Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 18:55, реферат
Жер бетіндегі тұщы су қорының 97 пайызы Антарктида, Гренландия және полюстер мен таудағы мұздықтар үлесіне тиеді. Құрлықтың тек 3 пайызын көлдер мен өзендер алып жатыр.Егер барлық тұщы су полярлық мұздықтар мен мұздарда, адам аяғы тимейтін жерлерде жатыр деп санайтын болсақ, онда өзендер мен көлдерді қастерлеп, кірленуіне жол бермеуіміз керек.
I. Кіріспе бөлім................................................................................. 4
ІІ. Негізгі бөлім...................................................................................
1.Сусыз жер бетінде тіршілік жоқ....................................................... 5
1.1. Жер бетіндегі су айналымы..........................................................6
2 Таза су- денсаулық кепілі................................................................ 8
2.1.Біздің үйге су қайдан келеді......................................................... 9.
2.2.Біз пайдаланылатын ауыз судың құрамы....................................13
2.3.Суды үнемдеу жолдары ................................................................14
ІІІ.Қорытынды бөлім..............................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер................................................................15
I. Кіріспе бөлім.................
ІІ. Негізгі бөлім.........................
1.Сусыз жер бетінде тіршілік жоқ...........................
1.1. Жер бетіндегі су айналымы......................
2 Таза су- денсаулық кепілі........................
2.1.Біздің үйге су қайдан келеді........................
2.2.Біз пайдаланылатын ауыз судың
құрамы........................
2.3.Суды үнемдеу жолдары ..............................
ІІІ.Қорытынды бөлім...........
Пайдаланылған әдебиеттер......
Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса тіршілік тамам бауырым
Судың біздер біле тұра маңызын,
Көп болған соң ұмытамыз қадірін.
Тұрсынзада Есімжанов. (1, 88 бет)
«Су — тіршілік көзі». Әрине, адам баласының күнделікті тіршілігін сусыз елестету мүмкін емес. « Су… Сенің түсің де, иісің де, дәмің де жоқ. Сондықтан сені суреттеу мүмкін емес. Бірақ сен адамға рақат сыйлайсың. Сені тіршілікке қажет деп айту аздық етеді. Сен тіршіліктің өзісің!» -деген екен Антуан де Сент-Экзюпери. Су адам өмірінде алатын орны ерекше. Бұл таңқаларлық жайт емес, себебі адам ағзасының 70 пайызын су құрайды. Жер бетіндегі тіршіліктің өзі суда пайда болған деседі.Біздің планетамыздың үштен төрт бөлігін су алып жатыр.Барлық теңіздер мен мұхыттардағы судың көлемінің өзі миллиондаған куб шақырымға жетеді. Егер мұхиттар орта есеппен 4 шақырым, ал кей жерлерінде 11 шақырым төмен орналаспаса, онда жер бетін 3,5 шақырым биіктікте су алып жатар еді дейді ғалымдар. Мұхиттағы сулар әрқашан таза болып, оттегі алмасып тұруы тиіс. Үлкен су қоймаларындағы сулар бұзылмас үшін, судың құрамының 3-4 пайызы тұзды болады.Бұл оны бұзылудан сақтайды. Мұхиттағы су –тұзды су.Адамға шаруашылық және ауыз суды тұтынуына тек қана тұщы су қажет.Жылдан жылға тұщы суды қолдану қажеттілігі артып келеді. Үлкен қаланың әрбір тұрғынына күніне тұтынуға бірнеше жүздеген литр су қажет. Таза тұщы су адамға ішуге, ас әзірлеуге, ыдыс-аяқ , киім- кешек жууға, үй тазалауға, бақша егуге, жуынуға, өсімдік өсіруге т.б.тұрмыс әрекеттерінде қолдануға болады.Жұмыс істеу үшін зауыт пен фабрикаларға да көп мөлшерде тұщы су қажет екендігі де анықталған. Егіс далаларын суару үшін де аз су кетпейді.
Өзектілігі: Дүние жүзінің ¾ бөлігін су алып жатыр. Су - баға жатпес табиғат байлығы. Жер жүзіндегі барлық тіршілік суға байланысты. Сусыз тіршілік болуы мүмкін емес. Ол зат алмасу процесінде шешуші роль атқарады. Ал зат алмасу процесі- барлық органикалық өмірдің негізгі екені белгілі. Жер бетіндегі барлық судың 3 пайыздан аз бөлігі ғана тұщы суды құрайды.
Жер бетіндегі
тұщы су қорының 97 пайызы Антарктида,
Гренландия және полюстер мен
таудағы мұздықтар үлесіне
Су-тіршілік көзі. Тірлігі
оттегінсіз өтетін ішекте тіршілік ететін
бактериялар бар,бірақ сусыз
Су- табиғатта ең көп таралған зат. Жер бетінің 2/3 бөлігін су қабаты алып жатыр. Судың тағы бір кереметі оның су қабаты, ауа қабаты, құрлық қабаты арасында тынымсыз айналыста жүретіндігі.
Судың тағы бір қасиеті –жақсы еріткіш. Ас тұзын суға салсақ, оның қатты түйіршіктері еріп, мөлдір ерітіндіге айналады. Жерге сіңген су тау жыныстарындағы әр түрлі минерал заттарын ерітеді. Бұдан судың физикалық қасиеті өзгереді. Дәм және иіс пайда болады,жылынады. Жаңа қасиеттерге ие болған жер астынан шығатын суларды минералдық сулар деп атайды. Судағы еріген заттарының мөлшері оның кездесетін жерлеріне байланысты. Ішуге жарамды судың 1 литрінде 2-20 грамм еріген тұздары болады. Ол адам ағзасына пайдалы әр түрлі сырқаттардан айығуға жәрдемдеседі. Ондай суларды шипалы сулар дейміз.
Су табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді. Көптеген өсімдіктің 80-95 пайызы судан тұрады.Адам ағзасының құрамында қанның, ас қорытатын сөлдің, сілекейдің құрамына кіреді.
Су-тамақ рационының маңызды құрамдас бөлігі. Сусыз тіршілік жоқ. Адам шөлдегеннен гөрі аштыққа шыдамды келеді. Зат алмасудың барлық процестері судың қатысуымен атқарылады. Тамақты сіңіру, қанға нәрлі заттардың жетуі сұйық ортада өтеді. Зат алмасудың зиянды өнімі организмнен су арқылы шығарылады. Организмде судың жеткіліксіз болуы шөлдеуге әкеліп соқтырады да, судың артық болуы жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын қиындатады, ағыл- тегіл терлетеді,қалжыратады.
Су- ұлы саяхатшы. Ол бір орнында отырғанды ұнатпайды.Жер бетіндегі су айналымы да – ғажайып. Су ауа қысымы өзгере қалса, сапарға аттануға әзір тұрады. Су айналымы үздіксіз жүріп тұрады. Табиғаттағы су айналымы — жер шарындағы судың күн қуаты мен салмақ күшінің әсерінен үздіксіз тұйық айналу процесі. Ол күннің жылуы ауада көрінбейтін газға айналдырған кезден басталады.Бұл газ су буы деп аталады. Су буы жоғары көтеріліп,суиды және су тамшыларына айналады. Осы тамшылардың жиналып бірігуінен бұлт түзіледі. Жел оларды айдайды. Бұлттардан су жаңбыр, қар жерге жаңбыр күйінде түскен су өзендер мен тоғандарға қосылады жəне жерге сіңеді. , бұршақ болып жерге түседі.
Ал құрлықтан мұның біразы өзендер арқылы мұхиттарға қайтадан ағып барады (судың үлкен тұйық айналымы).
Су бірде қарға, бірде мұзға айналып, кейпін өзгертіп отырады.Бұл судың түрлі қалыпқа ене алатынын көрсете алады. Ол бірде сұйық, бірде газ түрінде, бірде қатты күйде болады.
Сұйық күйде судың
Бұған қарапайым тәжірибе жасадым. Түрлі көлемдегі үш ыдыс алып, суды үшеуіне кезекпен құйып шықтым. Сол кезде судың ыдыстың көлеміне қарай түрлі көлемге енетіне көзім жетті.
Қатты суық түсіп, мұз немесе қарға айналғанда, су қатты күйге енеді. Тоңазытқышқа шыны бөтелкемен су қойдым. Мұз болып қатып, бөтелке сынып кетті. Соның арқасында су қатқан кезде бұрынғы қалпына қарағанда көлемі ұлғаятынын білдім. Өзге сұйық заттарға қарағанда осы қасиетімен ерекшеленеді.Қатып жатқан мұзды жылы жерге әкелсе, от ериді. Қарды қолға ұстаса, ол да еріп, молекулалардың тәртібі бұзылып, су қайтадан сұйық қалпына келеді.
Газ тәрізді күйге су қыздырған кезде айналады. Мұндай күйде будың молекулалары бір-бірінен алыс орналасатындықтан, олар тез тарайды. Бу жеңіл болып көрінеді. Бірақ оның күші паровоздар мен кемелерді қозғалысқа келтіреді. Сонан кейін бу күшінің орнын қуат күші алмастыра алады. Судың мұндай күйлерін біз жыл бойы, яғни тұман, шық, қырау, бұршақ, қар түскенде кездестіреміз.
Су климат пен ауа райының өзгеруіне тікелей әсер етеді судың қорына байланысты әрбір аймақтың климаты да өзгеріп отырады. Мұны теңіздер мен көлдердің деңгейінің өзгеруіне байланысты ауа райының өзгеруінен байқауға болады.
.Судың булануына көп жылу қажет. Су қатқан кезде ол осы жылуды қайтарады.Су баяу қызып, баяу суиды. Су жерді құрғап кетуден сақтайды. Сонымен қатар, судың буы ауада Жердің жылуын ұстап, оның ғарышқа ұшып кетуіне жол бермейді.
Сонымен су планетадағы температураның өзгеруін реттеп отырады.
Таза су –денсаулық кепілі
Су – тіршілік көзі. Сусыз жан-жануарлар да, өсімдіктер де өмір сүре алмайды. Тамақсыз бірнеше апта өмір сүре алатын адамдар сусыз қалса, бірнеше тәуліктен соң өліп кетеді. Мамандардың айтуынша, ауыз суының ішінде табиғаттағы таза бұлақтың суынан пайдалы сусын жоқ. Ауыз суы мөлдір, бөтен иісі жоқ, дәмі жағымды, салқын (бірақ тым суық болмасын), денсаулыққа зиянды қоспасыз болуға тиіс. Ауыз су тазалығы- денсаулық кепілі. Ауа райы өте ысыған кезде (температура 35-40 С-ға жеткенде), адамдар мен жануарлар денедегі судың азаюйын ауыр сезінеді. Бұл жағдайда организмге керекті су мөлшері 2-3 есе өседі. Судың организмге жетпеуі ас қорыту процесінің бұзылуына, қандағы судың азаюын әкеліп соқтырады. Әртүрлі жұқпалы аурулардың басым көпшілігі ауа, тамақ, ауыз су арқылы жұғады. Себебі, ауыз су уланса, халық қырылады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, адамзат ауруының 90 пайызы сапасыз судың салдарынан туындайды екен. Жасуша ағзасына қорек заттарды (дәрумендер мен минерал тұздары) жеткізетін де, ағзаны лас заттардан тазартатын да — осы су. Одан басқа су тыныс алу мен жылу реттеу процестеріне де қатысады. Себебі, ауыз су уланса, халық қырылады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, адамзат ауруының 90 пайызы сапасыз судың салдарынан туындайды екен. Сондықтан таза емес ауыз суды пайдалану қауіпті: түрлі микроағзалардан тұратын су кейде оба, тырысқақ, гепатит секілді жаман ауруларға шалдықтыратыны белгілі. Жердегі барлық судың 97,2 пайызы ішуге жарамсыз! Шикі суды, әсіресе құдықтардың, өзендердің, тоғандардың, көлдердің суын ішпеген дұрыс. Ауыз суының ең залалсызы – қайнаған су.
Табиғи, таза су
ғана адамға ем болады, қуат
береді, мақсатқа жетуге көмектеседі. Су – азық, дәрумен және минералдардың
негізгі еріткіші.
Су азық құрамындағы керекті элементтердің
ағзаға сіңуін арттырады.
Қажетті мөлшерде су ішпегенде:
1. Мидың жұмыс істеуі баяулайды.
2. Қан қоюланады.
3. Жүрек көп жұмыс істеуге мәжбүр болады.
4. Нәжіс сары түсті болады.
5. Іш қатуына (запор) себеп болады.
3. Су жетіспегенде:
1. Бас ауырады
2. Бас айналады.
3. Шаршау, әлсіздік пайда болады.
4. Ойдың тынықтығы бұзылады.
5. Тәбетсіздік туады.
6. Биік жерлерде, ауа ыстық қапырық болса,
тұмау болса, дене қызуы артса ішетін су
мөлшерінің көбірек болғаны жөн.
Судың ластығы ағзада бірден сезілмейді, жылдар өте келе әр жеріңіз ауыратын болады. Ендеше, өзіңіздің және ұрпағыңыздың дені сау болсын десеңіз, таза су ішіңіздер деп айтар едім.
Біздің үйіміздегі су ағатын шүмектегі ағытқанымымзда, одан құйылатын су бізге жеткенге дейін белгілі бір ұзақ және қиын жол арқылы өтеді.
Су жаңбыр түрінде жауған кезде, бұл ішуге жарамды сапалы су. Бірақ жаңбыр жерге сіңгенде, ол топырақтың элементтерін сіңіреді.Жаңбыр суы жауу жолында түрлі элементтермен нәрленеді: кальций, магний, көміртек, кремний, күкірт. Бүкіл әлемде ауыз суды құдықтардан, су қоймаларынан, бұрғылау скважиналарынан немесе жер асты су бұлақтарының көздерінен алады. Жергілікті топырақтың құрамында бар элементтер осы суда еріген. Топырақтың құрамына қарай ауыз судың да дәмі әр жерде әртүрлі болады. Жер асты су көздерінен немесе су қоймаларынан алынатын су алдымен тазартылады. Алдымен ірі және ұсақ қатты бөліктерден тазартады. Оның құрамынан лай мен микробтар кетіріледі.Содан кейін суға дезинфекция жасау арқылы ондағы микроағзаларды өлтіреді. Ол үшін алдымен суды хлорлайды. Хлор- улы газ болғандықтан дезинфекция жасау үшін аздаған мөлшерде ғана қосады. Әдетте 1 литр суға 0,002 грамм хлор салынады. Аздаған уақытттан кейін хлор судан ұшып кетеді. әсіресе суды қайнатқан кезде өте тез ұшып кетеді.Көптеген элементтер судың құрамында қалады, соның ішінде:
Кальций мен магний |
Осы элементтердің мөлшерінің суда көп болуы суды « кермек» жасайды. |
Натрий |
Бұл элемент жұмсақ (тұщы) судың құрамында бар. |
Фтор |
Тісті сақтайды, бірақ көп мөлшерде денсаулыққа зиян. |
Алюминий |
Суды тазарту үдерісінде зиянды заттарды сіңіреді (жұтады). |
Темір |
Қызыл-күрең (қоңыр) түсті ұнамсыз (жағымсыз) түрдегі судың құрамында ерімеген темір болады. |
Күкірт |
Күкіртпен қорктенетін зиянсыз бактериалардан су жағымсыз иісті болуы мүмкін. |
Ауыз суды заразсыздандырудың бір әдісі- оны озондау. Ол үшін суда озонды ерітеді ( кислородтың бір түрі). Бірақ бұл тәсіл хлорға қарағанда қымбатырақ түседі.
Ауыз судың құрамында адамға қажетті элементтер болу керек. Сондықтан өте таза (дистилденген) су ішуге жарамайды. Дистилденген су өнеркәсіпте, медицина саласында пайдаланылады. Осындай тазартылған су негізінде кейбір дәрілер жасалады. Егер дистилденген суда электр тогын өткізетін болса, су екі газ түріне бөлінеді. Электр тогы өткізілген дистилденген су өндірісте таптырмайтын зат.
Кейбір жағдайларда қажетті элементтерді ауыз суға қосады. Оған мысал ретінде тістің дұрыс дамуына өте пайдалы аздаған мөлшерде суға қосылған фторды алуға болады.
Бөтелденген
ауыз су шығаратын өндірістер
су дайындау процесінде суды
тазарту, фильтрлеу, зарарсызда