Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2013 в 16:16, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы туралы заңдылығы Қазақстанның Конституциясына негізделген және ҚР Азаматтық кодекісінен, ҚР нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер де Қазақстан Республикасы қол қойған келісімшарттарда заңда қарастырылғаннан басқа ережелер бекітілген болса, онда халықаралық келісімшарт ережелері қолданылады. Құрылымы бойынша қаржы нарығы үш нарықтан тұрады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бағалы қағаздар нарығы.doc

— 75.00 Кб (Скачать документ)

       Өзін-өзі реттеуші  ұйымдардың құқықтары:

•    кәсіби   қызмет  жэне   нарыктағы   операциялардың   стандарттары мен міндетті ережелерін дайындау;

•    кадрлардың   кәсіби   дайындығын   қамтамасыз   ету,   осы нарыққа қатысушылар үшін міндетгі талаптарды бекіту;

•    нарыққа   қатысушылардың  бекітілген   нормативтер   мен ережелердің орындалуын бақылау;

•    нарықтағы ақпараттық қызметті орындау;

•   мемлекеттік    басқару    органдарында    нарыққа    қатысушылардың  мүддесін  қорғау және  олармен  байланысты қамтамасыз ету.

       Өзін-өзі реттеуші  үйымдардың белгілері:

•    ерікті бірлесу;

•  ұйымға мүшелік, яғни оның мүшесі — ол бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;

 

•    ұйым қызметін және ұйымның  өзін-өзі реттеуін ұйымдастыру, қатысушылардың қызмет ережесін бекіту;

•    мемлекетпен қарым-қатынас  орналастыру, ол — мемлекет өзінің   реттеушілік   қызметінің   бірсыпырасын   ұйымға беруі.

       Бұндай ерікті  ұйымдар мемлекеттік реттеудің  кейбір жетіспеу жағдайлары кезінде  құрылып, кейбір ассоциация мүшелерінің  кесірінен бағалы қағаздар нарығына  қатысушыларға нүсқан келтіргенін  тексереді. Сонымен, маманданған  ұйымның бағалы қағаздар нарығының дұрыс қызмет істеуіне бағытталған іс-әрекеттері көп жағдайларда осы тұрғыда мемлекет мүддесімен сай келеді.

       Әлемде каржы  нарығында өзін-өзі реттейтін  ұйымдардың бірнеше түрі бар.  Олар:

• Халықаралық ұйымдар  мысалы,  халықаралық  қор биржаларының ұйымы).

• Ұлттық  ұйымдар.   Әдетте  әрбір   мемлекетте  қаржы нарығының  кәсіби  мамандарының  мүддесін  қорғайтын өзін-өзі реттеуші ұйымдар  қалыптасады. (Мысалы, Ресейде 2000 жылы пайда болған осындай екі ұйым бар: Қор нарығына қатысушылардың Ұлттық ассоциациясы және Трансферагенттер мен депозитарийлерді кәсіби тіркеуші Ассоциация).

•    Аймақтық ұйымдар. Олар аймақтық тұйықталған  нарық болғанда ғана ұйымдасуы мүмкін.

       Сондай-ақ өзін-өзі реттеуші үйымдар  өздерінің мүддесін қорғау мақсатында өз эмитенттерінің, институционалдық және жеке инвесторлардың ұйымдарын құрады. Бұндай ұйымдар бағалы қағаздар нарығында қызмет көрсету үшін өзінің ережелері мен стандарттарын дайындайды.

      Қазақстан Республикасында қазіргі  кезде өзін-өзі реттеуші ұйымдардың қызметін кадағалаумен және олардың құрылуын бақылаумен Қаржы нарығы мен қаржылык ұйымдарды реттеу жэне кадағалау Агенттігі шұғылданады.

      Бағалы қағаздар нарығы мемлекеттің  қаржы нарығын құрайтын бір  бөлігі. Бұл нарықтың дамып, гүлденуі халықтың әл-ауқатының жақсаруына және жаңадан өндіріс орындарын ашып, жұмыс орындарын қамтамасыз етуге тікелей өз септігін тигізеді.

       Сонымен, бағалы қағаздар нарығы  мемлекетіміздің экономикасын дамытуда  қолданылатын қуатты құрал екені  белгілі. Осы құралды икемді пайдалану үшін бірінші кезекте қолданыстағы заңнамалардың толық әрі мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету. Екінші, қалыптасқан нарықты бір жүйеге келтіру, осы саладағы инфрақұрылымды дамытып,  қатысушылардың құқықтарының толық қанды қорғау. Осы мәселелердің шешілуі болашақта бағалы қағаздар нарығының ілгері жылжуына кепіл болады.

 


Информация о работе Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы