Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2013 в 17:03, реферат
Фирмалардың қызметтері және қызметкерлерінің іс-әрекеттері.
Кәсіпкер - табыс табу мақсатында үлкен тәуекелділікке баратын өзіндік ойы қалыптасқан жеке тұлға.
Кәсіпкерге идея ең бірінші жеке іс ашпас бұрын ең маңызды нәрсе.
Фирма басшысы жоғарыда аталып кеткен кәсіпкердің міндеттерін, оның қызметін, қасиеттерін ескеретін болса онда ол табысты кәсіпкер бола алады.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Фирма стратегиясының теориясы және оның шаруашылықты жүргізудегі негізгі ережесі
ә) Фирма ішкілік жоспарлау теориясы
б) Фирманың шығындары және олардың түрлері
в) Фирма табысы, оның мәні мен қызметі
г) Фирма пайдасының бөлінуі және пайдалануы
ғ) Фирма қызметінің пайдалылығы
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Фирмалардың қызметтері және қызметкерлерінің іс-әрекеттері
Орындаған: 2-курс студенті Багитова Балбобек Ертелеуовна
Қабылдаған: аға оқытушы Иляшова Гулия Кенжебековна
Алматы 2013
Әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университеті
география және табиғатты пайдалану факультеті
гидрология және метеорология кафедрасы,
4-топ
СӨЖ
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Фирма стратегиясының теориясы және оның шаруашылықты жүргізудегі негізгі ережесі
ә) Фирма ішкілік жоспарлау теориясы
б) Фирманың шығындары және олардың түрлері
в) Фирма табысы, оның мәні мен қызметі
г) Фирма пайдасының бөлінуі және пайдалануы
ғ) Фирма қызметінің пайдалылығы
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Жоспар:
І. Кіріспе
Қайбір кәсіпорын болмасын өзінен-өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы экономикамен тікелей байланысты, бірінші жағынан — өндіріс факторы рыногы, екінші жағынан - өткізу рыногы аркылы. Сондықтан да кәсіпорын экономикасы жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын рынокпен зерделеуге тиіс. Сонымен ол шаруашылық процесін жалпы және де жеке кәсіпорынның мүддесі ретіндегі көзқарасты қарайды.
Кәсіпорын экономикасы
Макроэкономика
Микроэкономика
Микроэкономика — бұл сала, кәсіпорындар, отбасылар, яғни жекелеген экономикалық құбылыстарды қамтитын экономкалық ғылымның бір бөлігі.
Осы салалардағы тауарлар және қаржы рыноктарын, банкілерді, түрлі фирмалар мен кәсіпорындарды, тағы басқаларды зерттейді. Микроэкономика сол сияқты жекелеген тауарларды өндірудің көлемін қалай тағайын-дайтынын және олардың бағаларын, халықтың жинақ ақшаларына салықтар қалай ықпал ететінін, т.б. зерделейді. Ол кәсіпкерлік қызметінің экономикасы мен ұйымдастыру мәселелерін де зерттейді. Бұған жататындар: бизнестің үйымдық нысаны және қүқықтық негізі, фирмалардың қаржы және шаруашылық мәселелерін жоспарлау, бизнестің дамуы үшін капиталды жүмылдыру тәсілі, рынокты монополиялау деңгейін бағалау әдісі, баға белгілеу мәселесі және өнімдерді сатудағы өндіріс шығындарын есептеу, т.б.
Микроэкономикалық талдау тек жеке кәсіпорынға ғана тиісті емес, сонымен бірге жеке кәсіпорынның рыноктағы ықпалын және ақиқатында, кәсіпорын деңгейіндегі экономиканы және өндірісті үйымдастыруды зерттеу болып табылады.
Макроэкономика — бұл экономиканы бірыңғай тұтас ретінде қарайды және сұраныс пен ұсыныстың жиынтық процестерін қалыптастыруды зерттейді.
Мұнда сұраныс — белгілі баға бойынша түтынушылар сатып алудағы дайын тауар саны, ал ұсыныс — бұл тауарды және қызмет көрсетуді жеткізу.
Макроэкономика, сол сияқты ұлттық табысты, жалпы өнімді зерттейді, үкіметтің бюджет саясатының, ұлттық банкінің ақша саясатының экономиканы дамытуға ықпалын, инфляцияны, жүмыссыздық деңгейін және т.б. талдайды.
Макроэкономикалық талдау деңгейі жалпы экономика бойынша немесе олардың құрамдық бөліктері ұлттық экономиканың салаларына жатады. Бұл салаларды зерделей отырып, макроэкономика экономика құрылымының жалпы көрінісін және халық шаруашылығының салалар арасындағы өзара қатынастарын көрсетугс өзінің алдына мақсат етіп қояды.
Әр елдің ұлттық экономикасы макроэкономика деп аталады. Қазақтың макрозкономикасы аралас эономика болып табылады. Аралас экономикада экономикалық механизмдер кеңінен пайдаланылады, себебі мемлекеттік емес кәсіпорындарды макродәрежеде басқару қажеттілігі және микродеңгейде үйымдастыру және басқару рөлінің өзгеруі экономикалық механизмін кеңінен пайдалануды талап етеді. Өйткені, аралас экономикада өндірістің өнім көлемін жоспарлау арқылы мемлекет белгілей алмайды. Қанша, қандай және қайда қызмет көрсету қажеттілігін рынок анықтайды.
Кәсіпкер – табыс табу мақсатында үлкен тәуекелділікке баратын өзіндік ойы қалыптасқан жеке тұлға.
Алғашқы
капитал
тәуекел
идея
Табысты кәсіпкер
Әлемдегі ең атақты ірі кәсіпкер Майкл Сол Делл былай дейді: «Табысты болу үшін адамның жасы ешқандай әсер етпейді, бастысы өзің жаксы көретін істі баста және оған өзіңді толығымен арна»("Для того, чтобы стать успешным, возраст не имеет значения. Выбирай любимое дело и посвящай ему всего себя без остатка!")
Майкл
Сол Делл (1965 жылы 23 ақпанда
туылған) – Dell компаниясының негізін
қалаушы және басқарушысы. 19 жасында
оқуын тастап өз бизнесін дамытумен айналысып
кетеді.
Dell американдық корпорациясы компьютер
шығарудағы әлемдегі ең ірі компаниялардың
бірі.1984 жылы құрылды.1987 жылы Еуропаның
нарығына шықты. Fortune 1000 (АҚШ-тағы
ең ірі компаниялар тізімі) 26 орында болды.2005
жылы әлемдік деңгейде 3 орында болды.
Осы компанияны ашқаннан кейін Майкл Сол
Делл 2006 жылы әлемдегі ең бай адамдар ішінде
12 орынды иеленді.
Кәсіпкердің міндеттері:
Кәсіпкер
мемлекет тіркеуден өтіп, тіркеу туралы
куәлік алады. Кәсіпкер қызметтің заңда
тыйым салынбаған кез келген түрлерімен,
атап айтқанда, коммерциялық делдалдықпен,
сауда жасаумен, сатып алумен, кеңес беру
қызметімен және басқа қызметтермен, бағалы
қағаздарға байланысты операция жасаумен
айналыса алады.
Кәсіпкерлікпен айналысу барысында экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар ескерілуі қажет.
1
Кәсіпкердің кәсіпкерлік іс-әрекетті жоспарлауы кезінде
ІІ. Негізгі бөлім
а)
Фирма
көп профилді өндіріс.
Мысалы, Италия фирмасы "Фиат" тек қана автомобиль шыгарып коймайды, теңіз кемелерін және т.б. шығарады.
"Пайданы көбейту
үшін өндіріс шығындарын
ХІХ-ғасырдың басында француз зкономисті Жан Батист Сэй (1767-1832 жылдар) кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі ережесін калыптастырды.
Осы классикалық ереже еркін, жетілген нарыктық бәсеке жағдайында бас тартпай жүмыс істеді. Бұл жағдай сол кездегі өнеркәсіп фирмаларының шаруашылық қызметтері, шығарылған өнім ассортименті және өткізу рыноктары салыстырмалы түрде тұрақты болуымен түсіндіріледі. Тұракты рынокта фирмалар осы нарықта өздерінің белгілі бір үлесі үшін күресті. Фирманың стратегиялық максаты сатуда бағаларды және өндіріс шығындарын азайту арқылы өзінін үлесін көбейту болды.
Осы дәуір, еркін бәсеке дәуірі
теоретикалық экономикаға баға бәсеке
дәуірі ретінде белгілі. Осы уақытта
бәсекелестеріне қарағанда
Америка ғалымы, экономист
П.Самуэльсон:
"Тауар өндірушілер
бағалар бәсекесіне қарсы тұра
алады және өздерінің пайдасын
максимум деңгейге дейін
Қазіргі жетілмеген, бағалық емес бәсеке жағдайында өндірістің шығындарын азайту арқылы пайданы көбейту жолын іздеу әрекеті, әсіресе фирмалар арасында бәсеке болғанда ерте ме кеш пе фирма үшін төлем төлей алмау жағдайына әкеледі.
Әлемдік қауымдастықтың қазіргі экономикасы өтпелі экономика ретінде сипатталады: бір елдер, бұрынғы социалистік елдерді қосып алып нарықтық экономикаға өтуде, дамушы елдердің бір қатары дамудың индустралдыға дейінгі деңгейінен индустралды дәуірге өтуде, иидустралды дамытушы елдер индустралдықтан ақпараттық дәуірге өтуде.
Ақпараттық дәуірде тұтынушылардың мұқтаждықтары мен сұраныстары көп қырлы және ұлттық рыноктар рамкаларынан алыстауда, сұраныстар мінезі өзіндік сипат алып және де өзінің құрылымы бойынша әр түрлі болуда.
Фирма, егер ол нарықта үлгеруге ұмтылса, мына ережені бұлжытпай орындауы тиіс: табыстарды көбейтуді, шығындарды азайту арқылы емес, сату көлемін арттыру арқылы жүзеге асыруы керек, осы факторлар өзара байланысты болса да.
Жалпы қабылданғандай, фирма басшысы білімді және жан-жақты болса да, менеджерлер мен инженерлсрдің қандай талаптары мен қабілеттері болғанымен, бағалық емес қатаң бәсеке жағдайларында, яғни тұтынушылар сұраныстарының құрылымында бірінші орынға жаңашылдық, сапа, дизайн, жиі жаңарту мен әр алуан ассортимент, сатудан кейінгі жоғары деңгейдегі сервис койылғанда, өз фирмасында өндірістік шығындар деңгейін белгілі бір шекарасынан төмен азайту мүмкін еместігіне көзі жетеді.
Микроэкономика саласындағы мамандардың бағалануынша кез-келген фирма үшін кез-келтен экономика үшін шаруашылық қызметтің бағдары болып әлемдік сыныпты қазіргі заманға сай кәсіпорындарда ондірісті ұйымдастыруы болуы тиіс және мына параметрлерге сай келуі тиіс;
Біріншіден, үлкен икемділігі, өнім ассортиментін тез өзгерту және өнімді жиі жаңарту қабілеттері болуы керек. Стандартталған өнімнің қатаң стандартқа негізделген жаппай өндірісі тұтынушылардың тез өзгеретін сұраныстарына бейімделуге қабілетсіз және оның салдары төлем төлей алмауға әкеледі;
Екіншіден, фирма жаңа технология мен өндірісті ұйымдастырудың жаңа нышандарына көшуге ұмтылуы тиіс. Өндіріс технологиясы күрделі екені соншалықты, қазір еңбек бөлінісі мен ұйымдастырудың басқа да нышанарын әсіресе фирма өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі туралы мәселе шынымен қойылған жағдайда қажет етеді;
Үшіншіден, фирмаға өзінің өнімінің сапасын және сатудан кейінгі сервистің деңгейіне көтеруге ерекше көңіл бөлуі керек. Тұтынушылардың өнім сапасына деген талаптары бүгін тек, өсіп қана қойған жоқ, және де өзінің сипатын түбірімен өзгетті. Қазір жақсы өнімді шығару аз, сонымен бірге сатудан кейінгі сервисті ұйымдастыруды, тұтынушылардың жоғары деңгейдегі өзіндік сұраныстарына қосымша фирмалық қызметтерді көрсету туралы ойлау керек.
Кез келген фирманың мәртебесі келесі пунктерден тұрады:
Мекеменің аты;
Сату маркасы;
Фирма белгісі;
Офис жабдықталу (жиһаз, оргтехника);
Қызметкерлердің фирмалық киімдері;
Жарнама өнімдері;
Қызметкерлердің мәдениетті болуы;
Мекеме қызметкерлерінің шет тілін білуі және олардың деңгейінің жоғары болуы;
Мекеменің нарықтағы өтелімі;
Кәсіпкердің фирма жұмысындағы орны
Фирма басшысының қызметі:
Жоспарлау – белгілі бір болашақта фирманың мақсаттарын анықтау, ресурстармен қамтамасыз ету мен жетістіктерге жету әдістерін талдау процесі.
1) стратегиялық (ұзақ мерзімді) жоспарлау ;
2) ағымдағы (қысқа мерзімдегі) жоспарлау
ІІ. ә)
-болжам жасау, мемлекеттік деңгейде жасалған ұлттық экономиканың және оның жекелеген аймақтарының даму болжамарына сүйене отырып, фирма өзінің болашақта дамуын зертеуді қарастырады;
-жалпы міндеттерді қалыптастыру, бұл фирманың даму болжамдарының негізінде оның орындалуымен ресурстармен қамтамасыз етілуінің белгілі уақыты мен жүзеге асады;
-фирманың әрбір бөлімшесімен жоспарды нақты орындау бағдарламаларын жасау, бұнда өндіріс сатылатын шикізат, материалдары дер кезінде жеткізуді, өндірістік және өткеру операцияларын есепке ала отырып байланыстыу;
-фирмалар бөлімшесінің арасында ресурстарды бөлу фирманың ақшалай табыстары мен шығындары балансын құру бағдарламаларын жасау, онда шикізат, материлдар, еңбек ақы, күрделі құрылыс шығындарының көрінісі орны алады.
-осының негізінде фирманың әрбір бөлімшесінің функциялары, оларды орындаушылардың және бөлек процесстермен операцияларды орындауды жауапты адамдар анықталады;
-аяқтаушы кезек – фирманың төменгі буындарына қабылданған шешімдерді тарату мен нақты тапсырмаларды жасау, осыдан жоспарда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру басталады.
Жоспарлаудың негізгі элементтері:
Фирма ішін жоспарлауды ұйымдастыру бойынша екі теоретикалық көзқарас, жоспарлауды ұйымдастырудың екі схемасы бар:
Жоғарыдан төменге
Төменнен жоғарыға
Осы схема бойынша жұмыс жоғарыдан басталады. Фирма басшысы пайда бойынша жоспар көрсеткіштерін, мақсаттар мен міндеттерді анықтайды. Содан кейін осы көрсеткіштер бөлшек нысанда фирманың ең төменгі құрылымдарына және бөлімшелеріне жеткізіледі, олар бөлімшелер жоспарларына енгізіледі.
Информация о работе Фирмалардың қызметтері және қызметкерлерінің іс-әрекеттері