Елiмiзде бәсекенi қолдау мен монополияға қарсы саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2013 в 15:15, курсовая работа

Краткое описание

Әлемдiк тәжiрибе дәлелдегендей экономиканың шикiзат бағыттылығы елдiң тиiмдi және тұрақты дамуын қамтамасыз етпейдi. Сондай-ақ бүгiнгi жаһандану кезiнде ұлттық экономика бәсекеге қабiлеттi болмаса, онда оның болашағы бұлынғыр болып табылады. Сондықтан да бiзге мемлекет ретiнде қалыпты жұмыс iстеу үшiн тұтастай алғанда экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болу керектiгi сөзсiз. Ал осыдан барып әр сектордың өз мiндетi туындайтыны белгiлi. Жалпысында бәсекеге қабiлеттiлiк – экономикалық категория болып табылады.

Содержание

КIРIСПЕ

I БӘСЕКЕ – РЫНОКТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГIЗГI ЭЛЕМЕНТI
РЕТIНДЕ
Бәсекенің экономикалық мәні мен қызметтері
Бәсекенiң экономикалық табиғаты қағидалары

II ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАДАҒЫ ЖЕТІЛГЕН ЖӘНЕ ЖЕТІЛМЕГЕН БӘСЕКЕЛІК ЖАҒДАЙЛАР
1.1 Жетiлген бәсеке рыногы, қызмет ету механизмі
2.2 Жетiлмеген бәсеке рыногы және оның формалары

III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БӘСЕКЕЛIК ОРТАНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ҮШІН МАҢЫЗЫ
3.1 Қазақстан экономикасында бәсекенiң қалыптасуы мен дамуы
3.2 Елiмiзде бәсекенi қолдау мен монополияға қарсы саясат

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

басеке кур раб.doc

— 193.50 Кб (Скачать документ)




  Жалғыз Бiрнеше

         фирма                 фирма  Көптеген фирмалар


 

 


 

 

 

 

Сурет-1 – Рынок құрылымының  төрт түрi

 

Жетiлген бәсекеге қарама-қарсы  бәсеке түрi монополия болып табылады. Ал монополия жағдайында тұтынушының алдында бiр ғана iрi өндiрушi тұрады. Тұтынушы қаласа да, қаламаса да монополистiң өнiмiн пайдаланып, оның тағайындалған бағасын қабылдауға мәжбүр болады. Монополистiң үлкен билiкке ие болуына оның тауарының ерекшеленуiмен қатар, осы тауардың алмастырушысы аз болуы да әсерiн тигiзедi. Бұл 1-суретте бейнеленген.

Мысалы, жетiлген бәсеке мен монополия нақты түрде  шын өмiрде сирек кездеседi.  Олар  көбiнесе  рынокта араласып, бiрақ бiр жағы басымырақ болып  келедi.  Өйткенi жетiлген бәсекеде бiрдей  тауар олар  мен үшiн әр түрлi болып көрiнуi мүмкiн. Ондай жалған көрiнiс дүкендердiң  орналасқан жерiне, қызмет көрсету деңгейiне, жарнамаға және тауар орамының  ерекшелiгiне байланысты.

 

 

 

 



 

 

 



 

 

Сурет-4 – Монополиялық бәсекелелi рыноктың басқа рыноктардан ерекшелiктерi

Бiздiң өмiрiмiзде  жетiлген бәсеке көбiнесе  астық, құнды қағаздар және  жемiс-жидек рыногында көп кездеседi.

Ал монополияның толық  қамтитын түрi  ол сол өнiмнiң алмастырушысы  жоқ, сол өнiмдi  қайта тұтынуға  келмейтiн немесе белгiлi фирмаға  ерекше  құқықтар беру арқылы  көрiнуi мүмкiн.  Сондықтан монополия көбiнесе қызмет көрсету  саласында орын алады.

Мысалы, елiмiзде монополиялық көрiнiс  халыққа қызмет көрсету  саласында, яғни телекомуникация, электроэнергиясы, жылумен және ауыз суымен  қамту  салаларында  көрiнiс табуда. Өйткенi мұндай салаларда монополияның көрiнiс табуы  орынды,  себебi электр торабын алатын болсақ, егер нарықта  екiншi бәсекелес фирма келу үшiн  ол бүкiл сол аумаққа  өз алдына электр тораптарын таратуға алып келедi, ол дегенiмiз  артық шығындарды туғызады.

Берiлген тауарды өндiретiн тек бiр ғана жеке фирма бар және осы тауарды ауыстыратын басқа тауралар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық – монополия, ал сол фирма – монополист деп аталады. Монополист берiлген тауарды өндiретiн жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы бiр мезгiлде нарықтың сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың шамасының бағасын анықтайды. Монополист өзiнiң ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын бәсекелес бағасынан жоғары деңгейде белгiлейдi және де бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Егер сатушы өз тауарының шығару көлемiн өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерiн тигiзе алса, онда ол монополиялық билiкке ие болады деп айта аламыз.

Егер нарықта жеке өндiрушiнiң монополиялық билiгi орнықса, онда қоғам жалпы белгiлi шығындарға ұшырайды, себебi тұтынушылар тауарды тұтынудың көлемiн азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейдi. Сондықтан да көптеген елдерде нарықты монополиялауды шектейтiн монополияға қарсы заңдар қабылданып, iске асырылуда. Бұл заңдарға қарамастан әлемнiң барлық елдерiнде өндiрушi-монополистер бар.

Бұл шектеулер төмендегiдей:

  1. Iрi өндiрiстiң басымдылығының болуы;
  2. Легальды тосқауылдардың рынокта жиi кездесуi ( шикiзат қорын, жердi ғылым мен техниканың жетiстiктерiн монополиялық түрде иелену, тауарды жеке өндiру үшiн үкiметтен алынған ерекше құқықтар);
  3. Рынокта бәсекелесудiң әдiлетсiз жүргiзiлуi.

Iрi өндiрушiлердiң ұсақ  өндiрушiлермен салыстырғанда өте  көп артықшылықтары бар. Монополиялық  өндiрсте iрi фирмалардың жұмыс  iстеуi тиiмдi, себебi iрi өндiрiстiң шығындары ұсақ өндiрiстiң шығындарынан гөрi төмен болатыны практика жүзiнде дәлелденген.

Монополияны тек қана экономикалық шектеулер ғана емес, сонымен қатар құқықтық шектеулер  де қорғайды. Құқықтық шектеулердiң  көп тараған түрлерi – жеке меншiк  құқығы. Егер бiр фирманың меншiгiнде өте сирек кездесетiн шикiзат болса, онда ол фирма монополист болады. Легальды тосқауылдарға патенттер мен авторлық құқықтар жатады. Жаңалық ашқан адам патент алмаса, онда ол өзiне берiлген ерекше жеңiлдiлiктерге ие бола алмайды. Бұл жағдайдың бiздiң мемлекетiмiз үшiн маңызы зор

Бәсекенi әдiлетсiз түрде  жүргiзудiң негiзгi түрi демпинг  бәсекелесiн рыноктан ығыстыру мақсатында өнiмдi өзiндiк құнынан төмен бағамен сату. Рыноктағы iрi фирмалар – мүмкiндiгi мол монополистер. Олардың қаржы мүмкiндiктерi де жоғары. Сондықтан да тауарларды өздерiне тиiмсiз бағамен ұзақ уақыт сату арқылы, ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырады.

Монополист өзiнiң ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын бәсекелес  бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгiлейдi де бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Мұнда сатушы өз тауарының шығару көлемiн өзгерту арқылы рыноктық қалыптасқан бағаға әсерiн тигiзе алады, онда ол монополиялық билiкке ие болады деп атаймыз.

Кейбiр жағдайда әлемдiк  тұрғыдан бәсекенiң күшеюi ұлттық экономикада  белгiлi салаға ұлттық монополияны немесе табиғи және жоғары дамыған монополиялардың қажеттi екенiн дәлелдеп отыр.

Егер нарықта жеке өндiрушiнiң монополиялық билiгi орнықса, онда қоғам жалпы белгiлi шығындарға ұшырайды, себебi тұтынушылар тауарды тұтынудың көлемiн азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейдi. Сондықтан да көптеген елдерде нарықты монополиялауды шектейтiн монополияға қарсы заңдар қабылданып, iске асырылуда. Бұл заңдарға қарамастан әлемнiң барлық елдерiнде өндiрушi-монополистер бар.

Бiрақ монополиялы  рыноктың жалпы қызмет етуiнiң негiзгi шарты монополияда кедергiлердiң  болуы. Бұл көрсеткiштерге кешегi жағдайларды  жатқыссақ болады:

1) Өндiрiстiң басты ресурстарын жалғы фирманың иемденуi. Бұл монополияның пайда болуының ежелгi үлгiсi. Мұнда сирек кездесетiн ресурстарға легальды тосқауылдар қояды, яғни оларға патенттер мен авторлық құқықтар жатады (мысалы, Оңтүстiк Африка  мемлекетiнiң “De Beers”   деген алмаз өндiретiн компаниясы  әлемдегi алмаз өндiру үлесi  80%- ды құрайды)

2) Iрi өндiрiстiң басымдығы болуы. Бiр фирманың сол салаға мамандануы соншалық, ол фирманың рыноктағы өндiрiсi максималды тиiмдiлiкте қызмет етуi, яғни бәсекелес фирмаларға қарағанда шығындардың төмен болуы, сапаның жоғарылығы.

Мұндай жағдайда сол  фирма рыноктағы монополист фирмаға  айналады. Монополиялық өндiрiсте iрi фирмалардың  жұмыс iстеуi тиiмдi, себебi iрi өндiрiстiң  шығыны, ұсақ фирмалардың шығындарынан төмен болады. Яғни, табиғи монополия  өнiм өндiру масштабында үнемдi қызмет етуiнен туындайды. Оны  5-шi суреттен көре аламыз.

Суреттен көретiнiмiз, орташа шығындар қисығы терiс ылдилы көлбеулiк болып келедi. Монополия  үшiн монополист тауарының сұраныс  қисығы “D” нарықтық сұраныс қисығымен  сәйкес келедi. Әдетте табиғи монополистер болып тұрғын халықты коммуалды қызметпен қамтамасыз ететiн фирмалар жатады. Мысалы, қала iшiндегi жылу берумен қамтамасыз етушi. Яғни, фирма қала тұрғындарының жылуға деген сұранысын қамтамасыз ету үшiн қала iшiнде жылу беру жүйесiн тартады. Ол осы жүйесi арқылы монополсит болып, халықты жылумен қамтамасыз етедi. Егер рынокқа бәсекелес басқа фирма енуi үшiн ол өз алдына жеке жылу жүйесiн жүргiзуi керек, сонымен қатар бiрнеше фирма болса, олардың жалпы орташа шығындары өсу бағытын алады. Сондықтан мұндай салаларда жалғыз фирманың қызмет еткенi тиiмдi.

3. Жеке  өндiрушiге мемлекет тарапынан  ерекше құқық беру. Бұл көп жағдайда қару-жарақ шығару, елiмiз үшiн маңызды стратегиялық өнiмдер шығару бұл бiр ғана мемлкеттiк немесе жеке фирмада шығарылады.  Егер де шығарылған өнiм инновациялы болып, осы елде алғаш ретшығарылса, оған мемлкет патент және авторлық құқық бередi. Бұл шара сол фирманың өз өнiмдерiн шығарып, оның бәсеке қабiлетiн арттыру үшiн қажеттi.

Жетiлмеген бәсееке монополияда қысқа мерзiмдi жағдайда  пайданы барынша көбейту шарты MR=MC.

МR = Р (1/Е +1) = МС                   

Бұдан пайданы мейлiнше  көбейту шартын келесi түрде көрсетуге  болады:

                                            Р (1/Е +1) = МС                                                    

     Жалпы жағдайда сұраныстың икемдiлiк коэфициентi  Е< 0, демек монополиялық нарықта тауардың бағасы өндiрiстiң  шектi шығынына қарағанда  жоғары болады,  яғни Р  >МС. Пайданы барынша көбейту шартын 6- сурттен көре аламыз.  

 Шығындар


 

 

 

АС2

 

 

 

 

АСОрташа жиынтық

                                                                                                   шығын (АС)

Q2           QӨнiм көлемi

Сурет-5 – Монополист фирманың ауқымнан үнемдеуi

 

  Суреттен көрiп отырғанымыздай, монополиялық нарық бағасы  өндiрiс көлемi (Qm) мен сұраныс қисығының АR қиылысу нүктесi арқылы анықталады. Яғни монополиялық  баға Pm болып табылады. Ол келесi формуламен анықталады.

                                                Р =  МС/ 1+1/Ер                                              

 

Мұндағы, Р - монополиялық баға;

                  МС – шектi шығындар;

                  Ер – сұраныстың бағалық икемдiлiгi.

Ендi қысқа мерзiмдi кезеңде  жетiлген бәсекелi фирманың шығындарын мейлiнше  азайтуды қарастырайық. Егер өнiм бағасы  мүмкiн болатын жалпы орташа Шығындардың ең төменгi мөлшерiнен төмен, ал орташа айнымалы  шығындардың ең төменгi шамасынан  жоғары деп алсақ, онда келесiдей

                                                FVC min < P < AC min                                                       

ұл жағдайда фирма  зиян шегедi  және оның алдында өндiрiстi тоқтату немесе қысқа мерзiмдi кезеңде  қызметiн жалғастыру сияқты екi таңдау тұрады.

Экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуiне байланысты бәсеке түралы көп кездестiремiз. Бәсеке өз кезегiнде рыноктық экономиканың сұраныс пен ұсыныс сияқты негiзгi элементi болып табылады. Бiрақ қазiргi жағдайда қайбiр елдiң болмасын, оларда таза бәсекелестiк экономикалық рынок жоқ. Өйткенi қоғамның кейбiр салаларында көптеген кәсiпорындар бiрдей қызмет ете алмайды. Мысалы, ел аумағындағы электр желiсiн алатын болсақ ол табиғи монополия болып табылады, өйткенi бұл рынокқа бәсекелес фирма кiру үшiн ол фирма тағы да бүкiл ел аумағына электр тораптарын жүргiзуге тура келедi, ал бұл өз кезегiнде жалпы қоғамға немесе ұлттық экономикаға зиян шығындарды туғызады.

 

 

 

 

 

        Баға (Р)   MC


                  Р1       

Рm В

                   

P2 А

 

                          MR                         AR

                              QQ max Q2        Q

 

Сурет-6 – Монополистiң пайдасын барынша көбейту шарты

 

 

 Рынок құрылымындағы  жетiлген бәсеке мен таза монополия  нарықтың қызмет етуiнiң қарама-қарсы  түрлерi болса, ал ендiгi бiр  рынок құрылымы монополиялық бәсеке нарығы осы екi рыноктың арасындағы рынок болып табылады, яғни, не толық бәсекелiк емес немесе таза монополиялы рынок емес.

Нарықтың осы құрылымы нақты өмiрде жиi кездеседi. Мысалы, аяқ киiм нарығы, жеңiл және тамақ  өнеркәсiбi, жиһаз жасау, кино және көркем әдебиет нарығында көрiнiс табады.

Рынокта  сатушылар  өз тауарының бағасына әсер ететiн, бiрақ басқа сатушылардың әрекетiн  есепке алмайтын, нарыққа кiрiп шыға еркiн, ал сатып алушылар тауар бағасын  берiлген деп есептейтiн нарықтық жүйенi монополиялық бәсеке деп атайды.

Бұл нарықта өндiрушiлер бәсекеге төтеп беру үшiн жарнама және қосымша  шығындарға кезiгедi. Яғни, өз тауарына сұранысты көбейту үшiн шығарған өнiмдерiне ерекше қасиеттер енгiзуге тырысады.

Монополиялық бәсеке қалыптасуы үшiн ондаған фирмалар әрекет жасап, олардың өзара келiсiм жасауға мүмкiншiлiгi болмауы керек. Осындай монополист бәсеке жағдайында әр фирма өз тәуекелдiлiгiмен әрекет жасайды және баға саясатын өзi анықтайды. Бұл рынок жағдайында басқа фирмалардың iс-әрекетiн болжау мүмкiн емес, өйткенi әрбiр фирманың өнiмi сараланған. Аларманның ұнатымына қарай монополистiк бәсеке жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнде дамыған.

Мұндағы тауарлар түрлерi көп, сапасы әр қалай, қызмет көрсету  деңгейi әр түрлi. Демек тауарлардың саралануы баға факторына негiзделген. Ал монополиялық бәсеке рыногында бейбағалық факторларға келесiлердi жатқызуға болады:

  • тауардың орамы;
  • жарнаманың әсерi;
  • қызмет көрсетудiң көп түрлiлiгi;
  • жөндеуге кепiлдiк беру және жөндеу мерзiмiне қарай 

Монополистiк бәсеке жағдайында рынокқа ену кедергiлерi онша үлкен емес, бiрақ баршылық. Оларға:

  • лицензия;
  • патент;
  • фирма және кәсiпорын белгiлерi;
  • сауда белгiсi.

Монополиялық бәсеке рыногы қызмет етуi үшiн төмендегiдей ерекшелiктерiмен сипатталады:

    1. Нарықта тауарды сатушылар мен сатып алушылар саны өте көп.  Тауарды өндiруде немесе сатуда көбiнесе ұсақ фирмалар жұмыс iстейдi;
    2. Өнiмдердiң дифференциясы. Әрбiр фирма өз өнiмдерiнiң бәсекелестерiнен азда болса ерекше қасиеттерiнiң болуына ұмтылады, бұл тауарлар бiр-бiрiн ауыстыра алады;
    3. Еркiн рынокқа кiрiп-шығу. Яғни, монополиялық бәсеке рыногына кiруге тосқауыл оншалықты көп емес және бұл саладан шығып кету де оңай. Мысалы, ұлттық киiмдер тiгетiн шағын фирма ашуға көп

Информация о работе Елiмiзде бәсекенi қолдау мен монополияға қарсы саясат