Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 19:25, реферат
Топырақтың эрозиясы. Топырақ эрозиясы (латынша erosio — мүжу, бұзу) — ағынды су мен желдің әсерінен топырақ пен оның астьңғы қабатының бұзылу нәтижесінде пайда болатын заттардың орын алмастыру және шөгу процестері жиынтығы. Эрозиялық процестерге сонымен қатар өндірістік, соғыс, жайылым және ирригациялық эрозия жатады.
Эрозияны тудыратын факторға байланысты ол негізінен eкi түрге бөлінеді: біріншісі— жел эрозиясы немесе дефляция - топырактьң жел әсерінен бұзылуы, екіншісі- су эрозиясы - жер бетінде уакытша болатын су ағыны әсерінен топырактьң шайылуы мен жыралануы. Бұл ағын нөсер жаңбырдың және epireн кар суыньң (кызыл су) нәтижесінде пайда болады.