Еңбек нарығы және еңбекақы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 21:10, курс лекций

Краткое описание

Еңбек нарығы – бұл нарықтың ерекше түрі, онда жұмыс күші тауарын сату және сатып алу жүзеге асады. Осы жерде оның құны мен жалдану жағдайы бағаланады. Еңбек нарығы – экономика жағдайын көрсетудің айнасы, тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасы, жұмыссыздықтың сала бойынша, кәсіби – біліктілік, демографиялық және басқада көрсеткіштерінің құрылымын байқатады. Қазақстан Республикасында 1992 жылға дейін еңбек нарығы болған жоқ. Нарықтық экономикаға көшу осындай нарықтың болуын қарастырады. Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату – сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Еңбек нарығы және еңбекақы.doc

— 30.50 Кб (Скачать документ)

 

Еңбек нарығы және еңбекақы

       Еңбек нарығы – бұл нарықтың  ерекше түрі, онда жұмыс күші  тауарын сату және сатып алу  жүзеге асады. Осы жерде оның құны мен жалдану жағдайы бағаланады. Еңбек нарығы – экономика жағдайын көрсетудің айнасы, тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасы, жұмыссыздықтың сала бойынша, кәсіби – біліктілік, демографиялық және басқада көрсеткіштерінің құрылымын байқатады.

      Қазақстан Республикасында  1992 жылға дейін еңбек нарығы  болған жоқ. Нарықтық экономикаға  көшу осындай нарықтың болуын қарастырады. Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату – сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі.

      Қазақстан Республикасындағы  қалыптасып отырған еңбек нарығы  нақты еңбек нарығынан өзгешелеу.  Мұнда әзірше жұмыс күшін еркін сату жүзеге аспай тұр және оның болуы әкімшілік құқықтық және экономикалық факторлармен шектелуде: әлі де болса паспорттық құжаттық ренжим сақталуда, жұмыс күшінің еркін аумақтық құйылуын тоқтататын  нақты тұрған жай нарығы болмай тұр.

Еңбек нарығы өндіріс факторлары нарығына жатады. Нарықтық экономикада өндіріс факторларын осы факторларды иеленушілер, яғни үй шаруашылықтары ұсынып отырады. Көпшілік отбасыларындағы табыстың басты көзі – еңбек. Жеке тұлға өзінің еңбегі үшін еңбекақы алады, яғни еңбекақы-жалдамалы жұмысшының еңбегінің бағасы болады.

     Еңбек нарығында экономикалық  қатынастардың субъектілері болып,  бір жағынан, кәсіпкерлер – ірі монополиялар, орташа және шағын бизнесмендер, мемлекет есептеледі. Ал, екінші жағынан – жеке қызметкерлер немесе олардың кәсіподақтары болады.

     Еңбек нарығында  қалыптасатын баға еңбекақы мөлшерлемесі  болып табылады, яғни жұмыс күші құнының ақшалай түрі болады. Еңбек нарығының конъюнктурасы бос жұмыс орындары мен жұмыссыз және жұмыс іздеп жүрген еңбекке жарамды азаматтардың арасындағы қатынаспен сипатталады.

     Еңбекақы  қарапайым және түсінікті болып  көрінеді. Жалдау туралы шартта  жұмыскер кәсіпорында белгілі  бір уақыт жұмыс істеуі керек,  ал кәсіпкер оның еңбегі үшін белгілі – бір ақша сомасын төлеуге міндетті. Осылайша еңбекті сату және сатып алу мәмілесі жүргізіледі. Осыған орай, еңбекақы еңбектің ақшалай бағасы деп түсінеміз.

      Түріне  байланысты атаулы және нақты  еңбекақы ажыратылады. Атаулы еңбекақы – жұмысшының еңбегі үшін алатын ақша түріндегі жалақысы. Нақты еңбекақы – жұмысшының салықтар мен басқа да төлемдерді төлегеннен кейінгі қалған атаулы жалақысына сатып ала алатын таурлар мөлшері мен қызметтер саны.

      Еңбекақы  деңгейі бойынша батыс елдерінде  ұзақ уақыт бойы АҚШ көшбасшы  болып келді.

      Бірінші  нарықтық фактор – еңбек нарығының  сұраныс пен ұсыныс. Еңбекті марапаттауға  әсер ететін екінші нарықтық  фактор – еңбек нарығындағы  бәсеке және монополия.

 

 

 

 

 

Батыс Қазақстан «Еуразия»  тілдер және менеджмент институты

 

 

 

“Информатика және есептеу

техникасы” деканаты

 

 

 

 

Реферат

Тақырыбы: Еңбек нарығы және еңбекақы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: 1021-топ студенті

Ергазиева А.Е

                                                                                Тексерген: аға оқытушы

Ислямов Р.С

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал 2013жыл


Информация о работе Еңбек нарығы және еңбекақы