Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2013 в 21:58, реферат
Жарақаттану кезіндегі алғашкы медициналык жөрдем (АМЖ) көрсетудің мақсаты — қан тоқтату (уакытша болса да), жараны ластанудан жөне оған микробтардың түсуінен сақтау, зардап шегушінің ауруын бөсеңдету. Алдымен жарақаты бар дене бөлігі жалаңаштандырылады. Киім не аяккиімді ақырын шешеді, кейде оны тігісі бойынша сөгеді. Екінші жұпка түспес үшін жараны саусакпен немесе аспаппен қарауға тыйым салынады. Асептика ережелерін қатаң сактау керек.
Қан кетуді тоқтату мен жараға микробтардың түсуін болдырмау үшін көбіне жараға стерильді (асептикалық) таңғыш кою арқылы жүзеге асады. Мұның алдына жара шетіне 2 рет йодтың спиртті ерітіндісін жағады, ал ол жок болса, шетін этиль спиртімен, аракпен немесе одеколонмен сүртеді. Жара бетіндегі киім жыртындыларын немесе басқа денелерді (бос жаткан) еппен жара бетіне тигізбей алады. Теренде жатқан баска денелерді алмау керек, өйткені ол қан кетуді күшейтіп, жұқпа түсіруі мүмкін.