Табиғи өнім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2013 в 19:22, реферат

Краткое описание

Сапалы тамақ өнімдерін өндіру – нарықтық шаруашылықтың негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Ол – шаруашылық салалары мен халықтың қажеттілігін қанағаттандырудағы экономикалық қатынастардың негізін құрайды. Сондықтан тамақ өнімдері мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін, тамақ өнімдерін тұтыну сұранысын қамтамасыз етеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

табиги оним.docx

— 30.37 Кб (Скачать документ)

 

 Нарыққа ұсынылған  өнімдерді таңдау барысында тұтынушының назары, ең алдымен, жарнамалануы көп өнімге ауады. Оның қасиеттерін алдын – ала білуі және басқа ұқсас өнімдерден ерекшелену сипаттарымен таныс болуы, тұтынушыны осы өнімді сатып алуға итермелейтіні сөзсіз.

 

 Қазақстандағы шырын нарығын тұтыну сұранысының өсуі халықтың тұтыну қабілетінің жоғарлауына байланысты. Алайда тағы бір маңыздысы- тұтынушылардың экологиялық таза өнімге деген қызығушылығының артуында. Табиғи шырындар өніміне деген сұраныс, ірі қалалардағы өмір сүруге зиянды факторлардың әсерін бейтараптандыру, сондай-ақ ағзаға жетіспейтін дәрумендерді толықтыру қажеттілігінен туындайды.

 

 Табиғи шырын өндіретін Оңтүстік Қазақстандық консерві зауыттарының көбі Кеңестік кезеңде салынған зауыттардың негізінде жұмыс істеуде. Соның бірі зерттеуімізге негіз болып отырған Түлкібас жеміс консерві зауыты.

 

 Түлкібас консерві зауыты (1965 ж. іске қосылған) отандық жеміс-көкөніс өңдеуші кәсіпорындардың арасындағы ірілерінің бірі саналады.

 

 Түлкібас консерві зауыты өнімі бойынша Қазақстандағы Алматы (25000 т.), Талдықорған (23440 т.), Сайрам (20840 т.) консерві зауыттарынан кейінгі төртінші орында болған. 1980–1992 ж.ж. аралығында Түлкібас консерві зауыты жылына 32 млн. шартты банкіге дейін консерві өнімдерін шығарып отырған. Сонымен бірге жылына 10 мың тоннаға дейін алма, 25 мың т. көкөніс (соның ішінде 20 мың. т. томат), 34 мың т. астам шие, қараөрік қайта өңделген. Қазіргі уақытта Түлкібас консерві зауыты өзінің негізгі қорларын және өнім шығару қабілеттілігін сақтап қалған жалғыз зауыт. Зауытта өндірістік инфрақұрылым және коммуникация, техникалық және ауыз су мен қамтамасыз ету көздері, табиғи газбен жұмыс істейтін қазандық және электрлік қосалқы станциялар, екі теміржол тұйықтамасы бар.

 

 

2004 жылдан бастап Түлкібас консерві зауыты «ЭкоПродуктГруп» акционерлік қоғамы деп аталады.

 

 «ЭкоПродуктГруп» акционерлік қоғамының (Түлкібас консерві зауыты) артықшылығы шырындарды жергілікті консервантсыз шикізаттардан өндіретіндігі. Бірақ, Оңтүстік Қазақстан облысы нарығында әлі бұл зауыттың шырындарының сатылу үлесі төмен (3%), бұл өнімдерінің икемсіз сыйымдылығы 2 литрлік шыны ыдысына құйылуымен байланысты. Шырындар – тез бұзылатын өнімдер, сондықтан оларды 0,25 л, 0,5 л, 0,75л, 1л ыдыстармен және «Тетра Пак» орамымен шығару керек. «ЭкоПродуктГруп» АҚ шығаратын «Песня лета» белгісіндегі шырындар біртіндеп отандық нарықта үлкен сұранысқа ие болып келеді.

 

 «ЭкоПродуктГруп» акционерлік қоғамы 2006-2008 жылдарға арналған өндірістік бағдарламасын жасады. Бұл бағдарламаның орындалу барысы төмендегі суретте көрсетілген (1 сурет).

 

 «ЭкоПродуктГруп» акционерлік қоғамында табиғи шырындарды өндіру 2006 жылы – 2605831 л., ал 2007 жылы – 2319131 литрге жоспарланған. Бірақ нақты өндірілген өнім көлемі 2006 жылы – 1296905 л құраса, 2007 жылы бұл көрсеткіш 1309275 л сәйкес келеді. Кестеден көріп отырғанымыздай өндірілген табиғи шырындар көлемі 2006 жылы 49,9%-ға, 2007 жылы 56,5% – ды құрап отыр, яғни 2006 жылға қарағанда табиғи шырынды өндіру көлемі 2007 жылы артып отыр. Сәйкесінше басқа өнім өндіру көлемінің жоспардан ауытқу себебіне ауа – райы жағдайының өзгеруіне байланысты шикізатпен толық қамтылмауы, технологиялық үрдістердің толық орындалмауы ықпал етті.

әстүрлі өнім өндірісін экологиялық  таза өнім өндірісіне ауыстырғанда оның салыстырмалы түрлерін шығарудың тең  мөлшерлі көлемін қамтамасыз етуге  болады. Мұны технологиялық және ұйымдастыру  жағынан да қамтамасыз ету қиын емес. Мәселе экономикада, кәсіпкерлік құрылымдардың экологиялық таза өнім өндірудегі қызығушылығын сақтап қалу үшін оны өткізуде жоғары пайда алу қажет.

 

 Экологиялық таза өнім  өндірісі табиғи ресурстардың  жағдайымен, технологиялық үрдістердің  деңгейімен, өндірісте қолданылатын  заттардың сапасымен , олардың  қоршаған ортаға әсерімен қалыптасады.  Оларды басқару және жоғары  сапалы өнім өндірісінің үрдісін  экономикалық реттеу үшін жоғары  мамандандырылған білім, мәліметтердің  кең базасы, қамтамасыз ету мен  бақылаудың сәйкес қызметтерінің  болуы қажет. Осыған сәйкес, диссертациялық  жұмыста экологиялық таза өнімнің  экономикалық механизмі көрсетілді. Бұл қадамдар Қазақстан халқы  үшін экологиялық таза ауыл  шаруашылық өнімі өндірісін дамытудағы  әрекеттері болуы керек. 

 

 Автордың пікірінше,  экологиялық таза өнімді өндіруді  дамыту тұжырымдамалары келесілерді  қамтиды:

 

 өндірістік күштерді  экологиялық орналастыру;

 

 өнеркәсіп, энергетика, транспорт және коммуналды шаруашылықтың  қауіпсіз экологиялық дамуы;

 

 ауыл шаруашылығының  экологиялық қауіпсіз дамуы;

 

 қалпына келетін табиғи  ресурстарды сарқылмайтын ресурс  ретінде тиімді пайдалану;

 

 қайтарымды ресурстарды,  кешенді пайдалану, ұқсату қалдықтарды  көму және залалсыздандыру;

 

 қоршаған ортаны қорғау  және табиғатты пайдалану саласында  басқаруды жетілдіру, төтенше  жағдайлардың алдын алу;

 

 арнайы ерекшелігі  бойынша өнім ассортиментін кеңейту  және экологиялық таза технологияны  жетілдіру;

 

 ғылыми-зерттеу жұмысын  дамыту.

 

 Экономикалық механизмдерді  қолдана отырып Оңтүстік Қазақстан  облысындағы табиғи шырын өндірудің  кластерлік байланыстарын қалыптастыру  қажет (3-сурет). Кластер өзегі  болып шырын өндірушілер табылады. Осы салаға қатысты өнім өндірушілер  мен өңдеушілер, тасымалдаушылар  және өнімді өткізушілер араларында  тікелей және жанама байланыс  орнайды. Тікелей байланыстарға  өндіріске қажетті шикізатпен, құрал  – жабдықтармен, отын – энергия,  су және адам ресурстарымен  қамтамасыз ету, ғылыми – зерттеу  жұмыстары жатса, ал жанама  байланыстарға қаржылық, құрылыс,  транспорт, қойма қызметтерін  көрсететіндер жатады. Ауыл шаруашылығында  тауар өндірушілер жерді жалға  алу, жоғары сапалы тұқым және  органикалық тыңайтқыш өндірушілермен  байланысады.

 

 Экологиялық таза өнім  өндірісін дамыту қосымша қаржы  көздерін талап етеді. Сондықтан  біз зерттеу жұмысымызда экологиялық  таза өнімді қаржыландыру көздерін  ұсындық (4-сурет).

 

 Экологиялық таза өнім  өндірісін қаржыландырудың негізгі  сенімді көзі кәсіпорынның төмендегі  жолмен алынатын қаржылары: барлық  деңгейдегі бюджет қаржылары,  бюджеттен тыс мақсатты қорлар, азаматтардың қайтарымды қаржысы,  кәсіпорын қаржылары, жеңілдікті  несиелер, шетелдік инвестициялар.

 

 Барлық деңгейдегі  бюджет қаржыларын экологиялық  таза өнім өндірушілердің қаржы  көзі ретінде пайдалануға негізінен  ірі кәсіпорындар қол жеткізе  алады. Орташа және ұсақ кәсіпорындардың  мүмкіндігі шектеулі, сондықтан  олар басқа қаржы көздерін  іздестіруі қажет.


Информация о работе Табиғи өнім