Теңіздің табанынан су кеткенмен,Халықтың жүрегінен жыр кеткен жоқ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Сентября 2014 в 15:04, реферат

Краткое описание

Арал қаласы — Қызылорда облысындағы аудан орталығы, қала, темір жол стансасы. Арал теңізінің солтүстік-шығысындағы Үлкен Сарышығанақ қолтығында, шөл белдемінде орналасқан.
Арал теңізі — Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан сутоған. Теңіз 20 ғасырда ауданы жағынан (68 мың км2) әлемде төртінші орында болған болатын, бірақ 1960 жылдардан бастап теңіздің суы азайып келеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

арал баяндама.docx

— 32.64 Кб (Скачать документ)

         Ауданда әр жылды белгілі бір атаумен атап өту бағытында жақсы дәстүр қалыптасқан. Бұған дейін Жетес би, Бекмырза хан және қазақтың қайсар ақыны Зейнолла Шүкіров жылдары тойланып, халықтың рухани байлығын еселей түсті. Ал өткен жылы Арал қаласының төрінде Тәуелсіздік монументінің бой көтеруі айтулы оқиға болды. Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі жолындағы күрескер ата-бабаларға қойылған ескерткіш асқақ та айбынды көрінеді. Монументтің биіктігі 21 метр, яғни бүгінгі ХХІ ғасырды бейнелейді. Ұшар басында аттылы батырдың мүсіні сомдалған. Төменгі үш тағанда Әйтеке би, Сартай батыр және Нұртуған жыраудың еңселі ескерткіштері кескінделген.

       Атақты би бабамыз бастаған он бір данагөй, Сартай батырды қолдаған он бір ел қорғаны және белгілі шайырды қоштаған он бір дүлдүлдің есімдері тасқа қашалып, тарих парақтарынан мәрмәр тасқа алтын әріптермен түскен. Ескерткіштің бітім-болмысы бөлек. Ол халықтың ұлттық рухын, ел мәртебесін көтеріп қана қоймайды, бүгінгі жас ұрпақты тарих жадын зерделеуге шақырады.

        Аралдың айбынын асырып тұрған асқақ ескерткіш бүгінгі күні халықтың киелі орнына айнала бастады. Мұнда жаңа отау көтерген жас жұбайлар шеруін көптеп көруге болады. Олар ізгілер рухына бас ие отырып, армандар жолынан бақыт тілейтін тәрізді. Бүгінгі күні Тәуелсіздік алаңы көк-жасыл желекке бөленген, әсем гүлдер гүлзарына айналған. Гүлзарда Арал табиғатына тұңғыш рет тамыр байлаған небір әсем гүлдердің түрін көріп, таңырқайсыз. Бізге оны қаладағы бір мектептің жаратылыстану пәнінің мұғалімі өсіргенін айтқанда, шынайы риза болдық. Қазір алаң көпшіліктің еркін демалып, тынығатын орнына айналған.

        Енді Аралды ақ желкенді қала бейнесінде көріп қалатын шығармыз. Қазір қала қақпасы теміржол вокзалының алдында биіктігі 18 метрлік үлкен тұғырда ақ желкенді кеме тұғырланып жатыр. Бұл қаланың сонау бір кезде теңізшілер айлағы болғанын бейнелеп қана қоймайды, оның тіршілігі қайнаған Аралдың кіндігі болғанын дәріптейтін тарихи жады десе болады. Сол кезден қалған атаулар мен көшелер әлі күнге тереңнен сыр шертіп, сөйлеп тұр.

        Құрылысы аяқталуға жақын спорттық-сауықтыру кешеніне атақты қолбасшы Жалаңтөс баһадүрдің есімі беріліп, ескерткіші де бой көтермек. Мұның бәрі ұлттық рухты дәріптеп, жас ұрпақ бойына туған жерге мақтаныш сезімін ұялататын еңселі ескерткіштер екен. Арал төрінде бастау алған әдемі үрдіс, тәлімді іс көпшіліктің көңілінен шығуда. 
         Сырдария мен Әмудария өзендерінің Аралдың түстік бөлігіне көп жылдардан бері су тастамауынан бүгінде ұлы теңіздің жағалауы жылдан жылға 300 метрден 500 метрге дейін тартылуда. Мұнда Сыр өзенінен біраз да болса түстікке қарай су жіберіледі, ал Әмудің бұл жақты “ұмытқанына” ондаған жылдар өтті. Осылай жалғаса берсе, Барсакелмес аралының батыс бөлігі де 5-10 жыл шамасында құрлықпен жалғасып кетері анық. Сол кезде бұрынғы Аралдың батысы мен шығысындағы тұяқты аңдардың миграциялық жолының өзгеруі әбден мүмкін. Ол осы жердегі табиғи орта құбылысына бұрынғыдан да кері әсер ететіні сөзсіз. Тұзды шаң бүгінгіден де көп мөлшерде әлемге тарайды. Сондықтан мемлекет тарапынан алдын-ала сақтық шараларды бүгіннен бастап қолға алмасақ, экологиялық апат ошағының аумағы бірнеше есеге ұлғаймақ. 
       – Арал өңірі Тұран ойпатында орналасқандықтан, жер асты суына өте бай, – дейді тағы бір сөздің ретінде қорық директоры Мағжан Тұрсынбаев. – Ғылыми тұрғыдан зерделеп, ұңғымалардың арақашықтығын шахматтық кесте әдісімен 20-30 шақырымнан тастап, жер асты суын дұрыс пайдалана білсе, біріншіден, бұл көтерілген тұзды шаң мен топырақты басады. Екіншіден, табиғи өсімдіктер дүниесі өздігінен өніп шығады, үшіншіден аң мен құстың қатары көбейеді. Төртіншіден, табиғатта экологиялық тепе-теңділік жүйелігі реттеледі. Мысалы, қолдан егілген сексеуілдің 25-30 пайызы ғана өсіп шықса, еткен еңбектің ақталғандығы болып есептеледі. Жылына 10 мың гектар жерге қолдан орман отырғызғанда, әзірге 4 млн. га аумаққа жетіп отырған теңіздің құрғаған табанын қашан көктеп шығуға болады? Ұлы ойшыл Әл-Фараби бабамыз айтқандай: “Табиғаттағы тіршіліктің барлығы да босқа өмір сүрмейді”. Осыдан жүз жыл бұрын Арал өңірінде құстың 319 түрі болса, бүгінде бұл көрсеткіш екі есеге азайған. Міне, экологиялық апат ошағының бір белгісі деген осы. 
        Барсакелмес қорығының басқа осындай бақпанды мекендерден бір айырмашылығы, оның экологиялық апат аймағында орналасқандығы. Осының өзі әлемдік табиғат қорғау қауымдастығын алаңдатуда. Дегенмен, қорық ұжымы қолдан келгенінше кездескені қиындықтармен күресіп жатыр. Соңғы уақыттары Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қолдауымен біраз шаруаның басы қайырылды. Қорықтың жер көлемінің он есеге ұлғаюы өз алдына, тұралап қалған ғылыми жұмыстар жолға қойыла бастады. Инспекторлар қызметтік киім, байланыс құралдарын, табельдік қару-жарақтар алса, кеңсеге қажетті техникалар әкелінді, штаттық кестедегі қызметкерлер саны өсті. Алдағы жылы осы шаралар түгелімен қайта қайталанбақ.  
        Солтүстік Арал бассейніндегі артық су Көкарал бөгетіндегі шлюз арқылы оңтүстік өлі теңізге 5-6 метрлік биік сарқырамадан құлайды. Сол ағынмен келетін мыңдаған балық қайтып тұщы суға көтеріле алмай, босқа қырылып кетіп жатыр. Дарияның құярлығында балық аулаушылардың осы өңірді өртеп, күл-қоқысқа айналдырғанын да тексерушілер көріп келеді. Қандай қиындықпен оралған Кіші теңіздің табиғи байлығы ретсіз ысырап болуда десеңізші. Мұны қорық инспекторлары бейнетаспаға да түсіріп алған екен. Бұл осылай бола берсе, 4-5 жылда балықтың қоры таусылуы мүмкін. Аталмыш аймақтар ерекше қорғалатын батпақты өңір болып есептеледі. Орман және аңшылық комитеті Сырдарияның теңізге құяр осы сағасындағы жыл құстарының ұя салып, балапан басатын қалың қамысты қолайлы жерлерін келешекте сақтап қалу шараларын жасау қажеттігін ескертіп отыр.  
       – Алда тұрған міндеттердің бірі мекемеге заман талабына сай кеңсе ғимаратын салу болып тұр, – дейді сөзінің соңында қорық директоры. – Онда 68 жылдан бері сақталынған бай кітапхана бөлмесі, табиғат мұражайы, зертханалар, күзет қаруын сақтайтын бөлмелер болады деп жобаланып отыр. Сосын дарияның мана айтылған бөлігін батпақты өңір ретінде ерекше қорғалатын аймаққа енгізуіміз керек. Қорық аумағына жаңадан қосылған жерлерге кардон салу, табиғат қорғау инспекторлары мен ғылыми қызметкерлерді соңғы құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету күн тәртібіне енгізілді. Жуырда сондай-ақ қорықтың жаңа ауқымына бақылау мұнарасын орнату және осы екі кластерлік аймаққа аншлагтар ілу, тиісті жерлерге шлагбаум қою секілді жұмыстар да жоспарланған.  
   

 


Информация о работе Теңіздің табанынан су кеткенмен,Халықтың жүрегінен жыр кеткен жоқ