Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 14:08, реферат
Топырақтың құрылымы деп, оның массасының әр түрлі үлкенді-кішілі түйіртпекті агрегаттарға бөлінуі қасиетін айтады.Топырақ құрылымы ірі кесекті, кесек дәнді, үлкен-кіші жаңғақты, призмалы т.б. түрлерге бөлінеді. Олар бір-бірімен жабысқан механикалық элементерімен: құм,шаң, балшықпен қосарласа жүреді.Әрбір құрылымдық агрегат біріккен органикалық және минералды бөліктерден тұрады.Жалпы топырақ құрылымның пайда болуы-күрделі биохимиялық және физико-химиялық процесс.
I Кіріспе
II Негізгі бөлім:
1) Қазақстан Республикасының топырағы, өсімдіктері, жануарлары
2) Топырақ қабаттарының ауыр металлдармен ластануы
3) Топырақ микрофлорасы
4) Топырақта тіршілік ететін организмдер
5) Топырақтың өзара тазартылуы.Топырақты зарарсыздандыру
6) Ауа-райының топырақ түзудегі рөлі
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім:
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Топырақтың құрылымы
деп, оның массасының әр түрлі үлкенді-кішілі
түйіртпекті агрегаттарға бөлінуі қасиетін
айтады.Топырақ құрылымы ірі кесекті,
кесек дәнді, үлкен-кіші жаңғақты, призмалы
т.б. түрлерге бөлінеді. Олар бір-бірімен
жабысқан механикалық элементерімен:
құм,шаң, балшықпен қосарласа жүреді.Әрбір
құрылымдық агрегат біріккен органикалық
және минералды бөліктерден тұрады.Жалпы
топырақ құрылымның пайда болуы-күрделі
биохимиялық және физико-химиялық процесс.Көп
жағдайда аралас құрылымды топырақтар
кездеседі.Топырақтың құрамында 0,5 мм-лік
микроагрегаттартардан бастап одан әлденеше
есе үлкен макроагрегаттардан бар.Агрегаттардың
көлемі 1мм-ден -10мм-ге дейінгі топырақ
бағалы, құнарлы.Топырақтың пайда болу
процесінде өзіне тән құрылымның бірі-топырақ
пішіні түзіледі, яғни топырақтың морфологиясы
қалыптасады.Осы морфологиялық көрсеткіштер
арқылы топырақтар бір-бірінен және өзі
түзілген тау жыныстарынан ажыратылады.Морфологиялық
құрылымды жалпы топырақтың шатастырмау
керек. Морфологиялық құрылым- топырақтың
сыртқы пішіні.Топырақтың әр түрлі морфологиялық
құрылған табиғи дене. Сондықтан бұл көріністерді
бір-бірнен сыртқы пішіндерімен айырмашылығы
бар топырақтың генетикалық қабаттарынан
көруге болады.Топырақтың морфологиялық
құрылымын зерттеу үшін далалық жағдайда
тік қазылған шұңқырларды пайдаланады.
Бұл әдісті алғаш рет В.В Докучаев қолданған,
осы күнге дейін бұл топырақтануда негізгі
әдіс болып қалды. Шұнқырды қазып, Бір
бетін тегістеп, оған күн сәулесін түсіріп
қараған кезде, топырақтың бірнеше қабаттарға
бөлінгені байқалады.
Қазақстан Республикасының
топырағы, өсімдіктері, жануарлары . Қазақстанда өзге елдерде кездесетiн топырақ
түрлерiнiң түгелдей дерлiгi тараған. Мұнда
тайга, тундра топырағына дейiн бар, тек
ылғалды субтропик белдемiне тән топырақ
қана жоқ.Солтүстік Қазақстандағы Батыс
Сiбiр ойпатынан оңт-тегi Алатау өңiрлерiне
дейiнгi аралық 1500—1600 км, Батыстағы Атырау
алқабынан Алтай тауларына дейiнгi 3000 км-ге
жуық өңiрлердi әр түрлi топырақтар жамылғысы
басқан.Бұл топырақ жамылғысының әр аймақтарда
түзiлiп, орналасуы геогр. белдемдiлiк заңына
байланысты.
1)Республиканың қиыр солт-н
2)Осы белдемнен оңт-ке қарай д
3) Республиканың оңт. бөлiгiндегi шөлдi
белдемге дейiнгi орт. аймақты құрғақ-далалы
және шөлдi-далалы қара-қоңыр
4)Шөл дала белдемiнiң аум. 119,4 млн. га, немесе республика аумағының 44%-ы. Мұнда 2 белдем аралығы бар. Қоңыр топырақты белдем аралығы — шөлдi аймақ, оның жусаны мол, жайылымы жұтаң жерлер. Аум. 57,4 млн. га. Жылдық жауын-шашын мөлш. 120 — 150 мм. Топырақтың беткi қабатындағы қарашiрiк мөлш. 1 — 1,5%. Сұр қоңыр топырақты белдем аралығы шөлдi аймақ, жусан мен эфемерлi өсiмдiктер басым. Аум. 61,8 млн. га. Жылына түсетiн жауын-шашын мөлш. 80 — 130 мм. Топырақта қарашiрiк мөлш. 1%-дай. Алқапта құмды, тақыр, сор жерлер жиi кездеседi. Бұл жерлерде мал ш. дамыған, егiншiлiк суармалы жерлерде ғана шоғырланған.
Биiк таулы аймақтың топырағы республиканың оңт. -шығысын алып жатыр. Аум. 37 млн. га, республика жерiнiң 14%-ын құрайды. Қазақстанда топырағы мен климаты жағынан ерекшеленетiн 4 биiктiк белдеу бар:
1)Тау етегiндегi шөлдi-далалы белдеу теңiз деңгейiнен 450 — 750 м (кейбiр аймақтарда 300 — 1000 м) биiктiкте орналасқан. Тянь-Шань тау етектерiнде негiзiнен сұр, Батыс Тянь-Шань тау етегiнде сұр-қоңыр, Солт. Тянь-Шань мен Алтай таулары етектерiнде ашық қара-қоңыр топырақ таралған. Бұл жерлерде суармалы және тәлiмi егiншiлiк және мал ш. дамыған.
2)Аласа таулы дала белдеуi — әр түрлi таулы аймақта 600 — 2200 м биiктiкте орналасқан алқап. Алтай мен Солт. Тянь-Шаньда таудың күңгiрт қара-қоңыр және қара топырағы таралған. Ал Бат. Тянь-Шаньда (Оңт. Қазақстанда) сұр қоңыр және таудың қоңыр топырағы басым. Қарашiрiк мөлш. 10 — 15%-дай. Жайылымы — шүйгiн, ағашы қалың алқап, мал ш. жақсы дамыған.
3) Орташа таулы орманды-далалы және шалғынды-орманды белдеулерi әр түрлi таулы аймақтарды 1000 — 2500 м-ге дейiнгi деңгейдi қамтиды. Негiзiнен таудың шайылған, сiлтiсiз қара топырақтары мен орманның сұр топырақтары және таулы-шалғынды топырақ тараған. Бат. Тянь-Шаньда таудың қоңыр, Алтайда күлгiн топырақтар түзiлген. Жайылымы — шүйгiн, орман ш. жақсы дамыған.
4)Биiк таулы альпiлiк,
Өсiмдiктерi. Қазақстанда өсiмдiктердiң 15 мыңдай түрi бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңдайы — саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы — қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрiздiлер және 6 мыңнан астамы — жоғары сатыдағы түтiктi өсiмдiктер. Қазақстан микрофлорасының (саңырауқұлақтар) құрамындағы түрлердiң 4,8%-ы эндемик болып табылады. Жоғары сатыдағы өсiмдiктердiң түр байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелiнген 500-ден аса түрлердi қоспағанда, 161 тұқымдасқа, 1120 туысқа жататын 6100-ге жуық түрден тұрады. Оның iшiндегi 730 түр тек Қазақстанда өсетiн — эндемиктер. Бұлардың iшiндегi ең ерекше 12 монотиптi туыс бар: физандра, рафидофитон, жалған шөлмасақ, жалған шандра, боченцевия, канкриниелла, тобылғыгүл, птеригостемон, пастернаковник, тоғайя, недзвецкия, шолақтауия. Қазақстан флорасындағы түрлердiң басым бөлiгi 15 тұқымдасқа топтасқан. Алғашқы құрлықтық өсiмдiктердiң қалдықтары Оңт. Балқаш өңiрi мен Бұрынтауда жоғ. ордовиктiк қатпарлардан табылған. Олар плаун тәрiздiлерге жататын Akdalophyton caradocki пен қырықбуынға жататын — Sarituma tatjanae. Бұлар шамамен 450 млн. жыл бұрын тiршiлiк еткен.
Республикамыздың қазiргi флорасы эоцендiк субтропиктiк
(36 — 58 млн. жыл бұрын), олигоцендiк орманды-мезофильдiк (26 — 35 млн. жыл), неогендiк ежелгi жерортатеңiздiк таулы-
Өсiмдiктердiң Қазақстан жерiнд
Қазақстанның жазық бөлiгi орманды далалық, дала, шөлейт және шөл белдемдерiне (аймақтарға) ажыратылады. Орманды далалық аймақ — республика жер аумағының 2,04%-ын алып жатыр, 54Әс.е-тен жоғары Көкшетау мен Петропавл қ-ларының маңында орналасқан. Орман түзушi түрлер: жылауық қайың, талдың бiрнеше түрлерi, бұталардан: итмұрын, тобылғы, далалық шие, т.б. бар. Бұл белдемнiң шалғындық және далалық телiмдерiнде алуан түрлi шөптесiн өсiмдiктер мен астық тұқымдас шөптер басымдылық ететiн қауымдастықтар таралған. Бұл аймақ 2 белдемге бөлiнедi:
1) оңтүстiк ылғалы аз қоңыржай жылы
2) қоңыржай құрғақ шоқталған орманды дала
белдемi — қайыңды-теректi шоқ ормандар
мен қара топырақтағы алуан-
Далалық аймақ елiмiздiң жер аумағының 28%-ын алып жатыр, аум. 110,2 млн. га, батыстан (Едiл-Жайық өзендерi аралығынан) шығысқа қарай (Алтай-Тарбағатай тау бөктерi) 2500 км-ге созылып жатыр. Далалық флораның құрамында 2000-нан астам түр бар деп шамаланады. Оның 175-i — эндемиктер. Негiзгi басым түрлер: қау (боз), сонымен қатар бетеге, тобылғы, қарағай, аласа бадам. Далалық аймақ 3 белдемге бөлiнедi:
1) қоңыржай-құрғақ және құрғақ дала; кәдiмгi және оңт. қара топырақтағы алуан түрлi шөптесiн — бозды белдем;
2)қоңыржай-құрғақ және жылы-
3)шөлейт құрғақ,қоңыржай
1)солтүстiк далалы жердегi құрғақ, қоңыржай-ыстық
шөлдер — аум. 40 млн. га., немесе елiмiздiң
жер аумағының 14,7%-ы. Өсiмдiк жамылғысы
астық-тұқымдасты — жартылай бұталы (боз,
еркекшөптi-жусанды) шөлдер мен құмдақ-бұталы
(жүзгiн-раң-шағыржусан-
2)орталық (солтүстiк тұрандық) өте құрғақ, ыстық шөлдер — аум. 51,2 млн. га, немесе республика жерiнiң 18,9%-ын алып жатыр. Бұл жерлерде жартылай бұталы (жусанды, бұйырғынды, изендi), сексеуiлдi, бұталы (қоянжын-жүзгiндi) өсiмдiк жамылғысы дамыған;
3)оңтүстiктегi өте құрғақ, ыстық шөлдер — аум. 30,3 млн. га, немесе Қазақстанның 11,1%-ын алып жатыр. Бұл жерлерге эфемероидты — жартылай бұталы (сұр-жусанды, эфемерлi), ал дөң және тiзбектелген аллювийлi — эолды құмдарда бұталы-сексеуiлдi-эфемероидты (сексеуiл-қоянжын-жүзгiндi) өсiмдiк жамылғылары тән;
4)тау етегiндегi құрғақ, өте ыстық шөлдер — аум.
3,2 млн. га немесе Қазақстанның 1,2%-ы. Негiзiнен эфемероидты
iрi шөптесiн-жартылай бұталы
5)тау етегiндегi өте құрғақ шөлдер — аум. 11,6 млн. га, немесе республиканың 4,3%-ын алып жатыр. Эфермероидты-псаммофиттiк бұталы өсiмдiк жамылғысы тән.
Қазақстанның таулы экожүйелерiнiң аум. 18,6 млн. га, яғни республика жерiнiң 7%-ы. Бұл ретте есепке алынып отырғаны 4 — 5 биiктiк белдеулi биiк таулар ғана. Таулы экожүйелердiң флорасын 3400 — 3600 түр құрайды деп шамаланады. Оның iшiнде 540 — 570 түр эндемик болып табылады. Тек Қаратаудың флорасында 165 — 170 эндемик түрлер бар. Олардың iшiнде, шыршалы (шренктiк шырша, сiбiрлiк шырша); май қарағайлы, самырсынды (сiбiрлiк самырсын, сiбiрлiк майқарағай); қылқан жапырақты ормандарды; алмалы (Сиверс алмасы, қырғыз алмасы), өрiктi (кәдiмгi өрiк), қайыңды-теректi (түктi қайың, көк терек) — жапырақты ағаш ормандарды атап өтуге болады. Таулы экожүйелерде итмұрын мен бөрiқарақаттың (зеректiң), аршаның, қылшаның, бетегенiң, сарыкүйiк қауымдастықтары да кең тараған. Қазақстанның табиғи флорасы — пайдалы өсiмдiктердiң қайнар көзi. Мұнда жем-шөптiк өсiмдiктердiң 700-ден астам түрi, дәрiлiк өсiмдiктердiң 400-ге жуық, әсемдiк-безендiрушiлiк 700 — 800, ширнелiк (300-ден астам), эфир-майлық (450-ге жуық), улы-зиянды (250-ден астам) өсiмдiктер түрлерi бар.
Жануарлары. Қазақстан жерiнде
Информация о работе Топырақтың жіктелуі және топырақты зерттеу