Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 14:08, реферат
Топырақтың құрылымы деп, оның массасының әр түрлі үлкенді-кішілі түйіртпекті агрегаттарға бөлінуі қасиетін айтады.Топырақ құрылымы ірі кесекті, кесек дәнді, үлкен-кіші жаңғақты, призмалы т.б. түрлерге бөлінеді. Олар бір-бірімен жабысқан механикалық элементерімен: құм,шаң, балшықпен қосарласа жүреді.Әрбір құрылымдық агрегат біріккен органикалық және минералды бөліктерден тұрады.Жалпы топырақ құрылымның пайда болуы-күрделі биохимиялық және физико-химиялық процесс.
I Кіріспе
II Негізгі бөлім:
1) Қазақстан Республикасының топырағы, өсімдіктері, жануарлары
2) Топырақ қабаттарының ауыр металлдармен ластануы
3) Топырақ микрофлорасы
4) Топырақта тіршілік ететін организмдер
5) Топырақтың өзара тазартылуы.Топырақты зарарсыздандыру
6) Ауа-райының топырақ түзудегі рөлі
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Едәуiр бөлiгiн Жайық өзенінің аңғарындағы орман алып жатқан далалық белдемнiң батыс бөлiгiн бұлан, елiк жайлаған, мұнда еур. қара күзен, жұпартышқан, орман сусары да кездеседi. Бұдан 200 жыл бұрын түгелдей жойылуға жақын қалған құндыз қайта пайда бола бастады. Қосмекендiлерден Жайық, т.б. өзендердiң аңғарында тарбақа, орман бақасы, т.б. кездеседi. Мұнда бұлдырық, сұр кекiлiк, тырна, бозторғай көп. Далалық белдемнiң шығысында суыр, дала тышқаны, дала шақылдағы, ақ қоян, сiлеусiн, елiк, арқар мекендеген. Өсiмдiк жамылғысы әркелкi шөлейт белдемде саршұнақтар мен қосаяқтың, құм тышқаны мен қоянның бiрнеше түрi кездеседi. Мұнда ақ бөкен де, сондай-ақ 20 ғ-дың 40 — 50 жылдарында қарақұйрық та көптеп кездесетiн.Бұл белдемде құстан дуадақ, шiл, қылқұйрық, бозторғай, т.б. бар. Қыста қар тоқтап, көктемде қар суы жиналатын Үстiрт пен Маңғыстау жартастарының арасында кездесетiн үстiрт арқары жұтаң өсiмдiктермен қоректенiп, ащы суды қанағат етедi.Үстiртте ұзын инелi кiрпi, қарақұйрық, шөл сiлеусiнi — қарақал кездеседi.
Сазды және қиыршық тасты шөл дала жануарларынан Қазақстаннан басқа жерде кездеспейтiн ерекше тұқымдас өкiлi — жалманды атап өткен жөн. Ол тек Бетпақдалада, Балқаш к-нiң солт. жағалауындағы кейбiр аудандарда, Алакөл және Зайсан қазаншұңқырында ғана бар. Солт. Балқаш маңындағы бiрнеше жерден ғана тiршiлiк ететiн бес башайлы ергежейлi қосаяқ та ерекше жануар. Мұнда құстан шiл, қылқұйрық, тырна, жек дуадақ кездеседi. Оңт. Балқаш құмында осы араға ғана тән сексеуiл жорға торғайы, шөл дала жапалағы тiршiлiк етедi. Құмайтты шөлде бiрқатар кесiртке (жұмырбас, ешкiемер), жылан (оқ жылан, айдаһар, қара шұбар жылан, т.б.) түрлерi, дала тасбақасы тараған. Республиканың қиыр оңт-ндегi кейбiр жерлерде келес сақталып қалған. Өзен-көл аңғарларындағы орман-тоғайларда елiк, жабайы шошқа, құм қояны, қырғауыл, т.б. кездеседi. Балқаш, Сасықкөл, т.б. көлдердiң жағалауындағы қалың қамыс арасында бiрқазан, жалбағай, ақ құтан, көк құтан, қарақаз, шағала бар. Алакөл айдынын өте сирек кездесетiн, Қазақстанның “Қызыл кiтабына” енгiзiлген реликт шағала қоныстайды. Қазақстанның шығысы мен оңт-н қоршап жатқан таулардың жануарлар дүниесi де сан алуан. Қылқан жапырақты Алтай ормандарында бұлан, марал, құдыр, сiбiр таутекесi, арқар, алтай көртышқаны, қоңыр аю, бұлғын, құну, күзен, барыс, тиiн, борша тышқан, алтай суыры, құр, шiл, т.б. кездеседi.
Зайсан қазаншұңқырынан оңт-ке қарай созылып жатқан тауларда [Сауыр, Тарбағатай, Жетiсу (Жоңғар) Алатауы] марал, елiк, арқар, сiбiр таутекесi, қоңыр аю, сiлеусiн, барыс, ұзынқұйрық саршұнақ мекендейдi. Жетiсу (Жоңғар), Iле Алатауы мен Талас Алатауында көкшiл суырдың орнына қызыл суыр және өте сирек кездесетiн Мензбир суыры жерсiндiрiле бастады. Қазақстанның оңт. -шығыс тауларында жыртқыш құстардан қозықұмай, тазқара, бүркiт тiршiлiк етедi.
Кең байтақ Қазақстан жерiн мекендеген жабайы жануарлардың тәжiрибелiк маңызы бар: олардың кейбiреулерi (ақ бөкен, марал, жабайы шошқа, ондатр, суыр) ауланады, екiншi бiреулерi — өсiмдiк пен жануар зиянкестерi (саршұнақ, тышқан, т.б.) мал мен адам ауруларын таратады. Кемiрушiлер жазық және таулы жерлерде оба ауруын, тышқан тәрiздi, кемiрушiлер туляремия, лептоспироз, қуқызба ауруларын таратады. Қансорғыш кенелер аталған аурулардың кең етек алуына себепкер болып, малға бiрқатар қан-паразиттiк аурулар жұқтырады.
Жануарлар түрлерiнiң қазiргi сипаты бiрқатар жағдайларға байланысты, олардың аралығында, ең алдымен, жердiң аса кең аумақта игерiлуi, осыған орай жер суару, не керiсiнше, көптеген жайма су аңғарларын құрғатып, тех. дақылдар егу нәтижесiнде жер бедерiнiң өзгеруi сияқты жағдайларды атап көрсету керек. Мұның нәтижесiнде соңғы 150 — 200 жыл iшiнде республика бойынша керқұлан (Пржевальский жылқысы), қабылан, тұран жолбарысы, тоғай бұғысы сияқты түрлерi жойылып кеттi. Көптеген аса бағалы аң түрлерiнiң азайғандығы соншалық, тiптi оларға жойылу қаупi төнген. Бұлардың қатарына қарақұйрық, үстiрт арқары, арқар, Мензбир суыры, ортаазия өзен құндызы, қарақал жатады. Құстардың iшiнде дуадақ, безгелдек, жорға дуадақ, қоқиқаз, орақтұмсық, жылан жегiш қыран, бүркiт, балықшы, кезқұйрықты субүркiт саны тым азайып кеттi. Олардың бәрi Қазақстанның “Қызыл кiтабына” енгiзiлдi. Сондай-ақ, Қазақстанның “Қызыл кiтабының” 3-басылымына қорғауға алынған аңдардың 40 түрi, құстың 56 түрi, бауырымен жорғалаушылардың 10 түрi, қосмекендiлердiң 3 түрi, балықтың 16 түрi енгiзiлдi. Қорықтарда көптеген сирек кездесетiн жануар түрлерi мемл. қорғауға алынды (қ. Ақсу-Жабағылы қорығы, Барсакелмес қорығы, Қорғалжын қорығы, Наурызым қорығы, Марқакөл қорығы, Үстiрт қорығы). Республикамыздың қазiргi жануарлар дүниесi алуан түрлi, ал оның кең байтақ жерiнде бұрын да көптеген жануарлар мекендеген. Мұнда бiр кезде құрып кеткен омыртқалылардың 200-ден астам түрi, көне дәуiрдегi теңiз жайылмасында тiршiлiк еткен бауырымен жорғалаушылардың, балықтардың, омыртқасыз жәндiктердiң, мәселен, ұлулардың бiрнеше жүздеген түрi табылды.
Топырақ қабаттарының
ауыр металлдармен ластануы.Топырақ жамылғысын антропогендік
әсердің күшеюіне байланысты, оның адам
үшін қайтымсыз және жағымсыз өзгерістерінің
пайда болуы алаңдаушылық тудыруда. Антропогендік
жүктеменің өзгерістерін болжау және
бағалаумен қатар, топырақ түзілу үрдісіне
адамның араласуының нышандарына топырақтың
төзімділігін айқындау міндеттері тұр.
Себебі топырақтың өздігінен тазаруы
және қалыпты қызметін сақтау қабілеті
шексіз емес.Қаланың экожүйесінің табиғи
экожүйеден өзгешелігі олар қарқындылығы
жоғарғы деңгейдегі техногендік үрдістердің
әсеріне ұшырайды да, оның өзі экожүйенің
жойылуына әкеледі. Урбанизация тұтасымен
және соның ішінде қоршаған ортаның ауыр
металдармен техногендік ластануына әкеліп
соғады. Топырақ қалалық экожүйенің маңызды
құрамды бөлігі болып табылады, санитарлық
және рекреациялық қызметтер атқара отырып,
қаладағы халықтың тіршілік жағдайына
тікелей әсерін тигізеді. Қазіргі заманғы
өнеркәсіп орталықтары қоршаған ортаның
экологиялық параметрлеріне техногендік
жүктемелер әсері елеулі мөлшерде болатынына
байланысты урбаноэкожүйелер болып табылады.
Сол себепті мегаполистерде өзгеше қала
топырақтарының -урбаноземдердің қалыптасуын
тудырады. Ақтөбе қаласының топырақтарын
да осындай топырақтардың қатарына жатқызуға
болады. Соңғы жылдары Қазақстанда және
көптеген тысқары шетелдердің қала топырақтары
қарқынды зерттелуде. Авторлар урбаноземдарды
ауыр металдардың мөлшерінің жоғарылығымен
сипаттайды, оның өзі топырақта болып
жатқан өзгерістерді бағалаудың қиындығының
куәсі болады және урбанизацияланған
аймақтарда ауыр металдардың жайғасу
заңдылықтарын анықтау қажеттілігін көрсетеді.
Топырақтың ластануы деп - топырақта жаңа
топырақ үшін тән емес физикалық, химиялық
немесе биологиялық агенттердің пайда
болуын немесе аталған агенттердің зерттеліп
отырған кезеңде артуын айтады. Топырақтың
ластануын бірнеше типке бөледі, олардың
арасында физикалық, химиялық, биологиялық,
механикалық ластануларды атап кетуге
болады. Тақырыптың өзектілігі Ақтөбе
қаласында химиялық ластаушы көздері
болып табылатын (АХҚЗ, АФЗ, жылу электр
стансалары қызметі, құрылыс материалдарын
өндіру мен шығару кәсіпорындары, автокөліктің
кең таралған желілері) техносфераның
барлық кешендерінің болуымен және тіптен
төменгі концентрацияда (ШЖШ нормасынан
аздаған ауытқуларда) ауыр металдардың
уыттылығының жоғарылығымен айқындалады.
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың және жылу
орталықтарының шығарылымдары ондаған,
кейде тіптен жүздеген шақырымдарға таралуы
мүмкіндігіне байланысты топырақтың жергілікті
ғана емес, сондай-ақ аймақтық ластануына
әкеліп соғуда. Қала аумағы шегінде заманауи
экологиялық проблемалардың бүкіл кешені
кездеседі. Тұрғындардың денсаулығына
нақты қауіптілікті бағалау Ақтөбе қаласының
қоршаған ортасының ластануына кешенді
бағалау жүргізу негізінде жасалды. Топырақ
қала ортасының жинақтаушы факторы ретінде
ластаушы заттардың қарқындылығы мен
ұзақтығын көрсетеді. Табиғи ортаға адамзаттың
шаруашылық қызметінің қарқынды әсері
ұлан-байтақ аумақтардың топырақ жабындығының
химиялық құрамында елеулі өзгерістер
жүретін деңгейге жеткізді. Топырақтың
антропогендік өзгерісі үрдісінде олардың
технологиялық қалдықтармен ластануы
маңызды рөл атқарады. Ластаушы заттардың
негізгі тобын ауыр металдар құрайды,
олардың негізгі бөлігі индустриалдық
кәсіпорындардың шығарылымдарымен тропосфераның
төменгі қабаттарына түсіп, аэралдық жолмен
көшіп-алмасып, топырақтың беткі қабаттарына
шөгеді. Кеңістіктегі ластаушы металдардың
жайғасуы өте күрделі және көптеген факторларға
байланысты болады. Алайда кез- келген
жағдайда да топырақ ауыр металдардың
техногендік бөлігінің басты қабылдаушысы
және жинақтаушысы болып табылады. Топырақтың
ауыр металмен өнеркәсіптік ластануының
кез келген түрі өсімдік және жануарлар
ағзалары ұзақ уақыт бойы бейімделген
бастапқы табиғи шоғырлануымен салыстырғанда
металдың шоғырлануының артуымен бағаланады.
Нақты жағдай топырақтың құрамының күрделілігінен
және шашырау жағдайындағы металдың әр
түрлі сипатта болуымен қиындай түседі.
Топырақ елеулі дәрежеде, өсетін өсімдіктің
микроэлементтік құрамын айқындайды,
сонымен қатар қала топырағы үлкен өзгеріске
ұшыраған. Қазіргі кезде ауыр металдардың
топырақта жинақталуын және олардың қоректік
тізбек арқылы ауысуын зерттеу маңызды
мәселелердің бірі болып табылады, себебі
олар барлық тірі ағзаларға, оның ішінде
адамдар ағзасына ұзақ уақыт бойы уытты
әсер етеді. Ғылыми деректер бойынша, трофикалық
байланыстар арқылы адам ағзасы тағам
өнімдерінен 40-50%, судан 20-40%, ауадан 20-40%
улы заттарды қабылдайды. Сондықтан осындай
жолмен жинақталған ауыр металл иондары
адам ағзасында әр түрлі аурулардың қозуы
мен пайда болуының басты себебі болып
табылады. Техногенді ластанған ауруларда
асқазан ауруы бірінші орында, тыныс алу
жүйелері аурулары екінші орында, қан
айналу жүйелері аурулары үшінші орында
тұр.Сондықтан қала топырақтарында ауыр
металдардың жинақталуын және олардың
қоректік тізбек арқылы ауысуын зерттеу
қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің
бірі болып отыр.Зерттеуге таңдалып
алынған жерлерде топыраққа сипаттама
беру үшін қазба-топырақ кескіндері қазылып,
топырақтың тектік қабаттарға морфологиялық
сипаттама жазылып, әр генетикалық қабаттан
топырақ үлгілері алынды. Жылжымалы азот-Тюрин
және Кононованың әдістері бойынша. Жылжымалы
фосфор, калий-Мачигиннің әдісі, жалпы
азот-Къелдаль, жалпы фосфор-Гинзбург,
Щеглованың әдістері, жалпы калий-Смиттің
әдісі бойынша жалынды фотометрде, жалпы
гумус-Тюрин бойынша, топырақтың гранулометриялық
құрамы Грабаров модификациясы бойынша
Качинскийдің әдісімен, көлемдік салмақ
50 см3 көлемдегі Качинскийдің цилиндрлі
бұрғысымен, көлемдік және меншікті салмақ
деректері бойынша анықталды. Гигроскопиялық
ылғалдылық салмақ әдісі бойынша анықталды,
N-Къелдаль әдісімен, Р-колометриялық әдіспен,
ФЭК-56 М, K, Na -жалынды фотометрде, қалған
элементтер күлден анықталды, ал өсімдікті
күл анализіне дайындау Л.А.Гришина мен
Е.М.Самойлованың әдісі бойынша жүргізілді.
Өсімдіктердің күл анализі құрғақтай
күлге айналдыра отырып, әрі қарай күлдегі
ауыр металдардың мөлшерін анықтау жолымен
анықталды. Ағаш тектес өсімдіктердің
жапырағындағы ауыр металдар: мырыш (Zn),
мыс (Cu), қорғасын (Pb), хром (Cr) және кадмий
(Cd) мөлшері атомды-абсорбциялық спектро-фотометрде
анықталды. Ағаш жапырақтары кездейсоқ
таңдау әдісімен қол созым жерден (ағаштың
әр түрлі жағынан бірнеше жапырақтан)
жинап алынды. Ағаш өсімдіктерінен өсімдік
үлгілерін алумен қатар бір мезгілде өсімдіктің
жағдайына көз мөлшермен баға берілді
және өсімдіктің зақымдану немесе улану
белгілері анықталды. Зерттеуге қатысқан
әртүрлі экологиялық жағдайда өсетін
ағаштардан алынған жапырақтар іріктеліп,
кептіріліп және жалпылай қабылданған
әдістемеге байланысты талдауға дайындалды.
Алынған деректерді математикалық өңдеу
үшін дисперсия әдістемесі қолданылды.
Топырақта тіршілік ететін организмдер.Топырақта тіршілік ететін организмдер эдафобионттар немесе педобионттар деп аталады. Қоңыржай аймақтағы орман топырағының 1 шаршы метрінде 1000 жуық жануарлар түрін,нематодтар мен қарапайымдылардың 10 млн-нан аса, аяққүйрықтар мен топырақ кенелерінің 100 мыңнан аса түрлерін табуға болады. Эдафобионттардың көптеген экологиялық топтарының классификациялары бар. Тіршілік ортасымен байланысы бойынша топырақ жануарлары негізгі үш экологиялық топқа бөлінеді:
Әдетте топырактың құнарлылығы
арту үшін олардың топырақта көп мөлшерде
болуымен қатар, активті тіршілік әрекеттерінің
де зор маңызы бар. Топырақ микроорганизмдері
күшті әрекет ететін ферменттер түзеді.
Осындай ферменттердің көмегімен топырақтағы
органикалық заттар ыдырап, өсімдіктерге
оңай сіңетін қоректік заттарға айналады.
Оны өсімдіктермен қатар, микроорганизмдер
де қоректік зат есебінде пайдаланады.
Топырақтағы микроорганизмдердің бір
бөлігі өсіп-дамып көбей-етін болса, екінші
бөлігінің тіршілік процестері аяқталып,
өлексеге айналады. Ондай өленселермен
тірі микробтар қоректеніп, ыдыратады.
Ыдырау өнімінің қалдықтарынан қарашірік
түзіледі. Академик В. Р. Вильямстың зерттеуіне
қарағанда, өсімдіктер үсақ түйіршікті
топырақтарда өсіп дамиды. Мүндай түйіршіктер
микроорганизмдердің тіршілж әрекетінен
пайда болған гумустан түзіледі. Сөйтіп
микроорганизмдер топырақ түзуші негізгі
факторлардың бірі болып саналады. Қарашіріктің
мөлшеріне және ондағы қоректік заттардың
сапасына байланысты микроорганизмдердің
саны әр түрлі топырақтарда түрліше болады.
Топырақ неғүрлым қүнарлы болса, соғүрлым
микробтар да көп кездеседі. Мәселен, жақсы
өңделген шымды-күлгін топырақтардың
1 г-да 3—10 миллионға дейін, ал қара топырақты
жерлерде 15—50 миллионға дейін микроорганизмдердің
клеткаларын кездестіруге болады. Тіпті
бір типтегі топырақтың барлық жеріндегі
микроорганизмдердің саны бірдей болмайды.
Мысалы, ормандышалғынды аймақтың нашар
өңделген, қарашірігі жырту қабатының
1 г-да 0,5—1,5 миллионға дейін бактериялар
болса, дәл осындай жердің жаксы өңделген,
қарашірігі мол учаскенің 1 г-да топырағында
3—25 миллионға дейін бактериялар кездеседі.
Баубақша топырақтары, ұдайы суарылып,
тыңайтылып отырудың нәтижесінде дала
топырағына карағанда микроорганизм-дерге
әлдеқайда бай келеді. Түрлі топырақтардың
жырту қабатында микроорганизмдердің’
мөлшері түрліше болатынын еліміздің
көрнекті ғалымы Е. Н. Мишустиннің зерттеуінің
қорытындысынан байқауға болады .Микроорганизмдердің
басым көпшілігі тек жырту қабатында кездеседі.Мәселен,
20 см тереңдікте 1 г топырақта 5,7 миллион
бактерия болса, 60 см қабатта небәрі жарты
миллиондай, ал бір метрлік кабатта іс
жүзінде кездеспейді. Топырақтың төменгі
қабаттарында бүл кабаттардағы су және
ауа режимдерінің нашарлығынан оның органикалық
қосылыстарға кедейлігіне байланысты
микроорганизмдер ол қабаттарда аз болады. Сонымен
қатар топырақ микроорганизмдерінің басым
көпшілігі аэробты оргашзмдер.Олардың
анаэробты топтары аз.Топырақта актиномицеттер
мен микроокоптық саңыраукүлақтар да
аз емес. Олар кебінесе топырақтың түріне
қарай бегкі жырту қабатында таралады.
Мәсе-лен, таулы өлкенің сүр топырақты
тың жерлерінің 1 г-Да1 актиноми-цеттердің
саны 2800—3110 мыңға дейін барады, ал саңырауқұлақ-тар
5,6—6,3 мыңға жуық болады. Ал осы өлкенің
қара топырақты тың жерінің жырту кабатының
әрбір грамында актиномицеттер 960—3170
мыңға дейін, саңыраукүлақтар 4,4—36 мыңға
жуық кездеседі. Міне, бүдан топырақ типіне
байланысты миікроорганизм-дердің санының
да ауытқып отыратынын байқаймыз. Олар
негізі-нен өсімдіктер қалдықтарын, ондағы
клетчатканы ыдыратады.Целлюлоза ыдыратушы
аэробты және анаэробты микроорганизмдер
есімдіктегі клетчатканы көмір кышқыл
газы мен суға дейін ыдыратады. Ал көмір
қышқыл газы — жасыл өсімдіктерге қажетті
заттардың бірі.Көптеген зерттеулерге
қарағанда, еліміздін, оңтүстік бөлігінде
(Түркмения,Тәжікстан,
Ауа-райының топырақ түзудегі рөлі
Ауа-райының топырақ түзудегі рөлі орасан зор климатқа яғни ауадан түсетін ылғал мөлшерінің ауа температурасының ыстық, суығына, үсіксіз уақыттың қысқа немесе ұзақтығына қарай әр жер әр түрлі өсімдік, жан-жануарлар мен микроорганизмдер тіршілік етеді. Олардың әрекетіне әр жерде әр түрлі топырақтар түзіледі. Мәселен, шөлде шөл топырағы түзілсе, тундрада мәңгі тоң астында дамымаған, мәңгі жас құнары аз топырақ түзіледі, ал ауа-райы жайлы, одан түсетін ылғалы мол, күн сәулесі жеткілікті аймақтарда құнары мол қара топырақ түзіледі.Топырақ түзілу құбылысының жылдамдығы ғарыштан келетін күн сәулесінің қуатына тікелей байланысты. Күн сәулесімен қатар тірі организмдерге ылғал қажет, осыған байланысты топырақ түзілу жылдамдығы, күні жылы, әрі ылғалы мол аймақтарда өте жоғары, ал керсінше, ылғалы аз күі суық нмнсн ыстық аймақтарды бұл құбылыстардың белсенділі төмен. Осы себептен де климат жағдайларына топырақтың химиялық және минералдық құрамдары тікелей байланысты.Күні жылы, ылғалы мол аймақтарда топырақ минералы негізінен қатты үгілген, балшықты екінші минералдан, ал кұн райы ыстық, немесе суық, ылғалы өте аз аймақтар топырақ құрамындағы минералдардың басым бөлігі жөнді үгілмеген алғашқы минералдардан тұрады.Ылғалы мол аймақтың топырағында суға ерігіш тұздар аз кездессе, керсінше құрғақ шөл аймақтар топырақ құрамы суға ерігіш тұздарға бай келеді. Ауа-райының жиі желді болып келуі де топырақтағы құбылыстарға, оның құнарына көп әсер етеді. Климат жағдайлары.Климат жағдайларының топырақтүзілу үрдісі үшін маңызды мәні бұрыннан өзіне назар аударып келеді.Топырақтың энергиямен (жылумен) және едәуір мөлшерде сумен қамтамасыз етілуі осы климатқа байланысты. Келген жылу мен ылғалдың жылдық мөлшеріне, оның тәуліктік және маусымдық таралуы ерекшеліктеріне қарай топырақтүзілу үрдісі дамиды.Аязды кезеңде топырақтың тоңазуы (тоңдануы),биологиялық үрдістердің тоқтауы және физико-химиялық үрдістердің күрт бәсеңдеуі жүреді.Сондай нәтиже құрғақшылық аудандарда ылғалсыз кезеңде қалыптасады.Ауа массаларының қозғалысы (жел) топырақтың газ алмасуына ықпал етеді және шаң түріндегі топырақтың ұсақ бөлшектерін іліп әкетеді (ұшырады).Бірақ климат топыраққа тікелей ғана емес биологиялық үрдістерге (жоғарғы өсімдіктердің таралуына,микробиологиялық әрекеттің қауырттылығына (интенсивтілігіне)) әсер ете отырып жанама да ықпал етеді.Жер шарының климат жағдайлары экватордан полюстерге қарай, ал таулы елдерде етегінен төбесіне қарай заңды түрде өзгереді.Осы бағытта өсімдіктер мен жануарлардың құрамы да заңды түрде өзгереді.Топырақтүзілудің осынау маңызды факторларының өзара байланысқан өзгерістері топырақтың негізгі типтерінің таралуына ықпал етеді.Атап өтетін бір жайт, климат элементтерінің ықпалы, басқа барлық топырақтүзілу факторлары сыйяқты,тек басқа факторлармен өзара әрекеттескенде ғана байқалады. Мысалы, биі к таулық альпі зонасында ылғал мөлшері тайга зонасындағы жағдайға сәйкес, бірақ та екі жағдайдағы жауын-шашынның бірдей мөлшері топырақтың бірдей типі қалыптасуының шарты емес:топырақтүзілу факторларының көбінің түбегейлі айырмашылықтары болуы салдарынан альпілік зонада таулы-шабындық, ал тайгада күлгіндеу топырақ түзіледі.
Қорытынды
Топырақ–бұл құрлық бетіндегі химиялық
элементтердің циклдік миграциясы, ландшафт
компоненттерінің арасындағы зат алмасуы
үрдістері жоғары кернеу дәрежесіне жететін
ерекше табиғи түзілім.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Информация о работе Топырақтың жіктелуі және топырақты зерттеу