Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2013 в 19:22, реферат
Сапалы тамақ өнімдерін өндіру – нарықтық шаруашылықтың негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Ол – шаруашылық салалары мен халықтың қажеттілігін қанағаттандырудағы экономикалық қатынастардың негізін құрайды. Сондықтан тамақ өнімдері мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін, тамақ өнімдерін тұтыну сұранысын қамтамасыз етеді.
Сапалы тамақ өнімдерін
өндіру – нарықтық шаруашылықтың
негізгі элементтерінің бірі болып
табылады. Ол – шаруашылық салалары
мен халықтың қажеттілігін қанағаттандырудағы
экономикалық қатынастардың негізін
құрайды. Сондықтан тамақ өнімдері
мемлекеттің азық-түлік
Сапалы өнімдерді өндіру
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметімен бекітілген
агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі
2013- 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020»
бағдарламасында органикалык
Жалпы соңғы 20 жылда әлемде
өнімнің органикалық өндірісі дами
түсуде. Органикалық ауыл шаруашылығының
қозғалысы жөніндегі
Қазіргі кезде Еуро Одақтың
аккредитациядан өткен 6 компаниясы
бар, олар өз кезегінде Қазақстан
Республикасында биоөнім
Десек те, елімізде органикалық
өнім өндірісінің мәселелі тұстары
бар, атап айтқанда: органикалық егіншілік
үшін заңнамалық негіздемелердің жоқтығы,
өнімдер үшін «эко» және «био»
түсініктері заңды түрде
Бұл үшін фермерлік шаруашылықтар
қарапайым ауыл шаруашылығы өнім
өндірісін органикалық деп
Екі жылдық кезең өткен
соң жетістікке жеткен операторларға
«органик» сертификаты
Органикалық ретінде таңбаланған тауарлар мен шикізатқа тұтынушылардың сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында органикалық өнімді өндірудің барлық кезеңдерінде бақылау жүйесін, органикалық өнім өндіруді, қайта өңдеуді инспекциялау және сертификаттау, өндіріс субъектілерін тіркеу рәсімдерін енгізу қажет. Сондай-ақ, органикалық өнімдер өндіруді мемлекеттік қолдау тетіктерін әзірлеу және био-ұйымдар, ассоциациялар немесе агенттік құру қажеттілігі туындап отыр.
Әлемдік тәжірибе топырақ құнарлылығын сақтау, адам денсаулығы үшін пайдалы әрі экологиялық таза өнім өндірісі мен өнімнің бәсекеге қабілеттілігі есебінен өнімнің өзіндік құнын төмендетпей-ақ органикалық ауыл шаруашылығына көшу үлкен экономикалық тиімділік беретінін көрсетіп отыр.
Aдам денсаулығы үшін
қауіпті нәрсе тамақ
Ауыр металдардың шамамен 70 пайызы адам ағзасына тамақ өнімдері арқылы түседі. Тамақ өнімдерінің уытты металдармен ластануы адамдардың денсаулығына зиян келтіреді. Өндірілетін өнімнің металлдық ластану құрылымы негізгі дайындалатын шикізатты өсіру жағдайы мен тазалылығы, оны технологиялық өңдеудің сапалылығы және пайдаланылатын қосымша материалдарға тәуелді болады.
IFOAM (органикалық ауыл шаруашылығының қозғалысы жөніндегі халықаралық федерация) анықтамасы бойынша, экологиялық таза өнім – генетикалық өзгеріске ұшырамаған, өсіру мен өндіру кезінде пестицидтер, гербицидтер, улы химикаттар қолданылмайтын өнімдер. Экологиялық таза тамақ өнімі дүние жүзінде әртүрлі терминдермен аталады. Батыс Еуропа елдерінде «биологиялық өнім», Солтүстік Еуропада «экологиялық өнім», АҚШ пен Ұлыбританияда «органикалық өнім», Финляндияда «табиғи өнім» деп аталады.
«Экологиялық таза» дәрежесін алу үшін, өнім тек таза күйінде өсіріліп қана қоймай, химиялық заттарды пайдаланбай сақталынған, қайта өңделген, жабдықталған және тұтынушыға жеткізілген өнім болуы керек. Мысалы, Еуропада «био», «эко», немесе «органик» маркаларымен белгіленген тауарлар тыңайтқыштар, улы химикаттар және пестицидтерді пайдаланылмай өндірілген өнім түрін білдіреді.
Біздің пікірімізше экологиялық таза тамақ өнімі дегеніміз – адам денсаулығына өмір бойы зиянын тигізбейтін, болашағына кері әсер етпейтін өнім және оның құрамында әр түрлі уытты заттардың, агрохимикаттардың, ауыр металдар мен радионуклидтердің болмауы тиіс.
Экологиялық таза өнімді өндірілуіне байланысты келесідей бөлуге болады:
1. Экологиялық таза өнім – бұл құрамында зиянды заттар дәстүрлі өнімдерге қарағанда аз, (жол берілетін шекті шамадан аспайтын) сапасы бойынша нормативті құжаттарға сәйкес өнімдер;
2. Экологиялық таза өнім – экологиялық таза аумақта қосымша минералды тыңайтқыштарсыз, қалдықсыз немесе аз қалдықты технологиялар көмегімен табиғи шикізаттан алынған өнім.
Ауыл шаруашылығында экологиялық таза өнім алу үшін, 3–5 жылға дейін химикаттар әсері байқалмайтын топырақ пайдаланылады.
Экологиялық таза өнім ұғымы 1924 жылы Р. Штайнердің теориялық негіздеуімен қалыптасты, ол кезде тәжірибе жүзінде биодинамикалық аграрлық қызметтер жүзеге асырыла бастады. 1930–1940 жылдар аралығында бұл идея Швейцарияда Г. Мюллердің, Ұлыбританияда Э. Бэлфер мен А. Ховордың, Жапонияда Фукуокойдың бастамасымен дами бастады (1-кесте ).
Органикалық тауарларды тұтыну Одағының экологиялық ұйымдармен бірлесе отырып жұмыс жасауы генетикалық құрамы өзгертілген ауыл шаруашылық өнімдерінің нарықта пайда болуына қарсы күрес жүргізуіне мүмкіндік туғызды. Ал қазіргі кезде органикалық және агроөндірістің басқа да әдістерін нақты жолға қою қажеттілігі пайда болуда. «Био» сауда белгісі тұтынушыға өнімнің нақты белгіленген әдістерді қолдана отырып өндірілгендігін көрсетеді, яғни талаптарға сай келетінін бейнелейді. Бұл органикалық секторда өсірілетін өсімдік түрі мен сорты, мал, аң, құс тұқымы және балық түрлері дәстүрлі секторларда да өсірілетінін көрсетеді. Дегенмен органикалық өнімдердің тұтыну құндылығы дәстүрлі өнімдерге қарағанда ерекшеленеді. Мысалы, органикалық және дәстүрлі секторларда өсірілген, алманың элемент құрамы, түсі, көлемі бірдей болмайды, органикалық секторда өндірілген өнімде химиялық заттардың болмауы өнімнің тұтынушы үшін тартымдылығын көрсетеді.
1 кесте – Экологиялық таза тамақ өнімі өндірісінің қалыптасу кезеңдері мен ерекшеліктері
Қалыптасу кезеңдері
Мәні
Сипаттамалары
1. Алғашқы кезең
1930–1940 жылдар
Экологиялық таза өнімнің қалыптасуының алғашқы кезеңі әртүрлі иеленушіктер жерді пайдалана отырып, экологиялық таза өнім өндіретін аз ғана тәжірибе жүргізетін шаруашылықтың пайда болуымен байланысты.
Бұл кезеңде шаруашылықтағы тауар өндіру деңгейі өте төмен болатын.
2. Екінші кезең
ХХ ғасырдың
60-жылдары
Органикалық агроөндірісті
қарқынды дамытуымен
байланысты.
Органикалық фермаларда тауар деңгейі көтеріліп, өндіру көлемі және шаруашылықтар саны артты, экологиялық таза өнім өндіруге бағытталған мемлекеттердің саны артты.
3.Үшінші кезең ХХ ғасырдың
90-шы жылдары
Оның алдыңғы екі кезеңнен
басты ерекшелігі Батыс
Еуропа, Азия және
Солтүстік Америка мемле-
кеттерінде сұраныстың
артуына сәйкес
органикалық тауарлармен
байланысты халықаралық сауда орындарының кеңейтілуі және органикалық ауыл шаруашылығын реттеу мен мемлекеттік қолдау.
Осы кезеңде экологиялық таза өнім жөніндегі ұлттық және халықаралық ұйымдар құрыла бастады, мұнда тұтынушы талғамын тұрақты қалыптастыруға мүмкіндік беретін ақпараттық және ағартушылық жұмыстар күшейтілді.
4. Қазіргі кезең
«Экологиялық таза» – саудалық маркасымен берілетін, бірақ «таза емес» баламадағы экологиялық таза тамақ өнімдерінің пайда болуы.
Экологиялық таза тамақ өнімінің нарығын дамытуға назар аударылып, мемлекеттік талаптар қойыла бастады.
Е с к е р т у – Зерттеулер негізінде автор құрастырған.
Қазақстан Республикасындағы тамақ өнеркәсібі өнеркәсіп салаларының маңызды стратегиялық саласы және тұрғындарды сандық, сапалық тағам өнімдерімен тұрақты қамтамасыз етеді. Табиғи шырын өндірісі тамақ өнеркәсібінің ішінде өзіндік маңызы бар сала болып табылады. Бұл осы сала өнімдерінің халық шаруашылығының басқа да салаларына кеңінен пайдалануымен түсіндіріледі, себебі бұл сала адам ағзасына қажетті дәрумендер мен минералдарды заттар жинақталған тағам өнімдерімен тұрғындарды қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңда Қазақстандағы табиғи шырын нарығы негізінен шет елдерден әкелінген және отандық тауар өндірушілердің өнімдерінен тұрады. Алыс және жақын шет мемлекеттерден әкелініп жатқан табиғи шырындар отандық тауар өндірушілердің негізгі бәсекелестеріне айналды. Бұған қоса, ішкі өнім өндірушілер Қазақстан нарығында бәсекелік ортаның жоғарлауына ықпал етуде. Табиғи шырындардың жетіспеушілігі импортты шырындардың тұрақты өсуіне алып келді, ал ол отандық өндірушілердің бәсекеге қабілетті тауарларды өндіруіне мүмкіндік туғызды. Қазіргі уақытта импортталған арзан өнімдер Қазақстан нарығын жаулап алды.
Диссертациялық жұмыста біз шырын нарығына байланысты біршама өзекті мәселелерді қарастырдық. Қазақстан Республикасында табиғи шырын өндіретін кәсіпорындарға маркетингтік зерттеулер жасалынды.
Қазақстанда сусындар спектрі өте кең- дүкендердің сөресінен шырын, нектарлар, морс, газдалмаған және газдалған су, аз алкогольді және алкогольсіз сусындарды, квас, тониктерді көруге болады, тіпті салқындатылған шай түріндегі сусындарды да кездестіруге болады. Дегенмен әр түрлі белгідегі шырындарды қарапайым тұтынушылардың таңдауы өте қиын: яғни, сусындарды таңдауда тұтынушы денсаулық үшін пайдалы және сапалы не сапасыздығына назар аудармай, керісінше сол өнімнің арзан не қымбаттығына көңіл аударады.
Шырындарды тұтынудың жоғары деңгейін, сыра және күшті алкогольды сусындарды ұсынатын «солтүстік үлгі» деп аталатын Батыс Еуропалық сусындар саласымен салыстырсақ, Қазақстанда тұтынушылар әлі де болса Еуропаның солтүстік елдеріндегі шырынды тұтынудың орташа көрсеткіштерінен (халықтың жан басына шаққанда 24–28 л) артта қалып келеді. Германияда табиғи шырындарды тұтыну ерекше жоғары мәнге ие: онда халықтың жан басына шаққанда табиғи шырындарды тұтыну 42–44 л. Ресейде қазіргі көрсеткіш 10 л деңгейіне жетіп отыр. Ал Қазақстанда халықтың жан басына шаққанда табиғи шырындарды тұтыну 8 – литрден келеді.