Фирмалардың қызметтері және қызметкерлерінің іс-әрекеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2013 в 17:03, реферат

Краткое описание

Фирмалардың қызметтері және қызметкерлерінің іс-әрекеттері.
Кәсіпкер - табыс табу мақсатында үлкен тәуекелділікке баратын өзіндік ойы қалыптасқан жеке тұлға.
Кәсіпкерге идея ең бірінші жеке іс ашпас бұрын ең маңызды нәрсе.
Фирма басшысы жоғарыда аталып кеткен кәсіпкердің міндеттерін, оның қызметін, қасиеттерін ескеретін болса онда ол табысты кәсіпкер бола алады.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Фирма стратегиясының теориясы және оның шаруашылықты жүргізудегі негізгі ережесі
ә) Фирма ішкілік жоспарлау теориясы
б) Фирманың шығындары және олардың түрлері
в) Фирма табысы, оның мәні мен қызметі
г) Фирма пайдасының бөлінуі және пайдалануы
ғ) Фирма қызметінің пайдалылығы
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Багитова Балбобек метеорология 4-топ2.pptx

— 682.79 Кб (Скачать документ)

 

Жоспарлаудың осы схемасын қолданғанда фирманың төменгі бөлімшелері жоспарлық есептерді бастайды. Осыдан кейін осы көрсеткіштер алдағы уақыт кезеңіндегі фирманың шаруашылық қызметінің біртұтас жоспарына енеді.

 Жоспарлаудың кез келген схемасын қолданғанда фирманың барлық бөлімшелерінің жоспарларының өндірістік және өткеру операцияларын жалпы үйлесімі мен сәйкестігі қажет.

Фирма ішілік жоспарлаудың артық элементтері болып біртұтас жоспарлық баланста біріктірілеті пайда бойынша жоспар мен қаржы жоспары. Соңғысында фирманың тұрақтылығының көрсеткіштері көрініс алады.

Фирма тұрақтылығының негізгі көрсеткіштеріне мыналар жатады: активтер – жыл аяғындағы негізгі және айналымдағы құралдардың құны өнімдер мен қызметтерді өткеруден бір жыл ішінде түскен ақша құралдарының соммасы сатылу көлемі; нақты негізгі капитал, жер, ғимарат. Амортизациялық құны шегерілген қондырмалар мен жабдықтар; «кэшлоу» пайда мен амортизациялық түсімдердің құралатын кассалық түсімдер бұл фирманың қысқа мерзімді рентабелділігін анықтауға мүмкіндік береді.

Шығындар 

 

бұл фирма өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының  ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс  процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық  қызметіндегі анықтайтын межесі болып  табылады.

 

ІІ. б)

Фирма шығындары  өндірістік белгісіне қарай 

3 түрге бөлінеді:

 

-өзіндік құн  құрайтын өнімдерді өндіру және  сатуға кететі шығындар. Бұл капиталдың  ауыспалы айналымы арқылы сатудан  түскен ақшалай түсімді жабатын  ағымдағы шығындар.

 

-өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету  және осыған ұқсас басқа да  мұқтаждарға кететін шығындар. Олар  негізінде пайданың есебінен  бөлінетін арнаулы қорлардан  қаржыландырылады.

 

-өндірісті ұлғайтуға  және жаңартуға кететін шығындар. Әдеттегідей, бұл жаңа немесе  жаңғыратын өнімге жұмсалатын  бір жолғы ірі күрделі қаржы  шығындары.

Өндірістік шығындардың  жіктелуі

 

          Сыныптау белгілері

    Шығындардың бөлшектенуі

1.Экономикалық элементтер

Шығындардың экономикалық элементтері

2.Өзіндік құнның  статьялары

Өзіндік құнның калькуляция статьялары

3.Технологиялық  процестеге қатыстылығы

Негізгі, қосымша процестеге қатыстылығы

4.Құрамы

Бірэлементтік, кешенділік

5.Өнімнің өзіндік  құнына қатысудың тәсілі

Тілекелі, жанама

6.Өндірістік процестегі ролі

Өндірістік, өндірістен тыс

7.Мақсатқа сәйкес  жұмсау

Өндірістік, өндірістік емес

8.Жоспарға қатысу  мүмкіншілігі

Жоспарлы, жоспарсыз

Тұрақты, ауыспалы

9.Өнімнің көлеміне  қатысы

Күнделікті, бір жолғы

10.Шығу мерзімділігі

Аяқталмаған өнімге кететін шығындар

11.Дайын өнімге  қатысы

Дайын өнімнің шығындары


Шығындар:

 

Тұрақты шығындар

 

Ауыспалы шығындар

 

Осы кезеңдегі уақыт ішіндегі сомасы өнімді өндіру және оны сатудың мөлшеріне, құрылымына тікелей тәуелді болмайды. Тұрақты шығындарға жататындар: міндетті заемдық ақылар, есепті төлемдер, ғимараттар және жабдықтардың амотизациясы, сақтандыру жарналары және т.б.

 

Бұл осы кездегі уақытта өнімді өндірудің мөлшеріне және сатылуына иәуелді болмайтын шығындар. Мысалы, еңбекақы шығындары, шикізаттар, отын, энергия, көлік қызметі және т.б. Тұрақты және ауыспалы шығындардың арасындағы айырмашылықтың елеулі маңызы бар. Тұрақты шығындар керек десе, жалпы алғанда, өндірілмеген өнімге де төленуге тиісті, ал ауыспалы шығындармен кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерту жолымен басқаруы мүмкін.

Табыс

 

төтенше таралған, кең түре қабылданатын, сонымен қатар түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының түсімі немес материалдық құндылықты алуды көрсетеді.

 

ІІ. в)

Фирма табыстарын қалыптастыру:

 

Фирманың табысы - өнімді сатудан түскен табысы, басқадай өткізуден алынған табыс, өткізуден тыс операциялардан алынған табыс (шығыстарды алып тастағандағы).

 

Өнімді сатудан түскен табыс - өнімдерді сатудан түскен ақшалай түсім, қосылған құн салығы, акциздер, өнімнің өзіндік құны.

 

Басқадай өткізуден  алынған табыс – негізгі қорларды және басқа да мүліктерді, қалдықтарды, т.б. сатудан түскен табыс.

 

Өткізуден тыс операциялардан алынған табыс – құнды қағаздар дивидендтері, жалға алғаны үшін төлем, өсімақы, тұрақсыздық ақы, айыппұл т.б.

 Фирманың табысы олардың активтерінің артуы немесе капитал меншігінің көбеюіне әкелетін міндеттемелердің кемуі. «табыс» ұғымы жалпы мемлекетте (ұлттық табыс), фирмада (жалпы табыс, таза табыс) ал жеке тұлғаларда (халықтың ақшалай табысы, жеке табыс) болып қолданылады.

 Фирманың жалпы табысына ақшалай түсім тауарларды сату және қызмет көрсетуден түсетін ақшалай түсім, атқарылған қызметтен, мүліктік бағалылықты сатудан, несие берілгендігі алынатын тиісті проценттер және басқа да ақшалай және материалдық түсімдер жатады.

 Жиі қолданылатын таза табыс ұғымы жалпы табыс және материалдық ресурстардың шығындары арасындағы айырмашылығы болып саалады.

 

Пайданы үлестіру объектісі фирманың баланстық пайдасы болып табылады. Оны үлестіруді пайданың бір бөлігін бюджетке жолдау деп түсінуге болады. Пайданы үлестіру заңдылығы – салывқ және басқ да төлем шарттары түрінде түрлі деңгейде бюджетке түсетін бөлігі. Пайданы үлестірудің бағытын анықтау, фирманың қарауында қалатын, құрылым статьясын пайдалану фирманың құзыретіне жатады.

 

ІІ. г)

Пайданы үлестірудің принциптері:

      • фирманың өндірістік-шаруашылық және қаржы қызметі нәтижесінен алынған пайданы шаруашылық субъектісі ретінде мемлекет пен фирманың арасында бөлінеді;
      • мемлекет алған пайданың бөлігі салық және алым ретінде бюджетке түседі, мөлшерлеменің өзгеруі мүмкін емес. Салықтың құраы және алымы, оларды есептеудің және бюджет жарнама тәртібі заңды түрде белгіленеді;
      • салықтан кейінгі фирманың қарауында қалатын пайда мөлшері өнім көлемінің артуы мен өндірістік-шаруашылық және қаржы қызметінің жақсаруына оның мүдделілігі кемімеуі керек;
      • фирманың қарауында қалатын пайда әуелі фирманың одан әрі дамуын қамтамасыз ететін қорланымға бағытталады, ал қалған бөлігі тек тұтынуға кетеді.

Фирманың қарауында қалатын барлық пайда 2 бөлікке бөлінеді:

 

 Біріншісі – фирманың мүлкін көбейтеді және тұтыну процесіне қатысады.

 

Екіншісі – тұтынуға пайдаланылатын пайда үлесін сипаттайды.

 Сонымен, тұтынуға бағытталған барлық пайданы толық пайдаланудың қажеті жоқ. Мүлікті көбейтуге байланысты пайдаланбай қалған пайда қалдығының үлкен маңызы бар және алдағы жылдардағы мүмкін болатын орнын толтыруға бағытталады.

 Бөлінбеген пайда кең мағынада пайда ретінде тұтынуға пайдаланған және өткен жылдардағы пайдаланбаған пайда фирманың қаржы орнықтылығын, кейінгі дамуы үшін қаржы көздерінің бар болуын дәлелдейді.

 Фирмаларда пайданы үлестіру және пайдалану тәртібі оның жарғысында тіркеліп қойылады және оны фирма басшысы бекітеді.

фирма қызметі тиімділігінің ең басты экономикалық көрсеткіші аталады.

Оның екі түрі бар:

 

Тиімділік

 

1) фирманың тапқан пайдасының өндірістің негізгі және айналмалы қорларының құнына қатысы;

 

2) фирманың тапқан пайдасының сатылған өнімнің өзіндік құнына қатысы.

 

ІІ. ғ)

 Фирма қызметінің тиімділік деңгейін  бағалау үшін алынған нәтижеге (жалпы табыс, пайда)  кеткен шығындар немес пайдаланған ресурстармен салыстырылады. Пайданың шығындармен өлшемдестігі пайдалылықты немесе толығынан пайдалылық мөлшерін білдіреді.

 

Практикада фирма қызметінің бірнеше пайдалылық көрсеткіштері қолданылады:

 

    •         1.Өнімнің пайдалылығын барлық сатылған өнімнің және оның жеке түрлерін есептегенде ғана мүмкін болады. Бірінші жағдайда ол өнімді сатқандағы пайданың және оны өндіруге және сатуға кеткен шығындардың қатынасын анықтайды. Барлық сатылған өнімнің пайдалылығын тауарлы өнімді сатудан алынған пайданың өткізуден алынған түсімнің қатынасына есептеп шығарады; баланстық пайда жөнінде - өнімді сатудан алынған түсім, таза пайда жөнінде - өнімді сатудан алынған түсім. Барлық өнімді сатудағы пайдалылық көрсеткіштері фирманың ағымдағы шығындарының тиімділігі және өнімді сату табысы жөнінде түсінік білдіреді.
    • 2.Өндіріс қорларының пайдалылығы баланстық пайданың негізгі өндірістік қорлардың және айналым қаржыларының жылдық орташа құнына қатынасы. Бұл көрсеткішті таза пайда арқылы да есептеуге болады.
    • 3.Фирманың жұмсалым пайдалылығы оның қарауындағы мүліктердің құны арқылы есептелінеді. Есептегенде балансытқ және аза пайданың көрсеткіштерін пайдаланады.

 

Пайданы қалыптастыруға ықпал ететін несие бойынша процент мөлшерлемесі:

 

- басқа фирмалардың үлес қосуынан түскен табыстар;

- құнды қағаздардан түскен табыста;

- алынған айыппұлдан асып түсу, өсімақы, төлемнің тұрақсыздығы.

 Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімдету – шаруашылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор.

Фирма ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдаланудың негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі өндірістік қорлардың пайдаланылуын жақсартудың, екіншіден, айналмалы өндірістік қорларды неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының нәтижелілігін жақсартудың есебінен арттырылады.

Фирма қызметінің экономикалық тиімділігін молайтудың басты шарты – еңбек өнімділігін барынша арттыру және өзіндік құнды арзандату. Басқа да біркелкі жағдайларда өнімнің өзіндік құны неғұрлым арзан болған сайын тиімділік соғұрлы жоғары болатыны белгілі. Фирманың тиімділігіне сонымен қатар, өнімнің немесе шығратын тауарлардың сапасы да едәуір ықпал етеді, өйткені жоғары сапалы өндірілетін тауарларды көтеріңкі бағамен сата алады.

Қорытынды:

  Қорыта айтқанда, фирма егер ол нарықта үлгеруге ұмтылса, мына ережені бұлжытпай орындауы тиіс: табыстарды көбейтуді, шығындарды азайту арқылы емес, сату көлемін арттыру арқылы жүзеге асыруы керек, осы факторлар өзара байланысты болса да.

 

    • Кәсіпкер - табыс табу мақсатында үлкен тәуекелділікке баратын өзіндік ойы қалыптасқан жеке тұлға.
    • Кәсіпкерге идея ең бірінші жеке іс ашпас бұрын ең маңызды нәрсе.
    • Фирма басшысы жоғарыда аталып кеткен  кәсіпкердің міндеттерін, оның қызметін, қасиеттерін ескеретін болса онда ол табысты кәсіпкер бола алады.

 

 Фирманың шығаратын тауарларының мөлшерін рынокқа ұсынуы, оны өніруге кететін шығындарына және сол тауарлардың рынокта сатылатын бағаларына тікелей байланысты болады. Бұдан шығатын қорытынды, тауарларды өндіру және оны сатуға кететін шығындарды білу кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі тиімділігінің басты жағының бірі болып саналады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

    • Ө.Шеденов. Жалпы экономикалық теория. Алаты. 2002ж.
    • Экономикалық теория негіздері. Алматы. 1998ж.
    • А.Мейірбеков. Кәсіпорын экономикасы. Алматы. 2003ж.

 

Назар аударғаныңызға РАХМЕТ!


Информация о работе Фирмалардың қызметтері және қызметкерлерінің іс-әрекеттері