Тұрақты даму стратегиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2014 в 06:45, реферат

Краткое описание

Жоспар:
1.Тұрақты дамудың деңгейлері
2.Экологиялы, әлеуметтік, экономикалық факторлар
3.халықаралық экологиялық ынтымақтастық және Қазақстандағы экологиялық даму стратегиясын қалыптастыру.

Негізгі түсініктер: Тұрақты даму деңгейлері, экологиялық ынтымақтастық, халықаралық ұйымдар, экологиялық мәселелер, экологиялық дағдарыстар.

Тұрақты дамудың деңгейлері –локальды, аймақтық, ұлттық, мемлекетаралық, ғаламдық. Тұрақты дамудың әр деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және саяси факторлар өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған біртұтас процесс ретінде қарастырылады. Экологиялық факторлар -өркениет дамуының шекаралық ауқымын анықтайды. Экономикалық факторлар нарықтық жүйенің қалыптасуын қарастырады. Әлеуметтік факторлар -ауыл-шаруашылығы, адам құқығы, демография мәселелерін қарастырады. Елде қалыптасқан саяси ахуал тұрақтылықтың, конфессияаралық келісімнің, демократия мен қоғамдық институттарды дамытудың үлгісін көрсетуге мүмкіндік береді.
Тұрақты дамуды қамтамасыз ететін халықаралық ұйымдар.
Әлемдік экологиялық проблемалардың негізі – процестер мен құбылыстардың халықаралық деңгейге шығуында жатыр, бұнда адамзат цивилизациясының тіршілігінің негізгі әрететін қозғап өтіп, өзінің шешімін шешуге бүкіләлемдік қауымдастық қатысуын қажет етеді. Осы жерде атап көрсету қажет, кейбір табиғи ресурстардың халықаралық ерекше статуста екенін әлемдік мұхит ресурстары, ауа атмосферасы, антарктида, ғарыш. Бұл жерде барлық күшті біріктіре отырып, оларды, ұтымды, тиімді, жоспарлы, табиғаттың тепе – теңдігіне экологиялық зиян әкелмейтіндей , қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыру жолдары мен әдістерін шешуге жұмылдыру керегіне баса көңіл аударуға проблемасы қойылып отыр.

Содержание

Тұрақты дамудың деңгейлері –локальды, аймақтық, ұлттық, мемлекетаралық, ғаламдық. Тұрақты дамудың әр деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және саяси факторлар өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған біртұтас процесс ретінде қарастырылады. Экологиялық факторлар -өркениет дамуының шекаралық ауқымын анықтайды. Экономикалық факторлар нарықтық жүйенің қалыптасуын қарастырады. Әлеуметтік факторлар -ауыл-шаруашылығы, адам құқығы, демография мәселелерін қарастырады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ekology.docx

— 114.90 Кб (Скачать документ)

                 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

                 Әл  - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Универститеті

 

 

СОӨЖ

Тақырыбы: Тұрақты даму стратегиясы

 

 

 

 

 

 

                                                                       Орындаған: Қалдасов А

                                                                                                                                                                Бт-13-15

                                                                           Тексерген: Мұқанова Г.А

 

 

 

Алматы 2014

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

1.Тұрақты дамудың  деңгейлері

2.Экологиялы, әлеуметтік, экономикалық факторлар

3.халықаралық экологиялық  ынтымақтастық және Қазақстандағы экологиялық даму стратегиясын қалыптастыру.

 

 

Негізгі түсініктер: Тұрақты даму деңгейлері, экологиялық ынтымақтастық, халықаралық ұйымдар, экологиялық мәселелер, экологиялық дағдарыстар.

 

 

Тұрақты дамудың деңгейлері –локальды, аймақтық, ұлттық, мемлекетаралық, ғаламдық. Тұрақты дамудың әр деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және саяси факторлар өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған біртұтас процесс ретінде қарастырылады. Экологиялық  факторлар -өркениет дамуының шекаралық ауқымын анықтайды. Экономикалық факторлар нарықтық жүйенің қалыптасуын қарастырады. Әлеуметтік факторлар -ауыл-шаруашылығы, адам құқығы, демография мәселелерін қарастырады. Елде қалыптасқан саяси ахуал тұрақтылықтың, конфессияаралық келісімнің, демократия мен қоғамдық институттарды дамытудың үлгісін көрсетуге мүмкіндік береді.

Тұрақты дамуды қамтамасыз ететін халықаралық ұйымдар.

 

        Әлемдік экологиялық  проблемалардың негізі – процестер  мен құбылыстардың халықаралық  деңгейге шығуында жатыр, бұнда  адамзат цивилизациясының тіршілігінің  негізгі әрететін қозғап өтіп, өзінің шешімін шешуге бүкіләлемдік  қауымдастық қатысуын қажет етеді. Осы жерде атап көрсету қажет, кейбір табиғи ресурстардың халықаралық  ерекше статуста екенін әлемдік  мұхит ресурстары, ауа атмосферасы, антарктида, ғарыш. Бұл жерде барлық  күшті біріктіре отырып, оларды, ұтымды, тиімді, жоспарлы, табиғаттың  тепе – теңдігіне экологиялық  зиян әкелмейтіндей , қоршаған ортаны  қорғау шараларын жүзеге асыру  жолдары мен әдістерін шешуге  жұмылдыру керегіне баса көңіл  аударуға проблемасы қойылып отыр.

 

         Адамзат баласының  экологиялық проблемаларды шешуге  күш  салу қажеттілігін ХХ ғасыр басында В.Н. Вернадский айтқан болатын. Әлемдік даму моделінің нәтижесі      дәлелдегендей, мемлекеттер, ұлттар экологиялық проблемаларды шешуге міндетті түрде өте жауапкершілікпен келукеректігі, яғни халықаралық қарым – қатынастың бірнеше негізгі бағыттарын бөліп  көрсетуге болады:

1.                  Шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында адамзат баласының қолы тимеген және экологиялық тепе – теңдікті ұстап тұруға себебін тигізетін табиғи жүйелерді сақтау;

2.                  Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, оның ішінде табиғи ортаның ассимиляциялық потенциалын қорғау;

                                                                       1

3.                  Халықаралық экологиялық жауапкершіліктің тиімді жүйелерін жасау (соның ішінде, әскери қимылдар кезінде қоршаған ортаны бүлдіргендегі жауапкершілік).

 

      Аталған бағыттарды  іс жүзінде асыру, біршама шамаларды  қарастырады, олардың ішінде атап  көрсетсек, экономикасы дамыған  елдердің артта қалған мемлекеттерге  қаржылай және техникалық көмегі, ресурстарды үнемдеу проблемасы  жөніндегі технологиялық шешімдер, қоғамның қажеттілігін экологиялық  таза өнімдерге бұру мақсатында  экономиканың салаларына құрылымдық  өзгерістер жасау, экологиялық бағыттағы  халықаралық форумдар ұйымдастыру, қоршаған ортаны қорғауда халықаралық  жауапкершілік механизмдерін құру, экологиялық салық салымдарын  енгізу, біріккен стратегиялар мен  концепцияларды жасау, жекеленген  табиғи ресурстарды пайдалануды  шешу.

 

1.                  Парламентаралық ынтымақтастық,мемлекет арасындағы экологиялық проблемаларды шешуді қамтамасыз жасауға бағытталған, бұнда заңдылық қызметін үйлестіреді. Осында экологиялық заңдар модельдерін жасау қарастырылған, бірақ ұсыныс ретінде.

2.                  Жекеленген мемлекеттердің атқарушы құрылымдарын, өзара қарым – қатынасын ұйымдастыру, БҰҰ қамқорлығымен жүзеге асатын экологиялық бағдарламалар бағытын реттеп отырады.

3.                  Конвенциялық  (арнаулы мәселе жөніндегі халықаралық шарт) жекеленген территориялармен обьектілердің нақты экологиялық проблемасын шешуге біркелкі тәсілдер.

4.                  Ғылыми – техникалық ынтымақтастық ғылыми сипатта өзара мәліметтер алмасуға бағытталған. Бұнда бірігіп орындау қажет: табиғат қорғау зерттеулерін, кешенді түрде жабдықтар мен қондырғыларды пайдалану, ғылыми жобалар мен сараптама жүргізуді.

 

      Жоғарыдағы келтірілген  негізгі халықаралық ынтымақтастықтар  қоғамдық ұйымдардың, іскер адамдардың, мемлекетаралық  әртүрлі форумдар өткізулермен іске асып жалғасып отырады. Бұндай кездесулерде әр елдегі экологиялық жағдайын талқыға түсіп, оны шешудің экономикалық проблемасы көтеріледі, содан кейін ғана оны қаржыландыру жөнінде шешім қабылданады. Мысалы, Қазақстандағ Арал теңізі немесе Семей атом полигонының зардабын жоюға АҚШ, Англия, Германия, Жапония мемлекеттерінің қаржылай, техникалық, әлеуметтік, гуманитарлық көмегін атап айтуға болады.

 

      Екі жақты  және көп жақты келісімдер  мен халықаралық конвенциялар  әртүрлі елдердің табиғат қорғау  күштерін қадағалайды. Бұндай келісім  – шарттардағы серіктес болып  көбінесе көрші елдер мен мемлдекеттер  аймағтағы табиғи ортаны сақтаудың  жалпы мүдделері және кейбір  ресурстарды бірігіп пайдалану  жөнінде болып тұрады. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерімен  оңтүстіктегі сырдария өзеніне  жазғы күндері су жіберу мәселелері  жөнінде келісім – шартқа отырған.       Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды.  Бірақ, өндірістік қоғам мен  демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық

 мәселенің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді.

 

       Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералығқ қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс.

 

       Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.

 

        1987жылы БҰҰ-ның  Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды.

 

        Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды.

 

        «Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалынан).

 

       1992жылдың маусым айында  Рио-де-Жанейро қаласында өткен  БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму  бойынша өткен конференциясы  «Тұрақты даму» концепциясын  және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне»  атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта  тұрақты дамуды қамтамасыз ететін  жалпы мәселелер қарастырылған. Оның нәтижесі төмендегі кестеде  көрсетілген.

 

 Сонымен қатар конференцияда Мәлімдеме мен екі концепция

- климаттың өзгеруінің  алдын алу, ормандарды қорғау  мен биологиялық алуантүрлілікті  сақтау мәселелері бойынша қабылданды.

 

      Бұл мәселелерді кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады. Бұл үшін экология, экономика және әлуметтік дамудың барлық негізгі топтарын біртұтас кешен түрінде қарастыру қажет.

 

       БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырады.

 

        Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді. Республиканың экологиялық саясаты оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

 

        Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтің БҰҰ Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірді. 1992-1998 жылдар аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартты, Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйтқысы болды.

 

        Қазіргі уақытта экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді интеграциялау саласындағы саяси іс-шараларды анықтау жолдары іздестіруліде. Олар:

-         бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

-         суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын анықтау;

-         жерді пайдалану, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын жүзеге асыруға, биологиялық алуантүрлілікті сақтауға бағытталған үйлесімді іс-шараларды қабылдау.

 

Мәселе

Мәселенің қысқаша мәні

1

2

Кедейлікпен күрес

Дүние жүзінде 157 миллиардер, шамамен  2 мың миллионерлер және 1,1 миллиардтан астам күндік табысы 1 АҚШ долларынан кем адамдар бар. Кедейлікті болдырмау жолдары: еңбек ақыны қамтамасыз ету; кедейлердің өзін-өзі қамтамасыз етуі мен бай елдерден тәуелділігін кеміту; еңбекке жарамды халықтың санын арттыру; табиғат ресурстарын сақтау мен тұрақты даму; білім беру жүйесін жетілдіру; отбасын жоспарлау; қаржылық демеу.

Тұтынудың құрылымын өзгерту

Адамзаттың бай бөлігінің шектен тыс ысырап етуі – қоршаған ортаның бұзылуы мен табиғат ресурстарының сарқылуының себептері болып табылады. Сонымен қатар кедей адамдар өмірге қажетті минималды мөлшерімен қамтамасыз етілмейді. Энергетикалық және шикізаттық пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыту.-----

Халық және тұрақтылық

1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны шамамен 5,5 миллиардтан астам болды. Ғалымдардың болжамы бойынша  2020 жылы адам саны 8 миллиардқа жетеді.

Адамдардың денсаулығын сақтау мен жақсарту

Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады. 2000 жылға қарай денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық міндеттер:

- СПИД-пен күреске жұмылдыру;

- туберкулезбен және басқа  зілді аурулармен күрес;

- бала өлімін кеміту;

- халық денсаулығын бақылайтын  тиімді ұйымдар құру;

- еркектер мен әйелдердің  өздерінің балалрының саны мен  туылу уақытын анықтауға құқығын  қамтамасыз ету;

- халықты ауыз  су және таза азық-түлікпен қамтамасыз ету;

- балалардың денсаулығын  қорғау;

- қоршаған ортаны денсаулыққа  зиян қалдықтардан тазарту және  оның алдын алу.

Тұрақты тұрғын жерлер (урбанизация)

2000жылға қарай дүниежүзінің  халқының жартысы қалаларда тұруы  тиіс. Қоғамның урбанизациясы экономикалық  малу процесінің бір бөлігі  болып табылады. Қалаларда жалпы  ұлттық өнімнің  60%-ы өндіріледі. Қала халқының санының артуы дамыған және дамушы елдерде бірдей.

Атмосфераны қорғау

Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі – энергияны тұтыну мен өндіру.

Жер ресурстарын тиімді пайдалану

Топырақтардың құнарлылығы су және жел эрозиясы мен химиялық, физикалық деградация нәтижесінде төмендейді. Топырақтың деградациясының себептері шектен тыс мал жаю; ормандардың кемуі; ауылшаруашылық қызметі; жерді шектен тыс пайдалану және т.б.

Ормандарды жоюмен күрес

Ормандар топырақ пен суды, атмосфераны қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық алуантүрлілігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Үкімет орман  шаруашылығының тұрақты дамуына арналған ұлттық бағдарламаларды жасап, оларды жүзеге асыру керек.

Шөлденумен және құрғақшылықпен күрес

Шөлдену – бұл ауа райының өзгеруі мен адам қызметінің нәтижесінде топырақтың деградациялану процесі. Бұл процеске көбіне құрғақ жерлер ұшырайды. Шөлдену мал жайылымдарының деградациясы мен  азық-түлік өнімдерінің кемуіне әкеліп соқтырады. Құрғақшылық пен  шөлдену кедейлік пен аштықтың да себебі болып табылады.

Мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану

Теңіз суының ластануының шамамен 70%-ын құрлықтағы үлкен және кіші қалалар, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен туризм құрайды. Мұхиттар шектен тыс балықтар мен былқылдақденелілерді (жылына 90 млн. тоннаға дейін) аулаудан, жағалаулар мен маржан рифтерінің жағдайының нашарлауынан зардап шегеді.

Тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану

Бүгін тұщы су мәселесі маңызды экологиялық мәселелердің бірі болып табылады. 2000 жылға қарай төмендегі міндеттер шешілуі тиіс:

- қалалардың әрбір тұрғынын  бір адамға шаққанда ең кемінде  күніне 40литр ауыз сумен қамтамасыз  ету;

- өнеркәсіптік, тұрмыстық  шайынды суларды залалсыздандыру  ережелерін анықтап, жүзеге асыру;

- барлық ауылдық аудандардың  тұрғындарын  экологиялық қауіпсіз сумен қамтамасыз ету.

Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру

Химиялық заттар бүкіл дүние жүзінде қолданылады. 10000-нан астамхимиялық заттар бар. Олардың 1500-інің үлесіне дүниежүзілік өндірістің 95% келеді. Қазіргі уақытқа дейін әлі улы және қауіпті өнімдермен сауда жасау туралы жалпы келісім жоқ.

Қатты қалдықтар мен шайынды суларды жою.

Тұрмыстық қалдықтар мен шайынды сулардың мөлшерінің жылдам артуы қала халқының денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп тудырады. Жыл сайын 5,2 млн адам, оның ішінде 4млн балалар шайынды сулар мен қатты қалдықтарды дұрыс тазартпау нәтижесінде ауырып, қайтыс болады.  2025жылға қарай қалдықтардың мөлшері 4-5 есе артуы мүмкін.

Радиоактивті қалдықтарды жою

Радиоактивті қалдықтар туғызатын қауіп оларды өсіру  мөлшерін кемітуді, қауіпсіз тасымалдау мен жоюды талап етеді. Жыл сайын АЭС-тің  жұмысы нәтижесінде 200-мың м төмен, ал 10 мың м  жоғары радиоактивті қалдықтар түзіледі.

Балалар мен жастардың тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі рөлі

Даму бағдарламалары жастарға қауіпсіз болашақты және оның ішінде денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаға жоғары өмір сүру жағдайына, білім алу мен жұмысқа кепілдік беруі керек. Жастар планета халқының 1/3-не жақын бөлігін, ал көптеген дамушы  елдерде    - жартысын құрайды. Білім беру дәрежесін арттыру қажет. Жастарға білім беруде қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелеріне көп көңіл бөлінуі қажет.

Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру

Қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер адамзаттың тіршілігін сақтау мақсатында жұмыс істейді. ХХІ ғасырда биосферада қауіпті өзгерістер болуы мүмкін. Ғалымдар төмендегі мәселелерді зерттеуде: ауа райының өзгеруі, ресурстарды тұтынудың артуы, демографиялық тенденциялар, ортаның деградациясы, энергия мен ресурстарды пайдалану, биосфераның космостық зерттеулері, ортаның адам денсаулығына әсері және т.б. Бағдарлама әр түрлі жастағы адамдардың қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелері бойынша білім алуын қамтамасыз етуі керек. Экологиялық білім беру – адамзаттың тұрақты дамуының қажетті шарты.





       

                 Негізгі халықаралық ынтымақтастықтар қоғамдық ұйымдардың, іскер адамдардың, мемлекетаралық  әртүрлі форумдар өткізулермен іске асып жалғасып отырады. Бұндай кездесулерде әр елдегі экологиялық жағдайын талқыға түсіп, оны шешудің экономикалық проблемасы көтеріледі, содан кейін ғана оны қаржыландыру жөнінде шешім қабылданады.     Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру мақсатында және "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 19-бабына сәйкес қаулы етемін:     

1. Қазақстан Республикасының 2010 жылға  дейінгі Стратегиялық даму жоспары (бұдан әрі - Стратегиялық жоспар) бекітілсін.      

 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:   
      1) өз қызметтерінде Стратегиялық жоспарды басшылыққа алсын және оны іске асыру жөнінде қажетті шараларды қолдансын;  
      2) қабылданатын мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалардың (жоспарлардың) Стратегиялық жоспармен үйлесімділігін қамтамасыз етсін.     

3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2002 жылдың 1 ақпанына дейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігімен келісе отырып аймақтардың 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарларын әзірлеп, тиісті жергілікті өкілді органдардың бекітуіне енгізсін.      

4. Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар жыл сайын 20 қаңтарға Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне Стратегиялық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берiп отырсын. 

Дамушы елдер халықтың өсiмiн төмендету жолдарын iздестiрiп отырған кезде, туу алмастыру деңгейiне жуық немесе төмен елдер халық санының күрт төмендеуін тоқтатудың тәсілін табуға әрекеттенуде. Адамзат тiршiлiгiнiң бүкiл тарихында халықтың өсiмi тұралау мен жұтаудың белгiсi емес, елдiң саулығы мен әл-ауқатының көрсеткiшi деп есептелдi. Дегенмен, халықтың өсiмiн әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейiне сәйкес тұрақтандыру көптеген демографиялық стратегиялардың негiзгi мақсаты болып саналады.   
      Әр түрлi елдердің демографиялық саясатты зерделеуге кiрiсуiнiң себептерiн былайша топтастыруға болады:  
      халықтың өсуiн экологиялық себептерге және "өмiр сапасына" байланысты себептер бойынша тұрақтандыру;  
      тууды саяси, экономикалық және идеологиялық-психологиялық себептер бойынша ынталандыру;  
      иммиграция процестерiн және халықтық әр түрлi, әдетте, этникалық топтарының әлеуметтiк теңсiздiгiн реттеу халықтың ел iшiнде қайта бөлiнiп орналасуына ықпал ету.    Егер экологиялық факторлардың денсаулыққа қалай терең әсер ететiнiн ескеретiн болсақ, қоршаған ортаны сауықтыру жөнiндегi iс-әрекеттер бiрiншi кезектегi мiндеттер қатарына шығарылуға тиiс.   
      Атмосфераның, таза судың ластану, радиациялық зарарлану және сарқынды суларды өңдеу, кенеусiз тамақ iшу проблемалары халық денсаулығының жалпы деңгейiне айтарлықтай әсер етедi.   
      Қазақстандағы атмосфера мен судың ықтимал ластануының өсуiн барынша шектеу мақсатында, өнеркәсiптiң барлық салалары үшiн заңмен бекiтiлген ластанудың жол берiлетiн шектi нормалары енгiзiлуге тиiс. Өнеркәсiптiң барлық салаларындағы кәсiпорындар үшiн концентраттардың жол берiлетiн шектi нормаларының сақталуына бақылауды қатайту қажет. Бұл нормаларды сақтамағаны үшiн оларға қатаң өндiрiп алу шаралары жүйесiн көздейтiн арнаулы мониторинг және есеп беру тетiгiн iске қосу қажет. Осы өндiрiп алынған қаражаттың бiр бөлiгiн медициналық қызметтер көрсетудi жақсартуға бағыттаған жөн. Экологиялық нормалар жүйесiн енгiзу мен олардың сақталуын қадағалау жөнiндегі барлық шығындар өнеркәсiп орындарына жүктелуге тиiс.   
      Қазақстанның барлық халқы үшiн ауыз су сапасын жақсарту - су ресурстарымен айналысатын органдардың негiзгi мiндетi.  
      Халықтың таза ауыз суға қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету қажет. Осы мақсаттағы бағыттардың бiрi сумен жабдықтаудың қазiргi жүйесiн санитариялық және гигиеналық нормалармен сәйкестендiру болуға тиiс. Қажет болған жағдайда жаңа құрылыстар жобалануға тиiс. Сумен қамтамасыз ету жүйесi халықаралық стандарттарға сәйкес келтiрiлмейiнше, қазiргi жүйе аурулардың таралуына ықпал етуiн жалғастыра беретiн болады.   
      Елдiң су ресурстары мониторингi жүйесi енгiзiлуге тиiс.   
      Егер қайсыбiр елдегi су қоры халықтың жан басына шаққанда жылына 1000 текше метрге жетпесе, онда бұл оның жеткiлiксiздiгiн бiлдiредi, мұның өзi ел экономикасының дамуына және адамдардың денсаулығына зиян келтiредi. 1990 жылы судың жетiспеушiлiгiнен әлемде 20 ел немесе 132 млн. адам зардап шектi. Егер 2025 жылға қарай дүние жүзiнiң халқы 8 млрд. адамға дейiн өссе, онда су жетiспеу проблемасы туындайтын елдердiң саны 30-дан асып кетедi және халықтың өсу қарқынына қарай бұдан зардап шегетiндердiң саны 600-900 млн. адамға дейiн жетедi. Осындай елдердiң қатарына Қазақстанның да енiп қалуы мүмкiн болатын жағдайды болдырмау қажет. Табиғи монополиялар субъектiлерiнің құрылымдық шығынын оңтайландыру, ресурстар мен энергияны үнемдейтiн технологияны енгiзуге бағытталған инвестициялық бағдарламаларды iске асыру, ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру.   
      Тауар нарығында үстемдiкке ие өндiрушiлердiң, тұтынушылардың және мемлекеттiң экономикалық мүдделерiндегi тепе-теңдiктi сақтау базасында, табиғи монополиялар субъектiлерi мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметтерiне, жұмыстарына тарифтердi (бағаларды) қалыптастыруға арналған құқықтық және нормативтiк-әдiстемелiк базаны жетiлдiру.   
      Нарыққа бiрдей қол жеткiзуге жағдай жасау және отандық өндiрушiлер шығындарын азайту мақсатында ТМД мен Кеден одағы шеңберiнде табиғи монополиялар субъектiлерi көрсететiн қызметтер мен олардың тауарларына арналған тарифтердi келiсу.   Қазақстан жер ресурстарына бай. Алдын ала суландырмай-ақ егiн шаруашылығына жаратуға болатын алқап 39 млн. гектарды құрайды. Табиғи жайылым алқабы мұнан да көп, 179 млн. гектардан астам.  

Информация о работе Тұрақты даму стратегиясы