы, ресурстарды пайдалану  тиімділігі – коммерциялық есептің  айрықша ерекшеліктері.

       Кәсіпорын  қызметінің қаржылық нәтижелерін  бағалағанда сандық және сапалық  көрсеткіштерді пайдаланады. Өндірістік  кәсіпорынның пайда көлемі шығарылатын  өнімнің саны, ассортиментімен ғана  анықталмайды, сонымен бірге оның  өзіндік құнымен анықталады. Сауда  кәсіпорынның пайдасы тауар-айналым  жоспарының орындалуына (көлемі  және құрылымы бойынша) және  қалыптасқан нақты айналым шығындарына  тәуелді.

Қаржы нәтижелерін және коммерциялық есеп принциптерін сақтауды дұрыс бағалау, зерттелетін көрсеткіштерге әсер ететін факторларды кәсіпорынға тәуелді  және тәуелсіз деп бөлуді талап етеді. Кәсіпорынға тәуелді және тәуелсіз факторларға бөлу нарықтық қатынастар жағдайында айрықша қажеттіліктерге  ие.

        Экономикалық  талдау процессінде резервтерді  анықтау үшін жоспардың ішкі  бөлімшелерде, біртектес кәсіпорындарда  орындалғанын салыстырып, отандық  және шетелдік ілгері тәжірбиелерді  барынша толық пайдалану және  зерттеу жолымен жүргізіледі.

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

 

 

 

 

       Экономикалық талдаудың әдісі, оның ерекшеліктері

 

           1. Көлденең (уақытша) талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсольюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға   мүмкіндік береді.

         2.Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.

        Тікелей  және көлденең талдаулар бірін-бірі  толықтырып отырады. Сондықтан  да есептік бухгалтерлік үлгі  құрылымы секілді оның жеке  көрсеткіштерінің динамикасын да  сипаттайтын  кестелерді жиі жасайды.

          3.Трендтік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп позицисын бір қатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.

         4.Факторлық талдау – бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде – тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол – кері (синтез) болуы мүмкін.

         Жоғарыда көрсетілген әдістермен  қатар, қаржылық жағдайды талдауда  экономикалық, сондай-ақ экономикалық  және математтиканың статистиканың  дәстүрлі тәсілдері қолданылады.  Белгілі бір экономикалық ғылым  шегінде жасалған түрлі әдістер  мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану  кәсіпорынның қаржылық жағдайына  терең талдау жасауға және  шаруашылық субъектісінің қаржылық  тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын  жақсартуға байланысты ұсыныстарды  дайындауға мүмкіндік береді.

         И. М. Лоханина мен З. К.  Золкина алдымен есеп беруді  құрастырудың сапасын тексереді,  содан кейін оны оқуды жүргізіп, соның негізінде кәсіпорынның  қаржы жағдайын бағалайды, одан  кейін кәсіпорынның мүліктік жағдайына және оның қалыптасу көздеріне, қаржылық дербестігіне және талдау қабілеттілігіне тереңдетілген талдау жасайды.

      Ол талдаудың  келесі бөліктерінен тұрады: қаржылық  жағдайдың жалпы бағасы және  есепті кезеңдегі оның өзгерісі; кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын  талдау; баланс өтімділігін талдау; кәсіпорынның іскерлік белсенділігін  және төлеу қабілеттілігін талдау.

      Қаржылық  жағдайды және оның есепті  кезеңдегі өзгерісін салыстырмалы  аналитикалық баланс-нетто бойынша  бағалау, сондай-ақ қаржылық тұрақтылықтың  абсольюттік көрсеткіштерін талдау, олардың ойынша, кәсіпорынның қаржылық  жағдайын талдаудың басқа бөліктерін  дамытуға тиісті оның негізгі  бастапқы пунктін құрайды. Баланс  өтімділігін талдау, тұрақтылықты  талдаудан туындап, ағымдағы төлеу  қабілеттілігін бағалап, болашақтағы  төлем қабілеті мен қаржылық  тепе-теңдіктің сақталу мүмкіндігі  туралы қорытынды жасауға тиіс.

         5.Қаржылық талдаудың коэффициенттер  әдісі. Қаржылық талдаудың нарықтық  экономика жағдайындағы көбірек  таралған әдісі әр түрлі қаржылық  коэффиценттерді пайдалану болып  табылады.

         Коэффиценттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффиценттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.

       Шешімдер  қабылдау үшін сәйкес коэффиценттерді  талдаудың пайдалылығы оларды  дұрыс түсіндіруге байланысты  болады. Бұл – қатынастарды талдаудың  ең қиын аспектісі, себебі ол  осы қатынастардың қалыптасуының  ішкі және сыртқы факторларын  білуді талап етеді, мысалы, саладағы  жалпы экономикалық жағдайлар,  кәсіпорын басшылығының саясаты  және басқалалар. Қатынастарды үлкен  байыптылықпен талдау қажет, өйткені  тек бір ғана фактор алымына  да, бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен  кезеңдегі, теориялық дәлелденген  салалық қатынаспен салыстырылады.  Қатынасты талдау болашаққа бейімделуі  тиіс.

       Қатынасты  талдаудың рөлін асыра бағалаудың  да қажеті жоқ, себебі олардың  әмбебап мәні болмайды және  диагностика үшін индикатор болып  табылмайды. Әлдеқайда тереңдетілген  талдау, қатынас негізінде жасалған  шешімдерді әрқашан қолдай бермейді, себебі олардың деңгейіне келесілер  әсер етеді, жекелеген кәсіпорындардың  ерекшеліктері орташа салалық  мәліметтер. Сондай-ақ, өткен жылдардағы  нақты қол жеткізілген деңгейдің  қолайсыз болуы немесе оның  сол өтен жылдар жағдайы үшін  қолайлы болып, бірақ қазіргі және болашақтағы жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуі әсер етеді.

        Қаржылық  талдауды салыстырмалы көрсеткіштер  негізінде жүргізудің шетелдік  тәжірибесін механикалық түрде  көшіріп алу, көп жағдайда тиімсіз,  себебі бұл жағдайда бәздің  кәсіпорындардың өз ерекшеліктеріне  назар аударылмайды. Нәтижесінде  бір көрсеткіштердің мүмкін болатын  маңызы туралы берілген кеңестер  кейбір кезде расталмайды. Дегенмен, қаржылық жағдайды талдау барысында  салыстырмалы көрсеткіштерді зерттеу  қажет болады, себебі ол болып  жатқан жағдайларды түсінуге  және де оларды тек ағымдағыы  мезетте ғана емес, сонымен қатар  болашақта да дұрыс бағалауға  мүмкіндік береді. Әлдеқайда кең  таралған және зерттелген көрсеткіштерге  мыналар жатады: өтімділік, қаржылық  тұрақтылық, табыстылық және іскерлік  белсенділік.

          6.Салыстырмалы  (кеңістік) талдау – бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады. 

Информация о работе Экономикалык талдау