Қызылорда облысының су қоймалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 07:18, курсовая работа

Краткое описание

Орталығы - Қызылорда қаласы. 1938 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында құрылған.Ұлы Жібек жолы - әлем өркениеті тарихының маңызды жетістіктерінің бірі. Жолдары жан жаққа тараған керуен жолдары Еуропаны, Азияны қиып,Жерорта теңізінен Қытайға дейін ежелгі және ортағасырда Батыспен Шығысмәдениетінің арасында маңызды сауда желісі болды.

Содержание

І Тарау
1.Қызылорда облысының тарихы
Қызылорда облысының өзендері
Қызылорда облысының көлдері
ІІ Тарау
2.Қызылорда облысының су қоймаларының экологиясы
2.1 Арал экологиясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бексултанова Н реферат2.doc

— 3.59 Мб (Скачать документ)

Мазмұны

Кіріспе

І Тарау  
1.Қызылорда облысының тарихы

    1. Қызылорда облысының өзендері
    2. Қызылорда облысының көлдері

ІІ Тарау  
2.Қызылорда облысының су қоймаларының экологиясы

2.1 Арал экологиясы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қызылорда облысы - Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. 1938 жылдың 15 қаңтар күні құрылған.

Орталығы - Қызылорда қаласы. 1938 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында құрылған.Ұлы Жібек жолы - әлем өркениеті тарихының маңызды жетістіктерінің бірі. Жолдары жан жаққа тараған керуен жолдары Еуропаны, Азияны қиып,Жерорта теңізінен Қытайға дейін ежелгі және ортағасырда Батыспен Шығысмәдениетінің арасында маңызды сауда желісі болды.

Қазақстан және Орта Азия территориясы арқылы өтетін Ұлы Жібек жолының ең ұзаққа созылған жері. Қытайдан жібекті, Үндістаннан қоспалар мен тастарды, Ираннан күміс бұйымдарды, византиялық полотналар, түрік құлдары, афрасиабты керамика және басқа көптеген тауарлары Қаратау және Алтай, Тянь-Шань және Памира өткелдерінен өтіп, Мерв және Хорезм оазистері, Сары Арқа даласы арқылы Қарақұм және Қызылқұм шөлдерінен өтетін.

Қызылорда облысының Ұлы Жібек жолының  тарихи орталығы болады, оның дәлелі 500-ден  астам қазақ халқының мәдени және тарихи ескерткіштердің мекенінің дамуында ерекше орынға ие. Бұл қазақ халқы өкілдерінің сәулет, археологиялық ескерткіштері және кесенелері.

Ежелгі жерде өмір сүрген Қорқыт баба, Әйтеке би және Жалаңтөс Бахадүр, Жанқожа, Бұхарбай, Тоғанасбатырлары халықтың мақтанышы. Осы жерде туған Ғани Мұратбаев, Мұстафа Шоқай және белгілі жер өңдеуші Ыбырай Жақаев – Отанның патриоттары, өз елінің батыр ұлдары. Олардың аттары өлкетану тарихына кіріп, үйлердің қабырғаларында қашалған.

Тарихи қалалар Сауран және Сығанақ, археологиялық ескерткіштері және кесенелер Сунақ Ата, Айқожа ишан, кесенелері Қарасопы, Оқшы Ата, Досбол би, Есабыз, Ақтас мешіті, Қорқыт Ата мемориалды комплексі Ұлы Жібек жолының туристік бағыттарына кіреді.

Жетіасар — қалалар тобы б.э.д. соңы I мыңж. аяғы — б.э.VIII ғ. қалалық топтар ежелгі Сырдарияның солтүстік бөлігінде орналасқан. Қаланың негізгі бөлігі Қазақстанның Қызылорда облысының Байқоңыр қазіргі қаласы және Жусалы ауылынан оңтүстікте 45-90 км қашықтықта орналасқан.

Алтынасар, Құрайлыасар, Қараасар, Базарасар, Томпақасар, Жалпақасар қорғандары маңызды болып келеді. Қалашықтардың биіктігі қоршаған ортаның үстінен екіден он метрге дейін.

Жетыасар мәдениетінің барлық қалашықтары  өзендер маңайында, қоғамдық үйлердің орнында қызмет ететен бірнеше бір-екі этажды қорғандардан тұрады. Тұрғындары балық, мал, жерді өңдеу шаруашылығымен айналысып, қалашық райондары арқылы Тянь-Шаньнан Волгаға дейін маңызды караванды жол өтетін болған.

Жеті асар мәдениеті археологтарды ежелгі тохарлар және эфталиттермен, басқа канғой тайпаларының мәдениетімен байланысты болады.

1946-51 ж.ж. ескерткіштер С.П. Толстовтың жетекшілігімен КСРО ҒА Хивин экспедициясымен алғашқы рет зерттелген болатын. 1973-1993 жылдары зерттеулер Л.М. Левиннің жетекшілігімен жалғасқан болатын. Алтынасар қаласының маңызды қазбалары және ескерткіштерге қосымша 1980 ж. екінші ортасында – 1990 ж. Ленинск (қазіргі Байқоңыр) қаласымен Қызылқұмда артезианның су көздері біріктіретін су құбырларын салуда сақтау жұмыстары ретінде орындалған еді.

Сығанақ – қалашық, қазіргі Қазақстанның Қызылорда облысының шығысында, Түмен-Арық теміржол станциясынан солтүстік-шығыс 18 км, Сырдария өзненінің солтүстігінде 20 км қашықтықта орналасқан.

Қаланың көлемі 10 га шамасында 15 төбемен  құрылған сақталған қабырғаларымен қапталған. Орынның жалпы көлемі 13 га шамасындай бекітілген. Мешіттер, кесенелер, ғимараттардың бөліктері сақталды. Сырдариядан Түмен-Арқадан, одан басқа таулы өзендер Қаратау баурайларынан 20 километрден тұратын каналы қалаға дейін созылған.

Қала алғашқы рет X ғасырдағы  араб георграфы Махсиди жазуларында  айтылатын оғыздар қаласы, XI ғасырдың ортасындағы Каспийдің солтүстік жағалауынан Тянь-Шань тауларынан Сырдариямен өтетін керуен жолдарының ірі кәсіпті және сауда орталығы, қыпшақтардың астанасы. 1219 жылы қала моңғолдармен жойылып, XIII ғасырдың екінші жартысында Алтын Орданың ақша орталықтарының бірі пайда болған еді. XIV ғасырдың ортасында – Ақ орданың астанасы. XVI ғ.-XV ғасырдың бірінші жартысында Түркістан және Сауранмен тең, Қазақ хандығының орталығы. 1948 жылы алғашқы археологиялық қазбалар мәскеу археологтарымен жүргізіліп, б.э. V ғасырдағы заттар табылған болатын. 2004 жылдан бастап қаланы зерттеу «Мәдени мұра» Қазақстан Мемлекеттік бағдарламасының аясында жүргізіліп, зерттелуде. Түмен би ,Қоңырат тайпасының Байлар-Жандар руыныңҚарабала атасынан тараған,Абылай ханның бас узірлерінің бірі болған Күлен бидің інісі. == Әкімшілік бөлініс == Облыста 7 аудан бар.

Аудандар тізімі батыстан шығысқа қарай:

  • Арал ауданы, орталығы — Арал қаласы,
  • Қазалы ауданы, орталығы — Әйтеке-Би кенті,
  • Қармақшы ауданы, орталығы — Жосалы кенті,
  • Жалағаш ауданы, орталығы — Жалағаш кенті,
  • Сырдария ауданы, орталығы — Тереңөзек кенті,
  • Шиелі ауданы, орталығы — Шиелі кенті,
  • Жаңақорған ауданы, орталығы — Жаңақорған кенті

 

Қызылорда облысының өзендері

Арыстанды – Жаңақорған ауданындағы  өзен. Қаратау жотасы  Қаратау тауының  Күрден  асуынан бастау алып Төменарық  ауыл тұсында құмайтты жерге сіңіп кетеді. Ұзындығы 45 км-дей. Ұзындығы 10-15 км болатын бірнеше шағын салалары мен тармақтары бар. Жоғары ағысы тау шатқалымен өтеді, төменде жағалау жазық келеді. Алабы мал жайылымы

Ақұйық – Сырдарияның  оң тармағы. Қызылорда облысы  Жаңақорған ауданы  жерінде орналасқан. Бастауын Қаратаудың  оңт.-батыс беткейінен алып, Сырдарияға жетпей сарқылып қалады. Ұзындығы 70 км, су жиналатын алабы 670 км². Суы көктемгі қар , жауын-шашын  суларымен толығады. Өзеннің  жоғ. бөлігінде бөгет  салынған.

Жаңадария — Сырдария  өзенінің құрғап қалған ескі арнасы. Сырдарияның  Қызылорда  қаласының тұсындағы  сол жағалауынан басталып оңтүстік-батысқа  қарай, Қарақалпақстан  жеріне кетеді. өзен 680 км, жоғарғы және төмен арналарының ені 50 м, орта тұсы тармақталып 200 — 400 м-ге жетеді. Тереңдігі 2 — 2,5 м. Бұл тұста құм қайырлар мен аралдар кездеседі және өте иректеліп келген. Жер бедерін аллювий шөгінділері жапқан. Жаңадария өңірінен бұрынғы егіншілік пен қыстау орындары табылған. Табиғи ағыны көктемнің су тасқыны кезінде болады. Грунт  суы жақын жатқан ойысты жерлерінің сор, сортаң  және сазды  топырағында қамыс , құрақ  шоғырлары кездеседі. Қазақстандағы  ең ірі сексеуіл “орманы” да осы Жаңадария бойында.

Жаңадария каналы — Қызылорда облысындағы  суғару-суландыру жүйесі. Сырдария  өзенінің сол жағасында орналасқан. Канал  1958  — 1968  жылы іске қосылған. Ұзындығы 592,3 км, оның 535,5 км-і табиғи арнамен жүргізілген. Каналда 19 гидротехникалық  құрылыстар салынған. Су ағыны каналдың бас жағында 50 м³/с. Каналдың арнасы 200 м³/с су өткізе алады. Бастауынан (Қызылорда  бөгеті тұсынан) 210 км жерде Жаңадария Каналының бір тармағы — Қуаңдария  каналы басталады. Оның ұзындығы 436,4 км, су ағыны 60 м³/с. Жаңадария Каналы Тереңөзек, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы  аудандары шаруашылықтарының егістіктерін, бау-бақшаларын суарып, 20 мың га табиғи шабындықтарын, 1 млн. га жайылымдарын суландырады.

 

Жиделі – Сырдария  алабындағы өзен. Қызылорда облысы  Жаңақорған ауданы жерімен  ағады. Бастауын Қаратаудың солтүстік  батысындағы Ран асуы  тұсынан алып, тар шатқалдармен ағып, Жайылма ауылы тұсында  жерге сіңіп кетеді. Өзенде су жылдың көктем айларында (сәуір, мамыр) жауын-шашын , қар суларымен толығады. Төм. ағысында шағын Жайылма бөгені салынған . Бөген бойына жиналған қар суы мен көктемгі жауын сулары жазғы егістікке пайдаланылады. Жайылма ауылының шаруашылық жерлері суғарылады.

Жиделі – Қызылорда облысы  Шиелі  ауданындағы өзен. Ұзындығы 72 км, су жиналатын алабы 728 км². Қаратаудың  оңтүстік-батыс беткейіндегі бұлақтардан басталып, Нарбайтам ауылының шығысында Сырдарияға  1 км-дей жетпей тартылып қалады. Арнасы жоғарғы, орта ағысында тар, тік жарлы, төменгі ағысында кең. Қар, жауын-шашын суларымен толығады. Суы ауыл шаруашылығына  пайдаланылады.

Сарысу — Телікөл  алабындағы өзен. Қарағанды , Қызылорда  облыстары  жерімен ағады. Сарыарқадағы  Бұғылы тауының етегінен басталатын Жақсы  Сарысу, Байназар мен Жақсы Тағылы таулары маңынан басталатын Жаман  Сарысу өз. қосылысынан пайда болатын Сарысу Сыр өңіріндегі Телікөлге құяды. Ұзындығы 800 км. Су жиналатын алабы 81,6 — 99,1 мың км². Қуаң жылдары Телікөл-Ащыкөл ойысына жетпей құмға сіңіп кетеді.

Салалары: Жаман Сарысу , Жақсы Сарысу , Атасу , Талдысай , Кеңгір , Құрманақа , Талдыманақа , Құмдыеспе , Қаракеңгір .

Сарысудың орташа жылдық су ағымы 7,5 м3/с, сағасында 0,10 м3/с. Ағысының жылд. 0,6 — 0,8 м/с. Негізінен қар суымен толығады, сондықтан да жылдық су ағынының 96,6%-ы  сәуір — мамыр айларында, 3,1%-ы  күзде, 0,3%-ы қыста өтеді. Сәуірдің аяғында, мамырдың алғашқы онкүндігінде қатты тасиды. Суы бастауында тұщы, орта және төменгі ағыстарында тұздылау келеді. Өзен желтоқсанда қатып, наурыздың аяғында мұзы түседі. Арнасының ені бастауында 15 — 20 м, орта бөлігінде 40 — 60 м, саға жағында 150 — 200 м-ге дейін кеңейеді; бас жағында тар болып келетін аңғары төм. ағысында 10 км-ге дейін ұлғаяды. Көне арнасының түбі және жағалауы құмды және құмды-малтатасты шөгінді жыныстардан түзілген. Мұндағы ашық қызыл қоңыр топырақта жусанды-бетегелі-шытырлы өсімдікті шөлейт ландшафтысы қалыптасқан, сағалық бөлігінде шөлдік ландшафт басым. Көктемгі Сырдария суының біраз бөлігі Телікөл каналы арқылы Сарысу сағасына қосылады.

Сарысу аңғарына әсер ететін  табиғи факторлар:

    • эолдық әрекет, өзен аңғарының жер бедері мүжілген және тегістелген көтерілімдердің қалыптасуы, жазык аймақтарында сор, тақырлардын пайда болуына әкеп соғады;
    • климаттық фактор, өзеннің басты гидрогеологиялық режиміне әсер етеді. Жоғарыда көрсетілген орогидрографиялық элементтердің өзгеруінен байқаймыз. Жылдық жауын-шашын өзгерісі де өзеннің су режимінің бұзылуына әкеп соғады;

Өзен аңғарынан антропогендік  факторлардың әсерін байқауға болады:

  • өнеркәсіптік ластануы, өзен суының «Қазақмыс» корпорациясының қолданылуы;
  • жылу-энергетикалық кешендерден ластану;
  • көмір және тау-кен өндірістік шаруашылыктардың ластауы;
  • тұрмыстық ағын сулардың әсері;
  • ауыл шаруашылық қалдыктардың тасталуы;

 

                      Сарысу өзенінің сорға айналған жері

           

 

 

Сарысу

 

Сипаттамасы

Ұзындығы

800 км

Су алабының 
ауданы

81 600 км²

Су ағысы

Бастауы

Жақсы

Сарысу, Нарбак,Шотан өзендерінің қосылуынан

· Координаттары

48°47′38″  с. е.72°01′57″ ш. б. (G) 

 

 

(O) 

 

 

(Я) 

Сағасы

Телікөл

· Координаттары

Координаттар:  45°10′20″ с. е. 66°44′02″ ш. б. (G) 

 

 

(O) 

 

 

(Я) 

 

45°10′20″  с. е.66°44′02″ ш. б. (G) 

 

 

(O) 

 

 

(Я) 

Орналасуы


Сырдария (тәжікше  Сирдарё; өз.  Sirdaryo; парсыша : سيردريا‎) — Орталық  Азиядағы  өзен . Ол кейде көне грек тіліндегі  ὁ Ιαξάρτης деген аты бойынша Яксарт деп аталады. Өзеннің грекше аты көне парсы тіліндегі  Yakhsha Arta («Үлкен маржан») деген сөз тіркесінен бастау алады, бұл өзеннің суының түсінен пайда болған. Ортағасырлық мұсылман жазбаларында өзен жұмақтағы төрт өзеннің бірінің атымен «Сейхун» (سيحون) деп аталған. Амудария  өзені болса «Жейхун» деп аталған, бұл жұмақтағы төрт өзеннің тағы бірінің аты. Қазақстанда жергілікті тұрғындар оны күнделікті тілде «Дария» деп атайды. Парсы тілінен  келген Сырдария атауы ежелден бері қолданылып келеді. Батыс елдеріндегілер болса 20-шы ғасырға дейін бұл өзенді Яксарт атауымен атап келді.

Информация о работе Қызылорда облысының су қоймалары