Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 07:18, курсовая работа
Орталығы - Қызылорда қаласы. 1938 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында құрылған.Ұлы Жібек жолы - әлем өркениеті тарихының маңызды жетістіктерінің бірі. Жолдары жан жаққа тараған керуен жолдары Еуропаны, Азияны қиып,Жерорта теңізінен Қытайға дейін ежелгі және ортағасырда Батыспен Шығысмәдениетінің арасында маңызды сауда желісі болды.
І Тарау
1.Қызылорда облысының тарихы
Қызылорда облысының өзендері
Қызылорда облысының көлдері
ІІ Тарау
2.Қызылорда облысының су қоймаларының экологиясы
2.1 Арал экологиясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
АРАЛ
ТЕҢІЗІ - Өзбекстан мен Қазақстан
(Қызылорда және Ақтөбе облысы) жерінде,
Тұран ойпатының шөлді
Ежелгі гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің "сақ шығанағы" деп есептесе, Александр Македонский кезінде Окс теңізі (Окс — Сырдарияның грекше аты) деп атаған. Кейін Птолемей оның геогр. орнын анықтаған. А. т-нің Хорезм теңізі, Жент теңізі, Кердері теңізі сияқты аттары да бар. Араб саяхатшылары Әбу Әли Ахмед ибн Русте (10 ғ.), Әбу Исхақ әл-Истахри (10 ғ.), Әбу Абдал-лаһ Мүхаммед ол-Идриси (12 ғ.), Әбу-л-Фида (14 ғ.), сондай-ақ Әбілғазы жазбаларында Арал теңізі туралы деректер кездеседі. 1850 ж. Аралдың алғашқы толық картасы жасалды. Теңіздің морфометриялық сипаттамаларын тұңғыш рет (1874,-1889) И.А. Стрельбицкий анықтады. Арал ойысы жоғарғы плиоценде жер қыртысының төменге майысуы нотюкесінде қалыптасқан. Табанының бедері жота-жоталы жазық болып келеді. Деңгейі күрт төмендегенге дейінгі тереңд. 20 — 25 м, Арал теңізінде жалпы ауданы шамамен 2235 км² (айдынның 3,5%) болатын 1100 аралдар тобы болған, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылған. Арал теңізінде Орталық Азияның 2 аса ірі өзені (Әмудария мен Сырдария) құяды. Климаты континенттік, кұрғақ, ауаның орташа температурасы жазда 24 -26°С, қыста -7,0 - 13,5°С.
Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері шамамен 100 — 150 мм. Табиғи жағдайдағы теңіздің су теңдестігінің құрамы: көл бетіне жауатын жауын-шашынның мөлшері 5,9 км3, өзен ағындысы 54,8 км3, көл бетінен буланған ылғал 60,7 км'. 1970 ж. бастап көлге құятын өзен ағындысы жоққа тән болғандықтан, булануға кеткен шығынды толтыруға шамасы жетпейді, сондықтан теңіз суы жылдан жылға тартылып келеді. Су деңгейінің маусымдық тербелісінің орташа мәні 25 см, көп жылдық (ғасырлық) ауытқуы 3 метрге дейін жеткен. Соңғы кезде маусымдық кұбылмалылық болмаса, су деңгейінің көпжылдық ауытқу көрсеткіші тек төменге бағытталған. Судың беткі қабатының температурасы жазда 26 — 30°С, қыста 0°С-тан төмен. Қыс бойы теңіз айдынын толығымен мұз басады. Суының тұзд. табиғи жағдайда 9 — 14%с болатын, соңғы он жыл ішінде (1988-98) 25 — 30%-ға дейін өсті. Суы өте мөлдір, 25 м-ге дейінгі тереңдікті көруге болатын еді. Теңіздегі ағыстар сағат тілінің бағытымен айналым жасайды. Арал теңізінде балықтан арал шоқыры, сазан, каяз, торта, т.б. бар. Соңғы кезде камбала жерсіндірілген. Кеме байланысы шамамен 7 айға созылатын, қазіргі кезде тек иірімдерде ғана қатынайды. Арал теңізінің жағалауында халық аз тұрады, жергілікті халық балық аулау, мал шамамен жөне көкөніс-бақша өсірумен айналысады. Арал балық аулау ауданына Арал теңізінде құятын өзендердің атырау аумағы кіреді. Балықөндеу (тұздау) зауыттары бұрын Әмударияның атырауында, Аван кентінде (Көкаралда), Бөген ауылында (шығыс жағалау), бұрынғы Ұялы және Ұзынқайыр аралдарында орналасқан болатын. Алғаш Әмударияның атырау тұсы Арал теңізі Аталып, кейін теңіз түгелімен Арал аталған.
Арал теңізінің экологиясы Арал теңізі – Қазақстаныың інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі -1066 км², тереңдігі - 30-60 метр, тұздылығы - 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.
Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік көшті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген. 1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қаркындап дамыды (Шардара). Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3 су құйылса, бұл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды.
Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. т тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға: - жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу; - ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау; - суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу; - жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау; табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады. Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды.
Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өскен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде.
Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда - 60%, Қазақстанда -60-70 %-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылыққа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтар бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.
Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда. Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйректе тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр. Арал теңізінің болашағы дүние жүзі халықтарын толғандыруда. Оның біржола жойыльш кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген шығыс елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағы ауытқу-шылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады.
Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.
Арал
теңізін құтқару жөнінде
'Қызылорда су тораптары''', 1) Қызылорда
су торабының оң жақ каналы,
бастауын Сырдария өзені
Сырдария өзенінің оң жақ бойындағы өңірдің ауыл шаруашылығын дамытуда бұл каналдың маңызы зор, оның суымен күріш, жем шөптік дақылдар егілетін 60 мыңға жуық га жер суарылады. 2) Қызылорда су торабының сол жақ каналы, республикада салынған (1950 – 60) ірі су құрылыстарының бірі. Бастауын Сырдария өз. арнасына салынған (1957) бөгеннен алады. Ұзындығы 140 км, ені 40 – 70 м, тереңд. 4,5 – 9 м. Су ағымы бас жағында 60 м³/с. Канал Сырдария, Қармақшы аудандарының шаруашылықтарына Сырдария суын жеткізеді. Суарылатын жер аумағы 50 мың га-дан астам. Канал жалпы ұзындығы 500 км-дей Жаңадария (Сырдарияның ескі арнасы) каналымен жалғасады. Оның суымен 600 – 700 мың га жайылым және шабындық суландырылады.
Қызылордадағы Арал экологиясы
Арал экологиясы – шөлейт аудан
Арал теңізінің тартылуы және оңтүстік
ендікте суғармалы егіндік
1970 ж. Арал теңізіне құйылатын өзен суының көл. 7 – 11 км3-ге дейін азайса, ал 1980 ж. теңізге құятын өзен сулары мүлдем сарқылды. Су тазартудың және бірнеше рет пайдаланған сулардың шығыны шөлді жерлерді жарамсыз батпақ шалшыққа айналдырды. Ғарыштантүсірілген суреттерді талдағанда 1985 ж. табиғи көлдің саны 28 (аумағы 287,48 км²), антропогендік көлдің саны 195 (аумағы 6421,71 км²), ал қолдан жасалған Сарықамыс және Арнасай көлдерінің су қорының көл. 55 км3 болды. Жылдық түсетін ылғал мөлшері де өзгерді. Мысалы, 1950 – 59 ж. ақпан – наурыз айлары ылғал көп түсетін, ал қыркүйек ең аз жауатын кезі болса, 1970 – 79 ж. жауынның көп жауатын кезі сәуір айына, аз түсетін айы шілдеге сәйкес келді. Тұздың атмосфераға таралуы 6 – 7 есе өсті.
Арал өңіріндегі жаз айларындағы ең жоғ. темп-ра орта есеппен 1,8 – 2,5°С-қа жоғарылады. Бұл жалпы дүние жүзіндегі жылудың көтерілу тенденциясына байланысты болуы да мүмкін.
Сырдария атырауы мен Қазалыда жылдық орташа салыстырмалы ауаның ылғалдылығы 15 – 20%-ға, ал 1960 жылдан Арал қаласында 25 – 30%-ға азайды. Бұл жағдай Арал құмды аймағындағы конденсаттық ылғалды азайтты. Соның нәтижесінде жер қыртысының сулануы және шөл өсімдіктерінің ылғалдануы едәуір қысқарды. Теңіз жағасындағы аймақта көктем және күз кезінде теңізден келетін бриздер мүлдем жойылды. Өйткені көктемгі соңғы суықтар ұзаққа созылып, ал алғашқы күз суықтары керісінше, 10 – 12 күн ертерек түсетін болды. Егістік жерлерді суландырудың ұлғаюынан, шалшықтанған аумақтың көбеюінен судың булануы өсті, ал каналдар (жасанды арналар) мен сүзгілік (фильтрлік) көлдерден шыққан су булары микроклиматты өзгертуге әсер етті Теңіз деңгейінің төмендеуі ауа райының өзгеруіне, сол өңірдің сусыздануына әкелді. Бұл жерлерде 1950 – 90 жылы аралығында шаңды дауыл жиілігі 60 есе көбейіп, кеуіп кеткен теңіз түбінен көтерілген тұзды шаң жылына 15 – 75 млн. тоннаға жетті. Жыл сайын суғармалы жердің 1 га-сынан 15 тоннадан 90 тоннаға дейін тұз жиналды. Бірнеше рет пайдаланған сумен суғарылғандықтан, Әмудария және Сырдария өзендерінің төм. құйылысында орналасқан аудандардағы жер қыртысы сортаңға (мысалы Қызылорда облысының 52%-ы) айналды. Тұзды шаңның көтерілуі атмосфераның бір тәуліктік радиация балансын 2 есе азайтты. Өсімдіктерге қонған тұзды шаң, оның биол. өнімділігін төмендетті (мыс., сортаң жерге егілген мақтаның 1 га-сынан 7 – 8 ц-ден өнім алынды, ал бұл сортаң емес топыраққа егілген мақта өнімділігінен 4 есе аз). Экол. жағдайдың аэротүсіру арқылы алынған суретін талдау нәтижесінде жыл сайын 40 км3 су тиімсіз шығынданатыны белгілі болды.
«Арал-2006» бағдарламасы бойынша
жүргізілген зерттеу
«Қызыл кітапқа» енгізілген 70-тен астам жергілікті өсімдіктер сирек кездесетін өсімдіктердің қатарына жатады және олардың болашақта мүлдем жойылып кету қаупі бар. Табиғи ортаның азып-тозуы жергілікті халықтың денсаулығына да зардабын тигізіп отыр. Тұрғындар пестицидтерден, т.б. химикаттардан, түрлі улы тыңайтқыштар мен тұздан тазартылмаған сапасы төмен суды пайдалануда. Соның нәтижесінде бұл аймақта рак ауруы, баланың өлі тууы, генетик. ауытқулар, сүзек, сары ауру және жүрек қан тамырлары аурулары көбеюде.
Арал теңізі мен Әмудария және Сырдария өзендерінде 1963 жылға дейін жылына 25 – 45 мың т балық ауланса, 1970 ж. бұл көрсеткіш 15 мың т, ал 1982 ж. су тұздылығының 12%-дан 40%-ға дейін өсуіне байланысты балық мүлдем ауланбады. 1994 ж. Орта Азиямемлекеттері «Аралды құтқару» қорын ұйымдастырды. Қазақстанның «Байқоңыр» аэроғарыштық экол. орталығының басшылығымен алғаш рет «Арал өңірінің экологиялық картасы» жасалды (1992).
Арал апатына себеп болған факторлар
Жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау