Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2013 в 16:16, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы туралы заңдылығы Қазақстанның Конституциясына негізделген және ҚР Азаматтық кодекісінен, ҚР нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер де Қазақстан Республикасы қол қойған келісімшарттарда заңда қарастырылғаннан басқа ережелер бекітілген болса, онда халықаралық келісімшарт ережелері қолданылады. Құрылымы бойынша қаржы нарығы үш нарықтан тұрады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бағалы қағаздар нарығы.doc

— 75.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы.

 

       Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы туралы заңдылығы Қазақстанның Конституциясына негізделген және ҚР Азаматтық кодекісінен, ҚР нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер де Қазақстан Республикасы қол қойған келісімшарттарда заңда қарастырылғаннан басқа ережелер бекітілген болса, онда халықаралық келісімшарт ережелері қолданылады.

Құрылымы бойынша қаржы нарығы үш нарықтан тұрады. Сол нарықтың бірі бағалы қағаздар нарығын Қазақстанда  толық қалыптастыру үшін ұлттық өндіріс пен ішкі ұлттық нарық жүйесін  қалыптастырып, тереңдету керек. Бұл жерде айрықша атап өтетін мәселе бұл саланың құқықтық базамен толық қанды қамтамасыз етілуі, қолданыстағы заңнамалардың қазіргі заман талаптарына сай жасалуы, бағалы қағаздар нарығы қатысушыларының арасындағы қатынастардың бір жүйеге келтірілуі болып табылады.

Қазіргі таңда Қазақстан экономикасының өндірістік құрылымын жетілдіру  жолында тұрғындардың қолындағы  сақталған қаржы ресурстарын  жұмылдырып  экономиканың  реалды  секторына жұмсауды  қажет етеді. Сондықтан, осы орайда тұрғындарға кепілдендірілген мемлекеттік бағалы қағаздар шығарып, бұл меншік түрін мемлекет тарпынан толық кепілдендіріп, заңмен қорғалуын қамтамасыз ету қажет. Бүгінгі күнге дейін бұл бағытта көптеген жұмыстар жүргізілді, дегенмен қалыптасқан мәселе азая қойған жоқ.

Соңғы жылдары азаматтық кодекстің  нормаларына сәйкес Президентіміз  бағалы қағаздар нарығын дамытудың  құқықтық негіздерін құрайтын заң күші бар жарлықтар шығарды және мемлекетімізде осы саланы реттеу үшін көптеген заңдар қабылданып күшіне енді:

- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздан «Бағалы қағаздар  рыногы туралы» Заңымен;

- Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 маусымдағы «Қазақстан  Республикасында валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңымен;

- Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан  Республикасында Ұлттық Банкі  туралы» Заңымен;

- Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы «Қазақстан  Республикасындағы Акционерлік  қоғамдар туралы» Заңымен;

- Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы «Қазақстан  Республикасы инвестициялар туралы»  Заңымен;

- Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі  «Қазақстан  Республикасы инвестициялық фондтар  туралы» Заңымен;

- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 маусымдағы «Қазақстан Республикасы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңымен;

- Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 ақпанындағы  «Қазақстан  Республикасы секьюритилендіру  туралы» Заңымен реттеледі.

       Жоғарыда айтылған  құкықтық негіздерге сай брокерлік және дилерлік кеңселер ашылып, олар акциялардың мемлекеттік бумаларымен және басқа мемлекеттік бағалы қағаздар түрлерімен жасасқан мәмілелерге қатысуда. Сонымен қатар, Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың эмиссиясын мемлекеттік тіркеуден өткізу іске асырылып, көптеген азаматтар бағалы қағаздар нарығында қызмет істеуге мамандану куәлігін алды. Алғашқы тіркеуші компаниялар пайда бола бастады. Бағалы қағаздар нарығын дамыту барысында алғашқы даулар да (оның ішінде сотқа талап қою) кездесе бастады.

       Алайда, бұл кезде  бағалы қағаздар туралы шыққан  заңдар жетілген және бағалы  кағаздар нарығының құкықтық  негіздерін қалыптастыру процесі  аяқталды деуге болмайтын еді.  Нарықтық инфрақұрылымы да қалыптасу  шағында болатын. Дегенмен айтылған заңдарды пайдаланудың нәтижесінде республикада пайда болған бағалы қағаздар нарығын құқықтық қамтамасыз етудің жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіншілік туындады.

 

       Кейбір мамандар  бағалы қағаздар нарығында ашықтық  жетіспейді деп жатса, енді біреулер бұл нарықты реттеуді бір жүйеге қойып, одан әрі дамыту қажет деп жатыр. Бағалы қағаздар нарығын реттеу өте күрделі процесс болып табылады. Бұл, сол процесске қатысушылардың іс-әрекетін және олардың арасындағы операцияларды бір тәртіпке келтіру, заңдардың толық, әрі мүлтіксіз орындалуы, заң алдындағы теңдік пен кепілдік сияқты үлкен ұғымдарды қамтиды. Аталған нарыққа қатысушылардың іс-әрекетін екі жақты — ішкі және сыртқы — реттеуге болады. Ішкіреттеу деген осы ұйымның, оның бөлімшелері мен қызметкерлерінің өз қызметінде ұйымның жарғысын, ережелерін және т.б. іс-әрекетін айқындайтын ішкі нормативтік құжат талаптарын орындауы. Сыртқы реттеу деген осы ұйымның өз қызметінде мемлекеттің, басқа да ұйымдардың, халықаралық келісімдердің нормативтік актілерін орындауы.

       Кез келген  бағалы қағаздар нарығын тікелей  немесе жанама түрде сауда-саттыққа  барлык қатысушылардың — эмитенттердің,  инвесторлардың, кәсіби делдалдардың, нарық инфрақұрылымы ұйымдарының  қызметін тәртіпке келтіретін  уәкілетті органдар реттеп отырады. Реттеудің түрлері:

•    мемлекеттік реттеу, онымен қызмет бабына реттеу функциясы кіретін  мемлекеттік органдар шұғылданады;

•    нарықтың өзін-өзі реттеуі,  немесе  бағалы  қағаздар  нарығына кәсіби қатысушылардың өз ұйымдарының  қызметін реттеуі.   Жалпы   мемлекеттің   немесе   нарыктын   кәсіби мамандарының өз реттеу қызметін бастауының ең алғашқы себебі бағалы кағаздар нарығынын кейбір іс-әрекеттеріне қалың бұқара топтарының қарсылығы болып табылады;

•    қоғамдық реттеу, яғни нарықты қоғамдык пікір арқылы реттеу.

       Таратып айтқанда, бағалы кағаздар нарығындағы  кейбір іс-әрекеттер мемлекеттің  немесе нарыкка кәсіби қатысушылардың  реттеу әрекеттерін жүргізуіне  негізгі себепші болуы мүмкін.

       Әлемдік тәжірибеде  бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу екі түрлі жолмен жүргізіледі: мемлекеттік органдар уәкілі қатысуымен тікелей араласу, сонымен қатар іс-шаралар арқылы нарыққа жанама араласу.

Тікелей араласу шараларына мыналар  жатады:

•    бағалы қағаздар нарығы мәселелері жөнінде заң шығаратын өкілетті органдардың жұмысы;

•    осы мәселелер бойынша  атқарушы үкімет органдарының қаулылары  мен бұйрықтары;

•    бағалы  кағаздар  нарығының  жұмысына жаңа ережелер енгізетін немесе ескілерін өзгертетін басқа да мемлекеттік  органдардың іс-шаралары. Негізінен бұл бағалы қағаздар нарыгына     қатысушыларға     лицензия     беру,     бағалы қағаздардың кейбір түрлерінің айналысына шек крю немесе оны тоқтату, бағалы қағаздарды тіркеу және с.с. жұмыстар.

Жанама араласу тетіктеріне  мыналар жатады:

•    несие үшін процент мөлшерін өзгерту  арқылы айналымдағы ақша массасын және несие көлемін мемлекеттік бақылау;

•    мемлекеттің салық саясаты;

•    депозиттерге, несиелерге, қарыздарға үкімет кепілдігі;

•    қарыз капиталы нарығына мемлекеттің  араласуы (қазы-нашылық облигацияларды, вексельдерді, орта және ұзақ мерзімді   бағалы   қағаздарды,   мемлекеттік   органдардың міндеттемелерін және с.с. шығару) арқылы мемлекет пен корпорациялардың арасында несие үшін тікелей бәсекенің тууы;

•    мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты (шетел валютасы   мен   алтын   операцияларын,   экспорт   шараларын ынталандыру және с.с. жұмыстарды реттеу);

•    мемлекеттің сыртқы экономикалық (саяси  байланыстарды ұлғайту немесе шектеу және с.с.) іс-шаралары.

 

       Бағалы қағаздар нарығын реттеу мемлекеттік органдарға, не арнаулы ұйымға (бағалы қағаздар жөніндегі комиссияға), не қаржы министрлігіне, не мемлекеттік (орталық) банкке жүктеледі. Мысалы, АҚШ-татиісті заңдарды шығарып, олардың орындалуын тексерумен конгрессте қүрылған бағалы қағаздар және кор биржалары туралы комиссия шұғылданса, Жапонияда бұл сұрактар Қаржы министрлігінде қаралады.

       Реттеуші   органдар   инвесторлардың   қаржьюын   қорғауға бағытталған  негізінен үш қызмет атқарады.

       Біріншіден, нарықта шаруашылық субъектілері ретінде кызмет істейтін барлық бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды, сонымен қатар, бағалы қағаздарға тікелей қатысы бар қызметкерлерді тіркеу. Тіркеуден өтетін барлық кандидаттар қаржы жөнінен белгілі бір талаптарға сай болуы кажет, яғни олардың керекті мөлшерде (минимум) өз капиталы болғаны жөн. Инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында, әдетте, тіркеуші органдар тіркеуден өткізбеу құқығын алады.

       Екіншіден, экономиканың  барлық субъектілерін нақты хабарлармен  қамтамсыз ету. Ол әдетте, бағалы қағаздарды шығару мен оны шығарушылар туралы анық та толық хабар беретін эмиссия проспектін шығарумен жүзеге асырылады. Оған алдын ала белгілі бір адамдар ғана біліп және тек солардың арасында орналастыратын жеке бағалы қағаздар қосылмайды. Одан басқа эмитенттер бұқаралық ақпарат беттерінде үнемі қаржы есебін, фирманың басшы адамдары туралы өзгерістерді жариялап тұруға міндетті.

       Үшіншіден, институционалдық  органдар бағалы қағаздар нарығын  тексеру және ондағы құқықтық тәртібін сақтау қызметімен де айналысады. Бұл органдардың өкілі заң бұзушылардың кез-келгенін тексеріп, кінәлілерге әкімшілік шара қолданып, істерін сотқа беруге құқығы бар. Ол үшін оларға мысалы, бағалы қағаздарға және ақша қаражатына тыйым салуға (арест), құжаттарын алуға және с.с. үлкен өкілеттілік берілген.

       Бағалы қағаздар  нарығын реттеу мемлекеттің ең  маңызды міндеттері:

•  нарыққа қатысушылардың кызмет етуіне нарык ережесіне сай жағдай жасау;

•    нарыққа   қатысушыларды   кейбір  жақтардың   алаяқтық, арамдық және қылмыстық іс-әрекеттерінен қорғау;

•    бағалы қағаздарға сұраныс  пен ұсыныс негізінде ашық баға белгілеу процесін қамтамасыз ету;

•    кәсіпкерлікті   ынталандыратын   тиімді   нарықты   калыптастыру және әрбір тәуекелге барабар сыйлық беру;

• белгілі бір қоғамдық нәтижеге жеткізетін бағалы қағаздар нарығының  ұлттық моделін (мысалы, экономикалық даму деңгейін көтеру, жұмыссыздық  деңгейін төмендету және т.б.) құру.

       Бағалы кағаздар  нарығын реттеудің мақсаты —  бағалы қағаздармен келісімге келушілердің заңды мүдделері мен құқығын сақтауды қамтамасыз ету. Мемлекеттің мұндай айырықша статусқа ие болуы ол бағалы қағаздар нарығында ең ірі эмитент (мемлекеттік карызды қаржыландыру), әрі инвестор (кәсіпорындар мен банктердің бағалы қағаздарындағы мемлекеттік акциялардың бумасы) болуына байланысты туындайды. Сондай-ақ, бағалы қағаздар нарығына қызмет көрсететін қаржы институттарының ісін бағыттау мен реттеу мемлекеттік органдарға жүктелген.

       Қор нарығын  мемлекеттік реттеу органының негізгі атқарған қызметтері төмендегідей:

•    бағалы қағаздар нарығын  дамыту Бағдарламасын дайындау және орындау;

•    қор нарығын реттейтін  заңдар мен нормативтік актілердің жобасын дайындау;

•    бағалы кағаздар нарығын  дамыту Бағдарламасын орындау үшін мемлекеттің каржылық, техникалық және ұйымдық ресурстарын шоғырландыру;

•  бағалы қағаздар нарығында қадағалауды  және бақылауды қамтамасыз ету;

•    қор нарығына мамандар дайындаудың мемлекеттік жүйесін  құру;

•    бағалы   қағаздар   нарығының   инфрақұрылымын   құруға әрекет жүргізу.

       Осы аталған  қызметтердің орындалу барысында  Қазақстан бағалы кағаздар нарығындағы  және оның кызметін қамтамасыз  ететін инфрақұрылым қалыптасып, одан әрі дамуда. Бағалы қағаздар  нарығын мемлекеттік реттеу ғылымға негізделіп алдын-ала дайындалған концепцияға жүгінеді.

       Қазіргі кезде  бағалы қағаздар нарығын реттеумен  және қадағалаумен айналысатын  уәкілетті орган — ол 2004 жылы  құрылған Қаржы нарығы мен  қаржылық ұйымдарды мемлекеттік  реттеу және қадағалау Агенттігі.

       Агенттіктің негізгі  атқаратын қызметтері мыналар:

•    бағалы қағаздар нарығын  дамытудың мемлекеттік саясатын және заңнамалық базасын дайындау және орындау;

•   белгіленген    мақсатқа    (негізінен    макроэкономикалық) жету үшін қаржы ресурстарын (мемлекеттік және жеке) шоғырландыру;

•    нарыққа қатысушылар  үшін «ойын тэртібін» белгілеу;

•    нарықтың    кәсіби    мамандары    мен    нарық    клиенттері үшін қаржылық тұрақтылық пен нарықтың қауіпсіздігін бақылау;

•  нарықтың жағдайы туралы ақпарат жүйесін  құру және оның инвесторлар үшін ашықтығын қамтамасыз ету;

•  инвесторларды   шығыннан   корғау   жүйесін   құру   және т.с.с.қызметтер.

       Бағалы кағаздар  нарығын мемлекеттікреттеу тәсілдерімен  қатар нарықтың өзін-өзі реттеу  іс-шараларының да маңызы зор. Өзін-өзі реттеуде қоғамдық реттеу әдістері қолданылады. Ондай әдістерге бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби кызметтердің стандартын дайындау және оларды практикада жаппай қолдану, теріс ниетті жарнамаға рұхсат бермеу, инвесторлар мен эмитенттердің жақсы қылықтарын дэріптейтін қоғамдық пікір қалыптастыру әрекеттері жатады.

       Өзін-өзі реттеуші  ұйымдар — ол бағалы қағаздар  нарығының кәсіби қатысушыларының  нарықтың кейбір іс-әрекетін реттеу  мақсатында ерікті негізде ұйымдасқан  коммерциялық емес және мемлекеттік емес ассоциация немесе одақ түріндегі құрылымдар.

       Өзін-өзі реттеуші  ұйымдар өз шығынын өзі өтейтін  қағидамен қызмет көрсетеді. Оның  қаржысы мүшелерінің төлеген  жарнасынан, әртүрлі төлемдерден,  мүліктерін пайдаланғаннан түскен түсімнен, көрсеткен ақпараттық, кеңес беру және басқа да қызметтерінен алған қаражаттарынан құрылады.

       Бұндай ұйымдардың  негізгі қызметі:

•    бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардың жалпы ережелері  мен стандарттарын дайындау;

•    кәсіби   қатысушылардың   және   клиенттердің   мүддесін қорғау;

•    кәсіби   қатысушылар  тиімді   қызмет   етуі   үшін   жағдай жасау.

Информация о работе Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы