Елiмiзде бәсекенi қолдау мен монополияға қарсы саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2013 в 15:15, курсовая работа

Краткое описание

Әлемдiк тәжiрибе дәлелдегендей экономиканың шикiзат бағыттылығы елдiң тиiмдi және тұрақты дамуын қамтамасыз етпейдi. Сондай-ақ бүгiнгi жаһандану кезiнде ұлттық экономика бәсекеге қабiлеттi болмаса, онда оның болашағы бұлынғыр болып табылады. Сондықтан да бiзге мемлекет ретiнде қалыпты жұмыс iстеу үшiн тұтастай алғанда экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болу керектiгi сөзсiз. Ал осыдан барып әр сектордың өз мiндетi туындайтыны белгiлi. Жалпысында бәсекеге қабiлеттiлiк – экономикалық категория болып табылады.

Содержание

КIРIСПЕ

I БӘСЕКЕ – РЫНОКТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГIЗГI ЭЛЕМЕНТI
РЕТIНДЕ
Бәсекенің экономикалық мәні мен қызметтері
Бәсекенiң экономикалық табиғаты қағидалары

II ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАДАҒЫ ЖЕТІЛГЕН ЖӘНЕ ЖЕТІЛМЕГЕН БӘСЕКЕЛІК ЖАҒДАЙЛАР
1.1 Жетiлген бәсеке рыногы, қызмет ету механизмі
2.2 Жетiлмеген бәсеке рыногы және оның формалары

III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БӘСЕКЕЛIК ОРТАНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ҮШІН МАҢЫЗЫ
3.1 Қазақстан экономикасында бәсекенiң қалыптасуы мен дамуы
3.2 Елiмiзде бәсекенi қолдау мен монополияға қарсы саясат

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

басеке кур раб.doc

— 193.50 Кб (Скачать документ)

Салааралық бәсеке әр түрлi рынокта қызмет етушi шаруашылық салалардың арасында туындайды. Яғни сырттан  келетiн инвестицияларды өз саласына тартуға, осы саланы жетекшi сала ретiнде  алып шығуы үшiн бақталас болып табылады.

Халықаралық бәсеке әр түрлi елдер арасында орын алады. Бүгiнгi жаһандану  және ғылыми-техниканың жоғары дамыған, экономикалық қатынастардың күрделене  түскен жағдайда әрбiр ел өзiнiң егемендiгiн  және экономикалық потенциялын сақтап қалу үшiн бәсекеге түседi.

Халықаралық бәсеке келесiдей  сипатталады:

  • бiрнеше басты салаларды әлем бойынша өзiне қарату, ноу-хауды дамыту, қаржылық жағдайын жақсарту;
  • көп аспектiлiк, әр түрлi рынок құрылымы мен механизмдерiне бейiмдi болу;
  • рыноктың осы заманға сай жылдам дамуын қамтамасыз ету;
  • рыноктық бақталаста айқын басымдылық қасиеттерiнiң болуы;

Бәсекенiң толық қанды  және тиiмдi дамуы экономика дамуына  белгiлi тиiмдiлiктердi және қолайлы ортаны ұсынады. Оларға:

  1. Қоғамның өндiрiстiк тиiмдiлiгiнiң өсуi;
  2. Рыноктық механизмнiң толық қанды қызмет етуi;
  3. Өндiрiс факторларының қолданысын жақсарту;
  4. Оптималды баға құру;
  5. Тауарлардың және қызметтердiң әлемдiк стандарттарға өтуi;
  6. Бизнестiң тиiмдiлiгi, басқашайтқанда ел iшiндегi кәсiпорындар iс-қимылының жаңашылдығы;
  7. Инфрақұрылым немесе елдегi қолданып отырған технологиялардың, қатынас және байланыс жүйелерiнiң, ғылыми орындардың, ел тұрғындарының бiлiмi мен бiлiктiлiгi, жасампаздық қасиеттердiң бизнестiң жоғары талабына сәйкестiгi;
  8. Инновацияларды енгiзу.

Бәсеке жаратылысының  негiзi шектеулi ресурстарды неғұрлым тиiмдi қолданатын салаларға бөлу болып табылады.  Бәсеке экономикада сонымен қатар тауар өндiру және қызмет көрсетулердiң өз өнiмдерiне инновациялар енгiзуiне ынтасын арттырады. Әлемдiк тәжiрибеге жүгiнсек бәсекелестiк инновациялық тауар пайданың жоғары деңгейiн 5-10 жыл шамасында ұстап тұрады.

Рыноктық экономикада  рыноктағы көптеген фирмалар мен  кәсiпорындар бәсекелiк сайыста шаруашылық жүргiзушi субъектiлер өз бәсекелесiне мардымсыз әрекеттер қолданады. Мұндай әрекеттердi “тиiмсiз бәсеке” деп атап, оны бәсекелестiктiң кемшiлiктерi ретiнде түсiнуге болады. Оларға:

  • тауардың сапасы туралы және оның сипаттамасы. Жасау әдiсi мен жасалған орны туралы жалған ақпарат тарату;
  • бәсекелес туралы өтiрiк немесе қате мәлiметтер тарату;
  • бәсекелестiң тауарлық белгiсiн, оның фирмасының атын, маркировкасын заңсыз пайдалану;
  • тауардың сапасы туралы дұрыс түсiнiк бермейтiн жарнама жасау;
  • бәсекелестiң тауарын жамандап көрсететiн салыстырмалар қолдану;
  • келiсiм бойынша өздерi ған бiлуге тиiстi салаға жататын конфиденцияллық ғылыми-техникалық өндiрiстiк және басқадай информацияны таратып жiберу. Аталған шарт бзушылықпен күресу Қазақстанда мемлекеттiк антимонополиялық агенттiкке жүктелген.

Экономикада рынокты, ондағы бәсекелестiк жағдайды анықтайтын, оны зерттейтiн, бағаны белгiлейтiн сұраныс пен ұсыныс қана емес, сондай-ақ рынок құрылымы болып табылады. Өйткенi әр рынок құрылымында бәсеке түрлерi де әр түрлi, соған сәйкес баға құру тәсiлi және фирманың қызмет етуi де өзгеше болып келедi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАДАҒЫ  ЖЕТІЛГЕН ЖӘНЕ ЖЕТІЛМЕГЕН БӘСЕКЕЛІК  ЖАҒДАЙЛАР

2.1 Жетiлген бәсеке  рыногы, қызмет ету механизмі 

 

Рынок құрылымы фирмалардың саладағы санына, әрбiр фирманың көлемiне, тауардың сипатына,  ол рынокқа ену жеңiлдiгiне ақпараттың  қолда болуына тәуелдi. Рынок құрылымын сыныптағанда  оның негiзгi белгiсi болып  сатушы мен аларманның ықпалдылық деңгейiне,  әсiресе ол ықпалдылық баға деңгейiне  байланысты.

Жетiлген бәсеке қалыптасу үшiн ондаған фирмалар әрекет жасап,  олардың өзара келiсiм жасауға мүмкiндiгi болмауы тиiс. Сонымен зерттеу нысаны  бәсекелес фирма болып табылады, ал оның  мақсаты тауар өндiру  мен қызмет  көрсету және оларды  нарықта сату барысында пайданы мейлiнше арттыру.

Жетiлген бәсекеде жеке меншiкке және шаруашылықтың оңашалануына негiзделедi. Өндiрушiлер бiр-бiрiмен тек рынок арқылы байланысады. Жеке фирма өз өнiмiн өткiзуде iс жүзiнде рыноктағы айырбас жағдайына ешқандай әсер ете алмаса, онда осындай болмыс – бәсекелiк қабiлеттiң ең жоғары дәрежесi болып табылатын жетiлген бәсеке деп аталады.

Жетiлген  бәсекелес рыногы  дегенiмiз -  төмендегi шарттар орындалатын нарық:

    1. Iрi фирманың жалпы нарықтық  ұсыныстағы сату үлесi  елеусiз. Сондықтан, оның  өнiм көлемi туралы өндiрiстiк   шешiмдерi жалпы ұсынысқа  ықпал етпейдi, соған орай фирмалар нарықтар бағасына  да әсер ете алмайды;

    1. Нарықта өнiм ұсынатын  тәуелсiз сатушылар саны көп және өнiмдерi бiртектi болып келетiн;

    1. Баға, технология,  ықтимал пайда жөнiндегi ақпараттар белгiлi болады;
    2. Сатып алушылардың баға туралы информациясы толық болады. Егер бiреу өз өнiмiнiң бағасын көтерсе, онда ол сатып алушыларынан айырылады;
    3. Сатып алушылар өзара баға туралы келiсiм жасаспайды және әрекеттерiн бiр-бiрiмен келiспей жеке жүргiзедi;
    4. Жаңа фирмалардың  салаға кiруiне немесе одан шығуына тосқауылдар жоқ.

Осындай сатып алу-сату шарттарының орындалуы өндiрушiлер  мен тұтынушылардың өзара қатынастарына  еркiндiк сипат бередi. Жетiлген бәсеке баға белгiлеу механизмiнiң және тепе-теңдiк  болмысы арқылы экономикалық жүйенiң  өзiн-өзi реттеуiнiң қалыптасу шарты болып табылады. Осының нәтижесiнде жеке индивидтердiң экономикалық жетiстiкке жетудi көздейтiн өзiндiк жеке дара қимылдары бүкiл қоғамдық жетiстiктерге жол ашады.

Жетiлген бесекенiң экономикада  артықшылықтары мен кемшiлiктерi болады:

Артықшылықтары:

  • Қоғамға қажет тауарларды өндiруде ресурстарды тиiмдi пайдалануға мүмкiндiктiң болуы;
  • Тез өзгерiп отыратын өндiрiс жағдайларына икемдi болып, оларға тез үйлесуге көмектесе алатындығы;
  • Тауарлардың жаңа түрлерiн жасау саласына жаңа техника мен технология енгiзуге, өндiрiстi ұйымдастырып басқарудың жетiлген әдiстерiн қолдануға, ғылыми-техникалық жетiстiктердi ұнамды пайдалануға жағдайлар тудыратындығы;
  • өндiрушiлердi көптүрлi қажеттiлiктердi қанағаттандыруға, тауарлар мен қызметтердiң сапасын жоғарлату мақсаттандыруы.

Кемшiлiктерi:

  • ұдайы өндiрiлмейтiн ресурстарды (ормандар, табиғи жануарлар, жер, теңiз, мұхит қоймалары) сақтауға көмектеспейдi;
  • қоршаған ортаны қорғауда негативтiк бағытта болады;
  • ұжымдық пайдалануға бағытталған таулар мен қызметтер ( дамбалар, жолдар, қоғамдық көлiк) өндiрiсiнiң дамуын қамтамасыз етпейдi;
  • фундаменталдық ғылымның, жалпы бiлiм беру жүйесiнiң, қалалық шаруашылықтың көп элементтерiнiң дамуына жағдай жасамайды;
  • еңбек, табыс, демалу құқықтарына кепiлдiк бермейдi;
  • әлеуметтiк әдiлетсiздiк пен қоғамның байлар мен кедейлерге бөлуiне бөгет жасайтын механизмдерi жоқ.

Бәсекелес фирма  нарықтық бағаға әсер ете алмайды, сондықтан  ол бағаны сырттан белгiленген  баға ретiнде қабылдайды. Яғни, өндiрушi өндiрiлген өнiмнiң  кез-келген мөлшерiн рыноктық  бағамен сатады. Олардың сұраныс қисығы горизонталь болып қалады. 

              Р     


               

                      

                              

  Р0

                                                D = MR



                                                                           Q 

Сурет- 2- Жетiлген бәсекелес фирманың сұраныс  қисығы

 

Суреттен көрiп отырғанымыздай өндiрiлген өнiм тұрақты (Q)  тұрақты  бағамен (Po)  сатылатындықтан, жалпы түсiм өсiмi немесе шектi түсiм MR нарықтық бағаға тең болады, яғни MR = Po. Сондықтан жетiлген бәсеке  жағдайында шектi түсiм (MR)  қисығы  жеке фирманың сұраныс қисығымен (D) сәйкес келедi.

Бәсекелес фирманың жалпы  не ортақ табысы өндiрiс көлемiнен  өндiрушi  баға көбейтiндiсiне тең , яғни TR = p * Q

Мұндағы:  TR – жалпы  түсiм;

                    р – баға;

                    Q - өнiм көлемi.

“Бәсекелесу” деген сөздiң өзi экономикалық пайданы бөлу және тұтынушының таңдауының бар екендiгiн көрсетедi. Дәл осы себептен де өндiрушiлер тұтынушының  сұранысын арттыру үшiн әрекеттер жасайды.

Жетiлген бәсекелес нарығында тауарды  сатушылар және сатып алушылар саны өте көп болады, сондықтан олардың  әрқайсысы жеке түрде тауардың нарықтық бағасына әсер ете алмайды. Тауардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыс арқылы анықталады. Осының салдарынан тұтынушылар мен сатушылар жетiлген бәсеке нарығында тауардың бағасын тұрақты деп және өздерiнiң бақылауынан тыс деп қабылдайды. Өнiм өндiрушiлердiң басты мақсаты пайданы ең жоғары деңгейге жеткiзу, сондықтан олар әрдайым ұтымды өнiм көлемiн анықтауға ынталанады. 

Жетiлген бәсекелi жағдайда фирманың көлемi  шамалы болғандықтан ол бағаға әсерiн тигiзе алмайды, ал монополиялық рынок бағаға өз үстемдiлiгiн  жүргiзедi. 

Сондықтан қысқа және ұзақ мерзiмде кәсiпкер оңтайлы жағдай қалыптастыру үшiн өнiм көлемiн немесе шығындарды өзгерту арқылы  қол жеткiзедi. Ал монополиялық рынок жетiлген бәсекелi рынокқа қарағанда күрделi. Монополист фирма шығындарын есептеп қана қоймай,  бағаның ұтымды деңгейiн қалыптастыру керек, нарықта өзi жалғыз болғандықтан басқа бәсекелестер кiргiзбеу үшiн немесе өнiм көлемiн арттыру үшiн  көптеген iс- шаралар жүргiзедi.

Жалпы TR табыстан барлық  экономикалық жұмсаған шығынды  алғанда  экономикалық пайда болады:

П =  ТR –  ТС

Мұндағы,   П – пайда;

                   ТR - жалпы табыс;

                   ТС – жалпы шығындар.

Қысқа мерзiмдi кезеңде  бәсекелес фирманың құрал- жабдығы  тұрақты болады да, ал өнiм шығару көлемi өзгерген кезде тек айнымалы ресурстар ғана өзгередi, осыған сәйкес айнымалы шығындар өседi.

Орташа табыс – бұл шығаратын  өнiм бiрлiгiне келетiн табыс.

                                            AR = TR /Q                                                              

Шектiк табыс – ол шығаратын өнiмдi бiр бiрлiкке көбейткенде түсетiн қосымша табыс, яғни:

                                            MR= ΔTR/ΔQ                                                          

Бұл екi формуладағы:   AR - орташа табыс;

                                         TR  - жалпы табыс;

                                          Q   - өнiм көлемi;

                                         MR – шектiк табыс. /5,131 бет/.

          Бәсекелес  фирма үшiн р бағасы Q өндiрiс көлемiне байланысты емес. Сондықтан шектi табыс MR= р, сондай -ақ  орташа табыс AR = р.

Бәсекелес фирманың бiрiншi әрекетi –  пайданы мейлiнше арттыру. Баға орташа жалпы шығындардың ең төменгi деңгейiнен  жоғары делiк, яғни:

                                            Р  > АСmin                                                                                                       

Пайданы мейлiнше арттыру  үшiн келесi жағдай орындалғанша:

MR ≥ МС  немесе жетiлген  бәсеке жағдайында  Р ≥   МС, өйткенi  MR=р. /5,132 бет/.

Мейлiнше көп пайда  мынадай теңдiк орындалған жағдайда шығарылатын өнiм көлемiне Q * сәйкес келедi.

                                                           Р = МС                                                      

Бұл шарт жетiлген бәсекелес фирма  үшiн пайдасын ең жоғары деңгейге жеткiзетiн  шарт болып табылады. Оны келесi 3- суреттен көре аламыз. Суреттен көрiп отырғанымыздай жетiлген бәсекелес фирманың жалпы пайдасы  АВСД тiк төртбұрышының ауданына тең болады.

 

 

 


                         Баға    МС


                       Р,АС 

                       

                                  А                                                     В  Р= MR

           Р


 АС


 

   D 


С

 

  min

 

 

                               О                                                       Q *  Q

Сурет-3 – Жетiлген бәсекелес фирманың пайдасын мейлiнше  арттыру

 

 

Яғни, бұл сурет бойынша талдау жасайтын болсақ,  бәсекелестiк рынокта  фирма жоғары пайда табады, егер шектi және орташа шығындардан рыноктық баға деңгейi жоғары болса. Графикте фирманың пайдасының мөлшерiн боялған аумаққа тен екенiн көруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Жетiлмеген бәсеке рыногы  және оның формалары

Елiмiздiң рыноктық қатынасқа  өтуi, ұлттық экономикада жаңа ұғымдар  пайда болып, рынок құрылымдарының әр түрi қалыптасып және олардың қызмет ету механизмi күрделене түстi. Рынок құрылымы негiзiнен келесi түрлерден тұрады:

  1. Жетiлген бәсеке нарығы;
  2. Монополия;
  3. Монополиялық бәсеке;
  4. Олигополия.

Кейiнгi аталған 2, 3 және 4 рынок құрылымдары жетiлмеген бәсекелi рынокқа жатады. Бұлай рынок құрылымдарының жiктелуi фирмалардың нарықтағы санына, олардың рынокқа кiрiп-шығу жеңiлдiгiне  немесе рыноктың қазiргi жағдайы туралы ақпараттың толықтығына байланысты.

Рынок құрылымының негiзгi түрлерiн келесi суреттен көруге болады:

Информация о работе Елiмiзде бәсекенi қолдау мен монополияға қарсы саясат