Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 18:16, реферат
Қазіргі кезде адамзат қоғамында 1 жылда тұщы судың 3000 км3 шамасындайы жұмсалады. Суды ең көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында пайдаланылған судың төрттен үш бөлігі қайтарылмайды. Мысалы, 1 тонна бидай өсіру үшін барлық вегетациялық кезеңде 7000 тонна, мақтаға 10000 тонна су жұмсалады. Ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар топырақтан шайылып, суға түседі. Мал шаруашылығында түзілген өлі органикалық заттар (көң, шірінді, мочевина) топырақтан суға түсіп, су жүйелеріне едәуір әсер етеді.
І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім.
А) Су қорларының қолданылуы
Б) Су қорларының ластануы
С) Табиғи суларды мақсатты пайдалану бойынша жіктеу
ІІІ.Қорытынды
І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім.
А) Су қорларының қолданылуы
Б) Су қорларының ластануы
С) Табиғи суларды мақсатты пайдалану бойынша жіктеу
ІІІ.Қорытынды
Гидросфера (гр. һуdor — су, spһаіrа — шар) — 1) жер ғаламшарының су қабығы немесе құрлықтағы (тереңдегі, топырақтағы, жер бетіндегі), мұхиттағы және атмосферадағы, яғни жер шарындағы барлық сулардың жиынтығы. Оны мұхиттар мен теңіздердің суы, құрлық сулары — өзендер, көлдер, бөгендер, мұздықтар, сондай-ақ литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін жер асты суы, атмосферадағы ылғал құрайды. Гидросфера жер бетінің шамамен 71%-ын алып жатыр. Гидросфераның шамамен 94%-ын мұхиттар мен теңіздер құраса, 4%-ы жер асты суларының, шамамен 2%-мұздықтар мен қарлардың (негізінен Арктика, Антарктида мен Гренландия), 0,4%-құрлықтардағы жер үсті суларының (өзен, көл, батпақ) үлесіне тиеді. Оның жалпы көлемі 1370,3 млн км3, бұл планета көлемінің 1/800 бөлігін ғана құрайды. Шөгінді (тұнба) таужыныстардың басым көпшілігі Гидросфера мен литосфераның жапсарында қалыптасады. Аздаған мөлшердегі су атмосфера мен тірі ағзаларда шоғырланған. Су массаларының барлық нысандары су айналымы барысында бір түрден екінші түрге өтеді;
2) жердің теңіз, мұхит,
көл, өзен, мұздықтар мен жер
асты суларынан тұратын қабығы,
солардың жиынтығы. Гидросфераның
орташа қалындығы 3,8 км-ге жетеді.
Мұхиттың ең терең тұсы 11 км-ден
асады (Тұнық мұхиттағы Мариан
ойысы — 11022 м).[2Планетадағы заттардың
айналымы. Өзектілік қағидасы Жердің
затымен төмендегі негізгі үш
түрлі ішкі процестер үнемі
жүрген және қазір де орын
алып отыр: 1. Біз атқылаған вулкандардан
лава түрінде бақылайтын, балқыған
тау жыныстарының (магмалардың), ыстық
заттардың қозғалысы. 2. Біз жыныстардың
жоғары, төмен немесе жан-жаққа
қозғалыстары арқылы ой - қорытынды
жасай алатын қатты жынытардың
қозғалысы. 3. Жердің терең қабатында
орналасқан жыныстардың аса
Гидросфера – табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзендерден) құралады. Бұл құрлықтың 70 % алып жатыр. Гидросфераның көлемі 400 млн шаршы км.
Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Мысалы, Аляскада 1 адамға 2 миллион м3, Жаңа Зеландияда 100 мың м3, бұрыңғы Кеңестер Одағында 18,3 мың м3, ал Қазақстан Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3-ге жетті.
Планетамыздағы адамзаттың
тұщы суды пайдалануы жыл
Су ресурстарының “мұхит-
Қазіргі кезде адамзат қоғамында 1 жылда тұщы судың 3000 км3 шамасындайы жұмсалады. Суды ең көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында пайдаланылған судың төрттен үш бөлігі қайтарылмайды. Мысалы, 1 тонна бидай өсіру үшін барлық вегетациялық кезеңде 7000 тонна, мақтаға 10000 тонна су жұмсалады.
Ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар топырақтан шайылып, суға түседі. Мал шаруашылығында түзілген өлі органикалық
заттар (көң, шірінді, мочевина) топырақтан суға түсіп, су жүйелеріне едәуір әсер етеді. Органикалық заттары көп мұндай суларда көк-жасыл, қоңыр балдырлар және жоғары сатыдағы өсімдіктер тез көбейіп, өледі, нәтижесінде судағы органикалық заттардың массасы артады, сондықтан суда оттектің жетіспеушілігі туындайды. Соның нәтижесінде су тіршілікке жарамсыз болып, онда анаэробты процестер басым бола бастайды.
Ағызында суларды оларды ластаушы заттардан тазарту күрделі процесс. Олар – механикалық, химиялық және биологиялық болып бөлінеді
Су қорларының қолданылуы
Жер шарындағы су барлық 3 агрегаттық күйде де кездеседі, ал ең үлкен бөлігі барлық тірі ағзалардың жаратылысы үшін маңызы жоғары болып табылатын сұйық күйде кездеседі. Барлық табиғи су комплексі біртұтас жүйе ретінде қызмет етеді, ол үнемі қозғалыс, даму және жаңару үстінде болады. Жер шарының 71%-ға жуығын алатын дүниежүзілік мұхит беті атмосфера және литосфера қабаттарының аралығында орналасқан. Экватордың диаметрі 12760 км болса, оның қойнауындағы мұхиттың орташа тереңдігі 3,7 км. Осыдан сұйық күйдегі су қабатының қалыңдығы жер диаметрінің 0,03% ғанаалатының көреміз. Шындығында жер бетінің бұл жұқа қабығының озон қабаты тәрізді биосфера жүйесінде алатын орны өте ерекше. Сусыз адамның, жануар және өсімдіктердің тіршілігі мүмкін болмас еді, себебі өсімдіктер мен жануарлардың басым көпшілігі судан тұрады. Сонымен қатар, тіршілік үшін қажетті температура диапозоны 0-ден 100∙С, бұл сұйық күйдегі судың температуралық шектеріне сәйкес келеді. Көптеген тіршілік иелері үшін су тіршілік ортасы болып табылады. Осылайша, судың ең басты ерекшелігі ондағы тіршіліктің мүмкінділігі болып табылады.
Планетаның климатының тұрақтылығын ұстап тұруда да судың маңыздылығы ерекше. Ол бір жағынан жылу аккумуляторы ретінде атмосфераның бірқалыпты орташа температурасын ұстап тұрса, екінші жағынан ондағы фитопланктондар атмосфераның оттегісінің жартысын өндіреді.
Сулы орта балық аулау, басқа теңіз өнімдерін өндіру, өсімдіктер қоры, суастылық рудаларды (марганец, никель, кобальт) және мұнайды өндіру, жүктерді және жолаушыларды тасымалдау үшін қолданылады. Адам өнідіріс және шаруашылықта суды тазалау, жуу, құрал-саймандарды суыту, өсімдіктерді суару, гидротранспортировка, электр энергиясын өндіру және т.б. мақсаттарды пайдаланады.Сулы ортаға тән маңызды жағдайдың бірі – ол арқылы инфекциялық аурулардың таралуында (барлық аурулардың 80%-ға жуығы). Көмудің басқа түрлеріне қарағанда суға батыру процесінің қарапайымдылығы адамзаттың суды өндіріп-тұтынудың соңғы өнімдерін лақтыратын орынға айналдыруына алып келді. Гидросфераны интенсивті антропогендік ластау оның геофизикалық құрылымдарының өзгерісіне әкеліп, су экожүйесінің өліміне және адамға қауіптілігін арттырды.
Гидросфераға төнген экологиялық
қауіп халықаралық ұйымдар
1) су қолданушылар – бұл су
қорларын әр түрлі мақсатта
қолданып, бірақ қайтымсыз су
жиналғы жасамайтын салалар.
2) су тұтынушылар – бұл суды су қоймаларынан алып, көбінесе қайтымсыз қолданатын салалар. Ең iрi су тұтынушылар (әсiресе АЭС) теплоэнергетиктерi болып табылады, ауыл шаруашылығы, өнеркәсiптен - химия және металлургиялық.
1 миллион тұрғыны бар қазiргi қала 300 мың м3 суды 1 тәулiкте тұтынады, оның 75-80% сарқынды суларға айналады.
Тұщы суды мақсатты пайдаланудың келесі классификациясы белгілі:
Ауыз суы - улағыш химиялық заттардың көрсеткіштері мен бактериологиялық, органолептиялық көрсеткіштері ішуге жарайтын сумен жабдықтаудың нормалары шегіндегі су.
Минералды су – компоненттік құрамы емдік талаптарына сәйкес су..
Өнеркәсіпті су – компоненттік құрамы мен ресурстары осы компоненттерді өнеркәсіпті ауқымда алуға жеткілікті су.
Жылу энергетикалық су – халық шаруашылығының кез келген саласында жылу энергетикалық ресурстары пайдаланыла алатын термиялық су.
Техникалық су – ішуге жарамды, минералды және өнеркәсіпті судан басқа, халық шаруашылығында пайдалануға жарамды су. Сонымен қатар:
Суды жылуалмастыратын аппараттарда
сұйық және газ тәрізді өнімдерді
суыту үшін жиі пайдаланады. Бұл
жағдайда ол материалдық легімен
түйіспейді және ластанбайды, тек жылынады.
Өнеркәсіптегі су шығынының 65-80 % суытуға
пайдаланылады.Технологиялық
Салқын суды пайдалануды азайтудың ең болашақты жолы – табиғи суды пайдалануды 10-50 есе азайтуға мүмкіндік беретін, сумен жабдықтаудың айналма және бекітулі жүйелерін құру.
Таза
сумен қамтамасыз ету
Су ресурстарын тиімсіз пайдаланудың салдары:
1.Үстіңгі сулардың артық жұмсалуы.
Ұзақ мерзімді жоспарлау кезінде, өзен ағуы нормадан төмен деңгейге дейін түсетін кезде, болмай қалмайтын құрғақшылық жылдарды есепке алу қажет. Су тапшылығын бастан кешіру тәуекелсіз ортажылдық өзен ағуының 30%-нан артық пайдалануға болмайды деп саналады. Кейбір өзендер қатарында судағы қажетсінулер ортажылдық өзен ағудың 90% -нан асады.
Үстіңгі суларды артық жұмсаудың экологиялық салдары өзеннің өзіне ғана емес, сонымен бірге өзенмен байланысты биоценозға (батпақтардың құрғауы, өсімдіктер мен жануарлардың өлуі және т.б.) тиеді.
1.Жер астындағы сулардың артық жұмсалуы.
Жер астындағы су қоймалары, егер ондағы суларды жұмсау толықтырудан тезірек жүрсе, басқалары сияқты, таусылады. Жауын-шашын мөлшері төмен өңірлерде бұл проблема әсіресе қауіпті, себебі, толықтыру жылдамдығы зор емес, ал үстіңгі су айдындарының жетіспеушілігінен су қажеттігі жоғары.
Жер астындағы сулар деңгейнің түсуі үстіңгі су айдындарына әсер етеді, өйткені, бұл түсу, экологиялық проблемаларды ұлғайтатын, бұлақтар мен олармен байланысты үстіңгі су айдындардың қысқартылуына әкеп соғады.
Жер астындағы сулар, жер қойнауындағы сумен толтырылатын қуыстарды жуып шығарады. Судың өзі жоғарыда жатқан таужыныстар мен топырақты ұстап тұрады. Жер астындағы сулар деңгейі түскен кезде, бұл тірек жоғалып кетеді, және құрлықтың үстінгі қабатының бірте-бірте төмендеуі болуы мүмкін, ол жердің отыруы деп аталады. Оның жылдамдығы жылына 15-30 см. құрауы мүмкін.
Жердің отыруының ерекше түрі – карстты шұңқырлардың пайда болуы – кенет және апатты салдарына әкеп соғуы мүмкін.
Жер астындағы сулар қорының таусылуынан тағы бір проблема туындайды – ащы судын астына ағуы. Жер астындағы сулар деңгейінің төмендеуі немесе оны пайдаланудың үлкен жылдамдығы сулы деңгейжиектегі қысымын төмендетуі мүмкін, сондықтан да құдықтар мен артезианды скважиналарға тұзды судың түсуі мүмкін.