Теңіздің табанынан су кеткенмен,Халықтың жүрегінен жыр кеткен жоқ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Сентября 2014 в 15:04, реферат

Краткое описание

Арал қаласы — Қызылорда облысындағы аудан орталығы, қала, темір жол стансасы. Арал теңізінің солтүстік-шығысындағы Үлкен Сарышығанақ қолтығында, шөл белдемінде орналасқан.
Арал теңізі — Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан сутоған. Теңіз 20 ғасырда ауданы жағынан (68 мың км2) әлемде төртінші орында болған болатын, бірақ 1960 жылдардан бастап теңіздің суы азайып келеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

арал баяндама.docx

— 32.64 Кб (Скачать документ)

"Теңіздің  табанынан су кеткенмен,Халықтың  жүрегінен жыр кеткен жоқ".

 

         Арал қаласы — Қызылорда облысындағы аудан орталығы, қала, темір жол стансасы. Арал теңізінің солтүстік-шығысындағы Үлкен Сарышығанақ қолтығында, шөл белдемінде орналасқан. 
          Арал теңізі — Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан сутоған. Теңіз 20 ғасырда ауданы жағынан (68 мың км2) әлемде төртінші орында болған болатын, бірақ 1960 жылдардан бастап теңіздің суы азайып келеді.

       Арал теңізі, Кайнозой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын Каспий теңізіне қосылып жатқан. Бұған теңіздің терістік бетіндегі қазіргі Сарышығанақ, Ақеспе тұсынан 80 метр тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың, киттің омыртқа сүйектерінің тасқа айнала бастаған күйінде табылуы дәлел болмақ. Бұл теңіздің кезінде мұхитпен қосылып жатқандығын көрсетеді. Сондай-ақ Арал маңынан акуланың тісі мен сүйегі табылды. ХІХ ғасырдың орта кезіндегі Арал-Каспий ойпатының пайда болуы жөніндегі болжамдардан Арал бассейнінің геологиялық ерте кезеңде Жерорта теңізімен тұтасып жатқан су айдыны екенін, оның кейінгі Альпілік дәуірлерде жер қыртысының көтерілуіне байланысты ұсақ су айдындарына бөлінгенін білеміз. Сондай-ақ, Арал теңізінің көлемі жайлы, Арал теңізі жайлы ұғымдар сонау ерте дүние әдебиеттерінде де кездеседі. 
      Қазақстанның оңтүстік аймағындағы Арал теңізі көлемі жағынан екінші орынды иеленеді. Арал теңізі Тұран ойпатының тектоникалық қазаншұңқырында жатыр. Ол дүние жүзілік мұхит деңгейінен 53 метр биіктікте орналасқан. Жалпы ауданы 64,5 мың шаршы шақырым, ұзындығы 428 км, жағалаулары көбінесе ойпатты, жазық, құмды болып келеді.      Арал теңізінің түбі тегіс, тұнба шөгінділі.  
      Арал теңізі көне заманнан бері әлемнің көптеген саяхатшылары мен ғалымдарының назарын өзіне аударды, Арал туралы алғашқы деректер Ежелгі грек ғалымдарының еңбектерінде ұшырасады. Грек ғалымы Птоломей теңіздің географиялық орнын дұрыс анықтап жазған. Арал теңізінің суын, табиғатын жан – жақты зерттеуге орыс ғалымдарының сіңірген еңбегі зор. Академик Л.С. Бергтің 1908 жылы «Арал теңізі» деген үлкен еңбегі жарық көрді.  
Арал теңізі аймағының қатаң контенетті, құрғақ. Жылдық жауын – шашының орташа мөлшері 100 мм. Жылдық булану мөлшері түскен жауын – шашыннан бірнеше есе көп. 
Теңіз бетіндегі ауаның жаз айындағы орташа температурасы + 24 С, + 26 С, қыста – 7 С, - 13 С-ге дейін төмендейді. Қыста теңіз бетіне мұз қатады. Суының тұздылығы 14 %- промиль, соңғы жылдары теңіз суының қатты тартылып, таяздануына байланысты тұздылығы қалыпты мөлшерден артқан. 
       Арал теңізінің табиғи байлықтары. Теңізде балықтың 30 - дан аса түрі бар. Кәсіптік маңызы бар бекіре, сазан, қаяз, шабақ, ақмарқа сияқты балықтар ауланады. Соңғы уақытқа дейін Аралдан балықшылар жылына 200 мың тонна балық аулап келді. Аралға құятын Амудария мен Сырдария өзендерінің суын егістікке орынсыз пайдалану, ысырап ету салдарынан теңіз суы тартылып, айдыны тарылып барады.  
        Теңіздің солтүстігіндегі Барсакелмес аралында Барсакелмес қорығы құрылып, бөкен, құлан, жайран, қырғауыл т.б. аң құс түрлері қорғауға алынған. 
        Қазір теңіз деңгейінің күрт төмендеуіне байланысты олар басқа жаққа көшірілді.  
Аралдың экологиясы. Арал теңізінің тартылып, теңіз маңайындағы аудандардың экологиялық жағдайларының нашарлауының көптеген себептері бар. Соның ішінде ең басты себеп Аралға құятын Сырдария мен Амудария өзендерінің аңғарларында суармалы егіс көлемінің жөнсіз ұлғайтылуы, су режимін дұрыс сақтамау егістік жерлердің сортандануына алып келеді. Соның салдарынан Арал теңізінің деңгейі 14, 7 м-ге дейін төмендеді. Көлдің 26 мың шаршы шақырым су табаны құрғап, орнына 2 мың гектардай жерде тұзды сортаң шөл пайда болды. Аралдың табанынан жел көтерген тұзды шаң жүздеген мың шаршы шақырым аумаққа таралуда. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда тартылған теңіз табанының 1 шаршы шақырым жерінен 8 мың тоннаға жуық тұзды шаң көтеріліп, қоршаған ортаға таралады екен. Шаңмен көтеріліп шөккен тұз топырақтың құнарын азайтып, егіс өнімін төмендетеді, ауыз судың сапасына әсер етіп, жергілікті халықтың денсаулығына зиян тигізіп отыр. 
        Атмосфераға зиянды заттардың шамадан тыс таралуы климатқа да өз әсерін тигізуде. Арал маңында атмосфераға ғана емес, су мен топырақ та ластанған. Теңіз маңында жас балалар өлімі көп, ересектер арасында сырқаттану басым. Әсіресе, тыныс алу органдары мен жүйке, қан айналысы жүйесі, асқазан т.б. аурулары жиі кездеседі. Жұқпалы аурулар, ішек аурулары, сары ауру қатерлі ісік, кемсі болып туылу соңғы кезде көбейіп кеткен. Байырғы тұрғындар ата – баба жерінен амалсыз қоныс аударды. Қазір Арал теңізінің эклогиялық жағдай шетел ғалымдарын да алаңдатып отыр. Арал проблемасына арналаған бірнеше халықаралық конференциялар өтіп, Аралға көмектесу жолдары іздестірілуде. 1988 жылы «ХХ ғ: бейбітшілік және экология» атты ақындардың халықаралық қозғалысы өткізілді. Соңғы жылдары Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттері басшылары Аралды аман сақтап қалу жолдарын қарастыруда. Бұл шараларға шет мемлекеттер де ат салысуда. Өйткені бұл ғаламдық проблема. 
         Қазақтың қай жері де тарихтан, киеден кенде емес. Торқалы тойлар қарсаңында қарап отырсақ, Сырдың алтын моншағы, көгілдір айдынды Арал жерінің тарихы мен тағылымы сабақтас көрінеді. Кезінде елдің елдігін, жердің кеңдігін жаудан қорғап, даудан сақтаған батырлар мен шешендердің мекені болған жер. Бүгінгі ұрпақ осынау рухани мол қазынаны зерделеп, саралап қана қоймай, өркениет көшімен ілгері алып келеді.

         Арал бүгін экологиялық аймақтан қуатты экономикалық аймаққа айналуға күш салған аудандардың бірі. Облыстағы индустриялық-инновациялық бірнеше серпінді жобалар жүзеге асырылуымен қатар халықаралық ірі жобалардың тамыр тартып отырғанын да атап өткеніміз жөн.

Арал ауданының әкімі Нәжмадин Мұсабаевпен сұхбат

- Нәжмадин Түрікбенұлы, Арал  екі бірдей индустриялық-инновациялық  жобаны жүзеге асырып жатқан  облыстағы бірден-бір аудан. Өнеркәсіпті  аудан үшін бұл жобалардың  маңызы айтпаса да түсінікті. Бүгінгі таңда жаңа зауыттардың  жұмыстары қалай болып жатыр?

- Ежелден өндірісі қалыптасқан  ауданның іргелі саласындағы  серпінді жобаларға аралдықтар  үлкен үміт артып отыр. «Атамекен»  холдинг қаржы өнеркәсіп тобының қолдауымен өткен жылдың аяғында Арал балық зауыты пайдалануға берілді. Жобаның құны 10 млн. АҚШ долларын құрайды, ол Оңтүстік Корея технологиясымен жабдықталған. Зауыт халықаралық стандарттарға сай, экспортқа өнім шығара алады. Мұнда балықты қақтайтын, ыстайтын, филе және жартылай дайын өнімдер жасайтын цехтар бар. Бұл өнімдер бізде ғана емес, ТМД, Еуропа, Азия елдерінде үлкен сұранысқа ие. Жаңа технология Арал балығын халықаралық рынокқа шығаруға үлкен мүмкіндік береді.

            Кәсіпорын қалыпты жұмыс істеп тұруы үшін жылына 6 мың тоннадан астам балық қажет. Кіші Арал мен көлдер жүйесінен ауланған балықтан бөлек мұхит өнімдерін сатып алуға Ресей кәсіпорындарымен келіссөздер жүргізілуде. Әрине, мұндай үлкен зауытты мол өніммен жабдықтау үшін басқа да тіршілік қажет. Сондықтан, болашақта тауарлы балық өсіру, яғни тоған шаруашылығын дамыту жоспарлары бар.

«Атамекеннің» екінші жобасы - Арал вагон құрастыру зауыты. Қазақстан темір жолы үшін бұл аса маңызды кәсіпорын, мұндай зауыт елімізде саусақпен санарлықтай ғана. Ұлттық компания қазір тапсырыс мәселесін шешуде, мұнда олардың басшылары да болып кетті. Бірегей зауытта жылына 1000-ға дейін вагон құрастырып, бірнеше жүздеген жұмыс орындарын ашуға болады. Бүгінгі таңда алғашқы тәжірибелік платформалар жасалып, сынақтан өткізілуде.

          Енді балық шаруашылығына қайта оралар болсақ, біздегі «Қамбаш балық» ЖШС жаңа технология негізінде өнім өңдеу жұмыстарын жүргізуде. Ал Қамыстыбас балық питомнигі мемлекеттік тапсырыс бойынша жыл сайын 15 млн. майда шабақтар өсіріп, көлдер мен теңізге жіберіп отыр. Сонымен бірге «Шаркент ата» бірлестігі Арал теңізінде құрып кеткен қаяз балығын өсіруді қолға алды. Бағалы өнімді өсіруге облыстық бюджеттен 7 млн. теңге бөлінген болатын. Көлдер мен теңіз айдындарындағы балық қорын зерттеумен республикалық ғылыми-зерттеу орталығының аудандық бөлімшесі айналысады. Соңғы жылдары теңіз жағалауындағы Қаратерең, Бөген, басқа да іргелі балықшы ауылдарының әлеуметтік жағдайы көтеріліп келеді. Мұның бәрі Елбасының тікелей қамқорлығымен жүзеге асырылып жатқан САРАТС жобасының жемісі екені белгілі. Халықаралық жобаның екінші кезеңінің қолға алынуы аралдықтарға зор сенім ұялатады. Облыс әкімі Болатбек Қуандықов аймақтың үш басым бағытының бірі ретінде балық шаруашылығын дамыту мәселесін ұсынып отыр. Бұл мақсатта саланы өркендетудің нақты шаралары белгіленіп, жүзеге асырылуда.

         Жалпы, еліміздегі үлкен инвестициялық жобалардың біздің ауданымыздың аумағынан өтетіні қуантады. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автокөлік жолы іргелі істерді күтеді. Қазіргі таңда «Кеңқияқ-Құмкөл» мұнай құбырының құрылысы жүріп жатса, алдағы уақытта «Бозой-Самсоновка» газ құбырының салынатыны тұрғындардың әлеуметтік жағдайына елеулі ықпал етеді деп отырмыз. Мұнан әрі «Сексеуіл-Жезқазған» темір жолының жобасы да біздің өңірдің әлеуметтік-экономикалық қуатына жаңа серпін беретініне сенімдіміз.

      - Ауыл шаруашылығы аймағы ретінде салада қандай басымдықтарға көңіл бөліп отырсыздар? Бұл орайда мал тұқымын асылдандыру мен оның өнімдерін өңдеу қай деңгейде?

     -Аймақта төрт түлік малдың басы тұрақты өсіп келеді. Бүгінгі деректерге сүйенсек, 150 мыңға тарта қой, 16 мыңнан астам жылқы және 19 мыңға тарта түйе өсірілуде. Бұл түліктің барлығы дерлік жекенің қолында болғанына қарамастан өңірде саланы дамытуға тұрақты көңіл бөліп келеміз. Мал тұқымын асылдандыру жұмыстары «Құланды» және «Қарақұм» серіктестіктерінде қолға алынып, өнімдерін өңдеу шаралары жүзеге асырылуда. Ауыл шаруашылығы өнімдерін ұқсатуға кәсіпкерлік нысандары белсене араласа бастады. Соның нәтижесінде қымыз, сүт, жүн өңдеу цехтары жұмыс істейді. Жалпы, аудандағы шағын және орта кәсіпкерлік саласы жыл басынан бері 526 млн. теңгенің өнімін шығарып, жергілікті бюджетке 114 млн. теңге қаржы құйды. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда, 12,5 пайызға артық.

- Аудан орталығынан 200 шақырым  жердегі Бөген ауылына асфальт  жол жетіпті. Бұдан үш-төрт жыл  бұрын бұл қиял болып көрінген  болар еді. Ауданда «Жол картасы» аясында бірқатар жұмыстар атқарылған секілді.

- Үкіметтің «Жол картасы» бағдарламасы еліміздің қай түкпірінде болсын үлкен әлеуметтік, инфрақұрылымдық серпін берді. Біздің ауданның жол жөндеу жұмыстарындағы үш жобаға республикалық бюджеттен 325 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді. Жоғарыда айтқан «Қамыстыбас-Аманөткел-Бөген» жолының құрылысын аяқтауға 116 млн. теңге қаржы қаралып, асфальт жол шалғайдағы ауылдарға жетті. Бұл күз бен қыста көп қиындық көретін алыстағы тұрғындар үшін үлкен қуаныш болды. Екінші жоба «Жақсықылыш-Тоқабай-Абай» автокөлік жолына бағытталып, оны күрделі жөндеуден өткізуге 180 млн. теңгедей қаржы қаралды. Сонымен бірге Қосжар елді мекенінің кіреберіс жолы орташа жөндеуден өтті.

         Елбасымыздың Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында облыстан ауылдық округтерге - 21 елді мекенге 1 млн. теңгеден, аудан орталығы Арал қаласына 50 млн. теңге қаржы бөлініп, абаттандыру, жол жөндеу, жарықтандыру мен көгалдандыру жұмыстары атқарылуда. Бұл орайда облыс әкімінің тікелей бастамасымен 10 мыңға тарта халқы бар Сексеуіл және Жақсықылыш кентіне әрқайсысына 10 млн. теңгеден қаржы қаралды. Соның көмегімен көптен бері күрделі әлеуметтік проблемалары бар іргелі елді мекендерді көркейтіп, ішкі жолдарын реттеуге қол жетті.

         Ауданның мектеп, аурухана және басқа әлеуметтік объектілері бойынша 4 жобаға 105 млн. теңгеден астам қаржы бағытталды. Осы мақсатта №2 кәсіптік лицейдің бу қазандығын жөндеу, жылу жүйелерін толығымен ауыстыру, №2 мектеп-интернаттың жылу жүйелерін толығымен жаңалау жұмыстары атқарылып, аудандық ауруханада күрделі жөндеу жұмыстары жүзеге асырылуда. Сонымен бірге 150 адам қайта даярлау курстарынан өтіп, жалпы «Жол картасы» аясында 2 мыңнан астам адам әлеуметтік жұмыс орындарына тартылды.

         - Ауданда әлеуметтік нысандар құрылысы кең қанат жаюда екен. Бұл мақсатта қандай мәселелерге басымдық беріліп отыр?

        - Өздеріңізге белгілі, Арал қаласында 1200 орындық жаңа үлгідегі мектеп пайдалануға берілді. Бұл №262 мектеп-гимназия жас ұрпаққа жаңа сипатта сапалы білім береді деп сенім артып отырмыз. Осының нәтижесінде білім ұяларындағы сабақ бір ауысымға көшірілді. Облыстық бюджеттің қаржысына салынып жатқан 120 орындық Шөміш мектебінің құрылысы, Арал қаласындағы 140 орындық балабақша құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сонымен бірге ауданда 6 елді мекенде мектеп құрылысы басталды.

       Маңызды әлеуметтік нысан ретінде спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысын атап өткен жөн. Спорт кешені республикалық бюджет қаражаты есебінен салынуда. Қазіргі таңда 3250 орындық батыс трибунасының құрылысы аяқталып, инженерлік желі және әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге жабық спорт кешені дайын болды. Спорт нысаны қазіргі заманғы жүгіру алаңдарымен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Бұған дейін ауданда жабық жүзу бассейнін пайдалануға берген болатынбыз. Жергілікті бюджеттен 25 млн. теңгеге жуық қаржы бөлініп, оны Қарағандының «Спартак» құрылыс компаниясы жүргізді.

        Халық денсаулығын сақтауды жақсарту мақсатында бірқатар шаралар қолға алынуда. Облыстық бюджеттен Ескіұра, Үкілісай, Ақеспе, Аққұлақ, Ақшатау елді мекендерінде медициналық пункттер салу жұмыстары аяқталып келеді. Емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

        Биыл Арал қаласында 300 орындық мәдениет үйінің құрылысын салуға жоба-сметалық құжаттар дайындалып, мемлекеттік сараптамаға жолданды. Сонымен бірге жергілікті бюджет қаржысынан Ерімбетжаға елді мекенінде клуб, Аққұлақ елді мекенінде кітапхана ашылып, Күршек ауылындағы кітапханаға ғимарат сатып әперілді. Аудандық мәдениет үйіне музыкалық аспаптар алуға 1,5 млн. теңге қаржы қаралды. Қазіргі таңда аудан мәдениет қызметкерлері түрлі мазмұндағы шараларға ұйтқы болып, халықтың рухани байлығын еселей түсуде. Жалпы, әлеуметтік салада оң өзгерістер мен ілгерілеушіліктер қалыптасып келеді. Биылғы жыл еңбек рыногында жұмыспен қамтылғандар санының тұрақты өсуімен және жұмыссыздық деңгейінің төмендігімен сипатталады.

        - Соңғы жылдары «Таза су» бағдарламасы аясында аудан көлемінде ауызсу мәселесін түбегейлі шешу бағытында нақты жұмыстар атқарылуда. Ауызсу мәселесі шешілмеген ауыл бар ма?

        - Республикалық бюджет есебінен Арал-Сарбұлақ су құбыры және оның тармақтарын мүмкін болатын елді мекендерге қосу жұмыстары жалғастырылуда. Атап айтқанда, аталған топтық су құбырын қайта жаңғырту және жобаның бесінші кезеңіне сәйкес су құбырларын жүргізу жұмыстары атқарылады. Сонымен бірге әлеуметтік маңызы бар Арал-Жақсықылыш су жүйелерін, Сексеуіл кентін сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтау міндеті тұр. Жалпы, Арал қаласының тұрғындары толықтай таза ауызсумен жабдықталды.

       Облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға Ақбасты елді мекенінде барлау-пайдалану ұңғымасын бұрғылау жұмыстары аяқталып, Ресейден жерасты суын тұшытатын қондырғы алынды. Мәскеу қаласынан арнайы келген мамандар оны іске қосып, пайдалануға берді. Сондай-ақ, Шөміш елді мекеніндегі су айдау стансасына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сексеуіл кентінде «Шоқсу» серіктестігі газдалмаған таза ауызсуды 5 литрлік құтымен шығаруды қолға алып, мұнда 16 адам жұмыс жасауда. Жалпы, аудан көлемінің 75 пайызы сапалы ауызсумен қамтамасыз етіліп отыр.

          - Өткен жылы «Тәуелсіздік» алаңы тұрғызылды. Биыл ауданның 80 жылдығына қандай құрылыстар салып жатырсыздар? Инженер-құрылысшы ретінде көп жобалардың авторы өзіңіз деп естиміз.

       - Өздеріңізге мәлім, біз әр жылды белгілі атаумен атап өтіп, халықтың рухани-мәдени дүниесін байыту, тарихи жадын жаңғырту шараларына арнадық. Биыл ауданның құрылғанына 80 жыл толады. Аралды әлем біледі, бірақ теміржол вокзалынан түскен адам «Арал теңізі стансасы» деген жазудан басқа ештеңе көре алмайды. Сонау 60-шы жылдардың аяғында Арал портты қала болып, теңізшілер мен матростар жүрген, көшелер мен ғимараттарынан теңіз айлағының бейнесі есіп тұрған қала болған. Осы тарихты жаңғыртып, өткенді бүгінгі ұрпақ санасында өрнектеу мақсатында теміржол вокзалының алдына биік тұғырға ақ желкенді кемені қондырдық. Ол Ақтаудың ақ мәрмәр тасынан қалануда. Тұғырдың ортасында ұлы теңіздің мәңгі символы - якорь орнатылып, теңізшілер туралы сөздер жазылады. Вокзал алаңына балықшы ескерткіші орнатылады. Бұл тарихы мен тағылымы мол Аралдың бейнесін сомдай түсетін болады.

Ал облыстың қос мерекесіне орай ауданға бөлінген Қызылордадағы автовокзал алаңын абаттандыру жұмыстары аяқталып қалды. Мұнда балықшы ескерткіші орнатылып, субұрқақтары жасалады. Еліміздегі бірегей Барсакелмес қорығындағы құландардың ескерткіші бой түзейді. Сырдың ажырамас бөлшегі Аралдың рухы осы жерде де сезіліп тұратынына сенеміз.

 

                                         ЕСКЕРТКІШТЕР - ЕЛДІҢ РУХЫ

Информация о работе Теңіздің табанынан су кеткенмен,Халықтың жүрегінен жыр кеткен жоқ