Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 18:16, реферат
Қазіргі кезде адамзат қоғамында 1 жылда тұщы судың 3000 км3 шамасындайы жұмсалады. Суды ең көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында пайдаланылған судың төрттен үш бөлігі қайтарылмайды. Мысалы, 1 тонна бидай өсіру үшін барлық вегетациялық кезеңде 7000 тонна, мақтаға 10000 тонна су жұмсалады. Ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар топырақтан шайылып, суға түседі. Мал шаруашылығында түзілген өлі органикалық заттар (көң, шірінді, мочевина) топырақтан суға түсіп, су жүйелеріне едәуір әсер етеді.
І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім.
А) Су қорларының қолданылуы
Б) Су қорларының ластануы
С) Табиғи суларды мақсатты пайдалану бойынша жіктеу
ІІІ.Қорытынды
Су айдындарының тазалығына әсіресе мұнай майлары қауіп төндіреді. Мұнайдан тазарту үшін бетінде қалқып жүрген жұқа қабықты ғана емес, сонымен қатар мұнай эмульсиясының тұнбасын да ұстап алу қажет.
Ластаушылар ретінде целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің ағынды сулары өте қауіпті.Бұл мекемелердің ағындары органикалық заттардың тотығуы есебінен оттегін жұтып алып, суды ерімейтін затармен және талшықтармен ластайды, суға жағымсыз дәм мен иіс беріп, түсін өзгертеді, түбі мен жағалауы бойынша саңырауқұлақтың қаптап өсуінің дамуына себептеседі.
Әсіресе су айдындарын түрлі химия зауыттарының ағынды сулары ластайды және су организмдерінің дамуын құртуға әкеп соғады. ТЭЦ-тардың тастаулары әдетте су айдындарының суымен салыстырғанда 8-10*С жоғары ысытылған болады. Су айдындарының температурасы жоғарылаған кезде оларда микро- және макропланктонның дамуы күшейе түседі, судың «гүлденуі» пайда болады, оның иісі мен түсі өзгереді.
Өзендерді орманның күйе ағуы
қатты ластайды. Орманның ағып жатқан
қоспасы балыққа жарақат
Бөлігінің көбі қойнаулар
мен тармақтарда жиналып
Халық саны көбейіп келеді, ескі қалалар үлкейіп, жаңа қалалар пайда болып жатыр. Өкінішке орай, тазартқыш ғимараттарын салу тұрғын үй құрылысының қарқынына үлгере алмай келеді.
Соңғы жылдары ағынды
сулар құрамында жуу
Аудандардың қатарында, сусақтағыш қабаттарға үстінен ластаулардың кіріп кетуімен байланысты, жер асты суларының ластануы байқалады. Су айдындарының өмірі мен адамдардың денсаулығына ең үлкен қауіп-қатерді атом өнеркәсібінің радиоактивті қалдықтары келтіреді.
Уран кенін тазарту және реакторларға арналған ядролық жанармайды өндеу бойынша зауыттар, электр станциялары, реакторлар су айдындарының радиоактивті ластануның қөзі болып табылады.
Қазіргі кезде 100 кюри/л шамасынан жоғары радиоактивті ағынды сулар жер астыңғы су қоймаларына көміледі немесе жер астыңғы ағынсыз алабына тартылады.
Теңіз суы контейнерлерді
шірітіп жіберетіндігі
Радиоактивті қалдықтарды теңіздер мен өзендерге ағызып жіберу, оларды жер қыртысының жоғарғы су жібермейтін қабаттарында көму сияқты, осы маңызды заманауи проблеманың орынды шешімі деп санауға болмайды.
Су айдындарындағы радиоактивті
ластауларды бейтаратпау
Өсімдіктер мен жануарлардың
организмдерінде қоректену
Кейбір тұщы суды мекендейтін балықтар, олар өміп сүретін судан 20-30 мың есе радиоактивті болып табылады.
Ағынды сулардың ластануын негізімен екі топқа бөледі: минералды және органикалық, оның ішінде – биологиялық және бактериялық.
Минералды ластануларға металлургия және машина жасайтын зауыттардың ағынды сулары, мұнай, мұнай өндеу және кен өнеркәсібінің қалдықтары жатады. Бұл ластануларда құм, саз балшықты және кен қосулары, қож, минералды тұздардың, қышқылдардың, сілтілердің ерітінділері, минералды майлар және т.б. бар.
Судың
органикалық ластануы қалалық
фекалдық-шаруашылық
Бактериялық және биологиялық ластанулар түрлі тірі микроорганизмдер болып табылады: ашыған және көгерген қаракүйе саңырауқұлақтары, ұсақ балдырлар мен бактериялар, оның ішінде – сүзек, паратиф, дизентерия қоздырушылары, адамдар мен жануарлардың шығуларымен түсетін гельминт жұмыртқалары және т.б.
Ағынды сулардың бактериялық ластануы коли-титра мөлшерімен, яғни, бір ішек таяқшасы («коли» бактериясы) бар, милиметрдегі судың ең аз көлемімен, сипатталады. Егер коли-титр 10-ға тең болса, онда 10 мл-де 1 ішек таяқшасы табылды деген сөз. Осы ластанудың түрі тұрмыс суларына, сондай-ақ қасапханалардың, былғары зауыттарының, жүн жуатын орындардың, ауруханалардың және т.б. ағын суларына тән. Бактериялық салмақтың жалпы көлемі айтарлықтай зор – әрбір ағынды судың 1000 м3 - 400л дейін.
Ластануларда көбінесе 42%-ға жуық минералды және 58%-ға дейін органикалық заттар бар.
Ағынды сулардың ластануының қоюлануын химиялық талдаулармен анықтайды. Ағынды сулардың рН үлкен маңызы бар, әсіресе оларды тазарту үрдісі кезінде. Тазартудың биологиялық үрдістері үшін 7-8 маңындағы рН бар сулар қолайлы орта болып табылады. Тұрмыстық ағынды сулардың сілтісі аз реакциясы, өндірістік ағынды сулардың – күштіқышқылдыдан бастап сілтісі күштіге дейін реакциясы бар.
Су айдындарының ластануы келесі нышандармен сипатталады: су бетінде қалқыған заттардың пайда болуы және түбінде тұнбаның бөлініп шығуы; судың физикалық қасиеттерінің өзгеруі: мөлдірлігі мен түстілігі, иісі мен татыған дәмінің білінуі; судың химиялық құрамының өзгеруі (реакциялар, органикалық және минералды қоспалардың мөлшері, үлы заттардың пайда болуы және т.б.), суда ерітілген оттектің азаюы; бактериялардың түрлері мен мөлшерінің өзгеруі және ағынды сулармен түсу есебінен ауыру жұқтыратын бактериялардың пайда болуы.
Күн радиациясының әсерінен судың үздіксіз өзін-өзі қайта жаңарту және өзін өзі тазарту сияқты өте бағалы қасиеті бар. Ол ластанған суды оның барлық салмағымен араластыру және кейінгі органикалық заттарды минералдау мен енгізілген бактерияларды жою үрдісінде тұрады. Бактериялар, саңырауқұлақтар және балдырлар өзін-өзі тазартудың агенттері болып табылады. Бактериялық өзін-өзі тазарту барысында 24 сағаттан кейін 50 % кем, ал 96 сағаттан кейін –бактериялардың 0,5% алатыны анықталған. Бактериялық өзін-өзі тазарту үрдісі қыста қатты баяулайды, сондықтан 150 сағаттан кейін бактериялардың 20% сақталып қалады.
Ластанған сулардың өзін-өзі тазартуды қамтамасыз ету үшін, оларға қайта-қайта таза су қосу қажет.Егер ластанулардың соншалық зор болғандығынан судың өзін-өзі тазартуы болмаса, ағынды сулармен түсетін ластануларды жою үшін арнайы әдістер мен құралдар бар.
Өнеркәсіпте – бұл ең алдымен ағынды суларды тазарту бойынша цехтық және жалпызауыттық ғимараттарын салу, өндірістің технологиялық үрдісін жетілдіру және ағынды сулардан бағалы заттарды алу үшін қалдықтарды өндейтін қондырғыларды салу.
Өзен флотының кемелеріне тиеу, түсіру және тасымалдау кезінде мұнай өнімдерінің шығынымен күрес, ластанған суды жинауға арналған кеңдіктермен кемелерді жабдықтау өзен көлігінде ең маңызды болып табылады.
Орман ағызу кезінде, балық шаруашылықты маңызы бар өзендерде
орманның қаракүйе ағызуын тоқтату, батып кеткен ағаш сүрегінен өзен арналарын тазарту, орман ағызу технологиясын қатаң сақтау, өзендердің ластануымен күрестің негізгі әдістері болып табылады
Биосферадағы су айналымы цивилизация
дамымай тұрып тұрақты болған.
Мұхит су буланғанда судың қанша
көлемін жұмсаса, сонша көлемді
суды өзендерден алып отырған. Өзендер
тоқтамай, көлдердегі су көлемі бірқалыпты
болып тұрған. Цивилизация дамыған
сайын бұл тұрақтылық бұзыла бастаған.
Ауылшаруашылық өнімдерін қолдан суарудың
нәтижесінде судың құрғақтан
булануы көбейген. Оңтүстік бөліктердегі
өзендер тартылып қалды, мұхиттардың
ластануы және оның бетінде мұнай
қалдықтарының төгілуінен түзілген
пленка судың булануын азайтты. Мұның
барлығы биосфераның сумен
Пайдаланған әдебиеттер:
1.А.Т.Қуатбаев Жалпы экология Алматы,2008
2.Ғаламтор желісі. www.ilim.kz
3.Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева Экология Алматы,2009
4. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы Алматы, 2002.