Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 21:10, курс лекций
Еңбек нарығы – бұл нарықтың ерекше түрі, онда жұмыс күші тауарын сату және сатып алу жүзеге асады. Осы жерде оның құны мен жалдану жағдайы бағаланады. Еңбек нарығы – экономика жағдайын көрсетудің айнасы, тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасы, жұмыссыздықтың сала бойынша, кәсіби – біліктілік, демографиялық және басқада көрсеткіштерінің құрылымын байқатады. Қазақстан Республикасында 1992 жылға дейін еңбек нарығы болған жоқ. Нарықтық экономикаға көшу осындай нарықтың болуын қарастырады. Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату – сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі.