Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2013 в 10:23, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Меншік экономикалық ресурстарды және тұтынушылық игіліктерді иелену үшін экономикалық агенттердің қатынастары болып табылады. Нақты анықтылық меншік құқықтарын бөлудегі өзгерістерге қарағанда, нарықтық экономиканың қызмет атқаруында түбегейлі мағынаға ие болады. Осы заманғы экономикалық әдебиеттерде меншік құқықтарының айқындылығы мен тұрақтылығы экономикалық өсудің басты факторы ретінде қаралады және тікелей сәтті экономикалық дамуымен байланыстырылады. Нарықтық экономикалық жүйе жеке меншікке негізделген.
Қорыта айтқанда, өз меншігі - өз қажеттіліктерін
қанағаттандыруға арналған тұтынушылық
сипатындағы материалдық
Сонымен қатар өндірістік иеленуін қоса басқа да жеке меншікке иелену формалар даму қажет. Өйткені бұрын да халықтың кейбір бөлігі тауарлық өнімдерін өндіретін ұсақ жеке шаруашылығын іске асырды. Жеке өндірістің нәтижесі болып осы тұлғалардың табысы еңбек сипатын білдіреді, бірақ ол тек қана тұтынушылық қажеттіліктерге емес, өндірістік қажеттіліктерге де бағытталған. Осы қатынастар өз меншік емес, жеке-еңбек немесе ұсақ жеке меншік қатынастар ретінде шыққан. Өндірістің жеке, отбасылық және кәсіпкерлік қатынастар ретінде жеке еңбек қызметі, еңбек шаруашылығы, оған қоса ұсақ жеке және отбасылық кәсіпорындар формаларында олар одан әрі дамиды.
Жалдама еңбекті пайдалануына және меншік иесінің өзі өндірген құралдарын иеленуге негізделген жеке меншік мүмкіндігінің жағдайы нашарлау. Дәстүрлі таңдау шегінде осы меншікті мойындауына кедергі жасайтын басты ақауы – бөтен еңбегін иеленудің қанаушылық сипаты. Жалдама еңбегіне қатысты, яғни иесімен еркін келісім шартына негізделген еңбегіне қатысты – ол еріксіз еңбек формаларымен салыстырғанда әлеуметтік жетістік болып табылады.
Жеке меншікке иеленудің түрлі
экономикалық формалар барабар, түрлі
құқықтық рәсімдеуін қажет етеді. Демек,
оларға жеке өз меншік құқығы, жеке-еңбек
(ұсақ жеке) меншік құқығы, жеке меншік
құқығы, яғни жалдама еңбекке тартуына
негізделген меншігіне
Сонымен қатар, жеке өзіндік, жеке-еңбек және жеке меншік институттарда оларды заңды түрде бір категорияға бірлестіруге мүмкіндік беретін бірқатар жалпыға бірдей белгілері бар.
Меншік құқығының субъектісі ретінде бұнда әрдайым дербес азамат (жеке тұлға) немесе мекеме емес, қарапайым азаматтардың (жұбайлар, отбасы) жиынтығы шығарылады. Бұл қатынастардың пайда болу негіздемесі – кәсіпкерлік немесе заңмен шектелмеген басқа да қызмет үшін жеке тиісті мүліктерін қолдану, яғни бұл мағынада әрқашанда еңбекті.
Азаматтық құқықтардың және міндеттердің пайда болуы, ауыстырылуы немесе жойылуы заң талаптарына сәйкес және белгілі бір заңды фактілердің басталуы кезінде жүргізіледі. Заң меншік құқығының пайда болуы мен жойылуын байлыстыратын заңды фактілер әдетте меншік құқығының пайда болу немесе жойылудың негіздемесі деп аталады. Қалыпты тауар айналымында белгілі бір мүлікке бір тұлғада меншік құқығының пайда болуы, басқа тұлғада осы мүлікке меншік құқығының жойылуын білдіреді. Сондықтан да бірдей заңды фактілер әдетте меншік құқығының пайда болуына да, жойылуына да негіздеме бола алады.
3.1 Өндіріс саласындағы жеке меншік
Нарықтық экономика
Кәсіпкерлік қызмет қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыратын, нәтижесінде кәсіпкердің жеке материалдық қызығушылығы дамитын, материалдық құндылықтар мен қызметтерді құру үшін өндіріс факторларын біріктіру мен ұйымдастыру.
Жеке фирмаларға келетін болсақ, олардың формалары алуан түрлі. Олар:
а. Капитал иесі бір адам болып табылатын жеке дара фирмалар;
б. Пайларында бірнеше адам капиталдары біріктірілетін серіктестіктер немесе әріптестіктер;
в. Әр адамның пайы бағалы қағаз- акциямен расталатын акционерлік қоғамдар (корпорация).
Өндіріс концентрациясының дәрежесі
бойынша кәсіпорындардың
Жұмысбастылық деңгейіне қарай (әрі өндіріс қызметінің мөлшеріне қарай) фирмалар шағын және ірі болып бөлінеді. Фирмаларды белгілі бір категорияға жатқызу әр елде әр түрлі. Әдетте, 100 адамнан аз қызметкерлері бар фирма шағын болып, ал 500 қызметкерден көбі ірі болып саналады.
Шағын фирмалар келесідей сипатталады:
а) көптігімен (АҚШ-тағы жыл сайын пайда болатын фирмалардың 700 мыңы шағын фирмалар);
б) майысқақтығымен, нарықтық конъюктураның өзгерістеріне тез бейімделу қабілетімен;
в) тез жаңартылуымен, (жыл сайын жойылатын шағын фирмалар саны жаңадан пайда болатындармен бірдей, олардың тек 7% ғана банкротқа ұшырайды.).
Нарықтық экономикадағы шағын фирмалар рөлін келесідей сипаттауға болады:
1. Шағын кәсіпкерлік нарықтық
экономиканың өзіндік
2. Шағын фирмалар өз бәсекелік
қабілетін келесілер арқылы
- өзінің көпшілігі мен
- төмен бағамен;
- жарнама, басқару, т.б
Жетілмеген бәсекелестік жағдайында, ірі фирмалар өндірісті монополизациялауға тырысып, нарықта үстемдік етуге талпынғанда шағын фирмалардың «тірілігі» парадокс болып табылады. Бұл факт келесі сұраққа жауап іздеуге итереді неге ірі фирмалар ортақ жалпы табысты бөлісіп, шағын фирмаралға шыдайды?
Шағын бизнестің тірі қалуының себептері:
Біріншіден, егер шағын фирма қауіпті болмаса, онда гигант ірі фирмаға оны банкротқа ұшырату тиімді емес болып табылады. Шағын фирманы өзіне қосып алғаннан гөрі онымен іскерлік келісімге келген тиімді, себебі бұл жағдайда шағын фирманың қызметінен барлық корпорацияның өнім сапасы өзгереді.
Екіншіден, көбінесе, шағын фирмалар қызметі жаппай өндіріс қажеті жоқ , көп шығындар жоқ жерде айналады, сондықтан олар ірі бизнестің жолын кеспейді.
Үшіншіден, қатты қысым жасағанның өзінде шағын бизнес бәрібір туындайды, себебі, ол адамға ерекше жақын әрі оңай болып көрінеді. Англияда құралған шағын кәсіпкерлердің тек 8% ғана өз қызметін табыс тауып, баю үшін жүзеге асырады. Қалғандары бәрінен бұрын тәуелсіздік пен қызметінен алатын рахатын атаған.
Төртіншіден, мемлекет тарапынан шағын бизнеске көрсетілетін қолдау зор рөл атқарады. Әдетте, шағын кәсіпкерлік ұлттық білгерліктің белгісі болып саналады. Монополияға қарсы заңдылықтар да шағын кәсіпкерліктің дамуына көмектеседі.
Нарық конъюктурасының өзгерісіне тез бейімделетін шағын бизнес нарықтық экономикаға қажет ырғақтылық береді.
Біздін жоғары монополияланған экономика үшін маңызды болып табылатын бәсекелестік ортаны қалыптастыруда да шағын кәсіпкерлік үлкен рөл атқарады.
Шағын кәсіпорындардың экологияға да әсері аз екенін ұмытпаған жөн.
Шағын кәсіорындар көбінесе жергілікті нарықтарға арналған өнім өндіреді. Көбінесе бұл тез бұзылатын тағамдар, зергерлік бұйымдар, киім, аяқ- киім, т.б.
Дамыған елдерде орта кәсіпкерліктер саны аз, және уақыт өте келе олардың саны азайып жатыр. Келесі факторларға байланысты орта фирмалар өздерін жойылып бара жатқандар классына жатқызады:
Шағын фирмалар сияқты оларда ырғақтылық, көпшілдік жоқ, және олар ірі фирмалардағыдай күштілік пен қуат жоқ. (олар екі аралықта орналасқан);
- орта фирмалар тек қана
Сонымен бірге мамандандырылған нарықта тербелістер азырақ болатындықтан, шағынға қарағанда орта бизнестің тұрақтылығы жоғары.
Экономикадағы орта фирмалардың рөлі біркелкі емес.
Біріншіден, орта фирмалар ірі бизнеске бәсекелестік орта жасайды.
Екіншіден, орта бизнестің монополияға үлкен икемдігі бар. Оған мысал- швециялық «Электролюкс» концерні, 10 жылдың ішінде қол астына 400-ден астам фирманы тартып алды.
Ірі фирмалар әдетте, монополия түсінігімен байланыстырылады. Бірақ бұл әрқашан орын алмайды, өйткені, біріншіден, фирманың өзіндік ауқымы маңызды, екіншіден, нарықтық экономикада бәсекелестік, нарықтың ұлғайюы, ҒТП байланысты толық монополия орнамайды. Сондықтан, ірі фирмалар кемшіліктерін тек монополиямен байланыстыру дұрыс емес. Шын мәнінде нарықтық экономика жағдайында ірі фирмалар екіжақты жағдайда болады:
- бір жағынан ол бар күшін өз саласын монополизациялауға жібереді. ;
- бір жағынан ірі фирма әрдайым
бәсекелестік ортада қызмет
Ірі фирмалардың артықшылықтары мен кемшіліктері, осал жерлері де болады.
Ірі фирмалардың артықшылығына жататындар:
- тек ірі фирмаларда ғана
жаппай өндіріс орын алады.
Шағын бизнесті алға
- ірі фирмалар ҒТП қатар жүреді,
өйткені олар жаңа салалар
меңгеруге мүмкіндігі бар, (қазіргі
кезде тек
- ірі фирмалар тұрақтық пен
нақтылықпен сипатталады,
Бірақ бұл артықшылықтар фирманың табысы мен пайдасын әрқашан өсірмейді. Өйткені әр фирманың қызмет ету ауқымымен байланысты даму шегі бар.
Қазіргі ірі компаниялардың көбінде басқару мен иелену бір адамға тиесілі фирмаларға қалрағанда қиын болып келеді. Акционерлер активтер мен ресурстарды тікелей емес жанама басқарады, өйткені заң бойынша активтер мен ресурстар иесі болып заңды тұлға- компанияның өзі табылады. Маңызды сұрақ: меншікті орналастыру мен қолдануға бақылау билігі кімнің қолында. Компания иелері меншік құқығына ие, бірақ оны басқармайды, ал менеджерлер мен директорлар кеңесі меншік құқығы болмаса да олар белсенді түрде оны басқарады. Бұл уақытта капитал меншік пен капитал- функция арасында қарама-қайшылық пайда болады. Соған байланысты меншік иелері қалай нәтижелі түрде өз меншіктерін басқарулары қажет деген проблема уақыт өте келе актуалды болып келе жатыр.
3.2 Жеке меншікті қорғаудың
Жеке меншіктің аса маңызды бөлігі- кәсіпкерлік қызмет.
Кәсіпкер - бұл тәуекелден қорықпайтын, жауапкершілікті мойына алатын, инновациялық және инициативалық қызметтерді іске асыра отырып , нарықта бәсекеге түсетін субъектіні айтамыз.
Кәсіпкерлік ұғымы 1-ші рет ғылыми айналымға ағылшын Ричард Каньтелон енгізді (1680-1734). Ғалым кәсіпкерлікті ерекше экономикалық функция ретінде қарастырды. Француз экономигі Жан-Батисг Сейн (1767-1832) айтуынша кәсіпкерлер пайда табу мақсатында өзіндік есебімен қатер үшін қызмет атқарды деп түсіндірді. Бұның негізінде әрбір кәсіпкер өз білімі мен тәжіребиесіне жүгінуі тиіс болды.
Коммерциялық кәсіпорындардың
дамуына қауіп төндіретін факторларға
саяси тұрақсыздық, әлеуметтік-экономикаллық
және криминогенік жағдай, заңнамалық
актілерді орындамау, азаматтардың
моральдік, психологиялық және өндірістік
жауапкершілігінің төмендігі
Коммерциялық құрылымның дұрыс қызмет етуіне кедергі жасайтын факторлардың біріне кері бәсекелестік пен қиын криминогендік жағдай жатады. Кері бәсекелестік пен әріптестік қазіргі кезде жиі орын алады. Бұл фактордың мәнін көбінесе кәсіпкерлер дұрыс бағаламайды, бірақ оның әсерінің нәтижесі жиі күтпегендіктен күрт болады.
Фирманың сыртқы ортасы мен оның қызметкерлерінің айналасындағы криминогендік жағдайды бағалау мен бақылау да үлкен қауіп төндіреді. Көп жағдайда фирма басшылығы мен оның қызметкерлері криминалдық жағдайларға дайын болмай кезігеді де, рационалдық емес шешім қабылдап, кәсіпорынның қызметінің төмендеуіне әкеп соқтырады.
Коммерциялық кәсіпорынның қауіпсіздік
мәселелерін қайта өңдеу
Жалпы жоспарда қауіптерге жататындар:
Ұрлау мен қызметкерлерді, олардың жанұя мүшелерін, жақын туысқандарын ұрлау қаупі;
Қинау, тонау, өлтіру қаупі;
Психологиялық террор, қорқыту, шантаж, ақша талап ету;
Құжаттарды, ақша қаражаттарды, құндылықтарды иемдену мақсатында тонаулар.
Тапсырыс бойынша адам өлтіру мен
адам ұрлау 93–94 жылдары көп кездесті.
Бұл кәсіпкерлер мен
Сонымен қатар қылмыскерлердің
қызметінің объектісі болып қондырғылар,
транспорт, дайын өнім мен материалдар
саналды. Мемлекет кәсіпорындарының меншігіндегі
тауарлы-материалдық
Коммерциялық кәсіпорынның қызметкерлерінің кейбірінің ақша табу мен өз жағдайын жақсарту үшін немесе басқа да моральдық немесе материалдық себептерге байланысты фирманың ақпараттық ресурстарына қауіп төнуі мүмкін. Сонымен қатар, мысалы, қызметкерлік алаңда, жеке және жұмыстық көлікте,пәтерлерде немесе мемлекеттік басқару органдарындағы ақпарат көздері арқылы өтетін құпия әңгімелерді тыңдау, немесе ақпаратты ұрлау және Коммерциялық кәсіпорынның шетел фирмаларымен өтетін байланыстарын тыңдау жатады.
Информация о работе Экономикалық категория ретіндегі жеке меншіктің мазмұны